Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері


Сақтандыру. Себептерін жоямыз, ірі және құрамында өткір заттары бар азықтарды малға бермейді. Фарингит



бет81/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   94
Сақтандыру. Себептерін жоямыз, ірі және құрамында өткір заттары бар азықтарды малға бермейді.
Фарингит (Pharynqitis) – жұмсақ таңдайдың, жұтқыншақтың кілегейлі қабықтарының, лимфа фолликуласының (қапшық бездері), сонымен қатар кілегей қабығының астынғы қабатының, бұлшық еттерінің және жұтқыншақтың сыртындағы лимфа бездерінің қабыну процесстері.
Себептері. Фарингиттің пайда болып дамуына, жұмыс істеп терлеп келген малды тез суыту, желорайдың, жаңбырдың, желдің әсер етуі, сонымен қатар малды өте суық азықтармен азықтандыру, шық түскен, қарлы жайылымда жаю немесе жаздың ыстық күндері өте суық сумен суғару себепкер болуы мүмкін. Мал көктем және күз мерзімдерінде, температура тұрақсыз, құбылмалы кезінде жиі ауырады. Кейде фарингит, малды ыстық азықпен азықтандырғанда немесе ыстық ауамен және түтінмен тыныс алғанда жұтқыншақтың кілегейлі қабығының тітіркенуінен пайда болады.
Дамуы. Қабыну процесінің дамуына сол маңда орналасқан көптеген лимфа құрылымдарының тигізетін әсерлерінің маңызы зор. Олардың беттеріне микробтар, азық бөлшектері, сілекей, шырыштар қоныс тебеді. Организмнің иммунобиологиялық қорғаныс күштері әлсірегенде микробтардың өсіп-дамуы үдеп, кілегейлі қабықтарын тітіркендіргіш қасиеті өседі, көмекей безіне бойлана еніп оларды қабындырады.
Симптомдары. Фарингиттің барлық түрінің бастапқы белгілері – азықты жұту процесі бұзылады. Ауру мал, әдетте азықтың жұмсағын таңдайды, абайлап, баяу шайнайды, сонан соң шайнауын тоқтатып, мойнын созып барып алған азығын жұтады. Жұтқан мезгілде басын шайқайды, алдыңғы аяқтарын алма кезек ауыстырады, жөтеледі. Таңдай шымылдығындағы инфильтрация процесі жіті өтіп ауырсыну қаттырақ сезілгенде, ішілген су танау жолдары арқылы қайтадан сыртқа шығарылады (регургитация).
Өтуі. Ауруға жақсы күтім жасап, дер кезінде көмек көрсету олардың өту уақытын қысқартады. Талаурана қабынған жғһұтқыншақ 7-8 тәулік үшінде, кейде тәулікке дейін созылып жазылып кетеді. Крупозды фарингит торайларда жіті түрде өтеді, кейде аурудың алдыңғы 3-5 тәуліктерінде өліп те қалуы мүмкін.
Балау. Ауруға тән белгілерін есепке алады, жұтқыншақтың іші-сыртын сипау әдісін және фарингоскоп қолданады.
Дербестеу. Кейбір індетті аурулар барысында жұту процессінің бұзылатынын, сонымен қатар жұтқыншақтың салдануын, онда бөгде заттың болатынын, жаңа өскінді және түрлі ауруларын еске алу керек.
Емі. Ем нәтижелі болу үшін бағып-күтуге, азықтандыруға тиісті жағдай жасайды. Ауру малды жайлы төсемесі бар жылы қораға ауыстырады, ал жаппай ауырған жағдайда оларды сау малдан бөліп алып оңаша ұстайды, олар тұрған қораны жақсылап тазалап, желдетіп, кептіріп зарарсыздандырады. Фарингиттің барлық түрінде және іріңді түрде қабынғанда, оларды пісіріп жетілдіру мақсатымен жылылап қымтайды немесе қыздырма компресс жасайды, Минин шамымен, УЖЖ тоқпен қыздырады, тітіркендіргіш майлар жағады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет