Буын. Зерттелуі және түрлері


К.Бейсенбаева «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» (1973 ж.)



бет6/13
Дата15.02.2023
өлшемі38,3 Kb.
#68031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
К.Бейсенбаева «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» (1973 ж.) еңбегінде буын жайлы біршама анықтама берген.
«Сөйлеу толқынында сөздердің фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын, түгелімен жіктеп айтылатын әрбір бөлшегі буын деп аталады».
Тілімізде буынның өзіне тән ерекшеліктері бар:

  1. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыстың бәрі буын құрайды

  2. Егер екі буынды сөз дауыстыдан болса, сөз басындағы жалаң ашық буын өзінен кейінгі ешбір буынның ықпалына түспей тиянақты түрде, оқшау айтылады.

Сөздің буын құрамындағы буын санына қарай қазіргі қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздер:

  • бір буынды (ай, ат, бал);

  • екі буынды (а-на, ә-же);

  • үш буынды (мұ-ға-лім, қа-на-ғат);

  • төрт буынды (фо-не-ти-ка);

  • бес буынды (у-ни-вер-си-тет). [7, 52-57 б]



Ә. Хасеновтың «Тіл білімі» еңбегінде: «Буын - сөйлеу сегментациясының табиғи единицасы, сөйлеу легінде дауыстың белгілі бір дәрежеде көтеріңкі айтылуы. Артикуляциялық түрғыдан алганда, буын - сөйлеудің ең қысқа, единицасы» деп анықтама береді де, буын қүраушы дыбыстардың барлығы дауысты дыбыстардан бола бермейтіндігін айтады. «Әдетте, буын қүрайтындар - дауысы дыбыстар. Бірақ тіл-тілде үнемі бұлай бола бермейді. Мәселен, чех тіліндегі бір буынды - ргзі(саусақ), екі буынды - игЬа(верба), иік(қасқыр), сербхорват тіліндегі рі(бұғаз) сөздерінде буын құраушылар - г, 1 дауыссыздары. Біздің қазақ тілі жэне орыс, ағылшын, француз тілдерінде буынның негізінде дыбыс жатады. Ал қытай, бирма, вьетнам тілдері буынды немесе буын құрылысты тілдер деп те аталады. Бұл тілдерде буын морфема жігі дегенге мүлде багынбайды. Бұларда сөздегі фонологиялық единица - дыбыс емес, тұтас буынның өзі. Бұл тілдердегі тұтас буын силлабема деп аталады. Ертедегі грек, араб, латын тілдерінде созылыңқы жэне қысқа буын дегендердің мэні айырықша болган көрінеді». [8, 85 б]

Буын қүбылысын сингармонизммен тікелей байланыстыра отырып зерттеген ғалым Ә.Жүнісбеков: «қазақ тіліндегі дыбыс түрленімі қазақ сөзінің сингармонизм заңдылығынан туындайды. Сингармонизм әуезі (жуан, жіңішке, еріндік, езулік) көрінетін тірек бірлік буын болып табылады. Қазақ тіліндегі буын орфоэпиясын (айтылымын) сөз еткенде осы теориялық қисынды басшылыққа алу керек. Буын құрамындагы дыбыстар белгілі бір қатаң жүйеге бағынып барып басы бірігетін болса, онда оның артикуляциялық негіздемесі болу керек. Артикуляциялық негіздің акустикалық (естілім) нәтижесі болады» деп, теориялық қорытынды жасайды. [9,24-25 б]






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет