Білім беру бағдарламасы мамандығЫ: 1302000 автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) Біліктіліктер



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата06.03.2017
өлшемі2,39 Mb.
#8383
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Осы модульді табысты 
аяқтағаннан кейінгі білім 
алушының оқыту нәтижелері
Бағалау критерийі
Білім алушы міндеттері
ОН  1  Автоматтандыру  сұлба-
ларын  тағайындалуы,  қорек 
типі бойынша жіктей алады.
1.1 Аспаптар мен автоматтандыру құралда-
рының техникалық параметрлері бойынша 
қорек сызбаларын таңдау.
1.2  Тағайындалуы  бойынша  бақылау,  рет-
теу және басқару сұлбаларын таңдау.
1.3  Сәйкес  сұлбаларын  өзінің  кәсіби  қыз-
метінде пайдалану.
ОН2Функционалдық  автомат-
тандыру  сұлбалары  мен  прин-
ципиалдық  электрлік  сұлбала-
рын  элементтерін  белгілеуге 
қолданыстағы  МЕМСТ  біледі 
және қолданады.
2.1  Сұлбаларындағы  белгіленуі  бойынша 
элементтің  функционалдық  тағайында-
луын анықтау.
2.2 Жүйе элементтерін белгілеуде МЕМСТ 
пайдалану.
2.3 Элементтер тізімі бойынша техникалық 
сипаттамалар  мен  позициялық  белгілеуді 
анықтау.
ОН3Функционалдық 
авто-
маттандыру  сызбалары  мен 
ұстанымдық  электрлік  сызба-
лардың  элементтерін  белгілеу 
үшін  шартты-графиктік  және 
әріп таңбаларын құрастырады.
3.1 Қолданыстағы Нормативті құжаттар мен 
қолданыстағы МЕМСТ сәйкес функционал-
дық тағайындалуы мен өлшенетін параметр-
лері бойынша аспаптар мен автоматтандыру 
құралдарының шартты белгілерін құрастыру.
3.2 Берілетін белгіге тәуелді функционалдық 
сұлбаларындағы  жалғау  желілерін  белгілей 
білу.
3.3  Функционаллық  автоматтандыру  сұлба-
ларындағы  аспаптар  позициясын  оқу  және 
белгілеу.
3.4 Принципиалдық
 
электрлік сызбалардағы 
әріптік-сандық таңбаларды оқу және қолдана 
білу.

27
ОН4  Автоматтандыру  сұлба-
ларын  құрастыру  барысында 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды  біледі  және 
қолданады.
4.1  Автоматтандыру  сұлбаларын  рәсімдеу
 
үшін графиктік редакторларды қолдану.
4.2  Сызба  элементтері  тізімін  дайындау 
және негізгі жазбаны толтыру.
4.3  Сызбаларды  нормативті  құжаттар  та-
лаптарына сәйкес ресімдеу
БЖМ.03 «Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін сақтау»
Мақсаты және міндеті
Аталған модуль білім алушыларға еңбекті және денсаулықты қорғау тура-
лы негізгі нормалар мен заңдар туралы және олардың тәжірибеде қауіпсіз ең-
бек жағдайларын қамтамасыз  ету үшін қолданылуы туралы түсінік береді. 
Модульге кіріспе
Жұмыс жасайтын немесе кез келген өндірістік ортада жүрген адамдардың 
өзін дұрыс сезінуі аса маңызды болып табылады. Барлық жұмысшылар денса-
улығы мен өзін дұрыс сезінуіне қолайсыз әсер туындамауы үшін өз жұмыста-
рын қауіпсіз орындауы тиісті болады. Шын мәнінде көптеген ұйымдар тәу-
екелдерді  азайтыпқана  қоймай,  жұмыс  ортасын  жақсартады,  алайда,  өзінің  
жеке жұмыс ортасын басқалар үшін жақсартуға тырыспайды. 
Жұмыс орнындағы еңбекті және денсаулықты қорғау – бұл қызметкерлердің, 
келушілер мен  жұмыс қызметі нәтижесінде зардап шегуі мүмкін тұлғалардың 
кең шеңберінің денсаулығын қорғау үшін дайындалған шаралар жүйесі.
Еңбекті  және денсаулықты қорғау заңдармен және ережелермен қадағаланады, 
ал заңдар тұрақты түрде жаңартылады және қайта қаралады. Осы ұйымдарда өз-
герістерді біліп, жаңартуларға қатысты хабардар болу деңгейін сақтауы маңызды. 
  Аталған модуль білім алушыларға денсаулықпен байланысты қауіп пен 
тәуекелдерді  түсінуге,  жұмыс  орындағы  қауіпсіздік  және  денсаулық  және 
олармен  байланысты  нормалар  және  заңдар  туралы  түсінік  береді.  Білім 
алушылардан  жұмыс  орнында  кездесетін  қауіп  пен  тәуекелді  анықтау  мен 
бағалау талап етіледі. Білім алушылар есептілік ұстанымдарын, сонымен қа-
тар, заңдылық негізінде орын алған жазатайым жағдайлар туралы жазбалар-
ды қарастыратын болады.
  Бұл  модуль  көптеген  оқу  бағдарламалары  шеңберінде  осы  құрамда-
уыштың  көптеген  өнеркәсіптік,  өндірістік  және  инженерлік  жағдайларда 
жоғары бағаланатынын көрсете алады.
Оқыту нәтижелері
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1. Еңбек және денсаулықты қорғау бойынша негізгі заңдар мен нормаларды 
түсіну.
2 Жұмыс орнында қауіпті жағдайды анықтау мен бақылауды білу.
3. Бақылау әдістерін белгілеу арқылы тәуекелдерді бағалай білу.
4.  Жазатайым  жағдайлар  мен  оқиғалардағы  тіркеу  және  есепте  пайдала-
нылған әдістерді түсіну.

28
Модуль мазмұны
1. Еңбекті және денсаулықты қорғау бойынша негізгі заңдар мен нор-
маларды түсіну
Заңдар  мен  нормалардың  негізгі  сипаттамалары:  заңнама,  мысалы,  Қа-
зақстан Республикасының еңбек кодексі және т.б.
2. Жұмыс орнында қауіпті жағдайды анықтауды және бақылауды білу
Жұмыс  орнында:  қауіптерді  анықтауға  арналған  әдістер,  мысалы,  ак-
тілер,  маңызды  тәуекелді  талдау,  осы  тәуекелдер  нәтижелерін  немесе 
салдарын болжау, апаттар туралы деректерді пайдалану, жұмыс әдістерін 
мұқият қарастыру.
Жұмыс  ортасы:  жұмыс  орнын  және  әлеуетті  қауіптерді  зерттеу,  мысалы, 
тұйық кеңістіктер, су астындағы немесе биіктіктегі жұмыстар, электр тоғынан 
жарақат алу қаупі, химикаттар және шу.
Тәуекелге  айналатын  қауіптер:  белгілі  және  маңызды  тәуекелдерді 
анықтау; шығын келтіру мүмкіндігі; дұрыс бақылау әдістерін таңдау; элек-
трлік қауіпсіздік, мысалы, қауіпті, жарақат себептерін анықтау және бақы-
лау,  электрдің  денеге  әсері,  желінің  шектен  тыс  жүктемесі;  механикалық 
қауіпсіздік, мысалы, қауіпті анықтау және бақылау, жарақат себептері, ай-
налмалы жабдық, өткір бұрыштар; қауіпсіздік құрылғылары, мысалы, диф-
ференциалды  қорғаныс  құралдары  (ДҚҚ),  қорғау,  апат  барысындағы  қа-
уіпсіздік, тетіктер.
3. Бақылау әдістерін белгілеу арқылы тәуекелдерді бағалай білу
Тәуекелді бағалау: бағаланатын нысандар/салалар, мысалы, машина жұмы-
сы, жұмыс аймағы; бес қадам (негізгі қауіптер, шығын көретін/зардап шегетін 
кім,  тәуекелді  бағалау  және  сақтық  тиімділігін  анықтау,  деректерді  тіркеу, 
бағалауды талдау).
Бақылау шараларын қолдану: қажеттіліктен бас тарту (жобадан алып та-
стау), танылған үдерістерді пайдалану, заттарды қадағалау, қоршау құрылғы-
сы,  көтеру  үдерісін  бағалау  және  қолмен  өңдеуді  бағалау,  тұрақты  тексеру, 
жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (ЖҚҚ), қызметкерлерді оқыту, денсау-
лыққа және қауіпсіздікке қатысты жеке үдерістер.
4. Жазатайым жағдайда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсете 
білу
Өндірістік жарақат, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар: тексе-
ру, жазатайым жағдайларды есепке алу және талдау; жарақат, химиялық 
күйік, электрлік жарақат жағдайында алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек 
көрсету. 

29
Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
Осы модульді табысты 
аяқтағаннан кейінгі білім 
алушының оқыту нәтижелері
Бағалау критерийі
Білім алушы міндеттері
ОН1
  Денсаулық  және  еңбекті 
қорғау  бойынша  негізгі  заңдар 
мен нормаларды түсінеді.
1.1 Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұй-
ымдастырушылық талаптарын сақтау: Қа-
зақстан Республикасының еңбекті қорғау 
заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсізді-
гі  стандарттары  жүйесі  (ЕҚСЖ);  еңбекті 
қорғау жұмыстарын ұйымдастыру.
1.2 Кәсіби қызметте  еңбекті қорғау бой-
ынша білімді қолдану.
ОН2  Жұмыс  орындағы  қауіпті 
жағдайды  қалай  анықтау  және 
бақылау қажет екенін біледі. 
2.1 Технологиялық процестер мен жаб-
дықтардың қауіпсіздік параметрлері мен 
ауытқуын анықтай білу;
2.2  Қауіпті және зиянды өндірістік фак-
торлардың адамға зиянды әсері мүмкін-
дігін бағалау. 
ОН3  Бақылау  әдістерін  белгілеу 
арқылы  тәуекелдерді  бағалай 
біледі
3.1  Қол  құралдарын,  электрлік  құрал-
дарды,  пневмоқұралдарды  таңдау  және 
пайдалану;
3.2 Қол құралдарымен жұмыс істеу ба-
рысында қауіпсіздік талаптарын сақтау; 
3.3 Жеке қорғаныс құралдарын қолдану;
3.4  Электрден  қорғау  құралдары  мен 
сақтандыру құрылғыларын пайдалану;
ОН4 
Жазатайым 
жағдайда 
алғашқы көмек көрсете білу
1.1  Алынған 
жарақатқа 
тәуелді 
алғашқы  медициналық  көмек  көрсету 
тәсілдерін таңдау.
1.2  Электр  тоғымен  жарақаттанған 
жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
1.3  Алғашқы медициналық көмек көр-
сету тәсілдерін меңгеру: қан тоқтату, жа-
рақатты өңдеу,  күйік және сынықта көмек 
көрсету, зардап шегушіні тасымалдау.
 
БЖМ.04 «Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық негіздері»
Мақсаты және міндеті
Аталған  модуль  білім  алушыларға  нарықтық  экономика  жағдайындағы 
кәсіпкерлік негіздері туралы түсінік береді. 
Модульге кіріспе
Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңі кез келген адамға өзінің кәсіпкер-
лік қабілеттерін сынап көруге мүмкіндік береді. 

30
Ірі жоғары технологиялы өндірістер біздің еліміздің экономикасының не-
гізін құрайды. Алайда, тарих шағын бизнестің икемді, шағын және дағдарыс 
жағдайында  тұрақты  болуына  байланысты    ірі  кәсіпорындармен  бәсекелес 
бола алатынын көрсетіп отыр. 
Модульдің бірінші бөлімінде білім алушылар нарықтық экономика негіз-
дерімен, сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік, ақша айналымы секілді түсініктер-
мен танысады. 
Модульдің екінші бөлімінде білім алушылар кәсіпкерлік қызмет мазмұны 
мен мәдениеті, тіркеу тәртібі, салық салу, өнімдердің өзіндік құн және кәсіп-
керлік қызметтің нәтижелері сияқты мәселелерді оқиды.
Модульдің  қорытынды  бөлімінде  білім  алушылар  маркетингтік  зерттеу 
жүргізу технологиясын меңгеріп, бизнес-жоспар құрылымы мен оны әзірлеу-
мен, шаруашылық келісім-шарттармен танысады. 
Оқыту нәтижелері
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1.Экономикалық категориялар мен заңдарды, экономикалық жүйенің даму 
заңдылықтарын білу; елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға талдау жасау-
ды үйрену.
2. Кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативті-құқықтық актілерді, құжаттар 
тізімі мен кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін қажетті әрекеттер реттілігін білу.
3. Шағын кәсіпорынның бизнес жоспарының құрылымы мен оның негізгі 
бөлімдерін білу.
Модуль мазмұны
1. Экономикалық категорияларды және заңдарды, экономикалық 
жүйенің даму заңнамаларын білу; елдегі әлеуметтік-экономикалық 
жағдайға талдау жасай алу
Нарықтық  механизмнің  қызмет  етуінің  негіздерін  және  елдегі  әлеумет-
тік-экономикалық жағдайдың кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыруға қалай әсер 
ететінін білмей бизнеспен айналысу мүмкін емес.
Нарық – бұл ерекше заңдар – сұраныс және ұсыныс заңдары бойынша жүзеге 
асырылатын сату-сатып алу мәмілелерінің шексіз тізбегі. Бұл заңдар сатушы-
лар (өндірушілер) мен сатып алушылардың (тұтынушылар) тәртіптерінің «ере-
жесін» ұсынады. Нарық жағдайында тауарларға сұраныс пен ұсыныс арасын-
дағы қарым-қатынас, мезгіл-мезгіл тепе-теңдікке жетіп, үнемі ауысып тұрады. 
Әрбір берілген мезеттегі сұраныс пен ұсыныс арасындағы қарым-қатынас на-
рық конъюнктурасы деп аталады. Білім алушылар келесі категорияларды игеруі 
керек: қажеттілік, сұраныс, ұсыныс, нарықтық тепе-теңдік, нарықтық тепе-теңдік 
бағасы, сұраныс пен ұсыныс икемділігі, бәсеке, бәсекелік күрес әдістері.
2. Кәсіпкерлік қызметті белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді, 
кәсіпкерлік әрекетті тіркеу үшін қажетті құжаттар тізімін және әрекет-
тер ретін білу
Кәсіпкерлік қызмет заңды тұлғаны құрмастан (жеке-дара кәсіпкерлік) 
және заңды тұлғаға сәйкестендіріп жүзеге асырыла алады.

31
Коммерциялық заңды тұлға өз әрекетінің негізгі мақсаты ретінде табыс та-
буды көздейтін ұйым болып табылады. 
Коммерциялық заңды тұлғалар: серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, өн-
дірістік кооперативтер. Заңды тұлға оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап 
құрылған  болып  есептеледі.  Заңды  тұлға  құрылтайшы  құжаттар  негізінде 
әрекет етеді: құрылтай шарты және жарғы.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері келесілерге жатқызылуы мүмкін:
кіші кәсіпкерлік субъектілерге;
- орта кәсіпкерлік субъектілерге;
- ірі кәсіпкерлік субъектілерге.
Кәсіпорын қызметкерлерінің орташа жылдық саны критерийі болып табылады.
3.Кіші кәсіпкерліктің бизнес-жоспарының құрылымын білу және не-
гізгі бөлімдерін құрастыра алу
Нарықтық экономикада кәсіпкерлер өз әрекеттерін нақты және тиімді 
жоспарламаса, сәттілікке жете алмайды. 
Кәсіпкерлік формаларының көптүрлілігіне қарамастан кәсіпкерлік әрекет-
тің барлық салаларында қолданылатын негізгі ережелер бар. Және әлеуетті 
қиындықтарға уақытылы дайындалу және алдын алу үшін қажетті, осылайша 
алдыға қойылған мақсаттарға жетуде тәуекелді азайту.
Кәсіпкерліктегі басты құжаттардың бірі – бизнес-жоспар, оған бизнес-и-
дея, маркетингтік жоспар, қаржылық жоспар және қызметкерлер бойынша 
жоспар кіреді. Сондай ақ толымды жұмыс үшін қажетті бастапқы капитал 
көлемін анықтау қажет.
Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
Осы 
модульді 
табысты 
аяқтағаннан  кейінгі  білім 
алушыны оқыту нәтижелері
Бағалау критерийі
Білім алушы міндеттері
ОН1 Экономикалық категория-
ларды және заңдарды, экономи-
калық жүйенің даму заңнамала-
рын біледі; елдегі әлеуметтік- 
экономикалық жағдайға талдау 
жасай алады
1.1«Сұраныс», «ұсыныс» түсінігін түсін-
діру
1.2 Сұраныс заңы және ұсыныс заңын 
тұжырымдау және түсіндіру.
1.3 «Сұраныс және ұсыныс икемділігі» 
түсінігін түсіндіру
1.4 Бәсекенің бағалық және бағалық емес 
әдістерінің мазмұнын түсіндіру
1.5 Банктер қызметтерін және елдегі ақша 
айналымының мәнін түсіндіре алу

32
ОН2 Кәсіпкерлік қызметті рет-
тейтін нормативтік-құқықтық 
актілерді, кәсіпкерлік қызметті 
тіркеу үшін қажетті құжаттар 
тізімін және әрекеттер ретін 
біледі
1.1 Кәсіпкерлік қызметтің ұйым-
дық-құқықтық формаларын білу
1.2 Бизнеспен айналысу үшін жеке қаси-
еттерін және ынталандыруды объективті 
бағалай алу
1.3 Кәсіпкерлік қызметті тіркеу ретін 
және қажетті құжаттар тізімін білу 
1.4 Кіші бизнеске салық салу ерекшелік-
терін түсіндіре алу 
ОН3 Кіші кәсіпорын биз-
нес-жоспарының құрылымын 
біледі және негізгі бөлімдерін 
құра алады.
1.1 Бастапқы капиталды талдай және есеп-
тей алу
1.2 Бастапқы капиталды қаржыландыру 
көздерін  білу
1.3  Бизнес-жоспардың мазмұнын білу
1.4 Нарықтық конъюнктураны талдай алу 
және маркетинг жоспарын құрастыра алу
1.5 Қаржылық жоспардың негізгі көрсет-
кіштерін есептей алу.
1.6 Кіші бизнесте шаруашылық шарттарды 
жасау тәртібін білу.
КМ. 01 «Бақылау-өлшеу аспаптарын монтаждау» 
Мақсаты және міндеті
Осы модуль білім алушыларға автоматтандыру құралдары және аспаптары 
бойынша монтаждық жұмыстарды жүзеге асыруға техникалық құжаттамаға, 
монтаждық  жұмыстардың,  сынақтар  мен  пайдалануға  тапсырудың  негізгі 
тәсілдері мен әдістеріне түсінік береді.
Модульге кіріспе
Осы модуль білім алушыларға автоматтандыру құралдары және аспапта-
рын  монтаждау  бойынша  жұмыстарды  ұйымдастыру,  монтаждық  басқар-
малар  құрылымы,  объектілердегі  монтаждау-әзірлеу  шеберханалары  мен 
монтаждау  учаскелерінің  мақсаты,  жұмыстарды  жүргізудің  құрамы  туралы 
түсінік береді. 
Білім алушылар монтаждық жұмыстар үшін техникалық құжаттама құра-
мын және мазмұнын, сыртқы біріктірулер сұлбаларын, монтаждық-коммуни-
кациялық сұлбаларды орындау ережелерін, аспаптар мен таңдаулы құрылғы-
лардың типтік монтаждық сызбаларының мақсатын білуі тиіс.
Қалқандар, пульттер және штативтерді монтаждау тәсілдері мен техникалық 
талаптары, оларға аспаптар мен аппаратураны бекіту. Технологиялық жабдықта 
және құбыр өткізгіштерде таңдаулы құрылғылар, конструкциялар монтажы. 
Осы модуль температура, қысым, шығын, деңгей, салмақ және басқа тех-
нологиялық параметрлердің алғашқы өлшегіш түрлендіргіштер монтажы ту-
ралы түсінік береді.
Реттегіштер мен атқарушы механизмдер монтажы. ТҮ АБЖ  өнеркәсіптік 

33
бақылағыштар мен блоктар монтажы.
Өндірістік оқыту кезінде студенттер жабдықпен, саймандармен және мон-
таждау бұйымдарымен жұмыс істеу дағдысына ие болады.
Монтаждау жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
Өндірістік оқыту барысында саймандармен жұмыс істеу дағдыларына ие 
болу,  нұсқаулықтар  және  нормативтер  бойынша  монтаждау  жұмыстарын 
орындау қарастырылады.
Оқыту нәтижелері
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1.Автоматтандырылған жүйелердің монтаждау жұмысын ұйымдастырудың 
жалпы қағидаларын білу.
2. Автоматтандырылған жүйелер монтажына жобалық құжаттаманың құра-
мын және мазмұнын білу.
3.  Автоматтандыру  жүйелерінің  құбырлық  және  электр  сымдарын  мон-
таждау бойынша жұмыстар құрамын білу.
4. Автоматтандыру аспаптары мен құралдарын монтаждау бойынша жұмы-
стар құрамын білу.
Модуль мазмұны
1.Автоматтандырылған жүйелердің монтаждық жұмыстарын ұй-
ымдастырудың жалпы қағидаларын білу
Монтаждық  басқару  құрылымы.  Қызметкерлерді  әкімшілік-басқару,  өн-
дірістік-техникалық бөлімнің, өндірісті дайындау учаскесінің тағайындалуы 
және  қызметтері.  Монтаждық-дайындау  шеберханалары,  олардың  тағайын-
далуы, орындайтын жұмыс түрлері, жабдық, саймандар және материалдар. 
Объектіде монтаждау учаскесін ұйымдастыру. Монтаждау ұйымының объек-
тінің құрылыстық әзірлігіне талаптары. Дайындық жұмыстары. Монтаждау 
жұмыстарының сапасын қамтамасыз етудегі стандарттаудың орны.
2.Автоматтандырылған жүйелер монтажына жобалық құжаттама-
ның құрамы мен мазмұнын білу
Автоматтандыру  жобасын  әзірлеу  кезеңдері.  Техникалық  жоба  және  жұ-
мыс құжаттамасы, мақсаты және құрамы. Бақылау және басқару, техникалық 
құралдар кешенінің құрылымдық сызбасы. 
Автоматтандырудың  функционалдық  сызбалары.  Бақылау,  реттеу,  басқару, 
сигнализация, қоректену, қорғау және тұйықтандырудың қағидалық сызбалары.
Қалқандар мен пульттердің жалпы түрлері. Сыртқы сымдар сызбасы. Жаб-
дық пен сымдардың орналасу жоспарлары. Тапсырыстық ерекшеліктер. 
Жұмыстарды өндіру жобасының құрамы. Монтаждық жұмыстардың баста-
луы алдында жобалық-сметалық құжаттаманы өңдеудің тәртібі мен көлемі.
3.Автоматтау жүйелерінің құбырлық және электр сымдарын мон-
таждау бойынша жұмыстар құрамын білу
Құбырлық және электр сымдарын монтаждауға техникалық құжаттама.
Технологиялық  процестерді  автоматтандыру  жүйелерінде  қолданылатын 

34
құбырлық  сымдардың  жіктелуі.  Құбырлық  сымдар  трассаларын  бөлу  және 
құрылыстық және технологиялық құрылғыларға біріктіру. Ішкі және сыртқы 
құбырлық төсемдер салу. Құбырлық блоктарды салу. 
Туннельдерде, кабель каналдарында, қораптар мен қорғаныс құбырларын-
да  ашық  тәсілмен  электр  сымдарын  төсеу.  Электр  сымдарын  тексеру  және 
таңбалау. Сынақтан өткізу және пайдалануға беру.
Құбырлық және электр сымдарын монтаждау кезінде қауіпсіздік техникасы.
4.Автоматтандыру аспаптары мен құралдарын монтаждау бойынша 
жұмыстар құрамын білу
Кіргізетін құрылғылар мен таңдаулы құрылғыларды орнатудың типтік сы-
збалары. Автоматтандыру аспаптары мен құралдарын өндіруші-зауыттардың 
монтаждық-пайдаланушылық нұсқаулары. 
Автоматтандыру аспаптары мен құралдарын монтаждау алдындағы тексе-
ру. Аспаптарды «орны бойынша» және қалқандарда орнату. Температура, қы-
сым, шығын, деңгей, концентрация және басқа технологиялық параметрлерін 
алғашқы түрлендіргіштерді орнатуға техникалық талаптар. 
Автоматтандыру  аспаптары  мен  құралдарын  монтаждау  кезіндегі  қа-
уіпсіздік техникасы.
Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
Осы модульді табысты 
аяқтағаннан кейінгі білім 
алушының оқыту нәтижелері
Бағалау критерийі
Білім алушы міндеттері
ОН1 Автоматтандырылған жүй-
елердің монтаждық жұмыста-
рын ұйымдастырудың жалпы 
қағидаларын біледі
1.1 Монтаждық басқару құрылымын, 
жеке бөлімшелер мен монтаждық учаске-
лердің мақсатын түсіндіру
1.2 Басқару учаскеде монтаждау бойын-
ша жұмысты ұйымдастыра алу.
ОН2 Автоматтандырылған жүй-
елер монтажына жобалық құ-
жаттаманың құрамы мен мазмұ-
нын біледі
2.1 Монтаждық жұмыстарды орындау үшін 
жұмыс сызбаларының құрамын анықтау 
2.2 Аспаптар мен таңдаулы құрылғыларды 
орнатуға типтік монтаждық сызбаларды 
пайдалана алу 
2.3 Аспаптар мен аппаратураны дайында-
ушы-зауыттардың монтаждық-пайдала-
нушылық нұсқаулармен жұмыс істей алу 
ОН3 Автоматтандыру жүйе-
лерінің құбырлық және электр 
сымдарын монтаждау бойынша 
жұмыстар құрамын біледі
3.1 Құбырлық және электр желілерін төсеу 
үшін монтаждық саймандар мен құралдар-
ды таңдау және пайдалану.
3.2 Сымдар мен кабельдерді төсеу, таңба-
лау және қосу 
3.3 Импульстік, басқарушылық, қоректеуші 
және қосымша құбырлық сымдарды төсеу 
3.4 Монтаждау кезінде қауіпсіздік техника-
сы талаптарын сақтау

35
ОН4 Автоматтандыру аспапта-
ры мен құралдарын монтаждау 
бойынша жұмыстар құрамын 
біледі
4.1 Зауыттық нұсқаулар бойынша аспап-
тарды орнату тәсілдерін таңдау және пай-
далану.
4.2 Аспаптың дұрыс орнатылғанын және 
қосылғанын бақылай алу.
4.3 Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу дағды-
ларына ие болу.
КМ.02  «Пайдалану және техникалық қызмет көрсету»
Мақсаты және міндеті
Осы модуль білім алушыларға автоматтандыру аспаптары мен құралдары-
на  техникалық  қызмет  көрсету  үрдістері  мен  ұйымдастыру  құрылымының 
түсінігін береді 
Модульге кіріспе
Осы модуль білім алушыларға автоматтандыру құралдарын мақсаты бой-
ынша пайдалану және дайындау, оларға техникалық қызмет көрсету, сақтау 
және тасымалдаудан құралатын шаралар кешеніне түсінік береді. 
Автоматтандыру аспаптарын, құралдары мен жүйелерін пайдалануға дай-
ындауды  оларды  объектіге  орнату  бойынша  монтаждық  жұмыстармен  қа-
тар бірмезетте бастау қажет. Аспаптарды дайындаудағы негізгісі — оларды 
пайдалану үшін қолданыла алатын жағдайға дейін жеткізу бойынша іске қо-
су-реттеу жұмыстары.
Автоматтандыру құралдарын пайдалану сенімділігінің, олардың тиімділігі 
мен ұзақмерзімділігін қамтамасыз ететін, негізгі шарттары: қызмет көрсетуші 
персоналдың техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік техникасын 
қатаң орындауы; аспаптар мен реттегіштердің техникалық қызмет көрсетілуін 
және жоспарлық-ескерту жөндеулерін уақытылы және білікті орындау. 
Модуль  білім  алушыларға  метрологиялық  қызметтің  негізгі  міндеттері 
білімін (аспаптарды тексеру және калибрлеу, метрологиялық қамтамасыз ету-
ді автоматтандыру және жетілдіруді дамыту) береді.
Пайдалану қызметінің негізгі міндеттері мен қызметтеріне келесілер жатады: 
техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, аспаптарды шешу және орнату, 
ағымдық және капиталды күрделі жөндеу жасау, тексеру, монтаж және жөндеу; 
техникалық жұмыстардың кестелерін құру, аспаптарға, жабдықтарға, қосалқы 
бөлшектерге, материалдарға және құжаттарға өтінімге кесте құру; автоматтан-
дыру аспаптары мен құралдарының жеткізілуін бақылау, дұрыс сақтау, жіберу 
шарттарын қамтамасыз ету, актілер мен наразылықтар құрастыру; пайдалануды 
бақылау және кәсіпорында өлшемдер мен автоматика құралдарын пайдалану.
Өндірістік оқыту барысында нұсқаулықтар мен нормативтер бойынша тех-
никалық қызмет көрсетудің және жөндеу жұмыстарын орындаудың дағдыла-
рын игеруді қарастырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет