Биология кафедрасы


Уақытша препараттар дайындау



бет4/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Уақытша препараттар дайындау. Препаратты жасауға керекті құрал-жабдықтар: зат және жабын шынылары, сапты инелер, шыны, таяқша, пипетка, ұстара, сорғыш қағаздар, стакандағы таза су, глицерин, айнаны сүртетін арнаулы жұмсақ мата, пинцет, арнайы шымшуыр, тақырыпқа сай кестелер.

Әр сабақтың мазмұнында байланысты объектілер, қосымша жабдықтар, реактивтер жеткілікті болуы керек. Лабораториялық сабақтарда көбінесе уақытша препараттар дайындалады. Өсімдік мүшесінің анатомиялық құрылысын зерттеген кезде, алдымен препарат жасап алу қажет. Препарат дегеніміз - зат шынысы мен жабын шынысының екі арасында койылған, микроскоп арқылы көруге арналған зат - обьект. Препарат екі түрлі болады: уақытша және тұрақты. Мұндай препараттарды жасаудың өзінше әдістері бар.



Препаратты жасамас бұрын әрбір студент керекті заттарды түгендеп, оларды тазалап алғаннан соң препарат жасауға кіріседі. Ол үшін зат шынысын алып, үстіне суы бар тамызғыштан су тамызып немесе пипеткамен глицериннің 12 тамшысын тамызу керек, содан кейін қатпарлы жуаның қабығынан өте жұқа етіп алып (2-сурет), судың немесе глицериннің үстіне арнайы сүртетін арнаулы жұмсақ мата, пинцет, арнайы шымшуырмен дайындалған затты (обьектіні) орналастыру керек, қабатталған, бүктелген жерлері болса иненің ұшымен жазып, шет жағынан таза жабын әйнегімен жабылады. Жабын әйнекті оң қолымыздың екі саусағымен ұстап, зат әйнегіндегі тамшыға әуелі бір жиегімен жанастырамыз, содан кейін біртіндеп төмендетіп барып жабамыз. Затты көруге ауа көпіршіктері кедергі болмауы үшік сол қолмен зат эйнегін үстап түрып, оң қолмен иненің ұшымен жабын шынының үстікен жайлап соғамыз. Сонда ауа көпіршектері де ығысады жэне препараттағы сұйықтық бірекелкі жайылып, зат толық батырылады. Егер препараттағы сұйықтық жабын йнектің жиегінен сыртқа шығып түрса, оның жиегіне тағы 1 тамшы сүЛықтық тамызып, толықтырамыз. Осылай жасалған препараттары су буланып кететін болғандықтан мұндай препаратты бірнеше күндер бойы қайталап көруге болады. Сондықтан олар уақытша препарат деп аталады. Бұл - препарат жасаудың бір түрі.

Өсімдіктердің кейбір жасушаларының қабықшалары мен басқа бөлімдері бояу заттарын жақсы сіңіреді. Мұндай боялған жасушалар жақсы көрінеді. Ол үшін препараттағы суды жабын шынысының бір жағынан сүзгі кағазбен сорғызып алып, екінші жағынан сұйық бояу затын тамызу керек. Бұл кезде судың орнын бояу заты басады да, жасушаға бояу енеді. Мұндай бояу заттарына мыналар жатады:

а)құрамында целлюлозасы бар жасуша кабықшасы үшін хлороцинк-йод;



б)сүректенген қабықшаға - хлороглицин және тұз қышқылы;

в)ядроға - гематоксилин;

г) цитоплазмаға - фуксин;

д)жасушадағы крахмал дәндеріне - йод және калий йодиді;

е) жасушадағы түссіздендіруге - глицерин

Препарат жасаудың екінші бір түрі - затты ұзақ сақтауға келетін тұрақты препарат жасау. Тұрақты препарат жасау үшін судың, глицериннің орнына жылытылған зат глицерин - желатиннің зат әйнегіндегі бір тамшысына салынып, жабын әйнекпен жабылады. Жабын әйнектің жиегі вазелин, лак немесе олифпен көмкеріліп, препараттың оң бұрышына заттьщ аты жазылған этикетка жабыстырылады. Микропрепараттар даяр болғаннан кейін оны зерттеп, суретін салу керек. Препараттың оң бұрышына объектінің аты жазылған анықтамалық желімделіп жабыстырылады.

1 - сурет. Микроскоптың құрылысы: А - МИКМЕД-1; Б – БИОЛАМ.

1- окуляр, 2 - тубус, 3 - мойыны , 4 -макровинт , 5 - микровинт. 6 – табан; 7 - айна, 8 - конденсор, диафрагма жэне жарық фильтрі, 9 -заттық үстелше , 10 -револьвер, 11 - объектив, 12 - коллекторлік линзаның корпусі, 13 - патрон лампасымең , 14 -электр өткізгіш құрылғы. Микроскоптың механикалық бөліміне - окуляр (17) орналасқан тубус (1), револьвер (5), мойыны (2), зат үстелшесі (7), оның клеммалары (8), микро-(14), макрометрлік(ІЗ) винттері және микроскоп табаны (16) жатады. Тубус - іші қуыс цилиндр. Ол көп микроскоптың мойынына стопорлы бұранда (3) арқылы бұралған. Револьвердің ұяларына обьективтер (6) бұралған, револьверді бұрау арқылы көруге қажетті обьективті қойып алуға болады. Зат үстелшесінің үстіне көретін препаратты клеммалар арқылы бектіп алып қарауға болады. Зат үстелшесінің пішіні дөңгелек немесе төрт бұрышты болып келеді. Оны бүйір жағындағы винтті бұрау арқылы оңға және солға жылжытуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет