Диссертация Отандық ғылыми кеңесшілер: п.ғ. д.,профессор


Зерттеу мәселесінің ғылыми зерделену дәрежесі. Болашақ



бет7/63
Дата31.12.2021
өлшемі3,92 Mb.
#23522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63

Зерттеу мәселесінің ғылыми зерделену дәрежесі. Болашақ


педагогтердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мәселелерін зерттеу саласына төмендегілер енеді: басқарудың әдіснамалық негіздерін ашатын басқару теориясы (А. Файоль [21], Ф. Тейлор [22], П. Друкер [23] және т.б.); білім беруді басқару саласындағы педагогикада қалыптасқан тәсілдер (Ю.А. Конаржевский [24], М.М. Поташник [25], П.И. Третьяков [26], Т.И. Шамова [27], Л.А. Шипилина [28] және т.б.); кәсіптік-педагогикалық білім берудің заманауи түсінігін ашатын теориялар (В.И. Байденко [29], Л.В. Ведерникова [30], Л.А. Вербицкий [31], Е.Ф. Зеер [32], Ю.В. Сенько [33] және т.б.); адамның жеке тұлға, индивид және қызмет субъектісі ретінде дамуын талдау тәсілдері (К.Л. Абульханова-Славская [34], Б.Г. Ананьев [35], А.А. Бодалёв [36], В.Н. Мясищев [37], А.В. Петровский [38], С.Л. Рубинштейн [39], Д.П. Узнадзе [40] және т.б.); құзыреттілік тәсілінің тұжырымдамалық негіздері (И.А. Зимняя [41], A.B. Хуторской [14], А.К. Маркова [42] ) және т.б.;

Білім берудің түрлі деңгейі мен сатысындағы басқару, басқарушылық құзыреттілік мәселелерін зерттеген қазақстандық ғалымдарға тоқталсақ:- болашақ мұғалімдердің педагогикалық процесті басқаруға дайындық негіздерін қалыптастыру, Н.Н. Рябуха [43]; - педагогикалық менеджмент және мектепті заманауи басқару, Т.М. Баймолдаев [44]; - жалпы білім беретін орта мектептің педагогикалық жүйесінің дамуын басқару теориясы мен практикасы, С.К. Исламгулова [45]; - құзыреттілік білім сапасының критерийі: әдіснамалық және ғылыми-теориялық негіздері, К.С. Кудайбергенова [46]; - Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру, Д.К. Садирбекова [47]; - университеттің қызмет ету жағдайында әлеуметтік- педагогикалық бағытта жұмыс атқаратын менеджерлерді даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері, С. Асқарқызы [48].

Болашақ педагогтың кәсіби даярлығын зерттеген ғалымдар: - дене шынықтыру маманының кәсіби-педагогикалық әлеуеті және оны жоғары педагогикалық білім беру жағдайында қалыптастыру, Н.Э. Пфейфер [49];- Кәсіптік оқытуда үздіксіз білім беру жағдайында синергетикалық тәсіл негізінде педагогтің кәсіби-педагогикалық әлеуетін қалыптастыру,Р.К. Ержанова [50].

Сонымен бірге, жоғары оқу орнында педагогтардың кәсіби даярлаудың психологиялық негіздері, оқыту үдерісі негізінде орын алатын психологиялық тұжырымдар, тұлға қалыптасуында орын алатын субъекивтілік проблемалары қазақстандық психолог ғалымдар (Қ.Б. Жарықбаев [51], Ж.И. Намазбаева [52], С.М. Джакупов [53], О.С. Сангилбаев [54], Х.Т. Шерьязданова [55], А.Р. Ерментаева [56]) зерттеулерінде қарастырылған.

Аталған еңбектер басқарудың теориялық-әдістемелік негіздерін қарастырған, мұғалімдердің оқыту үрдісін басқаруға даярлығын қарастырады, алайда біздің зерттеу мәселеміздің төңірегінде, яғни болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі жеткіліксіз деңгейде зерттелгенін байқадық.

Ғылыми зерттеулерді талдау және болашақ мұғалімдердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мәселелерін педагогикалық зерделеудің тәсілдерін іздеу бірқатар қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді:



  • әлеуметтік - педагогикалық деңгейде - басқарушылық құзыреттілікті меңгерген педагогтерге қазіргі заманғы білім беру жүйесінің қажеттілігі мен ЖОО-да студенттердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру проблемасының жеткіліксіз әзірленуі арасындағы қарама-қайшылықтар;

  • ғылыми-теориялық деңгейде өзектілікті айқындаушы салаларға басқару құзыреттілігі, ЖОО студенттерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға мұрындық болатын алғышарттар мен әдістерді анықтауға деген түрлі ғалымдардың көзқарастары мен ұстанымдарындағы айырмашылықтар жатқызылады;

  • ғылыми-әдістемелік дәрежеде университет студенттерінің басқарушылық бағытындағы құзыреттілігін қалыптастырудың стихиялық, әуесқойлық сипаттағы нақты тәжірибесі мен оның қалыптасу кезеңдерін ғылыми-теориялық негіздеу арасында қайшылық бар. Бұл әзірге жоғары оқу орнында студенттердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруды технологиялық деңгейге шығаруға мүмкіндік бермей отыр.

Осылайша, зерттеу мәселесі жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың моделін, тәсілдерін, әдістері мен кезеңдерін іздеуден тұрады.

Аталған мәселенің шешімін іздеу осы зерттеу тақырыбын анықтады –



«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет