Дамудың туа біткен ақаулары Ақпаратты-дидактикалық блок Дамудың туа біткен ақаулықтар (ДТБА) нәрестелер өлімінің (15-20%),перинатальды өлімнің (25%) үлесін құрайды. Жаңа туылған нәрестелерде анықталған ДТБА жиілігі 2-3% құрайды, ал кеш сатысында 5%-ға дейін. Сондықтан медицинада ДТБА оқыту маңызды мәселелердің бірі.
Дамудың туа біткен ақаулары (congenital abnormalities) – туылуға дейiн пайда болып, туылудан кейiн анықталған, мүшелер немесе бүкiл ағзаның тұрақты морфологиялық өзгерiстерi.
Даму аномалиялары(congenital abnormaly) ДТБА –дан ерекшелігі әдетте мүшелер қызметтерінің бұзылуы болмайды.
Даму ақаулықтарының типтері: мальформация, дизрупция, деформация, дисплазия.
Мальформация (malformation)-құрсақтағы дамудың бұзылуына байланысты мүшелерде морфологиялық ақаулықтардың пайда болуы. Оған мысал – тұқым қуалайтын синдромдар, полидактилия, қоян ерін, қасқыр таңдай.
Дизрупция немесе деструкция (disruption)- сыртқы ортаның, мысалы тератогендік факторлар әсерінен мүшенің дамуындағы морфологиялық өзгерістер. Мысалы- амниотикалық тартылыстар.
Деформация (deformation) – ана ағзасына сыртқы ортаның механикалық әсерінен мүшелердің пішінінің морфологиялық өзгеруіне алып келеді, оған мысал аз сулылық, миома. Мысалы – жүктілік кезінде жатырдың фиброзынан ұрықтың басы, көп ұрықтылық жүктілілігінен ұрықтың аяқ-қолдары қысылып, деформацияланады.
Механикалық әсерден мүшелердің деформациялануы байқалады, оған мысал маймақтық. Көп жағдайда туылғаннан кейінмаймақтық жойылып кетеді.
Дисплазия (displasia)- ұлпаларды түзетін жасушалар құрылымының бұзылуы, мүшелердің морфологиялық өзгерістеріне, қан жасушаларының дифференцациясы мен дәнекер ұлпаларының бұзылуларына алып келеді. Бұл патологиялардың көбісі моногенді тұқым қуалайды.
мүше бастамасы қалыптасқан мүше
даму жолдары
ҚАЛЫПТЫ