«Экстремальды психологияны оқытудың негіздері» пәні бойынша дәрістер



бет1/18
Дата21.04.2023
өлшемі107,55 Kb.
#85299
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18



«Экстремальды психологияны оқытудың негіздері» пәні бойынша дәрістер


1-дәріс


КІРІСПЕ


Экстремальды психология пәні туралы түсінік

Қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси жағдайларда төтенше оқиғалар кеңінен орын алуда. Балалар мен ересектер техногендік, табиғи апаттарға ұшырау, зорлық-зомбылықтың құрбандарына айналу, кепілдікке алыну жағдайларына жиі ұшырауда. Сол себептен қазіргі заманда саясаткерлер, әлеуметтанушылар, философтар, сондай-ақ практикалық психологтардың тарапынан экстремалды жағдайларға деген кәсіби көзқарас барған сайын артуда. Қазіргі заманда экстремалды жағдайлар психологиясы практикалық психологияның төтенше оқиғаларды басынан кешірген немесе кешіруші адамның психикалық күйлерінің диагностикасын, сонымен бірге психологиялық көмектің, психологиялық түзету, кеңес беру және психотерапия сияқты әдістерін, техникаларын, амал-тәсілдерін қамтитын аса маңызды бөлімдерінің бірін құрайды.


Төтенше оқиғалар құрбандарында туындайтын әртүрлі психикалық феномендердің анықталуына, психологиялық талдануы мен топтастырылуына психологиялық әдебиетте барынша назар аударылуда. Атап айтқанда, төтенше факторлардың ықпалынан туындайтын психологиялық феномендер әдебиетте жарақаттан кейінгі стрестік синдром немесе жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыс деген атаумен сипатталуда. Экстремалды факторлардың салдарынан орын алатын әртекті жағымсыз психикалық күйлер: стресс, фрустрация, дағдарыс, депривация, кикілжіңдер жете зерттелуде. Аталмыш күйлер мазасыздық, қорқыныш, депрессия, агрессия, тітіркендіргішетр, дисфориялар сияқты шиеленіскен немесе созылмалы жағымсыз эмоциялы күйзелістердің басымдылығымен сипатталады. Аталмыш күйлерде туындайтын аффектілер қарқындылығы дәрежесінің жоғары болатыны соншалықты олар адамның орын алған жағдаларға бейімделу процесін күрделендіріп, оның интеллектілі-мнестикалық іс-әрекетінің ұйымдасуына кері әсер етеді. Қорқыныш, байбалам, үрей, торығу сияқты қарқынды эмоциялы күйзелістер стрестік жағдайдың бара-бар шешімін табуға кедергі келтіріп, ақиқаттың теңбе-тең қабылдануын, жағдайдын орынды бағалануын қиындатады. Адамның дағдарыста психикалық қызмет етуінің феноменологиясын сипаттайтын аталмыш құбылыстар психиатр-дәрігерлердің, сондай-ақ төтенше жағдайлардан зардап шеккен адамдарға психологиялық көмек көрсететін психологтардың да назарына ілігуде.
Көптеген жағдайларда аддиктивті мінез-құлықтың ішімдікке салыну, нашақорлық, токсикомания, дәрігерлік преператтарды шектен тыс пайдалану сияқты формалары экстремалды өмірлік жағдайларды кешірумен байланысты жарақаттан кейінгі стресстің салдары болып табылады. Ішімдік немесе есірткі шиеленіскен жайсыздықты, қысымды, қорқынышты, алаңғасырлықты жоятын немесе біршама жеңілдетуге мүмкіндік беретін босаңсыту құралдары ретінде қолданылуы мүмкін. Мөлшерден тыс стресс жыныстық мінез-құлыққа немесе тамақтану сияқты өмірлік қызметтерге де ықпал етуі мүмкін. Осылайша адамның тіршілік әрекетін қиындататын ұзақ мерзімді немесе шиеленіскен эмоциялы жағымсыз күйлерден басқа, психиатр дәрігерлердің аумағына тиесілі мінез-құлық бұзылыстары да жарақаттан кейінгі стресстің салдары болып табылады. Дегенмен аталмыш бұзылыстардың стресті жеңуге қажет тұлғалық қорлардың жеткіліксіздігіне, немесе төтенше жағдайларда бейімсіздендіруші ықпалдардың мөлшерден артық болуына байланысты психологиялық себептері болады.
Адам стресті жеңе алмай басқа адамдардың тарапынан көмекке мұқтаж болатын аса жарақаттаушы жағдайлардың кездесетіндігі барлығымызға мәлім. Мәселен, адамның жеке басының қорлары жетіспейтін өлім жағдайы, жақын адамнан айырылу, қатынастардың ажырауы. Адамдар төтенше стерстік ықпалды жеңу үшін жақынынан айрылған адамдар, ішімдікті, дәрігерлік препараттарды мөлшерден тыс пайдалана бастайды. Созылмалы қысымның әсерінен оларда әртекті психосоматикалық бұзылыстар да пайда болуы мүмкін. Психологтар психологиялық факторлар неғұрлым маңызды болатын психосоматикалық бұзылыстардың пайда болу себептерін белсенді зерттеуде.
Экстремалды жағдайлар психологиясының дағдарыста психикалық қызмет етудің ерекшеліктерін зерттеумен байланысты теориялық аспектісі, сындарлы жағдайлардан зардап шеккен адамдарға психологиялық көмек көрсету қажеттігімен анықталатын практикалық қосымшаға да ие. Ондай психологиялық көмек мінез-құлықтың бұзылыстарын жоюда және психосоматикалық бұзылыстардың алдын алуда аса қажет. Ол адамның психикалық әрі соматикалық қызметтеріне кері ықпал ететін жағымсыз күйзелістердің әсерін жеңілдетете отырып, психикалық ахуалдың қалыпқа келуін болжайды. Психологиялық көмек көрсетудің басты міндеті – тұлғаның бейімделуші және компенсаторлық қорларын арттыруда, төтенше жағдайлардың жағымсыз салдарын жоюға қажет психологиялық әлеуетін іске қосуда. Тиімді көрсетілген психологиялық көмектің негізінде адамның экстремалды жағдайлардағы күйі мен мінез-құлқы қалпына келтіріледі.
Біздің елімізде де соңғы кездері төтенше оқиғалар, экстремалды жағдайлар жиі орын алуда. Мәселен, 1990 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында болған алапат жер сілкінісінің салдарынан екі елді мекен жермен-жексен болды. Соның салдарынан қаншама адамдар үрей, қорқыныш, түрлі жүрек және жүйке ауруларына шалдыққан. 2003 жылы Алматы маңындағы «Ақбұлақ» аулында лай көшкінінен қаншама отбасы құрбан болды. Бүкіл бала-шағасынан айырылып, жалғцыз қалған адамның стресттік күйдің салдарынан өмңрден түңіліп, өзіне қол салуға дейін баруы сияқты деректер тіркелген.
Соңғы жылдары еліміздің қысы қатты, шығыс, солтүстік аймақтарындағы табиғи апаттардың жиіленуі, Алматы облысының «Қызыл ағаш», «Шарын» ауылдарындағы өзеннің, су тоғанының тасуы, оның зардабы адамдардың психикасына, олардың психологиялық-эмоциялық күйлерінің өзгерісіне, стреске және т.с.с. жан жарақаттарына ұшырауына әкеліп соқты. Осындай жайттарда адамға психологиялық көмектің қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Алайда, оның зардаптарын қарастыру тек қоғамдық-әлеуметтік сипатпен ғана шектеліп отыр. Психологиялық тұрғыда, психологиялық көмек көрсету, кеңес беру, психологиялық қолдау сияқты іс-шаралар жүзеге асырылып, зардап шегушілермен жұмыс жүргізу қолға алынып, қалпына келулеріне мүмкіндік мол болар еді. Өйткені халық кез келген экстремалды жағдайда өзін-өзі қалай ұстау, байбаламға салынбау, істі насырға шаптырмау сияқты қажетті қимыл-әрекеттер туралы ақпараттармен әлі де таныс емес



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет