Білім беру менеджменті Мақсаты



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі27,72 Kb.
#12860
  1   2   3

2011-2020 о.ж.

Білім беру менеджменті
Мақсаты:

Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру.




Міндеттері:

1. Білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік


басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке əріптестік


жүйесін қалыптастыру.


2. Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде


халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру.




Нысаналы индикаторлар:

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған (2015


жылы – 45 %, 2020 жылы – 60 %).


Білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында


біліктілігін арттырған жəне қайта даярлықтан өткен (2015 жылы – 50 %,


2020 жылы – 100 %).




Білім беруді басқару жүйесі

Еңбек нарығындағы қатаң бəсекелестік білім беру менеджменті


жүйесінің ұтқырлығы мен серпінділігін талап етеді.


Білім беруді басқаруға қалың жұртшылық – педагогтер де, халықтың


əртүрлі топтары да тартылады.


МЖƏ-ні ілгерілету үшін əлеуметтік тапсырыс жүйесі мен грант неме-


се басқа тетіктер түрінде коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдардың


қызметін мемлекеттік қаржыландыру тетіктері жетілдірілетін болады.


МЖƏ-нің ұзақ мерзімді тетігінің негізі ретінде үкіметтік емес секторды


жүйелі қаржыландыру қарастырылатын болады.


Білім беруді басқарудың түрлі деңгейіне қоғамның қатысуы


қамқоршылық кеңестер түрінде жүзеге асырылады.


Білім беруді дамытуда қамқоршылық кеңестердің пəрменді қоғамдық


қатысу тетігі əзірленетін болады.


Оқуға төлейтін ата-аналардың, жұмыс берушілердің, білім беру


жəне кəсіптік қауымдастықтар саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың


қатысуының есебінен қамқоршылық кеңестің рөлі өседі.


Білім жүйесінің корпоративтілігін, айқындылығын қамтамасыз ету


үшін оқу орындарында қамқоршылық кеңестер, жұмыс берушілердің


қатысуымен кадрларды даярлайтын салалық жəне өңірлік кеңестер жұмыс


істейтін болады.


27

Білім беру мен денсаулық салаларындағы мемлекеттік кəсіпорындар


мəселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық


актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін шаруашылық


жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорын мəртебесі бар ЖОО-лар-


да корпоративтік басқару принциптері енгізілетін болады: басқарудағы


алқалылық, қызмет көрсетудегі дербестік, қызмет нəтижесі бойынша есеп


берушілік, қызметтің айқындығы, жауапкершілік. Корпоративтік басқару


принциптері басқарушылық қызметтің үш негізгі аспектісін көздейді: стра-


тегияны қабылдау, бюджетті бекіту, кадр саясаты.


Оң нəтиже болған жағдайда, корпоративтік басқару принциптері


2020 жылға қарай азаматтық ЖОО-лардың барлығына енгізілетін болады.


2011 жылдан бастап білім беру ұйымдарында басшылардан жəне пе-


дагогтерден басқарудың жаңа дағдыларын, қайта даярлау мен біліктілікті


арттыруды талап ететін нəтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесі


енгізілетін болады.


Тəрбие жұмысы саласында ЖОО-да тəрбие жұмысын жоспарлау, мо-


ниторингтеу, нəтижелерді бағалау жəне бақылау жүйелерін жетілдіру, со-


нымен қатар басқару жүйесін күшейту бойынша шаралар қабылданатын


болады.

Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту, орта білім жүйесінің басшы

қызметкерлерінің білім берудегі менеджмент мəселелері бойынша


біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын болады.


Менеджменттің заманауи технологияларын енгізу үшін оқу


орындарының басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жəне қайта да-


ярлау тұрақты түрде іске асырылатын болады.


Білім берудегі менеджмент бойынша қайта даярлаудан өткен адамдар


білім беру ұйымдарының басшылары болып танылады.


2013 жылы мемлекеттік ЖОО ректорларын тағайындау тетігі, олардың


сайлануы бөлігінде қайта қаралатын болады.


Корпоративтік басқаруды енгізу Қазақстан Республикасының


қолданыстағы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылатын болады.


Білім беру ұйымдарының қызметін «ашықтығын» қамтамасыз ету мен


ЖОО-ларда жемқорлық пайызын төмендету үшін əлеуметтік зерттеулер


мен акциялар жүргізілетін болады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет