Әдістеме пәнінің зерттеу нысаны


Шонанұлы Телжан (1894-1938)



бет3/4
Дата28.03.2023
өлшемі1,63 Mb.
#77050
1   2   3   4
Шонанұлы Телжан (1894-1938)
Шонанұлы Телжан 1894 жылы Торғай облысы Ырғыз уезі Аманкөл болысында (қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ұ.Құлымбетов атындағы ауыл) дүниеге келген. Көрнекті Алаш қайраткері, тіл білімі саласын ұйымдастырушы, ғалым. 
Ғалым жазған «Сауаттан», «Жаңалық», «Тіл дамыту», «Оқу құралы», «Қазақ тілі», «Жаңа арна», «Бастауыш мектептеріндегі қазақ тілінің әдістемесі», «Шала сауатты ересектер үшін оқу құралы», «Орыстар үшін қазақша әліппе», «Қазақ тілінің оқу құралы», «Учебник казахского языка для взрослых» т.б. еңбектер халқымыздың сауатты болуына, дүниені тануына көп ықпал етті. Оның емле, әліпби, терминология жүйесі бойынша жариялаған жұмыстары сол кезде одақ көлемінде түріктанушылар тарапынан лайықты бағасын алды.
Телжан Шонаұлы 1923-1937 жылдар аралығында 32 оқулық, кітап, 72 мақала жазған. 1937 жылы 19 шілдеде тұтқындалып, КСРО Жоғарғы Соты әскери коллегиясы «үштігінің» үкімімен ату жазасына кесілді. Қайраткердің жары ғалым Шаһзада Аронқызы да сол шақта қуғын-сүргінге ұшырады. 
Ақбота
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Философия
психология
Педагогика
лингвистика
Аружан
Философия оның әдіснамалық негіздерін айқындайды. Таным теориясы бойынша шындыққа жол сезім және логикалық таным кезеңдерінен өтіп, практикада тексерілумен аяқталады. Логикалық таным тілдің мүмкіншілігі арқылы іске асады. Тілді игеру уақытпен, өткенмен байланыс жасау, халқымыздың рухани мұрасын игеру деген сөз. Әдістеме ғылымы тіл мен ойлаудың,адам мен қоғамның қатысы туралы философиялық тұжырымдарға негізделеді.
Әдістеме ғылымы психологиямен тығыз байланысты. Психология оқушының псхологиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары нерв жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.
Осыған орай мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады. Оқушылардың психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес.
Аружан
Әдістеме ғылымы педагогика ғылымымен тығыз байланысты.Педағогика ғылымы: дидактика және тәрбие теориясынан құралатыныбелгілі. Ал оқу мен тәрбие - егіз..Әдістеме ғылымы дидактиканың ұстанымдарына, оқытудың әдіс-тәсілдеріне, тексеру формаларына, білімді бағалау нормаларына сүйенеді. Мысалы, окушыларға ұсынылатын тілдікматериалдар ғылым негіздеріне (ғылыми ұстаным) сүйене отырып, жүйелі және бірізді (жүйелілік ұстанымы), материалдың қай бөлігі қай сыныпта өтілуі алдын-ала болжанып (алдын ала болжау ұстанымы), саналы түрде(саналылылық ұстанымы), берік, тиянақты (берік, тиянақты болу ұстанымы), өмірмен байланыстыра (теорияны өмірмен байланыстыруұстанымы) беріледі. Осыған орай әдістеме ғылымы педагогиканың бірсаласы ретінде қарастырылады.
Шахидиям
Ақерке
Әдістеме ғылымы тіл білімімен тікелей байланысты. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол алдымен тіл біліміне негізделеді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылу мазмұнын анықтау әдістеме


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет