Бір, екі, үш саны негіз болған фразеологизмдердің семантикасы


Бес санының символикалық мәні



бет10/10
Дата31.12.2021
өлшемі128,83 Kb.
#23212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бес санының символикалық мәні

Санау жүйесі ретінде «бес» ертедегі сандардың шегі болған. Санау жүйесінің бастамасы саусақтан басталатынын ескерсек, шектік, көптік мағына бес саусақпен тікелей байланысты. В. Гордлевский сөзімен айтсақ, «... вообще число пять заключало в себе какое-то законченное количество, скорее указывающее на огромность числа и на руке всего пять пальцев» (Габышева, 1988: 88).


Қазақ тіліндегі бес аспабы сайлаулы «бар қаруы дайын, жау-жарағы әзір» фраземасы бес қарудан шыққан. Бес қару тартыспақ – садақ, атыспақ – мылтық, шанышпақ – найза, сүнгі, шабыспақ – қылыш, алдаспан, салыспақ – шоқпар, айбалта. Ертедегі түсінік бойынша, ержігіттің бес қаруы болуы керек, ол әрқашан дайын тұруы қажет /21, 2001: 29/.

Бес санының магиялық, жұмбақ сырын бес асыл, бес дұшпан деп жырлаған Абай өлеңі де дәлелдей түседі.


Алты санының символикалық мәні

Алты санының мағынасында өте көп, шексіз, шетсіз семасы бар. Халық ұғымында алыстық, күштілік, кереметтік, қаһарлық мағынасы бар.


Алты аласы, бес бересі жоқ «айдаладағы алыс біреу», алты арыс «ірі-ірі ру-тайпалары, туыстық жағынан жақындар», алты алаштың баласы «күллі қазақ, тұтас», алтау араз болса «өзара араз, береке болмаса», алты қабат аспанның ар жағында // алты қырдың ар жағында // алты қырдың астынан «алыста, қиырдың фраземаларында алыс, көпшілік, біртұтас мағыналары басым болса, алты басты айдаһари «айбарлы, күшті, дүлей», алты батпан «аса зор, үлкен, тым ауыр», алты батпан азап «ауыр жол, қиянат-қсіреті мол өмір», алты малта ас болмай «басқа қиыншылық күндер туып, жартымсыз тамаққа көну», алты қанат ақ үй // алты қанат ақ орда «үлкен, еңселі, салтанатты», алты құлаш ақ найза «батырларға арналған ұзын қару» идиомаларында күшті, қаһарлы, үлкен, ұзын, дәу өте, зор мағыналары басым.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет