Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Адам өзін өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс
Кіріспе Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Адам өзін - өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс.Cол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады» - деп көрсетілген [1]. Яғни адамның ең жарқын ерекшеліктерінің бірі оның сөйлеу қабілеттілігі, ал сөйлеу қабілеттілігінің қалыптасуы мектеп жасына дейінгі балалардан бастау алады.
Сөз-адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы. Біздің миымыздың белсенділігі екінші сигнал жүйесінің қызметіне байланысты. Сондықтан адамның барлық психикалық ерекшеліктері сөйлеу арқылы ғана көрініп өмір сүреді. П.Ф.Лесгафт [2] санасы іске қосылған адам өзі аңғарғанының бәрін сөзбен жеткізіп бере алады деп орынды көрсеткен.
Сөз - сөйлеу тілінің негізгі бөлігі болып табылады. Ол өз қызметінде - заттардың нақты аталуын, қызметін, белгісін, адамның сезімін, түрлі қоршаған орта құбылыстарын түсіндіруді мақсат етеді Сөз грамматикалық құрылымның көмегімен, сөйлеу қызметін жүзеге асырады [3].
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы - сөйлеу тілінің түрлі күрделі бұзылыстары, мұнда дыбыстық және мағыналық жақтарына қатысты сөйлеу жүйесінің барлық компонеттерінің қалыптасуы бұзылған. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бірмезгілде даму механизмі бойынша ауызша сөйлеу тілі бұзылыстарының түрлі формаларында бақыланады (алалия, дизартрия және т.б) Жалпы сапалық белгілері ретінде сөйлеу тілінің кеш пайда болуы, сөздік қорының жеткіліксіздігі, аграмматизмдер, дыбыс айту бұзылыстары, дыбыс түрлендіру бұзылыстары білінеді [4].
Дамымаушылық түрлі деңгейде айқындалады, сөйлеу тілінің бұзылыс деңгейіне қарай оларды білім алатын, сонымен қатар арнайы білім беруді қажет ететіндер деп бөлуге болады. Сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстарының ішінде алалия, дизартрияның түрлері, тұтықпаның кейбір түрлері және т.б кездеседі.
Жақсы сөйлеу - баланың жан-жақты толыққанды дамуының кепілі. Баланың сөйлеуі дұрыс әрі неғұрлым бай болса, соғұрлым қоршаған шындықты тану мүмкіндіктері кең болады, бала өз ойын кеңінен айта алады, сонымен бірге үлкендермен, құрдастарымен толыққанды қарым-қатынаста болады, және психологиялық дамуы белсенді түрде жүзеге асады. Сондықтан баланың сөйлеу тілін өз уақытында қалыптастыру, оның дұрыстығын, сөйлеу тілінің түрлі бұзылыстарының алдын алу мен түзету өте маңызды.
Біздің зерттеуіміздің мәселесі сөйлеу тілінде жүйелі бұзылыстары бар балаларды түзете-дамыту барысында қалпына келтіруі болып табылады. Бұл мәселемен Т.Б. Филичева [5], Г.В. Чиркина [6], В.А. Ястребова [7], Т.В. Туманова [8], Н.С. Жукова [9], Е.М. Мастюкова [10], және тағы басқалары айналысты.
Бұл мәселе толығымен ашылды. Осы тақырып бойынша әдебиеттерді талдауда байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бойынша сұрақтар анықталды. С.А.Миронова [11] «Балаларды әңгіме құрастыруға үйрету бөлімінде тура сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмыстың әдістері мен мазмұнын ашты.
Шимкович жалпы тіл кемістігінің Ш деңгейі бар балалардың сипаттап хабарлау сөйлеу тілін қалыптастыру бөлімінде баланың өз бетінше суреттеп хабарлау сөйлеу тілін қалыптастыру еге асыратын дәстүрлі тәсілдер мен әдістер қажет, сонымен бірге жаңа, тиімді, ғылыми негіздегі дамыту жолдарын іздеу керек. Бірақ бұл тақырып мектеп жасына дейінгі логопедияда толығымен зерттелген жоқ, қосымша зерттеуді талап етеді және сондықтан біз осыған тоқталдық. Осы мәселені шешу біздің зерттеу мақсатымызды құрды. Осы сұрақтардың өзектілігі және олардың теориялық және тәжірибелік өнделуінің жетіспеушілігі бізге зерттеу жұмысының тақырыбын анықтауға: «Балалардың сөйлеу тілінің жүйелі бұзылысын түзету жолдары» мүмкіндік берді.
1.Баланың сөйлеу тілін ерте дайындалған суреттің көмегімен қалыптастыру (оқыған мәтіннің түсінігін айту және сюжетті суретті бойынша әңгіме құрастыру)
2. Дайын суреттің көмегінсіз баланың сөйлеу тілін қалыптастыру. «Жалпы білім беретін балаларының сөйлеу тілінің кемшіліктерін түзету кітабында А.В.Ястребова [7] жалпы тіл кемістігі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін түзетіп дамытып оқыту әдістерін басып шығарды. Қалыптастырушы толыққанды сөйлеу әрекетінің тәсілдерін ұсынды.
В.В. Воробьева [12] «Баланың сөйлеуі мен дауысының бұзылуы» кітабында «Моторлы алалиясы бар балалардың байланыстырып сөйлеуінің ерекшеліктері бөлімінде байланыстырып сөйлеудің қалыптаспауының себептерін көрсетті.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы тіл кемстігін жою» логопедтерге арналған кітабында байланыстырып сөйлеу тілін дамыту сұрағына Н.С.Жукова [9], А.М. Мастюкова [10], Т.Б. Филичева [5] көп көңіл бөлді.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыс бұзылысын жоюдың әдіс-тәсілдерін талдау, логопедиялық сабақтарда тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін өңдеу.
Зерттеу нысанасы: Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыс бұзылысын жоюдың әдістемесі
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыс бұзылысын түзетудегі логопедиялық жұмыстар
Зерттеу болжамы: мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінде жүйелі кемістіктерін жоюына ұсынылған тапсырмалар мен жаттығуларды жүйелі қолдану, әңгімені қайта айту және ойлап табуды үйренуге, сонымен қатар сөйлеу тілінің кемшіліктерін жоюға көмектеседі. Мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді қойдық.