Д. А. Ислам 1, Т. М. Ербай


Отображение идеи «Алашоведения – антропология – познание жизни» в малом жанре



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата22.11.2022
өлшемі0,77 Mb.
#51636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Отображение идеи «Алашоведения – антропология – познание жизни» в малом жанре
Алашоведение – одна из исторических основ идеи «Мангилик ел», ставшей 
национальной идеологией. Понятие Алашоведение сочетается с категориями познания 
жизни, антропологии. Концепция алашоведения измеряется моральными ценностями в 
рамках философии жизни. Статья посвящена отражению в прозаических произведениях 
основ алашоведения, затрагивающих гражданскую мысль. Алашоведение – традиционный 
путь познания жизни в художественной литературе – мастерски применяется в малой прозе. 
Способы выражения идеи алашоведения в художественном тексте разносторонне 
анализируются путем анализа современного малого жанра. 
Ключевые слова: Мангилик ел, Концепция алашоведения, художественный текст, 
национальное самосознание, философия мировоззрения. 
Суреткер Н. Дәутайұлының «Батыр» әңгімесіндегі ілгергі тарихтың бірінші айтылуы 
жазушы концепциясын орнықтырудағы алғашқы көркемдік баспалдақ. Мазмұн мен пішін 
бірлігі тұрғысынан қарасаңыз да бұл әңгіме соны үлгі. Жазушы концепциясының сыртқы 
пішіндегі көрінісі Батыр есіміне байлаулы. Қазақ әдебиеті тарихында мұндай көркемдік 
тәсілді алғаш ендіруші азаттық жаршысы, ақын Мағжан Жұмабайұлы болатын. 
М. Жұмабайұлының «Батыр Баян» дастанының тақырыптық атауы соның дәлелі. Демек 
ақын, жазушы концепциясын пішін бедерінде, тақырып атауында құндақтауы жайдан жай 
емес. Батыр ұғымы ел намысы, ер намысымен айқындалатыны белгілі. Қазақ тағдыры не 
жұтылуы не халық боп қайта бас көтеру сынауына түскенде, Мағжан ел бірлігі ел 
намысында екенін еске түсіріп, ұлттың тарихи жадын қозғап, санасын тірілтті. Ақын мен 
жазушының суреткерлік концепциясының тоқайласар төркіні де ұлттық намысты жоқтап
елдік сананы іздеуде жатыр. Ақын мен жазушыны қауыштыратын ұлттық ой, ұлттық 
идеяның бастауы бабалар рухы. Өміртанымның алғашқы көркемдік бастаулары ұлттық сөз 
өнеріміздің көне тарихы арнасымен ағып, адамзат ақыл-ойына ортақ көркемтаныммен 
сабақтасатыны жайында айтып келеміз [1].
«Батыр» әңгімесіндегі Батыр бейнесі қазақ тарихында есімі бар барлық батырлардың 
типажы. Батыр характерінен барлық батырға тән мінез, өрлік көрінеді. Оқырман бұл қай 
батыр деп ойланып жатпайды, кейіпкер Батырдың орнына өзі білетін батырларды қойып 
көзіне елестетсе де өмір шындығынан алыстамайды. Бұл батыр Қобыланды, Абылай, 
Бұхарбай, Жанқожа, Баян, Ағыбай, Бөгенбай, Қабанбай, тіпті баяғы Алпамыс батыр болса да 
әңгіме арқауындағы өмір шындығына сенесіз. Батырдың өмірлік мақсатына, адамдық 
аңсарына иланасыз. Әңгіме Батырдың оңаша бір күйге көп түскен сәттерінің сырын 
аңғартудан бастау алады. Соңғы кездері оқшаулануды ұнатқан. Батырдың бұл әрекетін автор 
кейіпкеріне психологиялық талдау жүргізе отырып баяндайды. «Оның етегінен тартып
еңсесінен езген екі ауыр қайғы болатын: біріншісі ата мирас жау қолынан өлмегені... 
«Батырдың ажалы жаудан» дейтін қатал кесім бұлардың тұқымына тән ұлағатты ұран сөз; 
жауға шаба алар қай-қайсысы да ат жалын тартып мініп, қолына найза ұстағаннан, «Е, құдай, 
сол тілекті бере көр!» десетін-ді. Десетін де, жан алып, жан беріскен қолды қырғанда өлем-ау 
дейтін ой ешқайсысында болмайтын. Атасы кіндік тұсынан бойлап кірген сұр жебеден әкесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет