Дәнекер (тірек-трофикалық немесе ішкі орта) ұлпалары Дәнекер (ішкі орта) ұлпалары



бет17/20
Дата06.01.2022
өлшемі274,5 Kb.
#14498
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Мультиполярлы нейроциттердің үш және одан да көп өсінділері болады. Мультиполярлы нейроциттер жүйке ұлпасында ең көп тараған жүйке торшалары. Бұлардың өсінділерінің тек біреуі ғана аксон, ал қалған өсінділері – дендриттер.

Қызметіне байланысты нейроциттер: рецепторлы, ассоциативті және эффекторлы жүйке торшалары болып үш топқа бөлінеді.


Нейроциттердің құрылысы

Нейтроциттің құрылысы. Нейрон сыртынан плазмолеммамен қапталған. Нейролемма құрылысы жағынан биологиялық жарғақ. Жүйкелік қозудың түзілуі мен өтуіне нейролемма бетіндегі потенциалдар айырмашылығының өзгеріп отыруы әсерін тигізеді. Нейроцит цитоплазмасында жалпы органеллалармен қатар, арнайы органеллар – нейрофибриллалар мен гранулалы эндоплазмалық тор туындысы – хроматофилді зат болады. Нейтроциттің ядросы орналасқан бөлігін, нейрон денесі немесе перикарион деп атайды. Нейтроцит нейроплазмасындағы нейрофибриллалар нейрофиламенттер мен микротүтікшелерден құралған. Нейтроцит цитоплазмасында майда таяқ тәрізді митохондриялар шашыла орналасады. Пішіні дөңгелек немесе сәл сопақша келген нейроцит ядросы нейроплазманың орталығында орналасады. Ядро ішінде 1-2 ядрошығы болады. Ядро хроматиндері кариолемма маңына жинақталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет