Әлдихан Қалдыбаев Бауыржан деген бала бар



бет13/17
Дата12.04.2022
өлшемі83,07 Kb.
#30833
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

МҮГЕДЕКТІҢ МАШИНАСЫ


Қалай байқамаған. Бауыржан мен Талғатқа керегі дəл иектерінің астында тұрыпты. Назар аудармаған, əйтпесе əлдеқашан алатын еді ғой.

Екеуі ойнап көрші үйдің ауласына барған. Бір кез Талғат Бауыржанды иығынан қойып қалды:

– Бауыржан, таптым, таптым!

– Нені?


– Нипельдің қақпағын.

– Кəне?


Талғат сұқ саусағымен ауланың төр жақ бұрышында тұрған ақ «Запорожецті» көрсетті.

– Əне. Ананың нипелінің кақпағы велосипедтікіне тұп-тура келеді.

– Қойшы, ей!

– Рас.


Екеуі орындарынан атып-атып тұрып, ақ «Запорожецке» қарай ұмтылды. Ентелеп келген күйі екеуі машинаның алдыңғы екі дөңгелегіне жармасты.

– Ой, балалар, бұларың не?

Дəл құлақтарының түбінен шыққан өктем үн екеуін де бойларынан ток жүріп өткендей тітіркендіріп жіберді. Екеуі де жалт-жалт қараған. Дауыс иесі – көше комитетінің төрағасы Өмірбек ағай екен. Ұзын бойлы, қалың қабақты, онсыз да сұсты кісі ашудан түтігіп кетіпті.

Бауыржан мен Талғат зəрелері ұшып, орындарында қақиып қатты да қалды.

– Нені бүлдіріп жатырсыңдар? Кəне, дереу орнына келтіріңдер.

Екеуі əлі ештеңені бүлдіре қойған жоқ еді. Сонда да көздері жыпық-жыпық етеді.

Онда былай, бері жүріңдер!

Екі бала үн-түнсіз Өмірбек ағайдың айтқанын істеді. Өмірбек ағай балалардың қатты қорқып кеткенін білді, жүзін жылытып, жымиып қойды.

– Балалар, сендер неменеге дірілдеп тұрсыңдар? Мен құбыжық емеспін, қорықпаңдар, айтыңдаршы, бұл кімнің машинасы?

– Кімдікі?

– Білмейміз.

– Иə, білмейсіңдер. Білсеңдер, тимес едіңдер. Сендер не, қозғалыс белгілерін оқып үйренбегенсіңдер ме?

– Жоқ.

– Оқығанымыз жоқ.



– Бəсе. Ана алдыңғы жəне артқы əйнектерге жапсырылған үш бұрышты белгіні көрдіңдер ме?

– Көрдік.

– Көрсеңдер, ол – «Абай болыңыз! Рульде – мүгедек!» деген белгі. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл белгі – мына машина мүгедек адамның машинасы дегенді білдіреді. Ал бұл ақ «Запорожецтің» иесі Файзолла ақсақал – Ұлы Отан соғысының мүгедегі, бір аяғы тізеден төмен жоқ, Польша жерінде қалған. Сендер сол мүгедек аталарыңның аяғын ұзартып жүрген көлігіне көз аларттыңдар.

Бауыржан да, Талғат та жерге кірермен болды.

– Ағай, біз білмей қалдық.

– Бауыржанды бұған бастаған мен едім. Біз еш нəрсесіне тигеніміз жоқ. Кешіріңіз.

– Солай ма? Білмегенді кешіруге болады. Көрмейсіңдер ме, бұған ешкім тимейді. Сендер де тиіспеңдер. Қайта екеуің бір мезгіл бас-көз болып жүріңдер. Бұл қыстай гаражда тұрған. Файзолла атай енді жаздай мінеді мұны. Ол машинасын ертелі-кеш алыстағы гаражға апарып қойып жүре алмайды. Сондықтан бұл ақ «Запорожец» осы жерде тұрады. Біздің үлкеніміз де, кішіміз де мұны көздеп жүруіміз керек.

– Ағай, уəде береміз. Сіздің айтқаныңызды орындаймыз, – деді Бауыржан.

– Біз енді мұның маңынан ешкімді жүргізбейміз, – деді Талғат.

– Сөйтіңдер. Бірақ сендер бұл қамқорлықтарыңды Файзолла атайға білдірмеңдер, көңіліне келіп қалар. Адам жақсылығын жарияламай жасар болар.

– Сөйтеміз. Білдірмейміз.

– Бұл «Запорожецке» енді жан адам тимейтін болады. Өмірбек ағай өстіп ойда жоқ жерден Бауыржан мен Талғатқа осындай бір міндет жүктеді. Екі бала сөзінде тұрды.

Ертелі-кеш ақ «Запорожецті» көздеп жүргендері.

Файзолла атай балалардың бұл қамқорлығын сезбеді дейсіңдер ме, сезді. Инабатты, тəртіпті балалар екен деп разы болып қояды. Ол кісі мұны жалғыз өзіне ғана емес, бүкіл мүгедек атаулыға көрсетілген құрмет деп біледі.

Атай Бауыржан мен Талғаттың нипель қақпағын шығарып алмақ болғанын білмейді, əрине. Білмегені жақсы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет