Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет97/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   191
 (Жұмабай ӘБІЛОВ)

     


Ж

ұмабай көзі тірі болғанда,  бұл күндері алпысқа толар еді. 

Несін айтасыз, оның пешенесіне бұл өмірде алпыс жыл 

өмір сүру жазылмапты. Азамат ретінде де, ғалым ретінде де әбден 

кемеліне келіп, енді өмірден аларынан халқына берері көбейген, 

нағыз  шығармашылық  бабындағы  елу  үш  жасында  алды-артына 

қарамай, бұл өмірмен қоштасып жүре берді.

Мен Жұмабайды студент кезінен білкші едім. 1977 жылдың қо-

ңыр күзінде студенттер ауылшаруашылық жұмыстарынан оралып, 

оқуға кірісіп жатқан кез болатын. Бір күні маған дәріс арасында-

ғы үзілісте бір студент келіп, «ағай, сізге жолығуға бола ма?» деп, 

рұхсат сұрады. Сабаққа кіріп бара жатыр едім; соңынан кездесетін 

болып келістік. Дәрістен шықсам, ол күтіп тұр екен. Өзін таныс-

тырды. Журналистика факультетінің 2-ші курс студенті Жұмабай 

Әбілов екен. Журналистика факультетінде шығармашылық үйірме 

ашсақ деген студенттердің атынан ұсыныспен келіпті.

Ол кезде университет бойынша филология факультетінде Мұх-

тар  Әуезов  атындағы  әдеби  бірлестік  жұмыс  істейтін  еді.  Сол 

бар ғой деп едім, «ол негізінен,  ақын-жазушылармен кездесулер 

өткізіп  тұрумен  ғана  шектеліп  жүр;  біздің  факультетте  мақала, 

әңгіме, өлең жазатындар көп; сондықтан да біз сол шығармашыл 

жастардың  алғашқы  туындыларын  талқылап  отыратын  жиындар 

өткізіп тұрсақ, ол талқыға түскен туындының авторына да талқы-

лауға қатысқан студент жастарға да өте пайдалы болар еді» деген 

ойын  айтты.  Мен  де  ойланып  барып,  бұл  мәселені  факультеттің 

деканы Темірбек Қожакеев қана шешетінін айтып, соған жібердім.

Бір-екі күн өткен. Декан шақырып жатыр дегенге асығып келсем, 

Т. Қожакеев күтіп отыр екен. Хал-жағдай сұрасып болған соң, ол 

кісі тікелей негізгі әңгімеге көшті: «Өзің білесің біздің факультетте 

негізінен шығармашыл жастар оқиды. Осыны ескере отырып, біз 

факультетімізде әдеби-шығармашылық үйірме ашсақ деп шештік. 

Факультеттің  артбюросымен  ақылдаса  отырып,  оған  жетекшілік 

жасауға  өзіңді  ұсынып  отырмыз,  қалай  қарайсың»  –  деді.  Қалай 

қараушы едік, қабылдадық. 

Сонымен,  жұмысқа  кірісіп  кеттік.  Алғашқы  жиында  ұйымның 

негізгі мақсаттарын, М. Әуезов атындағы әдеби бірлестіктің жұ-

мысын қайталамау үшін жұмыс жасау бағыттарын анықтап алдық. 



205

Негізгі жұмыс апта сайын белгілі бір күні жиналып, өлең, әңгіме 

жазып жүрген талапкер студенттердің тырнақалды туындыларын 

талқылау, оны баспасөзге ұсынып отыру, айына бір рет ақын-жазу-

шылармен кездесулер өткізіп тұру болып белгіленді.

Бірлестіктің  бастығы  болып,  2-ші  курстың  студенті  Ж.  Әбілов 

сайланды.  Мен  шығармашылық  ұйымның  басшылығына  өлең-

әңгімелері  арқылы  танылыңқырап  қалған  жоғарғы  курстың  бір 

студентінің болғаны  дұрыс шығар деп, ойлап еді; оған студент-

тер  келіспей,  бір  ауыздан  Жұмабайды    қолдады.  Сөйтсем,  оқуға 

мектеп бітірген соң,  бірден түсе алмай, біраз уақыт ауылда түрлі 

жұмыстар істеп, әбден ысылған, жұмыс істей жүріп, әдебиетке де-

ген құмарлығымен біршама ізденістер жасап, оқуға дайындықпен 

түскен  Жұмабайдың студенттер арасындағы беделі жоғары екен.

Жетпісінші  жылдар  студенттерінің  қоғамдық  жұмыстарға  кел-

генде,  белсенділігі  жоғары  болатын.  Қолына  қалам  ұстап,  бо-

лашақта  журналист,  ақын,  жазушы  боламын  деген  талапкерлер 

Қазақстанның  түкпір-түкпірінен  осы  бір  ғана  журналистика  фа-

культетіне қарай ағылып, оның ішінде де бағы жанған елуі ғана 

оқуға түсетін.  Факультет студенттерінің ішінде өлең, әңгіме жаз-

байтыны  кемде-кем  еді.  Тіпті,  кейбір  студенттер  ақын-жазушы 

ретінде  де  танылып,  ал  енді  біреулері  республикалық  басылым 

беттерінде қосымша қызметтер атқаратын. Міне, осындай жағдай 

бірлестіктің әдеби-шығармашылық жұмыстарының бірден жанда-

нып жүріп кетуіне тікелей әсер етті. 

Кейіннен М. Сералин атындағы әдеби-шығармашылық атанып, 

күні бүгінге дейін университетте жемісті жұмыс істеп келе жатқан  

бірлестіктің өмірге келуінің басы-қасында Ж. Әбіловтің жүргенін 

бүгінгі күндері біреу біліп, біреу біле бермес. 

Бірлестік құрыла салысымен бірден қызу жұмысқа кірісіп кетті. 

Жұмыстың  жанданып  сала  беруіне  тумысынан  өте  қарапайым, 

ешкімге  жаманшылық  ойламайтын,  сонысына  қарамай,  принци-

пиалды мәселелерге келгенде, ешкімге жалтақтамай, барынша әділ 

сөйлейтін  Жұмабайдың  адам  ретіндегі  тазалығы,  адамгершілік 

қасиеттері тікелей әсер етті. Алдын ала оқу корпустарына хабар-

ландырулар ілініп, онда кімнің қандай шығармасы талқыланатыны  

жарияланып тұратын. Әр апта сайын кешке жақын жатақхананың 

оқу  залында  өтетін  бірлестіктің  мәжілістеріне  кей  кездерде  сту-

денттер сыймай кететін. Шығармашыл студенттердің тырнақалды 

туындылары талқыланатын осындай жиындарға бірлестіктің же-

текшісі ретінде алғашында мен де қатысып, өз пікірімді білдіріп  

жүрдім.  

Осындай  пікіралысулар  барысында  Жұмабайдың  іскерлік, 

ұйымдастырушылық сияқты қабілеттері, білімділігі ерекше көзге 

түсті. Қатты пікірталастар туып қалған кездерде жоғарғы курс сту-



206

денттерінің өздері де Жұмабайдың пікіріне тоқтайтын. Қазақ ұлт-

тық университетінде жетпісінші жылдардың соңына қарай білім 

алып, қазір қазақ әдебиеті мен мәдениетінің, баспасөзінің түрлі са-

лаларында жемісті еңбек етіп жүрген қаламгерлердің ішінде осы 

шығармашылық бірлестікке қатысып, оның ішінде оның бастығы 

болған Жұмабайдың пікірін тыңдамандары кемде-кем шығар, сірә. 

Ай сайын бір рет өткізіліп тұратын белгілі ақын-жазушылармен, 

журналистермен, өнер шеберлерімен кездесулер де жоғары деңгей-

де, аншлагпен өтетін. Сол жылдары осы бірлестіктің ұйымдасты-

руымен  Д. Досжанмен, Т. Молдағалиевпен, Қ. Мырзалиевпен, Ә. 

Кекілбаевпен, М. Шахановпен, М. Мағауинмен, Д. Исабековпен, 

Ә.  Мәмбетовпен,  Т.  Жаманқұловпен,    т.  б.  түрлі  деңгейдегі  шы-

ғармашылық кездесулер  өтіп, университеттің мәдени өміріндегі 

елеулі оқиғалар болып еді. Осы жұмыстардың барлығын ешкімнің 

көмегінсіз,  ешбір  проблемасыз,  дабырасыз    Жұмабайдың  бір  өзі 

үндемей жүріп атқаратын. Әдетте қолдары тие бермейтін әдебиет, 

өнер  қайраткерлерін ол кез-келген уақытта университетке шақы-

рып, алып келе алатындығына таң қалушы едік. Кейін байқадық, 

студент  болғанына  қарамастан,  Жұмабай  осы  ақын-жазушылар-

дың  көпшілігін  танып,  олармен  емін-еркін  араласып,  пікірлесіп 

жүреді екен. 

Ж. Әбіловтің КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ха-

лық артисі Әзірбайжан Мәмбетовпен достығы ерекше болды. Ал-

маты театрларында жүріп жатқан жаңа спектакльдерден қалмай-

тын Жұмабайды сол кезде Одақ бойынша атағы дүрілдеп тұрған 

Әзірбайжан өзі қойып жатқан әрбір жаңа қойылымына шақырып, 

оны  талқылауларына  қатыстырып,  пікірлерін  тыңдайтын.  Кейде 

осындай  талқылаулардан  кеш  шыққан  ол  жатақханаға  жете  ал-

май,  театрға  түнеп  қалатын  кездері  де  кездесетін.  Театрға  түнеп 

қалып жүрген студент үшін театр оның өмірлік таңдауына айна-

лып, кейін ол сахна өнерінің, қазақ драматургиясының бірден-бір 

зерттеушісіне айналды.

Міне, Жұмабай Әбілов студент кезінің өзінен-ақ осылайша қа-

зақтың  әдеби,  мәдени    өмірімен  қым-қиғаш  араласып,  ішінде 

жүрді. Мұның өзі студент Әбіловтің бір жағынан, университет ау-

диторияларында  әдебиет  жайлы  теориялық  білімдерді  игеруімен 

қатар екінші жағынан, шығармашылықтың практикалық жақтары-

мен де қанығып өсуіне жағдайлар жасады. 

Әдеби  бірлестікке  басшылық  жасай  жүріп,  Жұмабай  талқыла-

натын әрбір шығарманы түгел оқып, бүге-шүгесіне дейін талдап, 

бетің бар,  жүзің бар демей, пікір айтатын. Осындай пікірлер ай-

туға қазақ, орыс, әлем әдебиеттері жайлы көбірек ізденіп оқитын 

оның теориялық дайындығы да жеткілікті болатын. Талқылаудан 

өткен шығармаларды республикалық баспасөзге ұсынып, дүркін-



207

дүркін шығармашыл жастардың туындыларынан тұратын арнайы 

беттер ұйымдастырып тұрды. Менің соңымнан қалмай жүріп, со-

ларға алғысөз жаздыртып алушы еді.  Жүгіріп жүріп, талапкер сту-

дентердің көркем туындыларынан тұратын «Темірқанат» жинағын 

шығарды. Ол кездерде кітап шығару, немесе шығармасы жинаққа 

кіру  дегеннің  өзі  қиынның  қиыны  болумен  бірге,  үлкен  мәртебе 

де сонымен бірге әдебиет әлеміне аяқ басып, танылу да болатын. 

Осылардың  барлығы да ұйымдастыру жұмыстарымен қатар, қа-

жырлылықты, іскерлікті, білімдарлықты, ең бастысы студент үшін 

барлық  уақыттарда  да  жетісе  бермейтін  қыруар  уақытты  қажет 

ететін.  Жұмабай осы сияқты жұмыстардың барлығына да уақыт 

таба білетін. Бұл еңбектердің барлығы да текке кеткен жоқ. 

Жетпісінші жылдары университетте білім алған қазіргі танымал 

ақын-жазушылардың ішінде осы бірлестіктің жұмысына қатыспа-

ғандары,  алғашқы  тырнақалды  туындыларын  осында  ұжымдық 

талқылаудан өткізбегендері  кемде-кем шығар, сірә. 

Сөйтіп, осы студенттік жылдардың өзінде-ақ Ж. Әбілов болашақ 

әдебиетші ретінде көзге түсіп жүрді. Осыншама қыруар  жұмыс-

тарды атқара жүріп, сабағын да үлгеретін. Әсіресе, әдебиет сала-

сында  көп  ізденген  Жұмабай  университет  қабырғасында  жүрген 

кездің өзінде-ақ сыншы ретінде таныла бастап еді. 

Жұмабай университетті бітірген соң, туған еліне – Қызылордаға 

тартып кетті. Біраз уақыт Жаңақорған аудандық газетінде, мәде-

ниет бөлімінде, қазақ тілі қоғамында, 1994-жылдан өмірінің соңы-

на дейін Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи атындағы универси-

тетте қызметтер атқарды. Ағымдағы қызметтерін атқара жүріп, өзі 

студенттік кезден құмартып, зерттей бастаған қазақ драмматургия-

сы жайлы зерттеулерін жалғастыра берді... 

                                                ***

Енді   Жұмабайдың шығармашылық өмір жолына көз салайық.  

Ж.  Әбілұлы  1954  жылдың    7-ші  желтоқсанында  Қызылорда  об-

лысы  Жаңақорған  ауданының  «Бірлік»  елді  мекенінде  дүниеге 

келген. 1976 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универси-

тетінің журналистика факультетіне түсіп, оны 1981 жылы ойдағы-

дай  бітірді.

Алғашқы еңбек жолын Жаңақорған аудандық мәдениет бөлімі-

нен бастап (1981), 1983-1992 жылдар арасында «Жаңақорған ты-

нысы»  газетінің  бөлім  меңгерушісі,  жауапты  хатшысы,  1992-94 

жылдары  Жаңақорған  аудандық  «Қазақ  тілі»  қоғамын  басқарды. 

1994-1999 жылдары Жаңақорған аудандық мәжілісінің депутаты, 

халық қалаулысы ретінде танылды. 1994 жылдан бастап, өмірінің 

соңына  дейін  Қ.А.Иассауи  атындағы  Халықаралық  Қазақ-түрік 



208

университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында аға оқытушы, до-

цент, кафедра меңгерушісі (2003) қызметтерін атқарды.                                                                           

1995  жылы  Қалтай  Мұхамеджановтың  драматургиясынан  кан-

дидаттық, 2001 жылы қазақ комедиясының пайда болу, даму, көр-

кемдік, теориялық  мәселелерінен докторлық диссертациялар  қор-

ғады.                                                                      

Жұмабай  Әбілұлының зерттеген тақырыбы – қазақ әдебиетінің 

драматургиясы, соның ішінде комедия саласы. Кеңес дәуіріндегі 

қазақ  әдебиетінің  мәселелері  де  Жұмабайға  өте  жақын  болды. 

Оның еңбектері өзінің тосындығымен, жаңашылдығымен  дарала-

нады. 


Ол  қазіргі  әдебиеттің,  оның  ішінде  драматургияның    жай-күйі 

мен театр тақырыбына арнап, бірнеше кітап, 200-ден астам ғылы-

ми мақала жазды. Атап айтқанда, «Қазақ комедиясы» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет