Дипломдық ЖҰмыс 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата09.05.2022
өлшемі461,8 Kb.
#33606
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8


 

Ф.4-51 


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

 

Баишев университеті 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

Зинурова А.К 

 

Мемлекеттік кәсіпорындарда есепке алу мен аудитті жетілдіру 

 

ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫС 

 

 

5В050800 – «Есеп және аудит» мамандығы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе 2022 

 

 

Ф.4-52 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

 

Баишев университеті 

 

 



«Қорғауға жіберілді» 

Бизнес және басқару  

кафедрасының меңгерушісі  

_________Шукурова Б.М. 

 

 

 



ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫС 

 

Тақырыбы: «Мемлекеттік кәсіпорындарда есепке алу мен аудитті 



жетілдіру»  

 

5В050800 – «Есеп және аудит» мамандығы 

 

 

 



 

          ОрындағанЗинурова А.К

 

 

 

Ғылыми жетекші 

э.ғ.к., аға оқытушы  Бухарбаев Ш.М 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе 2022 

 

 



 

 



 

 

                                                Мазмұны 



 

 

КІРІСПЕ 



Мемлекетік кәсіпорынның бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті 



жасаудың қағидаттары мен негізгі сапалық сипаттамалары 

 

 



 

1.1  Мемлекеттік  кәсіпорынның  бухгалтерлік  есептіліктің  негізгі 

сапалық сипаттамалары  

 

 



 

1.2 


Мемлекеттік кәсіпорындардағы бірыңғай  есеп саясаты 

 

 



1.3  Қаржылық есептілік элементтері мен оларды тану 

 

 



Мемлекеттік кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәртібі 

 

 

2.1  Мемлекеттік  кәсіпорында  бухгалтерлік  есепті  жүргізу  және  



қаржылық есептілікті жасау 

 

 



2.2 

Мемлекеттік кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу және  қаржылық 

есептілікті жасауды құжаттық рәсімдеу 

 

 



2.3  Республикалық  және  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын 

мемлекеттік  мекеменің  міндеттемелері  бойынша  жеке  қаржыландыру 

жоспарына  сәйкес  міндеттемелерін  қабылдауға  арналған  жоспарлы 

тағайындауларының есебі 

 

 



Мемлекеттік кәсіпорынның аудитін жетілдіру жолдары 

 

 



Қортынды 

 

 



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Кіріспе 



 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Экономиканың нарықтық жолмен даму 

барысында кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған 

сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi бухгалтерлiк 

есептiң  ұйымдастырылуына  мән  берiлiп  отыр.  Әсiресе,  елiмiзде  халықаралық 

стандартқа  сәйкес  жаңа  бухгалтерлiк  есеп  стандартының  енгiзiлуi  ел 

экономикасының  дамуына  оң  әсерiн  тигiзуде.  Бұл  елiмiздiң  қазiргi  даму 

кезеңiнде,  оның  шетел  инвесторларымен  қарым-қатынастарының  нығаю 

кезеңiнде маңызды болып саналады. 

Бүгiнгi таңдағы  ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын 

жан-жақты  қамтуда.  Сол  себептi  қалыптасқан  құрылымды  мүлдем  жаңартып, 

экономикалық-әлеуметтiк  және  рухани  дамуға  жол  ашатын  демократиялық 

қоғам  құруға  сай  экономикамызда  нарықтық  қатынастарға  бет  бұрды.  Осы 

негiзде  әлеуметтiк,  күрделi  мәселелердi  шешу  –  бүгiнгi  күннiң  басты 

талаптарының бiрi болып саналады. Әсiресе, соңғы жылдары экономика iлiмiнде 

түбiрлi  өзгерiстер  орын  алуда.  Мұның  өзi  қоғамдық  және  өндiрiстiк 

қатынастарда  болып  жатқан  жаңа  құбылыстар  мен  процестерге  тiкелей 

байланысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа 

өтуі барысында нарықтық қатынас заңдарына сәйкес өнiмдi кәсіпорын табысын 

анықтау өте маңызды орын алады. 

Нарық  жағдайында  кәсіпорынның  өміршеңдігінің  кепілі  мен  жай-күйінің 

орнықтылығының  негізі  оның  табыстылығы  болып  табылады.  Ол  ақша 

қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен 

өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы 

ресурстары жағдайын көрсетеді. 

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі  мен 

өзгеше  іс-әрекеттерді  талап  етеді.  Ол  зауыт  қоймалары  мен  ашық    алаңдарда, 

материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, 

яғни  миллиондаған  теңгенің  доғарылып,  бекерге  ысырап  болуына  жол  бере 

алмайды. Кәсіпорын мүлкіне  салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы  

қорларды  қозғалысқа  келтіреді.  Жасанды  көрсеткіш  пен  жоспар  үшін  жұмыс 

істеу келмеске кетті. 




Қазіргі  уақытта  болып  жатқан  нарықтық  қатынастар  кәсіпорындардың 

шаруашылықты жүргізу субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, 

олардың көптеген өндірістік пен қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол 

мүмкіншілік  алды.  Атап  айтқанда,  ішкі  және  сыртқы  рынокта  білікті  серікті 

таңдауға  қол  жетті.  Өйткені  болашақтағы  бірлескен  іс-әрекеттің  тиімділігі 

көбінесе осыған байланысты болды. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың 

жөн  сілтеуімен  емес,  контрагентті  қазіргі  кезде  өз  қалауы  бойынша  алады. 

Олардың  өздеріне  іскер  серіктерді  қаншалықты  дәл  және  қатесіз  таңдауымен 

нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны 

ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. 

Сай келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор 

бастамалардың бірі екенін айта аламыз. 

Мемлекеттің экономикалық саласын, кәсіпорын табысын тиімді пайдалану 

мен жетілдіру мәселелерін зерттеуге өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика 

ғылымына  айтарлықтай  үлес  қосқан  төмендегідей  экономика  саласындағы 

оқымысты-ғалымдардың  классикалық  және  қазіргі  уақыттағы  еңбектерінде 

көрсетілген  тұжырымдамаларын  айтуға  болады.  Олар  Қазақстандық  

В.К.Радостовец, 

С.С.Сатыбалдин, 

К.Ш.Дюсембаев, 

К.К.Кеулімжаев, 

М.С.Ержанов,  Ф.С.Сейдахметова,  А.Байдақов,  Э.Нұрсеитов,  К.Т.Тайғашинова, 

Ж.Н.Айтжанова, Р.Е.Джаншанло, М.У.Жандаулетова және тағы басқалар.           

Аталмыш  тақырып  шетелдік  әдебиеттерде  терең  зерттелген.  Ф.  Вуд, 

Э.С.Хендриксен,  М.  Ф.  Ван  Бреда,  М.Р.  Мэтьюс,  М.X.Б.  Перера,  Б.Нидлз, 

Д.Миддлтон,  Н.Г.  Волков,    Г.Мюллер,  Ж.Ришар,  А.Д.Шеремет,  В.В.Ковалев, 

П.С.Безрукий,  Е.Н.  Домбровская,  Р.Г.  Каспина,  А.С.  Логинов,  Л.И.  Куликов, 

М.И.  Кутер,  В.Д.  Новодворский,  В.Ф.  Палий,  Е.В.  Самойлов,  Я.В.  Соколов, 

А.К.Гоголев,  Е.А.Мизиковский,  Н.А.Прокофьева,  Р.С.Ушаков,  Е.Стоянова, 

Д.А.Ендовицкий,  М.В.Новикова,  О.В.Ефимова,  А.В.Суворов,  В.М.Родионова, 

С.А.Николаева, Г.А.Шакирова, Е.Ф.Никитская және басқалардың еңбек-терінде 

қарастырылған. 

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бухгалтерлік есепте табыстар 

есебін  ұйымдастырудың  теориялық  және  әдістемелік  ережесін  анықтап,  оның 

экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін 

ашу  үшін  әдебиет  көздерін  зерттеу  және  мәліметтер  мен  деректерді, 

заңнамаларды  елеу  негізінде,  табыстар  есебін  жетілдіру  бойынша  ұсыныстар 

жасау. 


Зерттеудің    объектісі  және  пәні.  Бухгалтерлік  есепте  табыс  есебін 

ұйымдастыру. Жұмыстың негізгі ғылыми түйіндері мен оның ұсыныстары және 

алынған  нәтижелері  тек  зерттеуге  алынған  объектілерде  енгізіліп  қоймай, 

Қазақстан  Республикасы  бойынша  есеп  саласының  барлық  бухгалтерлік 

жүйесіне енгізілудегі стратегиялық мақсаты бар деп танылды. 

Сонымен қатар өндірістік кәсіпорнында бухалтерлік есепті ұйымдастыру  

бойынша  теориялық  және  әдістемелік  базаны  кеңейтеді  және  тереңдетеді. 

Тәжірибелік  ұсыныстарды  жоғарғы  оқу  орындарында  кәсіптік  білім  беру 

қызметінің аймақтық нарығында қолдануға болады.  



Дипломның    құрылымы  мен  көлемi.  Жұмыс  кіріспеден,  үш  бөлімнен, 

қорытындыдан  және  қолданылған  әдебиеттер  тізімінен  тұрады.  Бөлімдердің 

атауы,  құрылымы  және  мазмұны  жұмыстың  тақырыбына,  мақсатына  және 

міндеттеріне сәйкес келеді. 

Кіріспеде  зерттеудің  көкейкестілігі  негізделіп,  зерттеудің  мақсаты,  мен 

міндеттері,  зерттелу  дәрежесі  мен  әдіснамалық  негізі,  зерттеу  объектісі 

тәжірибелік  құндылығы  көрсетіліп  қорғауға  ұсынылатын  қағидалары 

баяндалды. 

Бірінші тарауда, кез келген ғылыми зерттеу оның теориялық негіздерінен 

бастау алатындықтан бізде зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауын «Табыстар 

есебінің  теориялық  негіздері»  деп  атап,    бухгалтерлік  есеп  пен  аудит  туралы 

жалпы түсінік бере отырып, оны реттеу  механизмдерін қарастырамыз. 

 

Екінші тарау «Кәсіпорынның табыстар есебін ұйымдастыру» деп аталады. Онда 



«ExpertPromLTD»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігінің  мысалында  негізгі 

қызметтен  түскен    табыстармен  кәсіпорынның    пайдасы  мен  есебін 

ұйымдастырамыз. 

Үшінші  тарауда,  табыстар  аудитінің  бағдарламасы  анықталып  кәсіп-

орынның  табыстар  есебі  мен  аудиті  және  оны  жетілдіру  жолдары 

қарастырылатын  болғандықтан  да  бұл  тарау  «мемлекеттік  кәсіпорнының 

еңбекке  төлемақы  есебінің  аудиті»  деп  аталады.  Қорытындыда  дипломдық 

жұмыстың нәтижесі негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет