Бөлімше 1 Есептер және математикалық модель Оқу
Дата 11.10.2023 өлшемі 57,12 Kb. #113587
Байланысты:
қб матем
Бөлімше
5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты
4.5.1.2 ** Есептерді шығару үдерісінде жылдамдық, арақашықтық шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жылдамдық, қашықтық , уақыт шамаларының өзара тәуелділігін пайдаланып есептер шығарады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Есепті шығар. Әр өрнекте нені анықтағаныңды түсіндір.
Алматыдан Таразға қарай шыққан автобус 64 км/сағ жылдамдықпен, ал Тараздан Алматыға қарай шыққан автобус 62 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Олар
4 сағаттан кейін кездесті. Екі қаланың арақашықтығын есептеп тап.
Дескриптор
Білім алушы
1D бөлім – Геометриялық фигуралар
Бөлімше
3.1 Геометриялық фигуралар және олардың классификациясы
Оқу мақсаты
4.3.1.3 Тікбұрышты параллепипед көлемінің формуласын (V=a∙b∙c) қорыту, шығару, қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Формула бойынша тікбұрышты параллепипедтің көлемін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Формуланы қолданып , тікбұрышты параллепипедтің көлемін тап.
Мұндағы, a= 5см; b= 4см; c= 6см.
Дескриптор
Білім алушы
көлемді табу формуласын қолданып өрнек жазады;
тікбұрышты параллелепипедтің көлемін анықтайды;
көлемнің өлшем бірліктерін жазады.
Бөлімше 4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар
Оқу мақсаты
4.4.1.1 Екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жиындардың қиылысуы мен бірігуін диаграмма түрінде бейнелейді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
М және К жиындары берілген. М және К жиындарының бірігуі мен қиылысуына тиісті элементтерді жаз.
М ={15, 25, 30, 40}
К ={23, 24, 25}
Оларды Эйлер-Венн диаграммасына бейнеле және қиылысу аймағын боя.
М К
Дескриптор
Білім алушы
берілген жиындардың бірігуіне тиісті элементтерді анықтайды ;
берілген жиындардың қиылысуына тиісті элементтерді анықтайды;
жиын элементтерін диаграммада бейнелеп көрсетеді.
Бөлімше4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар
Оқу мақсаты
4.4.1.2 Сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ортақ белгілері бойынша жиынның элементтерін анықтайды
Жиындардың бірігуі мен қиылысуын жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сандарды ортақ белгілеріне қарай А және В жиынына бөл және тиісті элементтерін жаз. Жиындардың бірігуі мен қиылысуын анықта.
Дескриптор
Білім алушы
жұп сандар жиынын анықтайды;
екі таңбалы сандар жиынын анықтайды;
жиындардың қиылысуына тиісті элементтерді анықтайды;
жиындардың бірігуіне тиісті элементтерді анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: