Эндокринология


БІРІНШІЛІК ГИПЕРПАРАТИРЕОЗ



бет237/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   285
8.3. БІРІНШІЛІК ГИПЕРПАРАТИРЕОЗ
Біріншілік гиперпаратиреоз (БГП) — гиперкальциемия синдромының дамуымен сипатталатын, паратгормонының артық өндірілуімен көрінетін ҚМБ-нің ауруы (8.2 кесте).


8.2 кесте. Біріншілік гиперпаратиреоз



Этиологиясы

85 % — ҚМБ-нің солитарлы аденомасы (паратирома), 15 % —ҚМБ-нің тұтас гиперплазиясы, көптеген аденомалар (5 %), сирек (<5 %) — ҚМБ қатерлі ісігі; КЭН синдромы шеңберінде кездеседі (10 бөлім)

Патогенезі

Гиперфосфатурия, 1,25-(OH)2-D3 артық синтезі, ПТГ-нің сүйек тініне тура резорбтивті әсері, бүйрек түтікшелері мен басқа мүшелер эпителийінің зақымдануы; гиперкальциурия, нефрокальциноз

Эпидемиологиясы

Таралу жиілігі —щамамен 500 адамға 1 жағдай, жаңа жағдайлар жиілігі жылына 100000 халыққа 25 жағдай. Гиперкальциемия синдромының шамамен 35%-ы БГП-мен байланысты

Басты клиникалық көріністері

Басым жағдайда симптомсыз өтеді. Бүйректік симптомдар: полиурия, полидипсия, нефролитиаз, нефрокальциноз. Асқазан-ішектік симптомдар: анорексия, лоқсу, обстипация, метеоризм, жүдеу, асқазан және/немесе ұлтабар ойық жарасы.
Жүрек-қантамырлық симптоматика: артериялық гипертензия. Сүйектік өзгерістер: остеопороз, хондрокальциноз; ауыр түрлерінде: субпериостальды резорбция, аяқ-қол фалангілерінің акроостеолизі, қаңқа деформациясы, сүйектің, білектің патологиялық сынықтары. Орталық жүйке жүйесі: депрессия, ұйқышылдық, естің бұзылуы, қозғыштық, терінің қышуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет