Дәріс кешені философия пәні және оның тарихи динамикасы



бет1/53
Дата11.02.2022
өлшемі339 Kb.
#25316
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІКУНИВЕРСИТЕТІ


ТАРИХ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ


ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК - САЯСИ ТЕОРИЯЛАР КАФЕДРАСЫ

ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

(Барлық мамандарға арналған)



Өскемен, 2015 ж
ДӘРІС КЕШЕНІ

1. Философия пәні және оның тарихи динамикасы

Глоссарийлер (анықтама, сөздік);

Аксиология - құндылықтар ілімі, адам қызметінің бағытталғандығын, адамның іс-қылықтарыныңмотивациясын анықтайтын жалпы маңызды принциптердің философиялық теориясы.

Ақиқат – танушы субьектінің обьектіні дәл күйінде бейнелеуі, оны өмірде бар күйінде, адамның өзінен және оның санасынан тыс және идеялардың, пікірлердің, теориялардың, ілімдердің және дидактикалық дамушы дүниенің тұтас бейнесінің обьективтік мазмұны.

Абсолют ( лат. absolutus – шартсыз, шексіз) - идеалистік философияның ұғымы, барлық бардың (сущее) біртұтас, жалпы, бастаусыз және шексіз деп пайымдалатын, кез-келген салыстырмалы және шартты болмысқа қарсы қойылатын рухани алғашқы бастауын білдіреді.

Абсолюттік идея-Гегель философиясының негізгі категориясы, универсумды толық күйінде, шартсыз, нақты және тұлғалық жалпылық күйінде білдіреді (яғни, субъектіні де, субстанцияны да).

Абсолюттік рух – Гегельдің философиялық жүйесінде абсолюттік идеяның өзіндік санасын жүзеге асыратын рух дамуының қорытынды звеносы.

Аксиология-құндылықтар туралы ілім, адам қызметінің бағытталғандығын, адамның іс-қылықтарының мотивациясын анықтайтын жалпы маңызды принциптердің философиялық теориясы.

Антиномия (грекше - заңның өзіне өзі қайшы келуі) – 1) зат туралы екеуі де қайшылықты пікірлердің бірлігі, бұл пікірлердің логикалық негізделуі бірдей дәрежеде нанымды бола алады; 2) идеяны немесе заңды дәлелдеп тұжырымдауға тырысқанда пайымдалатын жойылмайтын қайшылық.

Антропологизм-философиялық концепция, оның өкілдері “адам” ұғымын негізгі көзқарастық категория деп қарастырады және табиғат, қоғам, ойлау туралы түсініктер жүйесін тек осы категория арқылы ғана жасауға болады деп тұжырымдайды.

Апейрон ( apeiron - шектелмеген) - шексіз. Анаксимандрдың пікірінше, формасы жоқ алғашқы зат, барлық заттар осы апейрондардан құралған. Натурфилософтар апейронды алғашқы бастау деп қабылдады. Платон мен пифагоршылар оны материяның синонимі ретінде түсінді.

Архетип-алғашқы образ, идея. Архетиптер аналитикалық психологияда инстинктілер мен қатар “ұжымдық бейсаналылықтың” қатпарларында болатын және жалпыадамзаттық символиканың негізін құрайтын, туа біткен психикалық құрылымдар болып табылады.

Бейсаналы (Бессознательное) - кең мағынасында - субъектінің санасында жоқ психикалық процестердің, операциялардың және жағдайлардың жиынтығы. Бұл психикалықтың сана құбылыстарынан сапалық жағынан өзгеше ерекше саласы. Бейсаналы шын мақсаттары мен салдарлары сана деңгейінде түсінілмейтін жеке және топтық мінез-құлықты сипаттайды. Фрейд бейсаналыны сананың қызметіне қарама-қарсы аса зор күш ретінде көрсетеді.

Верификация – ғылыми тұжырымдардың ақиқаттылығын оларды эмпирикалық тексерудің нәтижесінде анықтауды білдіретін методологиялық ұғым.

Волюнтаризм ( лат. voluntas – воля (жігер), Ф. Тённис 1883 жылы енгізген термин) – философиядағы идеалистік бағыт, жігерді болмыстың жоғарғы принципі ретінде қарастырады. Рухани болмыста жігерді бірінші орынға қоя отырып, волюнтаризм барлық заттың негізі ретінде интеллект, ақыл-ойды танитын интеллектуализмге (немесе рационализмге) қарсы тұрады.

Генезис (грекше genesis - шығу, қалыптасу) - шығу, қалыптасу, пайда болу, туындау, белгілі бір жағдайға, түрге, затқа, құбылысқа әкелетін даму дегенді білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет