Дәріс Инклюзивті білім беру ұғымы және оның негізгі принциптері



бет1/9
Дата18.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#118659
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс 1.
Инклюзивті білім беру ұғымы және оның негізгі принциптері
Көптеген дамыған елдерде жалпы адами құндылықтары мен әлеуметтік талаптарға сай білім беру жүйесінде барлық балалар тең және тосқауылсыз білім алулары қажет деген шешімге келген. Қазақстан Республикасының Заңнамаларында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар (тұлғалар) және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктері ескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері оқушыларда оқуға қиындық туғызатын, соның салдарынан – ерекше білім беру қажеттіліктерінің пайда болу себептерінің үш тобын ұсынады: - баланың психикалық және дене даму ерекшеліктері; - мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары; - өмірдің қолайсыз жағдайлары (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық және т.б. проблемалар). Қазіргі уақытта Қазақстанда оқушылардың дамуындағы ауытқушылықтың салдарынан туындайтын ерекше білім беру қажеттіліктері тек арнайы мектептерде ғана толық көлемде қанағаттандырылады. Оларда психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы мен 6 ұсыныстарын алған мектеп жасындағы балалардың жалпы санының 14,2% - ы білім алады.
Осы санаттағы қалған балалар, сондай-ақ басқа себептерге байланысты оқуда қиындықтары бар мектеп оқушылары, ұйымдастыруәдістемелік мәселелердің дайындалмағаны себебінен балаларға қажетті психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетпейтін жалпы білім беру мектептерінде оқиды
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар) (ЕБҚ) - даму ерекшеліктеріне, мінез-құлық және эмоциялық проблемаларына, орталық факторларына (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени) байланысты тиісті деңгейде білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтары бар тұлғалар (балалар);
Ерекше білім беру қажеттілігі - оқу-дамыту барысындағы сапалы білім алуға тиісті көмекке және қызметке қажеттілік;
Білім алу үшін арнайы жағдайлар - ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
Психологиялық- педагогикалық қолдау - педагогтар мен мамандардың жүйелі ұйымдастырылған қызметі, оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтікпсихологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалады.
"Инклюзивті білім беру" ұғымы білім беру адамның негізгі құқықтарының бірі болатын және де ол әділ қоғамның негізін құрайтын тұжырымнан қалыптасқан. Барлық оқушылар жеке қасиеттеріне немесе проблемаларына қарамастан білім алуға құқылы [2]. Әлемдік қоғамдастық барлық адамдардың нәсілдік, этникалық, жыныстық, дене, психикалық және басқа да айырмашылықтарына қарамайтын құқықтары теңдігі принципін басшылыққа ала отырып, БҰҰның халықаралық құқықтық актілерінде инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдарын бекітті. «Инклюзивті білім беру – барлық дискриминация формасына тосқауыл қоятын, оқушының білім алуындағы әртүрлі қажеттіліктері мен алуан түрлілігін есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі» [2].
Әлемдік заманауи қоғамдастықта жаңа мәдени норма қалыптастыруадам арасындағы айырмашылыққа сыйластықпен қарау және әр адамның даралану құқығын, сонымен бірге қоғам тарапынан оның қандай да бір өзгешелігін, білім алу ортасындағы ерекшеліктерін есепке алу және мойындау.
Сондықтан да инклюзивті білім беру оқушының оқу процесі барысындағы әртүрлі қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, алуан түрлі ерекшеліктерін мойындаудан басталады. Жоғарыда талданған пікірлердің негізінде көптеген мемлекеттерде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың қажеттіліктерін бағалаудың және оқыту барысында қолдауды ұйымдастырудың әлеуметтікпедагогикалық моделі қалыптасты.
Ал, ол біздің еліміздегі білім беру жүйесінде осы күнге дейін сақталып келген медициналық және дефектологиялық модельден түбегейлі ерекшеленеді.

Біздің білім беру жүйесінде білім беруді басқару органдарынан, ПМПКдан бастап әрбір жалпы білім беру мектебіне дейін ең алдымен білім берудегі медициналық үлгіден (тәсілден) әлеуметтік үлгіге көшу қажет.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың сапалы білім алуға құқығын қамтамасыз етуді болжайтын әлеуметтік-білім беру моделін енгізу - жалпы білім беру жүйесіндегі өзгерістерді талап етеді. Бұл барлық оқушыларды дискриминациясыз және кемсітусіз білім алуда тең құқығы мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін икемді жүйе болуы керек.
Қазақстан халықаралық құқықтық актілермен қатар БҰҰ-ның "Мүгедектердің құқықтары туралы" (2016 жылы) және "Білім беру саласындағы дискриманцияға қарсы күрес туралы" (2017 жылы) конвенцияларын ратификациялай отырып, әрбір азаматтың қандай да бір кемсітушіліксіз сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етудің саяси еркіндігін көрсетеді. Конвенцияның негізгі ережелеріне сәйкес Қазақстан барлық деңгейде (мектепке дейінгі, мектеп, ТжКБ ұйымдарында, жоғары оқу орындарында) инклюзивті білім беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.Бұл ретте инклюзивті білім беру жеке алынған нәрсе емес екенін түсіну маңызды, инклюзия бүкіл білім беру жүйесінің принципі болып табылады.

Мектеп оқу процесінде қандай да бір себептердің салдарынан оқу барысында қиындықтарға тап болған балалар бар екендігін және олардың нәтижесі ретінде – қанағаттандырылуы қажет ерекше білім беру қажеттіліктер бар екенін қабылдауы тиіс.
Жалпы білім беруді дамыту инклюзивтілік принципті негізге ала отырып, білім берудегі құндылықты бағдарлардың өзгеруін болжайды.
Инклюзивті білім берудің негізгі құндылықтары оқу үдерісінің барлық қатысушыларына төмендегілерді мәлімдейді:
- мүмкіндіктердің алуан түрлілігін кедергілер мен проблемалар емес, ресурстар ретінде қарастыру.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қоғамдағы толерантты мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің ресурстары.
Бір оқушының қиындықтарын жеңуге қатысты жұмыс, әдетте, басқа балаларға да пайда әкеледі; - оқу үдерісін оқуда жоғары жетістіктері бар оқушыларға ғана емес, барлық сынып оқушыларына бағдарлап құру; - ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды тек мамандармен (логопед, арнайы педагог, психолог, жеке көмекші) ғана емес, барлық білім беру процесіне қатысушылар тарапынан және де бірінші кезекте мұғалім тарапынан қолдауды қамтамасыз ету;
- оқу процесінде оқушыға көмек көрсету мәселелерін командалық тәсілмен шешу;
- оқушыларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру кезінде "кемсітуден" бас тарту.
Көмек "инклюзивті білім алушы", "ерекше", "дағдарысты", "инклюзияға жататын" балаларға емес, оқушылар қауымдастығының толық құқылы мүшесі болатын оқушыға көрсетіледі. Кемсіту дисриминацияның көрінісі болып табылады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың табысты оқуы үшін мектеп олардың жеке ерекшеліктеріне қарай барлық қажетті оқу жағдайлары мен қызметтерін жасауы керек .
Сапалы білім алудың жағдайларына халықаралық қауымдастық төмендегілерді жатқызады: - оқушылардың алауан түрлі мүмкіндіктерін қабылдай алатын мұғалім;
- білім алушының қажеттілігіне қарай білім мазмұнын бейімдеу;
- білім алушының түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқу процесінің формасын ұйымдастыру, оқытудың көпнұсқаулығы мен амал-тәсілдерін қолдану;
- білім алушылардың жетістіктерін әртүрлі тәсілмен бағалау;
- мамандардың көмегі; - жеке сабақтарды жүргізу үшін техникалық құралдармен, оқуәдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
- ерекше білім беру қажеттіліктерін барлық деңгейде (орталық, аудан, мектеп) қамтамасыздандыру процесін басқару.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет