2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми-әдістемелік
кеңесімен баспаға ұсынылды (2021 жылғы 04 қараша № 18 хаттама)
Пікір жазғандар:
Абдрашитова Т.А. – психология ғылымдарының докторы, ЕАГИ профессоры
Маханова А.С. – Алматы қаласы, «Зердеш» орта мектебінің педагог-психологы
Сақтағанов Б.К. – PhD, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Психология, тәрбие және
тұлғаны дамыту орталғының жетекші сарапшысы
Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті
мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы. Бағдарлама. – Нұр-Сұлтан:
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2021. – 46 б.
Авторы:
Елшібаева Күлмаш – PhD, профессор
Вероцкая Гүлжан - психология ғылымдарының кандидаты
Мирзаканова Жанар - психология ғылымдарының кандидаты
Тәрбиедегі ақаулық,
жазалаудың басымдылығы,
балада эмоциялық
тұрақсыздықтың
дамуына,
эмоциялық
қимыл-қозғалыс
деңгейінің
жоғарылауына әкелетіні жиі кездеседі. Ата-аналардың тым қаталдығы, олардың
өз беделдерін басты орынға қоюы немесе балаға шектен тыс қамқорлық жасау –
жасөспірімдерге кері әсерін тигізеді. Көктем, күз мезгілдеріндегі, яғни «құс
қайтып, құстар келер» кезеңдеріндегі табиғат
құбылысы да адам ағзасына,
әсіресе психикаға салмақ салып жатады. Осы
тұрғыда білім алушылардың
психологиялық
ахуалын бақылау, психологиялық түзету
жұмысының
бағдарламасы әзірленді.
Білім беру ұйымдарындағы педагог-психолог, әлеуметтік педагог, сынып
жетекшілері, тәрбие жөніндегі орынбасарларына арналады.