Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1-дәріс «Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары»



бет1/40
Дата21.12.2022
өлшемі149,69 Kb.
#58604
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40






Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

1-дәріс

«Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары»


Білім беру - ХХI ғасырдың стратегиялық басымдығы және білім берудің әлеуметтік мәні. Жаһандану үрдістерінің ықпалымен XXI ғасырға адамзат үлкен ғылыми-техникалық жетістіктерімен жетіп отырғаны баршамызға мәлім. Жоғары дамыған электрондық техника, ақпараттық және өндірістік технологиялар, медицина мен генетикалық инженериядағы ашылып жатқан жаңалықтар, физика, кибернетика т.б. салалардағы ғылыми жетістіктер адамзат қоғамының өркендеуіне, ілгері дамуына, адамдардың қол еңбектерін жеңілдетуге көп септігін тигізуде. Дегенмен, әлемдік деңгейде ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен қатар, адамдардың арасында рухани жұтаңданудың көріністері, әлеуметтік қауіпті құбылыстар (ланкестілік, техногендік, социогенді қатерлер, т.б.) алаңдатушылық тудыра бастады. Неліктен қоғам өркендеген сайын мұндай жағымсыз әлеуметтік құбылыстар азая түспейді? Осындай қарама-қайшылықтардың себептері неде?
Бұл парадокстың басты себептері-адамдардың құндылықтық бағдарларының өзгеруі, рухани-адамгершілік қағидаларының әлсірей бастауы, соның салдарынан азаматтық сана-сезім мен әлеуметтік жауапкершіліктің жеткіліксіз деңгейде дамуы. Сондықтан ХХІ ғасырда өндірістік, әлеуметтік қатынастардың күрделенуіне қатысты адами ресурс сапасын жақсарту мәселесі өзектеніп, білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде өзгере бастады, себебі:

  • білім беру - мемлекеттің өркендеуінің маңызды қозғаушы күші;

  • білім беру - мемлекет бәсекелестігін сақтаудағы басымдықтардың бірі;

  • білім беру - мемлекеттің адами капиталын қалыптастырудың іргетасы;

  • білім беру - әр тұлға үшін де, қоғам үшін де баға жетпес құндылық;

  • білім беру - адамның тұлғалық және кәсіби дамуының басты факторы.

Әр мемлекеттің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуы оның жер асты байлығымен, қарулы күштерімен, экономикасының жетістіктерімен ғана өлшенбеуі тиіс, мемлекеттің дамуындағы негізгі көрсеткіштердің бірі-адами капиталдың даму деңгейі, адами құндылықтар сапасы. Осыған орай атақты Абылай ханның «Білекке сенген заманда - ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда - қапы қалып жүрмейік» - деп ескерткен сөздері бүгінгі күні де білім беру жүйесінің алдында тұрған өте жауапты әлеуметтік міндет. Сондықтан күні бүгінге дейін педагогика ғылымының негізгі категорияларының бірі ретінде саналып келе жатқан «білім беру» ұғымын қазіргі таңда кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет