ДӘуір" "жібек жолы" алматы 2014



жүктеу 1.2 Mb.
Pdf просмотр
бет19/22
Дата24.03.2017
өлшемі1.2 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 Р.  бдіғұлов

356
“Особенности драматургических приемов Пушкина”
М.  уезовтің бұл ғылыми-теориялық сипаттағы мақаласы жа-
зушы мұражайының қолжазба қорында сақталған. Бұрын еш жер-
де жарияланбаған, библиографиялық еңбектерде к рсетілмеген. 
Қолжазба қорындағы 238-буманың 147–150-беттеріндегі мақала 
мәтіні қара қарындашпен және сиямен М.  уезовтің  з қолымен 
жазылған. Парақтың екі бетіне түсірілген мәтіннің қарындашпен 
жазылған б лігінің сақталуы нашар. Беттердің бүгілген жерлері 
мен шеттерінде, бұрыштарында  шкен с здер, тіркестер кездеседі. 
Қолжазбаның үстінен автордың  зі  ңдеу, түзету жұмыстарын 
жасаған. Осы томдағы “Экспозиция и завязка символической дра-
мы” мақаласының ғылыми түсініктемесіндегі деректер “Особен-
ности драматургических приемов Пушкина” мақаласына да 
қатысты. Мақалада А.С. Пушкиннің шығармашылық  мірбаяны-
на қатысты ешқандай дерек берілмеген, шығармалардың жазыл-
ған жылдары да айтылмайды. Пушкин драмаларын суреткерлік 
шеберлік, әдеби байланыс, әдеби даму, шығармашылық тарих 
тұрғысынан талдамайтынын бірден ескерткен мақала авторы тек 
драма жанрының ішкі табиғатын драмалық компоненттердің 
құрылымын ашу тұрғысынан қарастыратынын баса айтқан. 
 
М.  уезов Пушкиннің драмалық мұрасынан орыс әдебиетіндегі 
тұңғыш реалистік трагедия “Борис Годунов” пен “Пир во 
время чумы” пьесаларын алған. Алдыңғы пьеса А.С. Пуш-
кин шығармашылығын кезеңді бетбұрысқа әкелген шығарма 
деп есептелсе, “Пир во время чумы” пьесасы – ұлы ақынның 
Болдинода дүниеге келген шағын трагедияларының алдыңғы 
қатарлысы. Пушкин бұларда адамның қайшылыққа толы шетін 
мінездерін ашуға бет алған болатын. М.  уезов бұл пьесаларды тек 
драмалық жанр поэтикасы тұрғысынан талдап, трагедия ішіндегі 
драмалық компоненттердің орналасу, байланысу ерекшеліктерін 
талдай оты 
рып, Пушкиннің драматург ретіндегі сюжеттік-
композициялық тұрғыдағы стильдік ерекшеліктерін ашқан. 
Пьесаларға тақырыптық-идеялық баға берілмеген. Драмалық 
шығармалардағы сюжеттік ағымдардың жалпы қозғалысы мен же-

357
келеген ағымдардың бағыттарын, олардың алшақтауы мен қосылу 
жолдарын, талдап отырған пьеса композицияларының қалыптас-
қан әдеттегі драмалық құрылымдарға ұқсамайтынын шығарма-
ларды құрылымдық тұрғыдан талдау арқылы дәлелдейді. Мақала-
да Пушкин драмаларында “үш бірлік” заңының сақталмайтыны 
айтылып, мысалдармен дәлелденген. Аталған шығармаларда 
символистік элементтер айқын к рініп тұрмаса да, мақалада 
олар жалпы реалистік образдардан сенімді түрде ажыратылған. 
Образ, мінез жасаудағы монологтық, диалогтық бастаулардың 
қызметін талдай келе, пьесаларда афиша (кейіпкер тізімі) мен 
ремаркалардың жоқтың қасы екенін к рсетіп, себептерін ашқан. 
Пьесаларды талдаудың ғылыми-теориялық деңгейі  те жоғары. 
Дәстүрлі ғылыми еңбектердегі, баяндамалардағы қалыптасқан 
принциптерге сәйкес проблеманың теориясы беріліп, берілген 
тақырыптың зерттелуіне шолу жасалған. Айтар ойын шашырат - 
 пай, негізгі мәселені нақты мысалдармен айқындап, дәлелдеп  
отыр ған. Мақала мәтініндегі Пушкин драматургиясын зерттеу-
шілер жайында айтқандары мен 238-бумадағы қосымша 
материалдардың мазмұны М.  уезовтің драма жанрының тео-
риясына қатысты к птеген еңбектерді зерттей оқығанын 
к рсетеді. Қосымша материалдар мәтінінде жеке-жеке тезистер 
ретінде мақалаға кірген ойлар, теориялық анықтамалар жүр. 
Болашақ еңбектің сұлбасы алдын ала дайындалған. Мақаланың 
те биік ғылыми деңгейде жазылуы автордың сюжетті шығарма 
поэтикасының нәзік қырларын терең сезінетін, к ркем об-
раз табиғатын жанымен ұға алатын ерекше дарынға ие екенін 
к рсетеді. Осы кезге дейін оқырманға жетпей келген бұл мақала 
пушкинтану саласындағы үлкеңді-кішілі мыңдаған еңбектердің 
ішінен сүбелі орын алатын, М.  уезовтің әдебиеттанушы ретіндегі 
тұлғасын жаңа қырынан к рсететін еңбек.
Мақаланы қолжазбасы бойынша түгелдей беріп отырмыз. 
Оқылмаған с здердің орны ашық қалдырылды.
Р.  бдіғұлов 

358
“Поэзия чистого искусства 60-х годов”
Мақала М.  уезов мұражай-үйінің қолжазба қорында сақ-
талған. Бұрын еш жерде жарияланбаған, библиографиялық 
к рсеткіштерде аталмайды. “М.О.  уезовтің қолжазба мұрасы” 
еңбегінде мақала аталып, бума н мірі мен беті к рсетілген. Мақала 
жазылған қағаздың сақталуына қарағанда бұрын да қолжазбамен 
жұмыс жасалған. Қолжазба (238-бума, 116–121-бб.) ашық жол-
ды к лемді қағаздың екі бетіне қара қарындашпен жазылған. 
Сақталуы нашар. Беттің бүктелген жерлерінде, шеттерінде, 
бұрыштарында  шіп қалған с здер, с з тіркестері бар. Кейбір 
с здер қысқартылған түрде жазылған.
Мақала мәтінін қалпына келтіру мақсатында қолжазба 
текстін түсіріп алып, оқылмаған с здерді анықтау үшін түсірілген 
с йлемдердің мағынасына сүйене отырып қайта қарау әдісі 
қолданылды. Бұл мақала мәтіні – 238-бумадағы мақалалардың 
ішінде автор тарапынан к бірек  ңделгені. Жеке с здер, с йлемдер 
үстінен сызылып, жаңа с здер, с йлемдер қосылған.
Аталған бумадағы т рт мақаланың үшеуі, қосымша 
материалдардың барлығы дерлік драматургия жанрының про-
блемаларына арналған. Солардың ішінде “Поэзия чистого ис-
кусства 60-х годов” мақаласының ғана тақырыбы басқа. Мақала 
авторы 1850–1860 жылдардағы Россия әдебиетіндегі таза  нер 
поэзиясының к ркемдік ерекшеліктерін талдаған. Драматур-
гия мәселелеріне арналған мақалаларында М.  уезов драма 
жанрын әдебиеттанушы-теоретик ретінде қарап, сюжеттік-
композициялық, диалогтық-монологтық, образдық-символдық 
элементтерді структуралық тұрғыда талдаса, бұл мақалада А. Фет, 
т.б. лирик ақындардың шығармашылығын таза эстетикалық, 
к ркемдік категориялар аясында талдайды. Мақалада автор алды-
мен таза  нер поэзиясының к ркемдік қасиеттерін, поэтикалық 
ерекшеліктерін анықтап алып, ілкі бастауларын А.С. Пушкиннің 
жас кезіндегі, Царское село лицейінде оқып жүрген кезеңіндегі 
шығармашылығынан табады. Бұл ағымға Тютчев, А. Толстой, По-
лонский, Майков, Феттерді жатқызып, мақалада негізінен А. Фет 

359
поэзиясын талдайды. Таза поэзияның француз ақыны П. Верлен-
нен келе жатқан “ең алдымен музыка” деген ұстанымымен қатар
табиғат пен адамның сыртқы сұлулығын құмарта суреттейтін 
ерекшелігі, тарихтан, әлеуметтік ойлау жүйесінен аулақтығы 
белгілі бір ақындық құрылым қалыптастырады. Бұлар с здің 
саздылығы мен эмоционалдық әсеріне баса назар аударған. Феттегі 
лирикалық кейіпкер де табиғат тылсымына терең бойлағанмен, 
тарихтан тыс тұрады.  леуметтік қозғалыстардың, сол кезге тән 
идеологиялық ойлардың к рінісі Фет поэзиясында жоқ. И. Тур-
генев “ол табиғат пен адамның сыртқы сынын ішкі сырынан 
анағұрлым терең сезінген” дейді. Сезімге суарылған сұлулықты 
суреттеудің шырқау шыңына шыққан Фет поэзиясын с збен 
түсіндіріп берудің аса қиын міндет екенін Феттің замандастары 
да, кейінгі зерттеушілері де айтқан. Осындай “ұстайтын жері” тым 
нәзік тақырыпты М.  уезов  те жоғары деңгейде игерген. Фет 
леңдерінің нәзік қырларын талдауда әдебиет сыны деңгейінен 
к теріліп, ғылыми-теориялық тұрғыда талдауға ыңғай беруі қиын 
материалды жүйелеп, к зге ілігуі қиын белгілерін тап басып айт-
қан. Мақаланың ғылыми дәрежесі Фет шығармашылығына арнал-
ған еңбектердің кез келгенімен иық теңестіре алады. Мақаланың 
тілі  те дәл және образды.
Мақаланы томға қолжазба нұсқасы бойынша толықтай беріп 
отырмыз.  шіп қалған с здердің орны ашық қалдырылды.
1. 29-б. Тютчев – Тютчев Ф.И. (1803–1873) – орыс ақыны. 
Жастайынан ерекше қабілеттілігімен к зге түскен. Бала кезінде 
ақын-аудармашы С.Е. Раичтан оқып тәрбие алған. 1819 жылы Мо-
сква университетінің тіл б ліміне окуға түскен. 1822–1844 жыл-
дары Германияда қызметте болды. Гораций, Шекспир, Байрон, 
Гете, Шиллер, Гейне шығармаларын аударды. Философиялық 
лирикасы бар. Орыс әдебиетіндегі романтизмнің соңғы  кілі 
деп есептеледі. Орыс символизмі мектебінің  кілдері Тютчевті 
з қатарларына қосқан. Тірі кезінде замандастары классик ақын 
ретінде мойындады.
2. 29-б. Алексей Толстой – Толстой А.К. (1817–1875) – ақын-
драматург, жазушы. Шығармашылығын прозадан бастаған. 1840 
жылдары  лең жаза бастап, 1867 жылы к зі тірісіндегі жалғыз 
жинағын шығарған. А.К. Толстой лирикасының басты тақырыбы 
ретінде сұлулық пен махаббатты алған.  те к ркем стильге ие 
болғанмен, шығармаларында тарихи нақтылықты үнемі сақтай 
бермеген.
3. 29-б. Полонский – Полонский Я.П. (1813–1898) – орыс 
ақыны. Кедейленген дворяндардан. Мәскеу мемлекеттік 
университетінің заң факультетінде оқыған. К птеген  леңдер 
жинағы шыққан, повестері, әңгімелері, очерктері, мемуарлары 

бар. Лирикасының негізгі такырыптары: табиғат, сұлулық, махаб-
бат.
4. 29-б. Майков – Майков В.И. (1728–1778) – орыс ақыны. 
Поэзиясында әдемілікті, табиғат сұлулығын к п жырлаған. 
Антикалық поэзияның білгірі және еліктеушісі. Таза поэзия 
нерінің ірі  кілі. Шығармашылығында символистік сарындар да 
кездескен.
5. 29-б. Фет – Фет А.А. (шын фамилиясы Шеншин) (1820– 
1892) – ақын, аудармашы, прозаик, публицист. 1838–1844 
жылдары Мәскеу университетінің тіл б лімінде оқыған. 1840 
жылы “Лирический пантеон” атты  лендер жинағы шыққан. 
Шығармашылығының алғашқы қадамдарына В.Г. Белинский 
бірден жоғары баға берген. XIX ғасырдың ортасындағы таза поэ-
зия  нерінің басты  кілі. Фет поэзиясында қаншалықты романтик 
болса, прозасында соншалықты реалист болған. Фет поэзиясының 
табиғаты М.  уезов мақаласында терең ашылған.
Р.  бдіғұлов

361
“Об “Аркалыке” и о критике тов. Мусрепова”
1935 жылы “Социалды Қазақстан” газетінің бетінде (1935. 
3 сәуір. №77) Ғ. Мүсіреповтің “Арқалықтың” жаңа қойылымы 
туралы” атты мақаласы жарияланса, ал бұдан кейін “Лениншіл 
жас” газетінде Қалыбек Тұрғамбаевтың “Арқалықты” сахнадан 
алу керек” деген мақаласы (1935. 11 мамыр. №72) жарық к рді. 
Ал Қ. Тұрғамбаевтың осы сыңаржақ сынына  . Тәжібаев “Сын 
қолжаулық емес” деген қарсы мақала (1935. 31 мамыр. №80) жаз-
ды.
Ғ. Мүсіреповтің мақаласында тек қана жеке спектакль с з бол-
май, театрдың бүкіл к ркемдік бағыты туралы айтылғандықтан, 
драматургия саласында ғана емес, театрдың әдеби-к ркемдік 
жетекшісі ретіңде де белсенділік танытқан М.  уезов үндемей қала 
алмады. М.  уезовтің газетке шыққан жауап ретіндегі пікірі тек 
“Арқалық” спектакліне ғана емес, театрдың барлық репертуарлық 
саясатына, кеңірек айтсақ, әдебиет қайраткерлері мен театрдың 
зара қарым-қатынасына қатысты оның творчестволық 
к зқарасын сипаттайды. Бұл материалдың әдебиет тарихшыла-
ры үшін де, 30-жылдардағы театрдың күрделі кезеңін зерттейтін 
театртанушылар үшін де маңызы зор. “Арқалық батыр” пьеса-
сы туралы “Қазақ театрының тарихында” (Алматы: Ғылым. 1-т. 
33-б.), к рнекті театр зерттеушілері Б. Құңдақбаев, Р. Нұрғалиев 
еңбектерінде жазылса да, бұл материал М.  уезовтің бірде-бір 
шығармалар жинағына енбеген. Бұл материалдың мұражайдың 
қолжазба қорында сақталған орыс тіліндегі нұсқасы (“ уезов үйі” 
ҒМО-ның қолжазба қоры. 237-бума. 40–51-бб.) қазақ тіліндегі 
нұсқасына қарағанда ауқымды және толық
М.  уезов мақаласының мазмұнын терең түсінуді және 
неліктен пьеса авторы Жұмат Шанин мен театр жаңа вариант 
жасағандығын Е. Жақыпов жұмыстарынан іздейміз. “Пьеса Қазақ 
мемлекеттік театр сахнасында бірінші рет 1927 жылы қойылып, 
бірнеше жыл бойы репертуардан түспей келді.
Бұл қазақ драматургиясындағы (қолжазбасы 119 бет) үлкен екі 
б лікке б лінген, он актыдан тұратын ең к лемді пьеса. Театрда 

362
оны қатарынан екі кеш қойып жүрді” (Е. Жакупов. Эпос на сцене. 
Алматы: Жалын, 1977. 26–28-бб.).
М.  уезов мақаласында пьесаның бұрынғы мәтініндегі 
кемшіліктерін ескере отырып, осы маусым басындағы театр жай-
лы баса айтылған. Оны қоймас бұрын ол мәтін авторы Ж. Шанин 
жолдасқа түзетуге береді. Жұмыла жұмыс істеу нәтижесінде пьеса 
біраз қысқартылды (бұрын ол 2 серия болып қойылатын).
М.  уезовтің “Арқалық” пьесасын сынауға қарсылығы 
және дәлелдері қызба эмпиризмдік емес, соның білгір мама-
ны ретінде сипат алады. Бұл тек театрдың әдеби-к ркемдік 
жетекшісінің ғана пікірі емес, сонымен бірге кәсіби драматург 
әрі театр маманының пікірі. Оның тұспалдағаны осы. “Театрға 
“түзету енгізу”, “жетілдірілген қойылым” (Мүсірепов с здері) 
түсініктерін Мүсірепов жолдас  зінше түсінеді әрі мағынасын на-
шар елестетеді.
Театрға түзету енгізу дегеніміз – театр мүмкіндігіне сай 
режиссерлік түзетулер. Театрдың репертуарына бекітіліп енгізілген 
пьеса кинорежиссер еншісіне берілген әдеби сценарийге жатпай-
ды. Драманың сюжеттік негізін, архитектоникасын және атын 
згерту театрдың жұмысы емес. Бұл – жазушылардың жұмысы. 
Міне, осы жерде Мүсірепов жолдас әдеби олқылық үшін кінә 
қоюдың орнына адасқан. Театрдың бұл бағыты дұрыс емес, пьеса-
лары жеткіліксіз дайындалған, қысқа с збен айтқанда, нашар дра-
матург деп кінәні театрға таққан. “Түзету енгізу” деген бар, “пье-
са мәтінімен жұмыс істеу” деген де бар, бірақ оның “Арқалыққа” 
қатысты қойған талаптары театрдың міндеттері мен мәселелерінің 
шегінен шығып кетеді”.
Барлық келтірілген материалдардың негізі 30-жылдардың сы-
нына ілінген тұрпайы социологизмге қарсы тұру, соның ішінде 
спектакльдің к ркем құндылықтары ұмытылып, әлеуметтік 
“жалған т ңкерісшіл” идеологияның жетегінде кеткен театр 
спектакльдерінің рецензиялары болып табылады. Тура осындай 
сынға М.  уезовтің 1934 жылы жалғыз рет қойылып, репертуардан 
алынып тасталған “Хан Кене” пьесасы да ілінді.
“Пьесаның әлеуметтік мағынасы қарсы таптар арасындағы 
күрес туралы емес, бір билеуші таптардың ішіндегі шиеленісті аша-
ды деп түсіндік. Біз осы шиеленісті қазақтардың да, д рбеттердің 
де жоғарғы сатыларынан (басшыларынан) табуға тырыстық. Жол-
дас Мүсірепов осылардың орнына “Арқалық” арқылы бір-біріне 
қарсы екі таптың арасындағы күресті к рсетуді талап ете отырып, 
зінің театрға қояр кінәсін осыған әкеп тірейді”, – деп, М.  уезов 
зінің дәлелдерін әлемдік классикаға сүйене отырып, пьесаның 
театрлық қойылым тарихын, 1935 жылдағы баспасын егжей-
тегжейлі талдайды. “Арқалық батыр” драмасының эпикалық 

363
кеңдікке ұмтылуын, келіспеушіліктің даму ерекшеліктерін терең 
зерттей отырып, М.  уезовтің жауабынан кейін 30 жыл  ткен соң 
белгілі ғалым С. Ордалиев оның к ркемдік құндылығын былай 
түсіндіреді:
“Осы тәрізді елеулі қателіктері бола тұра трагедияның 
кейбір ұтымды жақтары да болды. Драматургтың фольклорлық 
тақырыпқа бой ұруы трагедияның тек сюжеттік желісіне ғана емес, 
сонымен қатар шығарманың тіліне де, оның кейіпкерлерінің с з 
саптауларына да белгілі дәрежеде әсер етпей қалмаған. Халықтың 
тіл байлығы – шешендік с здері мен мақал-мәтелдерін автор мол 
және шебер қолданған. Кейіпкерлерінің драмалық диалогтерге 
құрылған тілінен олардың характері айқындалып тұрады” (Қазақ 
драматургиясының очеркі. Алматы, 1964. 47–48-бб.).
Ж. Шанин жоғары кәсіби драматург ретінде театрдың жан-
жақты дамуына мүмкіндіктер туғызды. Бұны  нертану док-
торы Б. Құндақбаев былай бағалады: “Жұмат Шанин  зінің 
шығармашылық қызметінде театр  неріне байланысты жұмыстың 
бәріне тікелей араласып отырған. Бұрын-соңды ұлттық топырақта 
болмаған  нерді ұйымдастырып, басқа ілгері кеткен елдердің  
театр жолымен дамытып жүру – үлкен мәдени жеңіс” (Бағыбек 
Құндақбайұлы. Заман және театр  нері. Алматы:  нер, 2001. 
51-б.).
Ары қарай автор “Арқалықтың” бірінші нұсқасына, 
жоғарыдағы Ғ. Мүсіреповтің сын мақаласына (1935. 3 сәуір) 
тоқталады. Бірақ М.  уезовтің “СҚ” басқармасына ашық хат” 
деген жауап ретіндегі мақаласы (1935 жылғы 29 мамыр) мен оған 
Мүсіреповтің жазған жауабын (осы жылдың 29 мамырындағы) 
автор ескермеген. Бұл мақала жазушының академиялық толық 
жинағының 10-томына (23–24-бб.) “Социалды Қазақстанда” 
(1935. 29 мамыр) жарияланған шағын нұсқасы бойынша енгізілген. 
Аталмыш газетте “СҚ” басқармасына ашық хатпен” бір н мірде 
қатар жарияланған “Мұқтардың хаты туралы” деген мақаласында 
Ғ. Мүсірепов М.  уезовтің с зін дұрыс бағалап, Қ. Тұрғамбаевтың 
“Лениншіл жас” газетіндегі мақаласын (1935. 29 мамыр) сынаған.
“Тұрғанбайұлы мақаласында бойына шақ келмейтін бір 
мәселелерді қозғап, шектен шығудың үлгісін к рсетіпті. Театр мен 
Мұқтарға күйе жаққысы келіпті де, аузына не түссе соны айтып-
ты.
Мұқтарға драма театрының әдеби жұмысына жауаптылық 
қанша үлкен десек те, әдебиет мәселесінде қанша айтысып-
тартыссақ та сыя береді.  йткені біз Мұқтарға ешбір қалтқы 
қоймай қараймыз.
Соңғы екі жыл ішінде Мұқтар театрларымыз бен әдебиетімізде 
ең салмақты орынды алып отырғанына ешкім таласа алмай-

364
ды.  н-күй театрының шымылдығын ашқан “Айман – Шол-
пан”, “Тартыс”, “Түнгі сарын” секілді пьесаларын к ре отырып, 
Мұқтарға адыра қалған ескі дүниемен байланысты толкуларын 
орынсыз ескерте берудің  зі к ргенсіздік. Оның үстіне бар  нерін 
еңбекші жұрттың пайдасына жаратуға жан-тәнімен күресіп жүрген 
Мұқтарға сенбеушілік к рсеткен тұп-тура қылмыс”, – делінген.
кінішке қарай, Ғ. Мүсіреповтің “Арқалықтың” жаңа 
қойылымы туралы” деген бірінші рецензиясы оның 5 томдық 
жинағына кірмеді. Тек 1933 жылғы 29 мамырдағы М.  уезовтің 
ашық хатына жазған ашық пікірі ғана енді.
Ғ. Мүсіреповтің бұл екінші рет с з қозғауы оның бай эпикалық 
мұраға қарым-қатынасын, оның драматургияны басқаша түсінуін 
анықтады, яғни нақ осы драматургия революцияға дейінгі 
мәдениетті қазіргімен қосатын, оны түбегейлі жаңартуға тырыса-
тын  згеше к пір еді. Оның драматургиялық шығармашылығында 
негізгі орынды “Қозы К рпеш – Баян сұлу”, “Қыз Жібек” және 
т.б. пьесалар алады.
Бұл материалды енгізген себебіміз – ол 1937 жылға дейінгі 
әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің қазақ халық эпикалық 
дәстүр драматургиясына деген әртүрлі к зқарастарының куәсі 
болған. Ғ. Мүсіреповтің “Арқалық батырдың” жаңа қойылымы 
туралы” атты мақаласына М.  уезовтің жауабы бұлардың 
әрқайсысының театрдың даму жолы туралы  з түсініктері 
болғанын білдіреді. Олардың пікірі мен бағалаулары сәйкес 
келмегенімен, бірақ болашақта екі классик те ұлттық театрдың да-
муы мен құрылуына барлық күштерін салды.
М.  уезовтің Ғ. Мүсірепов с зіне жазған жауабы сол уақытта 
театрға жоғары творчестволық қызмет ету актісі болды, бірақ 
бұның артында автордың сол кездердегі әдебиеттану, кейіннен 
жас театртану сынына енген қоғамдық сана идеологизациясына 
шектен шыға қарсы тұрмауы үшін жазылған еді.
Редакция алқасы М.  уезовтің мұражайында сақталған орыс 
тіліндегі жауабын жариялауды қажет деп тапты. Себебі бұған 
дейін М.  уезов пікірі зерттеушілерге тек түпнұсқаның жалпы 
мағынасы бұрмаланған және Ж. Шанин пьесасына әлеуметтік 
к зқарас XX ғасырдың соңына дейін созылған цитаталардан ғана 
таныс еді. Зерттеуші Е. Жақыпов  зінің “Сахнадағы эпос” деген 
жұмысында пьесаны терең талдай келе, “пьесада әлеуметтік мотив 
з дәрежесіне жетпеген” деп атап к рсетті.
Пьеса қойылымына шек қою республиканың театр жүйесіне 
кірген болатын, осылайша “Хан Кенеге”, артынша “Арқалық 
батырға” да тыйым салынды. Мемлекеттік эстетикалық ереже  
туындады. Оның нақты әсерін к лемі туралы айтылатын матери-
алдан білуге болады. Нақ осы материалдарда автор үнемі “жетекші 

365
жолдастардың” пікіріне сүйенуіне мәжбүр болатын: “Бірінші 
қойылымды к рген, біздің жетекші жұмыскерлер пікірлері бо-
йынша, біздің театр бұл пьеса арқылы тарихи  ткен кезеңдегі тап-
тар арасындағы тартысты к рсете алмаған”.
Осы хаттан партиялық парыздың (догматтың), тұрпайы 
социологизмнің нақты тарихы, М.  уезовтің қазақтар үшін театр 
мәдениетін  зінің шынайы к ркем мағынасымен сақтап қалуға 
тырысуы к рінеді. Жүзеге аспаған ойлар, қойылмаған немесе 
алынып тасталған пьесалар, жарық к рмеген шығармалар, интел-
лигенцияны күштеп және моральдық кырып-жою – міне, осылар 
30-жылдар тарихындағы театр мен мәдениет үшін күрделі кезең 
шындығы.
М.  уезов пьесаның тарихи сипатына қатысты мемлекеттік 
қатаң тізбегін, к ркем шығарма табиғатын елемеуін әлемдік клас-
сика тұрғысынан түсінуге,  зін- зі к рсетуді сақтау мүмкіндігін 
әлемдік классикаға (Шекспир...), орыс драматургиясының мы-
салдарына, орыс театрына және орыс театр сындарына сүйеніп 
қабылдатуға тырысты.
1. 45-б. Таиров – Таиров Александр Яковлевич (24. VI (6.VІІ) 
1885, Ровно – 25.IX. 1950, Москва) – орыс совет режиссері. РСФСР 
халық әртісі (1935).
1914 жылы Таиров А.Г. Коонен және жас актерлер тобымен 
бірге  зінің келешектегі барлық  мірі байланысты Камералық 
театр құрды. Таиров – XX ғасырдың мәдениет театрының ең ірі 
режиссер-реформаторының бірі.
Таиров нәзіктік шеберлігіне, романтикалық және трагедия-
лық-поэтикалық репертуарға, аңыз секілді сюжеттер мен үлкен, 
күшті сезімдерді бейнелеуге ұмтылды. Таировтың Камералық театр 
ашылған күні қойылған Калиданың “Сакунтала” спектаклі оның 
шығармашылық бағытын анықтады. Таировтың бағдарламалық 
спектакльдеріне тағы да мыналар кірді: “Фигароның үйленуі” 
(1915); Шницлердің “Пьеретта жапқышы” (1916); Уайльдтың 
“Саломеясы” (1917); Клодельдің “Благовещениесі” (1920); 
Шекспирдің “Ромео мен Джульеттасы” (1921); Островскийдің 
“Найзағайы” (1924); Расинның “Федрасы” (1922); Шоудың 
“Қасиетті Иоанны” (1924); О. Нилдің “Сабалақ жүнді маймыл” 
(1926), “Құдайдың барлық балаларының қанаты бар” (1929) пьеса-
лары; Тредуэльдің “Машиналь”; Брехтің “Қайыршылар операсы” 
(1930); Вс. Вишневскийдің “Оптимистік трагедиясы” (1933); Фло-
бер бойынша “Мадам Бовари” (1940); А. Чеховтың “Шағаласы” 
(1944); Горькийдің “Қарты” (1946); Паустовскийдің “Жүрек 
тоқтағанша” (1943) және т.б.
Бұл спектакльдерде Таировтың негізгі идеясы – адамның 
күшті жеке басын қалыптастыру. Таировтың режиссура теоретигі 

366
ретіндегі негізгі ерекшелігі мәдениет театрының  зін- зі бағалауы 
туралы, спектакльдің  зіндік к ркем шығармаға айналуы туралы 
ойлары болып табылады (Театр энциклопедиясы. 5-т. 25–26-бб.).
2. 46-б. Станиславский – Станиславский (нағыз фамилиясы – 
Алексеев Константин Сергеевич, 5 (17). III. 1863, Москва – 1938, 
сол жерде) – орыс совет актері, режиссер, театр педагогы. Москва 
к ркем театрының негізін салушы және жетекшісі, ойшылы әрі 
теоретигі.  зінің к рнекті жол салушылары мен замандастарының 
бай творчестволык тәжірибесіне сүйене отырып, театр туралы 
ғылымның мызғымас іргетасын қалады, мектеп құрды. Стани-
славский жүйесінде теориялық сипат алған сахналық мәдениеттің 
бағытын салды.
1897 жылы Станиславскийдің В.И. Немирович-Данченкомен 
атақты кездесуі  тіп, халық театрын құруды шешті. Москва к ркем 
театры (МХТ) 1898 жылы 14 (26) қазанда “Федор Иоаннович пат-
ша” деген А.К. Толстойдың тарихи трагедиясымен ашылды. Оның 
сахнасында Чеховтың “Шағаласы” (Немирович-Данченкомен 
бірге) үлкен жетістікке жетті. Чеховтың “Ваня ағай” (1899), “Үш 
апалы-сіңлілі” (1901), “Шие бағы” (1904) спектакльдерінен 
Немирович-Данченко қазіргі адамның рухани әлемін ашудың  
жаңа әдістерін, оларды жүзеге асырудың жаңа үлгісін тапты. 
Қойылым жетістігі жеке орындаушылардың ойындарынан емес
бір ғана творчестволық әдіспен біріккен, пьесаны түсіндіруге 
жұмыла кіріскен барлық спектакльге қатысушылардан құрылған 
ансамбльден анықталды. Станиславский театрдың барлық 
элементтерінің ортақ үйлесуіне қол жеткізді, яғни актерлер ойы-
ны, декорация, жарық, дауыс – бәрі бір ажырамас бүтінді құрап, 
бірегей к ркем образды жасады (Театр энциклопедиясы. 4-т. 
1064–1072-бб.).
3. 46-б. Мейерхольд – Мейерхольд Всеволод Эмильевич (28.1 
(9.11). 1874, Пенза – 2.11.1940, Москва) – кеңес режиссері және 
актері. РСФСР халық әртісі (1923).
Мейерхольд спектакльді к ркемдік пен әсемдікке, музыка-
лық ырғаққа бағынған таптырмайтын ойын-сауық оқиға етіп 
түсіндірді. Режиссер трагедиялық гротескіге (келекелі сықақ 
стилінде шығарылған к ркем шығарма) ынтық болды, оған  зіндік 
талдауды “Балаган” (1912) мақаласында берді. Онда ол “гротеск 
сәндік мәселесінің психологизмін бағындыруға тырысады” деп 
бекітті. Осы кезеңдегі Мейерхольд к зқарастарында символистік 
эстетика әсері білінді, бірақ оның келесі творчестволық 
қызметінде негізгі мәнге гротеск театры  зінің к ркемдігімен, 
ұмтылғыштығымен, жылдамдығымен дәстүрлі халық мәдениетіне 
сүйенуі тиіс деген ой ие болды. Мейерхольд  зінің мәдениетінде 
әрқашан буржуазиялық-мещандық, лизандық, эпигондық нату-

рализмге карсылығын білдіріп отырды. Мейерхольдтің үгіт-саяси, 
митингілік театры келесі спектакльдерден к рінді: Маяковскийдің 
“Мистерия-Буффі” (1918), Верхарнның “Шапағы” (1920). 1939 
жылы Мейерхольд заңсыз қудаланып,  лген соң ақталды.
Мейерхольдтің режиссерлік стиліне тән ерекшеліктері 
гротескілік  ткірлікті белсенді пайдалануы, гиперболизация, 
сахналық метафораның жарқын берілуі, сахналық бейнеге 
поэтикалық символ жалпылығын беруге ұмтылуы болды (Театр 
энциклопедиясы. 3-т. 768–773-бб.).
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет