«Биология, география және химия» ббб


Дөңгелекауыздылар (Cuclostomata) класы, құрылымы, ерекшеліктері



бет41/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   107
Дөңгелекауыздылар (Cuclostomata) класы, құрылымы, ерекшеліктері
3.1. Омыртқалылар тип тармағына жалпы сипаттама
3.2. Тіршілік ету жағдайларына байланысты дөңгелекауыздылардың анатомо-морфологиялық құрылысы
3.3. Д/ауыздылардың систематикасы, экологиясы
Омыртқалылар- Vertebrata Хордалылыр-Chordata типінің ең жоғарғы тип тармағы. Бассүйексіздер және Личинкахордалылар қарағанда бұлардың ағзаларының күрделілігі сыртқы құрылыстарынан және физиологиялық жағдайларынан айқын байқалады. Қозғалысы, қоректенуі активті, яғни Омыртқалалардың арасында отырып тіршілік ететіндері болмайды. Олар қорек затын іздеу, жауларынан қорғану және көбею кезінде басқа жынысты особтарды іздеу кездерінде қозғалыс көлемі өте жоғары болады.
Омыртқалылардың активті қозғалысының айқын білінетін бейімделушілік сипаты бар. Осының нәтижесінде жануарлар тіршілік жағдайының өзгеруіне байланысты, яғни жануарлардың белгілі даму цикілінде (мысалы даму, жыныстық жетілу, көбею, қыстау т.б.) қажетті белгілі жағдайларды қанағаттандыру үшін орын ауыстыра алады. Жоғарыда көрсетілген омыртқалылардың жалпы биологиялық ерекшеліктері олардың морфологиясы мен физиологиясына тығыз байланысты.
Омыртқалылардың жүйке жүйесі дифференсацияланып, барлықтарында бас миы болады. Оның болуы жоғарғы жүйке әрекетінің яғни бейімделу, мінез-құлқының негізін жасауға көмектеседі. Омыртқалыларға тірі ағза мен сыртқы ортаны байланыстырушы жақсы жетілген сезім органдары тән. Бас миы мен сезім органдарының дамуы осы сияқты негізгі және қажетті органдардың сенімді қорғанышы ми сауытының дамуына әкеліп соқты. Омыртқалыларда осьтік қаңқа қызметін көпшілік жануарларда мықты түзіліс хорданың орнына пайда болатын омыртқа жотасы атқарады. Ол тек тіректік қызмет атқармай сонымен бірге жұлынның сенімді қорғанышы болады. Ішек түтігінің алдыңғы бөліктерінің аудандарында қаңқаның қозғалмалы бөлігі дамиды. Олардан қорек заттарды ұстау, жымқыру, ал жоғары сатыдағыларында қоректі майдалау қызметін атқарушы ауыз, ал көпшіліктерінде жақ аппараты дамиды. Омыртқалылардың зат алмасуы төменгі сатыдағы хордалыларға қарағанда жоғары. Осыған байланысты қан айналысын тездететін жүректің және ыдырау өнімдерін шығарушы бүйрек сияқты мүшелердің маңызы зор. Құрылыс органдарының осы сияқты күрделілігі олардың әр түрлі тіршілік жағдайларында кездесуіне және географиялық кең таралуына жағдай жасайды.
Омыртқалылар тип тармағына жататын жануарлар үлкен екі топқа бөлінеді:
1. Anamnіa тобына жататын жануарлар өмір бойы немесе личинкалық сатысында желбезек арқылы тыныс алады. Жұмыртқаның дамуы кезінде ұрықтан тыс қабықтар пайда болмайды. Оларға: Дөңгелекауыздылар-Cuclostomata, Балықтар-Pіsces, Қосмекенділер-Amphіbіa кластары жатады.
2. Amnіota тобына жататын жануарларда желбезек арқылы тыныс алу онтогенездің ешбір сатысында кездеспейді. Жұмыртқаның дамуында ұрықтық қабықтар амнион, аллантоис пайда болады. Оларға: Бауырымен жорғалаушылар-Reptіlіa, Құстар-Aves, Сүтқоректілер-Mammalіa кластары жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет