Біріктірілген жылдық есеп


(б) Шетелдік валютадағы операциялар



Pdf көрінісі
бет17/26
Дата09.03.2017
өлшемі5,28 Mb.
#8527
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26

(б) Шетелдік валютадағы операциялар
Шетелдік ввалютадағы операциялар осы операцияларды жасаған күннің айырбас бағамы бойынша Кәсіпорындар то-
бының тиісті функциялық валютасында есептелінеді. Есепті күні шетелдік валютада көрсетілген монетарлық активтері 
және міндеттемелер осы есептік күні қолданылатын айырбас бағамы бойынша функциялық валютада есептелінеді. Ше-
телдік валютада көрсетілген және әділ құны бойынша бағаланатын монетарлық емес активтер мен міндеттемелер әділ 
құнын айқындау күні қолданылатын айырбас бағамы бойынша функциялық валютада есептелінеді. Шетелдік валютада 
көрсетілген, тарихи құны бойынша көрсетілген ақшалай емес баптар есептелінбейді. Егер тек айырбас бағамы осы 
кезең ішінде елеулі өзгерсе, кіріс және шығыс баптары кезең ішіндегі орташа айырбас бағамы бойынша есептелінеді, 
бұл жағдайда мәміле жасалған күннің айырбас бағамы пайдаланады. Өзге жиынтық кіріс құрамындағы тікелей танылған 
үлестік құралдарды сатуға арналған қолда барды есептеу кезінде түзілетін курстық айырмашылықтарды қоспаған кез-
де, осындай барлық курстық айырмашылықтар пайда мен залалдың құрамында көрсетіледі.
(в) қаржы құралдары
Топ құрал бойынша келісімшарттық жағдайдағы тарап болғанда, қаржы активтері және қаржы міндеттемелері Топ 
теңгерімінде деп танылады.
Қаржы активтерінің барлық жай сатып алуы және сатылымы мәміле жасаған күннің негізінде танылады және есептен 
шығарылады. Жай сатып алу немесе сатылым – ол заңнанамен белгіленген немесе нарықта қабылданған, шарттарда 
ескертілген мерзімдерде активтердің жеткізілуін талап ететін қаржы активтерін сатып алу немесе сатылымы.
(i) ақшалай қаражаттар және олардың эквиваленттері
Ақшалай қаражаттар және оның эквиваленттеріне бастапқы өтеу мерзімі үш айдан аспайтын талап еткенге дейін кас-
садағы, банкідегі шоттар мен депозиттердегі ақшалай қаражаттар кіреді. Ақшалай қаражаттар және оның эквивалент-
тері өзіндік құны бойынша көрінеді, ол оның қысқа мерзімді сипатына байланысты шамамен әділ құнына тең болады.
(ii) қаржы активтері
Қаржы активтер есепте танылады және егер оның шарты тиісті нарықта қабылданған мерзім ішінде активтерді жеткізу-
ді талап етілсе, мәміле жасалған уақытта есептен алынады. Бастапқы қаржы активтер мәмілені ресімдеуге жіберілген 

131
2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша 
біріктірілген қаржылық есептілікке ескертулер
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
шығынды есептей отырып, әділ құны бойынша бағаланады. Бастапқыда әділ құны бойынша бағаланатын, пайда неме-
се залалдар арқылы әділ құны бойынша бағаланатындардың санатына жататын қаржы активтер («ОССЧПУ») ерекше 
болып табылады. Қаржы активтер мынадай санаттар бойынша жіктелінеді: ОССЧПУ-тің қаржы активтері; өтеуге дейін 
ұсталынатын инвестициялар; сатуға арналған қолда бар қаржы активтер («ИНДП»); сондай-ақ Қарыздар және деби-
торлық берешек. Қаржы активтерді басқа немесе өзге санаттарға жатқызылуы оның ерекшеліктеріне және сатып алу 
мақсаттарына байланысты және оны есепке алу кезінде болады.
(iii) тиімді пайыздық мөлшерлемелеу әдісі
Тиімді пайыздық мөлшерлемелеу әдісі борыштық міндеттемелердің амортизациялық құнын есептеу және тиісті кезең-
дерге пайыздық кірістерді бөлу үшін пайдаланылады. Тиімді пайыздық мөлшерлемесі – бұл мөлшерлеме борыштық 
құралды өтеуге немесе одан да қысқа мерзімге (егер қолдануға болса) дейін, борыштық құралды есепке алу кезеніңде 
таза теңгерім құнына дейін күтілетін мерзімде болашақ күтілетін ақшалай түсімдерді (тиімді пайыздық мөлшерлемені, 
мәмілені ресімдеу жөніндегі шығындардың және өзге сыйлықақы немесе дисконттардың ажырамас бөлігі болып табы-
латын борыштық құралдар бойынша алынған немесе істелінген барлық төлемдерді қосқанда) дисконттайды.
ПШАӘҚБ санатындағы қаржы активтерді қоспағанда, борыштық құралдар жөніндегі кірістер тиімді пайыздық мөлшер-
леме әдісі бойынша көрінеді.
(iv) пШаәқб санатындағы қаржы активтері
Егер қаржы актив не саудаға арналса, не бастапқы танылған кезде ПШАӘҚБ санатына жатқызылса, онда ол ПШАӘҚБ 
ретінде жіктелінеді.
Қаржы актив «сауда үшін арналған» деп жіктелінеді, егер ол:
•  оны жақын болашақта қайта сату негізгі мақсатымен сатып алынса; немесе
•  есепке бастапқы қабылдау кезінде қаржы құралдар қоржынының бөлігі болып табылады, Топ оларды бірыңғай 
қоржын ретінде басқарады, солар бойынша жақын арада болған қысқа мерзімді сатып алу және сату туралы та-
рихы бар болса, немесе
•  тиімді хеджерлеу мәмілесінде хеджерлеу құралы ретінде белгіленбеген дериват болып табылса.
«Сауда үшін арналған» болып табылмайтын қаржы активін есепке алу кезінде ПШАӘҚБ ретінде белгіленуі мүмкін, егер:
•  осындай жіктеуді қолдану бағалаудағы немесе активтерді және міндеттемелерді есептеудегі тепе-теңсіздікті жояды 
немесе едәуір қысқартады, олай болмаған жағдайда оның пайда болуы мүмкін болса; немесе
•  қаржы активі қаржы активтер, қаржы міндеттемелер тобының немесе қаржы активтер және міндеттемелер тобы-
ның бөлігі болып табылады, оны басқару және бағалау Топтың құжаттық ресімделген тәуекелді басқару стратеги-
ясына немесе инвестициялық стратегиясына сәйкес әділ құнының негізінде жүзеге асырылады, және осындай топ 
туралы ақпарат ұйым ішінде соның негізінде берілсе; немесе
•  қаржы активі бір немесе бірнеше ішіне жасалған өндірістік құралдарда бар құралдың бөлігі болып табылады, және 
«Қаржы құралдар: мойындау және бағалау» 39 БЕХС құралды жалпы (актив немесе міндеттеме) ПШАӘҚБ ретінде 
жіктеуге рұқсат береді.
ПШАӘҚБ қаржы активтері жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есеп беруде қайта бағалауды көрсете отырып, 
әділ құны бойынша көрсетіледі. Жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есеп беруде танылған таза пайдалар неме-
се залалдарға жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есеп берудегі қаржы активтер бойынша алынған кез-келген 
дивидендтер және пайыздар кіреді. Әділ құны 4-ескертпеде келтірілген тәртіпте айқындалады.
(v) сатуға арналған қолда бар қаржылық активтер
Ұйымдастырылған нарықта Топтың айналыстағы акциялары және өтелетін облигациялары «сатуға арналған қолда бар» 
(«ИНдП»)ретінде жіктелінеді және әділ құны бойынша көрсетіледі, ол сенімді айқындалуы мүмкін. Сондай-ақ Топта ұй-
ымдастырылған нарықта айналыста жоқ акцияларында қаражаты бар, сондай-ақ ол ИНдП санатындағы қаржы актив-
тер ретінде жіктелінеді. Аталған инвестициялардың әділ құны сенімді айқындалуы мүмкін емес, сондықтан осындай баға 
белгіленбеген үлестік құралдарды жеткізу арқылы есептесу жүргізілетін инвестициялар әрбір есептік кезеңнің аяғында 
құнсызданудан жиналған залалдарды алып тастағаннан кейінгі өзіндік құны бойынша бағаланады. Әділ құны 4-ескерт-
педе белгіленген тәртіпте айқындалады.

132
Қосымшалар 
|
 Біріктірілген ҚаржылыҚ есептілік
Жыл ішіндегі жиынтық кіріс туралы тікелей шоғылдандырылған есептемеде танылған ақшалай активтердің бағам ай-
ырмашылықтарынан болған пайдалар мен залалдар тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі бойынша есептелінген құнсы-
зданудан, пайыздан болған залалдарды қоспағанда, әділ құнның өзгеруінен болатын пайда мен залал өзге жиынтық 
кірістерде танылады және инвестицияларды қайта бағалау резервында жиналады. Инвестициялар істен шыққан неме-
се құнсызданған кезде инвестицияларды қайта бағалау резервында бұрын танылған жиынтық кіріс немесе залал жыл 
ішіндегі кіріске немесе залалға қосылады.
ИНдП санатындағы үлестік құнды қағаздар бойынша есептелінетін дивидендтер Топта оны алуға құқығы болған кезде 
жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есептемеде көрсетіледі.
Шетелдік валютада көрсетілген ИНдП-тің ақшалай активтерінің әділ құны сол шетелдік валютада айқындалады және 
есептік күніндегі айырбас бағамы бойынша аударылады. Жиынтық кіріс туралы шоғылдандырылған есептемеде та-
нылған оң және теріс бағам айырмашылықтары ақшалай активтердің амортизациялық құнының негізінде айқындала-
ды. Өзге оң және теріс бағам айырмашылықтары өзге жиынтық кірістерде танылады.
(vi) қарызар және дебиторлық берешек
Ұйымдастырылған нарықта айналыспайтын тиянақты немесе айқындалатын төлемдері бар саудалық дебиторлық бере-
шек, берілген Қарыздар және өзге дебиторлық берешек «Қарыздар және дебиторлық берешек» ретінде жіктелінеді. 
Қарыздар және дебиторлық берешекті кез-келген құнсыздануды шегеріп тастап тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін 
пайдалана отырып, амортизациялық құны бойынша есепке алынады. Қысқа мерзімді дебиторлық берешектің пайыз-
дық кірісі болмашы болғанын қоспағанда, пайыздық кіріс тиімді пайыздық мөлшерлемені қолдану арқылы танылады.
(vii) қаржылық активтерді есептен шығару
Топ актив бойынша ақша ағынына шарттық құқықтары тоқтаған жағдайда немесе басқа ұйымға қаржы активті және 
тиісті тәукелдер мен пайдаларды берген жағдайда ғана қаржы активті есептен шығарады. Егер Топ активті иемденуден 
болған негізгі барлық тәуекелдер мен пайдаларды не бермесе, не сақтамаса және берілген активтерге бақылауды 
жалғастыра берсе, онда ол осы активтегі өзінің үлесінде және сонымен байланысты өзі төлеуге тиісті болуы мүмкін со-
масына арналған ықтимал міндеттемелерін көрсетуді жалғастыра береді. Егер Топ берілген қаржы активтерді иемдену-
ден болған негізгі барлық тәуекелдер мен пайдаларды сакқтаса, онда ол осы қаржы активті есепке алуды жалғастыра 
береді, ал беру кезінде алған қаражат қамтамасыз етілген Қарыз түрінде көрсетіледі.
Қаржы активті толық істен шығарған кезде активтің теңгерімділік құны мен өзге жиынтық кіріс құрамында танылған 
және капиталда қорланымдалған пайда немесе залалмен және алынған және алуға жататын өтеу сомасының арасын-
дағы айырмашылық пайда мен залалдың құрамында көрсетіледі.
Қаржы активті толық емес көлемде істен шығарған кезде (мысалы, егер Топ берілген активтің бір бөлігін сатып алу 
мүмкіндігін сақтаса немесе иемденуден іс жүзіндегі барлық тәуекелдер мен пайданың сақталуына әкелмейтін қалдық 
мүддесін сақтаса, сонда Топ бақылауды сақтайды), Топ қаржы активтің бұдан бұрынғы теңгерімділік құңына, ол әрі 
жалғасып келе жатқан қатысу арқасында мойындауды жалғастырып келе жатқан бөлігіне, және ол осы бөліктердің 
беру күніндегі салыстырмалы әділ құнына сүйене отырып енді мойындамайтын бөлігінің арасында бөледі. Енді мой-
ындалмайтын бөліктерге бөлінген теңгерімділік құны, енді мойындалмайтын бөлік үшін алынған сыйақы сомасы, және 
өзге жиынтық кірістердің құрамында танылған, оған бөлінген кез-келген қорланымдалған пайда немесе залалдың ара-
сындағы айырмашылық пайдалар немесе залалдарда көрсетіледі. Өзге жиынтық кірістің құрамында танылған қорла-
нымдалған пайда мен залал осы бөліктердің салыстырмалы әділ құнын ескере отырып, әрі қарай танылатын бөлігі мен 
енді танылмайтын бөлігінің арасында бөлінеді.
(viii) қаржылық міндеттеме және капитал
Борыштық және үлестік қаржы құралдар қаржы міндеттеме мен үлестік құралдың тиісті шарты мен анықтамасының 
мәнін ескере отырып, қаржы міндеттемелері және капитал ретінде жіктелінеді.
(ix) Үлестік құралдар
Үлестік құралдар – ол оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін ұйым активіндегі қалдық қатысуы туралы 
куәландыратын кез-келген келісімшарт. Топпен шығарылған үлестік құралдар шығарылымға жіберілген тікелей шығын-
дарды шегергеннен кейінгі алынған пайдалар бойынша есептеледі.

133
2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша 
біріктірілген қаржылық есептілікке ескертулер
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
(x) басқа да қаржылық міндеттемелер
Қарыз қаражаттарды қоса алғанда, өзге қаржы міндеттемелер мәмілені ресімдеу жөніндегі шығындарды шегеріп та-
стағаннан кейін, әділетті құн бойынша есепке алынады.
Одан кейін өзге қаржы міндеттемелер тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, амортизациялық құн 
бойынша бағаланады. Пайыздық шығыс тиімді есептесу мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып есептелінеді.
(xi) қаржы міндеттемелерін есепке алуды тоқтату
Топ қаржы міндеттемелерін есепке алуды тек сонда ғана тоқтатады, егер Топтың міндеттемелері өтелсе, күшін жойса 
немесе аяқталса. Қаржы міндеттеменің тенгерімділік құны және төленген немесе төлеуге жататын сыйақының арасын-
дағы айырмашылығы пайда мен залалдың құрамында көрсетіледі.
(xii) туынды қаржы құралдары
Туынды құралдар бастапқыда туынды келісімшартты жасасқан күні бойынша әділ құны танылады және соңынан әрбір 
есептік күні олардың әділ құнына дейін қайта бағаланады. Жиынтық пайда немесе залал жиынтық кіріс туралы шоғы-
рландырылған есептемеде танылады, егер тек туынды құрал мойындалмаса және хеджерлеу құралы ретінде жарамды 
болса, бұл жағдайда жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есептемедегі мерзімді мойындау хеджерлеу қатынасы-
ның сипатына байланысты болады.
Оң әділ құны бар туынды құрал қаржы активі ретінде, ал теріс әділ құны бар туынды құрал – қаржы міндеттемесі 
ретінде танылады. Туынды құрал ұзақ мерзімді актив немесе ұзақ мерзімді міндеттеме ретінде сол жағдайда танылады, 
егер қалған қолданыстағы құралдың мерзімі 12 айдан асса және оның сатылуы немесе өтелуі алдағы 12 айдың ішінде 
көзделмесе. Өзге туынды құралдар қысқа мерзімді активтерге немесе қысқа мерзімді міндеттемелерге қосылады.
(xiii) кірікпе туынды құралдар
Қоса берілген туынды құралдар негізгі келісімшарттан бөлінеді де, жеке есепке алынады, егер экономикалық сипатта-
масы және негізгі келісімшарт тәуекелдері мен қоса берілген құрал өзара байланыспаса, және егер құрамдастырылған 
құрал ПШАӘҚБ ретінде айқындалмаса.
Бастапқыда туынды құралдар әділ құны бойынша танылады. Мәміле жөніндегі тиісті шығындар олардың пайда болу 
шамасына қарай жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есептемеде танылады. Бастапқы мойындалғаннан кейін 
туынды құралдар әділ құны бойынша бағаланады, және оның өзгерісі жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есеп-
темеде танылады.
(г) акционерлік капитал
(i) жай акциялар
Жай акциялар капитал санатында жіктелінеді.
(ii) артықшылықты акциялар
Артықшылықты акциялар капитал ретінде жіктелінеді, егер олар міндетті сатып алуға жатпаса, немесе тек Компанияның 
таңдауы бойынша сатып алынуы мүмкін болса, ал оның дивидендтері Компанияның қарап шешуі бойынша төленеді. 
Осындай акция дивидендтері бөлу (акционерлерге төлеу) ретінде танылады және капитал құрамында көрсетіледі.
Артықшылықты акциялар міндеттемелер ретінде жіктелінеді, егер олар міндетті сатып алуға немесе белгілі бір күнге 
жатса, немесе акционерлердің таңдауы бойынша, немесе егер ол бойынша дивидендтерді төлеу міндетті болып табыл-
са. Осындай акция дивидендтері жиынтық кіріс туралы есепте пайыздық шығыстар ретінде танылады.
(iii) дивидендтер
Дивидендтер міндеттеме ретінде көрінеді және есептік күніндегі жағдайы бойынша капитал шамасынан есептен шыға-
рылады, егер олар тек есептік күнге немесе оған дейін хабарланса. Дивидендтер туралы ақпарат, егер олар есептік 
күнге дейін ұсынылса немесе есептік күннен кейін ұсынылса немесе хабарланса, бірақ шоғырландырылған қаржы есеп-
теме шығару күніне дейін бекітілген болса ғана хабарланады.

134
Қосымшалар 
|
 Біріктірілген ҚаржылыҚ есептілік
(д) негізгі құрал-жабдық
(i) тану және бағалау
Негізгі құрал-жабдықтардың нысандары қорланымдалған амортизациялық құндарды және құнсызданудан болған за-
лалдарды шегергеннен кейін нақты құны бойынша көрсетіледі. 2005 жылғы 1 қаңтардағы, яғни ҚЕХС-ке көшу күнінің 
жағдайы бойынша негізгі құрал-жабдықтардың нақты құны көрсетілген күні бойынша, яғни олардың әділ құнының 
негізінде айқындалған.
Құнына тиісті активті сатып алумен тікелей байланысты барлық шығындар кіреді. Өз күштерімен тұрғызылған (салынған) 
активтердің нақты құнына материалдарға арналған шығындар, еңбекке ақы төлеуге арналған тікелей шығындар, олар-
ды мақсаты бойынша пайдалану үшін активтерді жұмыс қалпына келтірумен тікелей байланысты өзге барлық шығындар 
және активтерді бөлшектеу мен орын аударуға және олардың орналасқан участкелерін қалпына келтіруге арналған 
шығындар кіреді. Тиісті жабдықтың функционалдық мақсатымен тығыз байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуге 
арналған шығындар осы жабдықтың құнына капиталдандырылады.
Егер негізгі құрал-жабдықтардың нысаны пайдалы пайдаланудың әр түрлі мерзімі бар жеке компоненттерден тұрса, 
онда олардың әрқайсысы негізгі құрал-жабдықтың жеке нысаны (елеулі компоненті) ретінде ескеріледі.
Негізгі құрал-жабдықтың істен шығуы жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есептемедегі өзге кірістер мен залал-
дарда танылады.
(ii) келесі шығындар
Негізгі құрал-жабдықтар нысанының бөлігін аударумен байланысты шығындар, егер Топ көрсетілген бөліммен байла-
нысты болашақта экономикалық пайданы алу ықтималдылығы жоғары болып табылса және оның құнын анық айқын-
дау мүмкін болған жағдайда ғана, осы нысанның теңгерімдік құны сол жоғдайда ғана артады. Ауыстырылған бөлімнің 
теңгерімділік құны есептен шығарылады. Негізгі құрал-жабдықтар нысандарының ағымдағы жөндеуіне және қызмет 
көрсетуіне арналған шығындар олар пайда болған кезде жиынтық кіріс туралы есептемеде танылады.
(iii) амортизациялау
Уран өндіру және оны алдын ала өңдеу үшін пайдаланатын негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау осы негіздеме 
тұтыну құрылымын ең жақсы тәсілімен көрсететін, тек сол баптарға қатысты өндірістік әдіс негізінде есепке алынады. 
Жер телімдері амортизацияланбайды.
Келесі активтердің түрлері белгілі кен орнынан қорларды алу негізінде өндірістік әдісті пайдалана отырып амортизаци-
яланады, оған лицензияларды қолдану мерзімі ішіндегі мына активтер жатады:
өндірістік ғимараттар және құрылыстар;
машиналар және жабдық.
Өзге негізгі құралдарды амортизациялау олардың пайдалы пайдалануының күтілетін мерзімінің ішінде түзу әдістің не-
гізінде жиынтық кіріс туралы есепте көрсетіледі. Жалға алынған активтер екі мерзімнің ең азысы ішінде амортизацияла-
нады: жалға алу мерзімі және активтерді пайдалы пайдалану мерзімі.
Пайдалы пайдаланудың күтілетін мерзімі мынадай түрде көрсетілген:
 ғимарат 
   10 

45 
жыл
 
машиналар және жабдық  
3 - 5 жыл
 
көлік құралдары  
 
3 - 10 жыл
 
қалғандары 
 
 
3 - 20 жыл 
Амортизациялау әдістері, пайдалы пайдаланудың мерзімі және негізгі құрал-жабдықтардың қалдық құны әрбір 
есептік күннің жағдайы бойынша талданады.

135
2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша 
біріктірілген қаржылық есептілікке ескертулер
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
(е) Өндіруге дайындық жөніндегі шығындар
Топ ГКЗ белгілеген есептесу әдісін пайдаланады. Осы әдістеме барлық кезеңдерде өз кезегімен пайдаланылады.
Өндіруге дайындық жөніндегі шығындарға өндіруге дайындау жөніндегі технологиялық сутартатын және айдаушы 
ұңғымаларды бұрғылау жөніндегі капиталдандырылған шығындар және олардың жер үстіндегі коммуникациялардың, 
жабдықтардың және бақылау-өлшеу аппаратураларының ішкі магистралдық бекіткіші және өзге шығындар кіреді. 
Өндіруге дайындау жөніндегі шығындар қорланымдалған тозудан және құнсызданудан болған қорланымдалған за-
лалдарды есептен шығарғаннан кейінгі өзіндік құны бойынша бағаланады. Өндіруге дайындау жөніндегі шығындарды 
уран өндіру кезінен бастап, дәлелденген және ықтимал қорларды бағалауға арналған негіздеменің өндірістік әдісінің 
өндіріс шығынына жатқызады. Дәлелденген және ықтимал қорлардың есептесуі жер қойнауын пайдалануға арналған 
әрбір келісімшарттың құрамдас бөлігі болып табылатын қорлар туралы есептемеге негізделеді. Қорлар туралы аталған 
есептеме Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін іске асырушылық үлгісіне кіреді, және онда жалпы дәлелденген 
қорлар және жылдар бойынша күтілетін жоспарланған өндіру егжей-тегжейлі жазылады.
Уран шығарудың рентабельділігін көрсету кезінде барлау және бағалау активтері өндіруге дайындау жөніндегі шығын-
дарға енгізуге жатады, сондай-ақ өндіруге дайындау жөніндегі шығындарға участкені қалпына келтіру, ионайырбасты-
рылған шайырдың құны жөніндегі бағалау шығындар кіреді, және техникалық-экономикалық негіздеме бекітілгеннен 
кейінгі кезенінде болған, өндіруге дайындау жөніндегі жоғарыда аталған шығындар капиталдандырылады.
Өндіруге дайындау жөніндегі капиталдандырылған шығындар құнсызданудан болған қорланымдалған амортизацияла-
уды және қорланымдалған шығындарды есептен шығарғаннан кейінгі өзіндік құны бойынша бағаланады.
(ж) жер қойнауын пайдалану құқығы
Жер қойнауын пайдалану құқығы құнсызданудан болған қорланымдалған амортизациялау сомасын және залалдарын 
есептен шығарғаннан кейінгі бастапқы құны бойынша есепке алынады.
Жер қойнауын пайдалану құқығы уран өндіруді бастау кезеңінен бастап дәлелденген және ықтимал қорлардың негізін-
дегі өндірістік әдісі бойынша амортизацияланады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алудың капиталдандырылған құнына қол қойылған бонус, коммерциялық 
табу бонусы, жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу құны және капиталдандырылған тарихи шығындар кіреді.
Топ лицензияларды бергенге дейін лицензияланған аумақтарға қатысты Үкімет шеккен тарихи шығындарды өтеуге 
тиісті. Аталған тарихи шығындар лицензиялардың қолданыс мерзімі ішінде жүргізілетін, келтірілген төлеу құнына тең 
тиісті міндеттемелерді мойындаумен сатып алу құнының бөлігі ретінде танылады.
Дәлелденген қорлардың есептесуі жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарттың ажырамас бөлігі болып 
табылатын қорлар туралы есептемеге негізделген. Қорлар туралы аталған есептемеге Үкімет бекіткен техникалық-э-
кономикалық үлгі енгізіледі және онда жылдар бойынша күтілетін көлем бөлігінде егжей-тегжейлі ақпарат берілген.
(з) материалды емес активтер
(i) Зерттеу және әзірлеу
Жаңа ғылыми немесе техникалық білім және түсінікті алу мақсатымен зерттеу қызметіне арналған шығындар, олар 
пайда болған кезенде жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есептемеде танылады. Әзірлеу қызметі жаңа немесе 
едәуір жетілдірілген бұйымдар мен процестердің өндірісін жоспарлау немесе жобалау кезінде ғылыми зерттеулердің 
нәтижесін қолдана отырумен байланысты болады. Егер әзірлеуге арналған шығындарды сенімді бағалауға болса, бұйым 
немесе процесс техникалық және коммерциялық көзқарасы жағынан жүзеге асырылатын болып табылса, болашақта 
экономикалық пайда алу ықтималдылығы жоғары болса, және Топ әзірлеу процесін аяқтауға және активті пайдалануға 
немесе сатуға ниеттенсе және ол үшін жеткілікті ресурстары бар болса, тек сол жағдайда ғана олар капиталдандыры-
лады. Капиталдандырылған шығындарға белгіленген мақсаттарға пайдалану үшін тікелей активті дайындауға жататын 
материалдар шығындары, еңбекке ақы төлеуге арналған және үстеме шығынның тікелей шығындары жатады. Әзірле-
уге арналған өзге барлық шығындар тиісті кезеңдегі жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есептемеде танылады.

136
Қосымшалар 
|
 Біріктірілген ҚаржылыҚ есептілік
(ii) материалды емес өзге активтер
Топ сатып алған және пайдалы пайдаланудың түпкілікті мерзімі бар материалды емес өзге активтер амортизацияның 
қорланымдалған сомасын және құнсызданудан болған залалдарды есептен шығарғаннан кейінгі нақты құны бойынша 
көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет