Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Дәрілік заттарды ингаляциялық әдіспен енгізу



бет17/39
Дата24.04.2023
өлшемі137,24 Kb.
#85943
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
16. Дәрілік заттарды ингаляциялық әдіспен енгізу.
Ингаляцияның табиғи ионға және озонға толы тау ауасын, тұзды және ылғалды теңіз ауасын, қылқан жапырақты ормандағы бальзамды және озонды ауаны, т.б. дем арқылы ішке тарту және жасанды арнаулы ингаляторлардың көмегімен енгізуге болады. Мысалы, аэрозольингаляция, аэроионоингаляция, электраэрозольингаляция, т.б.. Будың екпінімен немесе сығылған ауамен дәрілік заттар ингалятор арқылы ауру адамның тыныс алу жолдарына түседі. Ол түскен дәрі өте тез әсерін береді. Қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады. Дайындаймыз: 2 қолданылған қалта ингаляторын, 3-дәрілік заты бар ингаляторды, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ). Сосын біз науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін аламыз.Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйретеміз. Науқасқа жоғары Фаулер қалпын береміз немесе науқастың жағдайы мүмкіндік берсе, емшараны тұрып орындауы жақсы, өйткені өкпенің дем алыс экскурсиясы әсерлі. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіп сосын науқасқа және өзіме бос ингаляторды аламын. Дәрісіз ингаляторды қолдана отырып, науқасқа емшараның орындалуын тізбектілікпен көрсетеміз. Ингалятордың мундштугінен қорғаныш қалпағын алып ингаляторды аэрозольмен түбін жоғары қаратып бұрып, бірнеше рет қаттырақ сілкілейміз.Сосын науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұрап ингаляторды аэрозольмен қолға алып, ауызға жақындатып, ингалятордың мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраймыз.Науқастан терең дем алуын сұрап, бір мезетте ингалятордың түбін басамыз – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрде түседі. Науқасқа аэрозольді ішке тартуын, 10-12 секундтай демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан ингалятордың мундштугін шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады. Ингалятордың мундштугіне қорғаныш қалпағын кигіземіз.Науқасқа өздігінен емшараны орындауын ұсынамыз, ең алдымен бос ингалятормен, сосын дәрісі бар ингалятормен. Науқасты дәрісі бар ингалятормен емшараның орындауын өзіміз бақылаймыз.Ескерту: аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды; ингаляцияның мөлшерін және олардың уақыт аралығын дәрігер анықтайды; әрбір ингаляциядан кейін мундштукті сабындап сумен жуу қажет, сосын құрғатып сүртіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет