Диалогтық аргумент келтіру; Диалектикалық пайымдау: оқу бағдарламасының аясында аргументті және сыни жазу



бет1/11
Дата17.03.2023
өлшемі91,97 Kb.
#75047
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11





Кіріспе


Диалогтық аргумент келтіру; Диалектикалық пайымдау: оқу бағдарламасының аясында аргументті және сыни жазу
Майкл Читтенден
Азамат сайлау кезінде сайлау алдындағы науқан мен саяси дебаттар нәтижесінде белгілі бір кондидатқа дауыс беру туралы шешім қабылдағанда; қарама-қарсы жақтың қорғаушылары бір-бірін сынайтын соттың талқылауы негізінде әділқазылар айыпкердің кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы үкім шағарғанда; түрлі пікірлерді тыңдап, қоғам көшбасшысы реформалар пайдасын жақтап; түрлі тәсілдерді талдай келе педагогтер түрлі бағалау әдістерін қолданғанда – олар диалектикалық пайымдау жасайды.
Мұғалімдер өз көзқарасын әріптестерімен талқылаған кезде; оқушылар ақынның ойын талдағанда; студенттер мысалы саясатпен, экономикамен, тарихпен немесе қоршаған ортамен байланысты түрлі мәселелерді талқылағанда; оқушылар климаттың өзгеруіне өз пікірлерін білдіргенде; оқушылар мен мұғалімдер экспериментке түсініктеме табуға тырысқан кезде - олар диалогтық пайымдау жасайды.
Диалогтық ойлау болсын, диалектикалық ойлау болсын, өз кезегінде нені оқу керектігін түсіндіре отырып, студенттерді және айтқанды есте сақтайтын оқушыларды оқытудың дидактикалық тәсілін ұсынатын монологтық ойлауға қарағанда көп қызметті (логикасы көп) болып табылады.
Диалогтық пен диалектикалық ойлауға оқыту – қажеттілік, себебі өз көзқарастарын білдіруге және өзгелердің пікіріне анализ жасауға мүмкіндік болған кезде оқушылар жақсырақ үйренетіндігі белгілі. Мысалы, математикадағы монологтық сөйлеу қиындықтары туралы сөз болғанда, дұрыс монологтық жауап алмас бұрын диалогтық (конструктивизм) оқу мүмкіндігі болғанда студенттер жақсырақ үйренеді.
Бірақ диалогтық пайымдаудың шегінен шықпау деген кедергі келтіреді. Мұғалімдер диалогтықтан диалектикалыққа көшу үшін оқыту ортасын құру керек. Қысқасы, идеялар немесе пайымдаулар бір-бірімен шиеленіске түскенде диалог диалектикалыққа айналады. Содан соң олардың мықты және әлсіз жақтарын бағалау, өз позициясын таңдау, үкім шығару немесе шешім қабылдау, мәселені шешу және жаңа идеялар шығару қажет.
Замануи әлемдегі қоғамда болатын мәселелерді ескере отырып, бізге мұғалімдер ретінде оқу бағдарламасы аясында оқыту мен үйретудің диалогтық және диалектикалық мәнмәтінін дамыту маңызды болып табылады. Егер біз осы мәнмәтінді «Жаһандық перспективалар» сияқты сыни ойлау пәндерімен ғана шектелсек, мағынасын жоғалтамыз.
Мектеп жоғарыда айтылған мәселелер мен қиындықтарды ескеретін аса маңызды жоба дайындау керек. Петропавл қ. НЗМ әкімшілігі оқыту мен үйрету, қажет болған жағдайда, диалогтық және диалектикалық пайымдаулармен күшейтіліп отыру керек деп тапты. Сонымен қатар, оқушылар көбірек сыни ойлап, өз кезегінде әр түрлі пәндерде сыни жазуға үйренуі үшін осы салада мұғалімдердің білім деңгейін, дағдылары мен түсініктерін дамыту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет