Әож 378. 04: 002 Қолжазба құқығында


Эссе  «Бастауыш сынып мұғалімі» болу арманым»



жүктеу 1.82 Mb.
Pdf просмотр
бет14/16
Дата24.03.2017
өлшемі1.82 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Эссе 
«Бастауыш сынып мұғалімі» болу арманым» 
Біздің  алдымызда  кішкентай  бала  тұр.  Ол  болашақ  маман  иесі,  ӛзіндік 
күрделі  даму  құрылысы  бар,  қайталанбас  ерекше  тұлға.  Оны  қалай  оқытып, 
тәрбиелеп,  дұрыс  жолға  бағыттауға  болады?  Келешекте  бұл  баладан  нағыз 
білімді,  рухани  бай,  тек    жұмыс  атқарып  қана  қоймай,  шығармашыл,  игі  іс-
әрекеттер орындай білетін, ӛзінің айналасындағы барлық адамдарды, қоршаған 
әлемді,  табиғатты  сүйетін  тұлғаны  қалай    қалыптастырамын?  Демек,  бұл 
сұраққа  жауап  алу  үшін  осы  баланы  кішкентай  бүлдіршін  шағынан  мектепке 
қабылдап,  оны  оқыту  мен  тәрбиелеуді  негізге  алатын  «Бастауыш  сынып 
мұғалімі»мамандығын  таңдадым. 
Ол маман – бастауыш сынып мұғалімі. «Ұстаздық – ұлы құрмет.  
Себебі:  ұрпақтарды  ұстаз  тәрбиелейді.  Болашақтың  басшысын  да, 
данасын  да,  ғалымын  да,  еңбекқор  егіншісін  де  ұстаз  ӛсіреді.  Ӛмірге  ұрпақ 
берген  аналарды  қандай  ардақтасаң,  сол  ұрпақты  тәрбиелейтін  ұстаздарды  да 
сондай  ардақтауымыз    керек»  -  деп  Бауыржан  Момышұлы    айтқандай, 
бастауыш  сынып  мұғалімі  жас  ұрпақтың  тәрбиесін  ӛз  қолына  алып,  оның 
болашақтағы ӛмірінің дұрыс қалыптасуын жауапкершілікке алады.  
Соның  ішінде,  әсіресе,  бастауыш  сынып  мұғалімінің  жауапкершілігі  ӛте 
жоғары. Себебі бастауыш мектеп: 
-  оқушы  тұлғасы  мен  сапасының  дамуы  қуатты  жүретін,  ерекше  құнды, 
қайталанбас кезең; 
- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да және қадірлі кезең
- балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сӛйлеу, 
оқу,  қоршаған  ортаға  дұрыс  кӛзқараста  болу,  жағдайларды  объективті  түрде 
бақылап,  талдау  жасауға  үйрету,  ойын  дұрыс  айтуға,  дәлелдеуге,  сӛйлеу 
мәдениетіне үйрету кезеңі; 
-  балалардың  білуге  деген  құштарлығы,  қызығушылығы  пайда  болып, 
танымы,  зейіні,  қиялы,  бақылай  білуі,  ӛз  әрекеттеріне  талдау  жасай  білуі 
сияқты қабілеттері тез дамитын кезең; 
- бастауыш сынып мұғалімінің оқушылардың білім алуға деген ықыласының 
баспалдығын орнатып жіберу кезеңі. 
      Осы  айтылғандарды  баланың  бойына  дарыту  –  бастауыш  сынып 
мұғалімінің қолында. Міне, сондықтан  қазақтың Ұлы ақыны Абайдың сӛзі де 

133 
 
осы ойға үндес: «Адамның адамшылдығы ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы 
ұстаздан  болады».  Демек,  бастауыш  сынып  мұғалімінің  міндеті  тек  білім 
берумен  ғана  шектелмейді,  сонымен  қатар  шәкірт  тәрбиесімен  де  айналысуы 
қажет.  Жас  ұрпақты  болашаққа  білімді  етіп,  тәрбиелеп  аттандыру  ол  міне, 
менің  ұстаз  ретіндегі  міндетім,-  деп  санаймын.  «Бастауыш  сынып  мұғалімі 
мамандығын» таңдағанымды мақтан етемін. 
Essay (СӚЖ) 
Information and communication technologies in education 
Information and communication technologies in education refers to teaching and 
learning the subject matter that enables understanding the functions and effective use 
of information and communication technologies.  
In  order  to  use  technology  effectively,  educators  need  to  be  trained  in  using 
technology and they need to develop a good understanding of it. Technology is used 
to enhance learning, therefore it is important for educators to be comfortable using it 
to  ensure  that  students  get  the  full  advantages  of  educational  technology.  Teaching 
with technology is different from teaching in a typical classroom. Teachers must be 
trained in how to plan, create, and deliver instruction within a technological setting. It 
requires  a  different  pedagogical  approach.  Teachers  must  find  a  way  to  assess 
students  on  what  they  take  away  from  a  class  and  meaningful,  known  knowledge, 
especially within an eLearning setting. Education will only change when our design 
methods,  perspectives,  and  values  change.  Teachers  have  many  roles  when 
instruction  is  designed.  They  can  be  artists,  architects,  craftspeople,  and  engineers. 
Technology  does  not  mean  that  using  interactive  electronic  boards  and  LCD 
PowerPoint  presentation  is  the  most  effective.  So  many  more  applications  are 
available for students to be hands-on with their learning and gain deeper knowledge 
than they could before. 
Technology  training  appears  to  focus  mainly  on  technology  knowledge  and 
skills  while  overlooking  the  relationships  between  technology,  pedagogy,  and 
content.  As  a  result,  teachers  learn  about  ―cool‖  stuff,  but  they  still  have  difficulty 
applying  it  for  their  students’  learning.  Teacher  candidates  need  opportunities  to 
practice  effective  technology  integration  strategies  in  supportive  contexts  during 
technology  courses,  technology-integrated  methods  courses,  and  field  experiences. 
Experienced  teachers  also  need  opportunities  to  learn  about  new  technologies  and 
ways  to  integrate  them  effectively  in  their  classroom.  Teacher  education  programs 
can  facilitate  improvements  not  only  in  students’  technology  skills  but  also  in  their 
beliefs  and  intentions  regarding  integrating  technology  into  instruction.  Technology 
training directly affects pre-service teachers’ self-efficacy and value beliefs, which in 
turn influence their student-centered technology use. 
Жоғарыда  ұйымдастырылған  тәжірибелік-эксперимент  жұмысының  нәтижесін 
қорытындылай келе, тӛмендегідей тұжырым жасаймыз.
 
комуникатвитік құзыреттілігі қалыптасқан маман: 
   - 
ақпараттық  технологиялар  арқылы  ғылыми  зерттеу  жұмыстары 
үдерістерінің заңдылықтарын түсінеді; 

134 
 
    -    жаңа    білімді  меңгеру    үдерісінде  тақырыпты  ғылым  негіздеу  барысында 
ақпарат  кӛздерін  іздеп  табуды  және  сілтеме  беруді,  ӛз  ойларын  тұжырымдап 
түйіндеуді біледі; 
    -ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  қызығушылық  танытады  және  рефераттар, 
мақала жазу, курстық жұмысын жазып, оны қорғауға құзыретті
   -ғылыми  жұмыстар  мен  мақалалар,  баяндамалар  бойынша  тезис  жасау, 
түйіндеме жазуға машықтанған
     -зерттеу  тақырыбының  ӛзектілігін  ұсыну,  ойдың  дәлелді  болуы,  болжам, 
жұмыстың ғылыми жаңалығы, қортынды, сияқты т.б. ғылыми ойлау стильдерді 
мен  талдау,  біріктіру,  жалпылау,  жинақтау  сияқты  логикалық  операцияларды, 
шығармашылықпен  табысты  ойлау  туралы  түсінігі  мен  білімі,  біліктілігі 
қалыптасқан; 
    -болашақ 
кәсіби 
қызметінде 
ғылыми-ақпараттық 
қажеттіліктерді 
ерекшеліктері  мен  түрлеріне  қарай  жіктеуге  кәсіби  құзыреттілік  тұрғысынан 
дайын болады. 
Нәтижелерді  қорытындылап,  тұжырымдау  барысында  эксперименттік  топтағы 
болашақ  мамандардың  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  
ақпараттық  технологияларды  пайдалану  деңгейі  бақылау  топтарына  қарағанда 
анағұрлым  жоғарылағанын  кӛрсетті.  Педагогикалық  эксперименттің  бекіту 
кезеңі  оқытушылардың  студенттермен  әңгімелесуі,  олардан  сауалнама  және 
тест  қабылдау,  студенттің    СОӚЖ,  СӚЖ  жұмыстарын  тексеру,    модульдерге 
байланысты ғылыми жобалар құрастыру, дайындығы тексерілді. Студенттердің 
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруды бекіту барысында ақпараттық 
технологияларды пайдаланудың тиімділігі айқындалды.  
 Тәжірибелік-эксперимент 
тобындағы 
болашақ 
бастауыш 
сынып 
мамандарының  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  ақпараттық 
технологияларды  пайдаланып  ӛткізілген  сабақты  ерекше  ынтамен  қабылдап, 
танымдық қызығушылықтарының жоғары деңгейде екендігін байқалды. Себебі, 
ақпараттық  технологияларды  тиімді  пайдалану  болашақ  бастауыш  сынып 
мамандарыныңкоммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  олардың  
дүниетанымын, таңдаған мамандығына деген сенімін нығайтады.   
Жоғарыда  аталған  курсты  ӛткеннен  кейін  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 
педагогикалық  университеті  Педагогика  және  психология  факультетінің 
«Бастауыш  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі»  мамандығы  3-ші  курс 
студенттерінен  тест  алынды.  Тест  студенттердің  кәсіби  құзыреттілігін 
қалыптастыруда    ақпараттық  технологияларды  пайдалану    деңгейін  анықтау 
мақсатында  құрылды.Бекіту  экспериментінің  қорытындысы  кезеңінде 
ақпараттық  технологиялар  негізінде  болашақ  мамандардың  коммуникативтік 
құзыреттіліктерін  қалыптастыру  мақсатында  152  студентке  сауалнама 
сұрақтары  біршама  қосымша  сұрақтармен  толықтырылып,  қайта  таратылды 
және жауаптар алынды.   
  Кестеден  бақылау  тобы  ретінде  Қ.Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік 
университетінің 
студенттері 
ӛзіндік 
жұмыстарында 
 
ақпараттық 
технологияларды  толығымен  пайдалана  алмады.  Әсіресе,  студенттердің 

135 
 
коммуникативтік  құзыреттіліктерін  қалыптастыруда  алған  білімін  практикада 
қолдану  қажеттігі  мен  дағдысы  жеткілікті  қалыптаспағандығын,  танымның 
ғылыми  тәсілдеріне  мақсатты  және  жүйелі  түрде  жету  мүмкіндігі  толық 
дамымағандығы байқалды.  
     Ақпараттық  технологиялар  технологиялар  негізінде  болашақ  мамандардың 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруға  арналған  тапсырмаларды 
орындауы  тӛменде  берілді.  Эксперимент  тобының  білім  алушылары  35% 
электрондық  оқулықты  пайдаланудан  ӛте  жақсы  білім  кӛрсетсе,  ал  білім 
алушылары  45%-ы  жақсы  білім  кӛрсетіп,  16%-ы  электрондық  оқу  құралын 
пайдалану  технологиясы  бойынша  білімдерінің  орташа  екендігін  байқатқан 
студенттер  4% -ды құрады.  Білім алушылардың  20%  бақылау тобы  және 35% 
электрондық  оқулықтарды  пайдалану  саласында  алған  білімдерінің  жақсы 
екендігі 
кӛрсетсе, 
37% 
электрондық 
оқулықтарды 
пайдалану 
технологиясындағы білімдерінің орташа екенін 8%-ы кӛрсетті.  
«Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқыту әдістемесі» атты арнайы курсын 
оқығаннан  кейін  білім  алушылармен  сауалнама  жүргізілді.  Жиналған 
мәліметтерді  талдау  эксперименттік  және  бақылау  топтары  студенттерінің 
қатысқандарының    барлығы  сауалнаманың  алғашқы  5  сұрағына  дұрыс  жауап 
бергенін кӛрсетті.  
Қалыптастыру  экспериментінде  болашақбастауыш  сынып  мамандарының 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  ақпараттық  технологияларды 
пайдалануға  қамтамасыз  ету  мақсатында  дайындалған  арнайы  курс  оқыту 
үдерісіне  енгізіліп,  зерттеу  міндеттерін  шешуге  бағытталды.  Қалыптастыру 
экспериментінің  нәтижелерін  саралау  барысында  эксперименттік  топтағы 
студенттердің  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  ақпараттық 
технологияларды  пайдалану  деңгейі  бақылау  топтарына  қарағанда  анағұрлым 
жоғарылағанын кӛрсетті. 
 
 
Кесте  7  –  Ақпараттық    технологиялар  негізінде  болашақ  мамандардың 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыру  деңгейінің  қалыптастыру 
экспериментінің кӛрсеткіші (%) 
Деңгейі 
Бақылау тобы 
     (75 студент) 
Эксперименттік топ 
       (76 студент) 
Жоғары 
28 % 
34  % 
Орташа 
57  % 
62  % 
Тӛменгі 
15 % 
4   % 
 
Ақпараттық 
 
технологиялар 
негізінде 
болашақ 
мамандардың 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыру  деңгейінің  қалыптастыру 
экспериментінің диаграммасы тӛменде келтірілді. (Сурет -3) 
Бекіту    экспериментінің      мақсаты    ақпараттық    технологиялар  негізінде 
болашақ  мамандардың  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруға 
ұсынылған әдістеменің тиімділігі мен ғылыми болжамның дұрыстығын тексеру 
болды.  Анықтау  және  қалыптастыру  эксперименттеріндегі  кӛрсеткіштерді 

136 
 
салыстыра  келе,  соңғы  бекіту  кезеңінің  нәтижесі  шығарылды.  Эксперименттік 
топта  болашақ  мамандардың  коммуникативтік  құзыреттілігін  ақпараттық  
технологияларды  пайдалануға  берілген  тапсырманы  орындауда    анықтау 
эксперименті  кезіндегі  кӛрсеткіштермен  салыстырғанда  деңгейлерінің 
неғұрлым ӛскендігін кӛруге болады.  
 
 
 
 
Сурет  6  –  Ақпараттық    технологиялар  негізінде  болашақ  мамандардың 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастыру 
деңгейі 
қалыптастыру 
экспериментінің диаграммасы
 
 
Нәтижелерді  қорытындылау  барысында    эксперименттік  топтағы 
студенттердің    берілген  тапсырманы  орындауда    ақпараттық    технологиялар 
негізінде болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру 
деңгейі  бақылау  топтарына  қарағанда  анағұрлым  жоғарылағанын  кӛрсетті;  
жоғары деңгейі  – 34  %-ға,  кӛбейген,  ал  тӛмен деңгейдегі студенттер  саны  – 4 
%-ға  дейін  кеміген.  Эксперимент  нәтижелерінің  статистикалық  тұрғыдағы 
дәлдігі Стъюденттің t-критерийі арқылы тексерілді (кесте 8).  
 
Кесте  8  –  Ақпараттық    технологиялар  негізінде  болашақ  мамандардың 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптасу  деңгейі  бойынша  тәжірибелік-
эксперименттің салыстырмалы нәтижелері (%) 
 
Деңгейлер 
Бақылау тобы 
Эксперименттік топ 
Эксперим. 
дейін 
Эксперим. 
кейін 
Эксперим. 
дейін 
Эксперим. 
Кейін 
Жоғары 
21 % 
28 % 
24 % 
34 % 
Орташа 
43 % 
57 % 
45 % 
62 % 
Тӛменгі 
36 % 
15 % 
31 % 
4 % 
 
28%
57%
15%
34%
62%
4%
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
70%
Жоғары
Орташа
Төменгі
Бақылау тобы      (75 студент)
Эксперименттік топ        (76 
студент)

137 
 
Қалыптастыру  экспериментінің  салыстырмалы  нәтижелерінің  кестесі  мен 
диаграммасы тӛменде келтірілді. (Сурет -4)
 
 
 
 
Сурет  7–  Ақпараттық    технологиялар  негізінде  болашақ  мамандардың 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптасу  деңгейі  бойынша  тәжірибелік-
эксперименттің салыстырмалы диаграммасы 
 
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижесінде біздің ұсынған әдістемеміз 
кӛрсеткендей  білім алушылардың алған білімдерін нақтылау, шығармашылық 
ойлауға  кӛшу,  ойларын  жинақтап  айту,  зерделей  алу,  бақылау  жүргізу 
машықтары 
қалыптасып, 
ӛздігінен 
іздену, 
салыстыру 
дағдыларын 
меңгертілгенін  кӛрсетті.  Болашақ  мамандардың  білімді  меңгеруде  танымдық 
әрекеттері  мен  белсенділіктерінің  басым  болуына  ықпал  ететін  ақпараттық 
технологияларды практикалық жұмыстарды ұйымдастыруда пайдалануға  баса 
кӛңіл бӛлінді. 
Ақпараттық 
 
технологиялар 
арқылы 
болашақ 
мамандардың 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыру  деңгейлерінің  кӛрсеткіштері 
жоғары  оқу  орнында  оқытудың  кредиттік  жүйесіне  лайықталып,  тәжірибелік 
тұрғыдан нақтыланды.   
 
Жүргізілген  тәжірибелік-экперимент    –  жасалған  ғылыми  болжамның 
дұрыстығын  дәлелдеді,  яғни  ақпараттық    технологиялар  арқылы  болашақ 
мамандардың  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыру  нәтижесінде 
бастауыш  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі  мамандығының  студенттері  
электрондық  оқулықтарды,  интерактивті  тақтаның  барлық  ресурстарын, 
электрондық  кітапхананы,  электрондық  энциклопедияны,  интернет  кӛздерінен 
қажетті ақпарат кӛздерін саралап  пайдалануды үйренді.  
 
Қорыта келе,  болашақ мамандардың  кәсіби дайындық деңгейiн, ынтасын 
және  қабылдау  жылдамдығын  ескеру  отырып,  білім  беруде  яғни  жаңа 
материалды  меңгертуде  оқыту  үдерісін  ұйымдастыруда  ақпараттық 
технологиялардың  пайдалану  мүмкiндiктерiн  ескере  отырып,  олардың 
комуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру қажет,- деп санаймыз.  
21%
28%
24%
34%
43%
57%
45%
62%
36%
15%
31%
4%
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
70%
дейін
Эксперим. дейін
Эксперим. кейін
Эксперим.
Эксперим. Кейін
Бақылау тобы
Эксперименттік топ
Жоғары
Орташа
Төменгі

138 
 
Қорытынды 
 
      Жоғары  оқу  орнында  ақпараттық  білім  кеңістігінің  кез-келген  аясында 
ақпараттық  қоғамға  қажетті  ақпараттық    технологиялар  арқылы  болашақ 
бастауыш 
сынып 
мамандарының 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастырудың тиімділігін арттыру үшін, білім берудің мазмұнын жаңартуда  
жаңа  бағыттар    қажет  болды.  Бүгінгі  білім  беру  саласын  компьютерлендіру 
мәселесімен  тығыз  байланысты  ӛтпелі  кезеңде  болашақ  мамандарға  ғылым 
негіздерін  меңгертуде  білімді  әлемдік  стандартқа  жақындату,  оқытудың 
мазмұны  мен  әдістерін  жаңарту  арқылы  білім  сапасын  кӛтеру  мемлекеттік 
мәселе  болып  отыр.  Бұл  мәселелерді  оңтайлы  шешу  университеттердің 
материалдық  базасына,  оқытушының  кәсіби  іс-әрекетіндегі    құзыреттілігі  мен 
пән  мазмұнын  терең  меңгеріп,  оқытылатын  пәндерден  электрондық 
оқулықтарды дайындау,  оны оқыту үдерісін ұйымдастыруда пайдалануы және 
оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми негізде жасалуына байланысты болмақ. 
Педагогикалық  және  психологиялық  әдебиеттерге  жасалған  талдаулар  және 
тәжірибе  кӛрсеткендей  осы  уақытқа  дейін  болашақ  болашақ  бастауыш  сынып 
мамандарыныңкоммуникативтік    құзыреттілігін  қалыптастыруда    ақпараттық 
технологияларды  толықтай  пайдалану  әлі  де  шешімін  таппаған  мәселе  екенін 
кӛрсетті.  Зерттеу  жұмысымызда    болашақ  мамандардың  коммуникативтік  
құзыреттілігін  қалыптастырудың  ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың 
теориялық    негіздері  ретінде  «ақпараттық  технология»,  «коммуникативтік 
құзыреттілік»    ұғымдарына  ғылыми-педагогикалық  тұрғыдан  берілген 
түсініктер нақтыланды.Коммуникативтік құзыреттіліктің  теориялық негіздерін 
аша  отырып,    біз  олардың  қазіргі  заманғы  даму  кезеңдері  мен  оларды  жүзеге 
асыру  жолдарына  тоқталып,  берілген  анықтамаларды  жүйеледік.  Жоғары  оқу 
орнында  болашақ  бастауыш  сынып  мамандарының  коммуникативтік 
құзыреттілігін  қалыптастырудың  негізгі  мақсаты:  білім  алушылардың 
танымдық  қабілеттері  мен    тілдік  білім  алу,  тыңдалым,  оқылым,  айтылым, 
жазылымды,  меңгеру  барысында  қалыптасқан  іскерлік  пен  дағдыда  кӛрініс 
табатын  практикалық тәжірибесінде ақпараттық технологияларды қолдану, оқу 
іс-әрекетін  орындау  барысындақарым-қатынас  құралдары  арқылы  қарым-
қатынасқа  түсуге  белсенділігі,  топтық,  ұжымдық,  жұптық  қарым-қатынас 
жасаудағы шеберлігі және  оны шығармашылыққа ұштастыруға баулу. 
     «Құзырет»,  «коммуникативтік  құзыреттілік»  ұғымдары  субъектінің  іс-
әрекеттің мақсаты мен оны жүзеге асырудың құралын саналы түрде ұғынумен 
байланыстырылады.  Ақпараттық  технологиялар  арқылы  болашақ  бастауыш 
сынып мамандарыныңкоммуникативтік  құзыреттілігін қалыптастыруда ғылым 
негіздерін  меңгеруде  білімді  әлемдік  стандартқа  жақындату,  оқытудың 
мазмұны  мен  әдістерін  жаңарту  арқылы  білім  сапасын  кӛтеру  мемлекеттік 
мәселе  болып  отыр.  Осы  мәселені  шешу  үшін  ақпараттық  технологиялар 
арқылы 
болашақ 
бастауыш 
сынып 
мамандарыныңкоммуникативтік  
құзыреттілігін  қалыптастырудың  ерекшеліктері  педагогикалық  заңдылықтар 
мен ұстанымдарға негізделіп айқындалды.  

139 
 
      Ақпараттық 
технологиялар 
арқылы 
болашақ 
бастауыш 
сынып 
мамандарыныңкоммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық  үлгісі  жоғары  педагогикалық  білім  берудің 
дидактикасының  тұжырымдамаларына, негізделген мотивациялық, мазмұндық, 
іс-әрекеттік компоненттеріне сәйкес ӛлшемдері мен кӛрсеткіштері,  деңгейлері  
біртұтас  жүйе  ретінде  айқындалды.  Ақпараттық  технологиялар  арқылы 
болашақ  бастауыш  сынып  мамандарының  коммуникативтік    құзыреттілігін 
қалыптастыру  мақсатын  жүзеге  асыру  үшін  «Бастауыш  сыныптарда  ағылшын 
тілін оқыту әдістемесі»  атты элективті курс бағдарламасы жасалып, әдістемесі 
ұсынылды.  Арнайы  курс  бағдарламасы  мен  оның  дайындалған    әдістемесі 
негізіндеболашақ  бастауыш  сынып  мамандарыныңтілдік  білімдері  негізінде 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастырудағы 
ақпараттық 
технологияларды 
пайдалану 
ерекшеліктері 
айқындалды. 
Ақпараттық 
технологиялар 
негізінде 
болашақ 
бастауыш 
сынып 
мамандарының 
коммуникативтік  құзыреттілігін қалыптастыру тәжірибелік жұмыс барысында 
дәлелденіп, әдістемесі ұсынылды.  
Зерттеу  жұмысының  нәтижесінде  алынған  теориялық  қағидалар  мен   
ұсынылған  әдістемелерді  тиімді  пайдалану,  негізінде  болашақ  мамандардың 
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда  ақпараттық технологияларды 
қолдану туралы ғылыми болжамның дұрыстығына кӛз жеткізілді
.
 
Теориялық  қағидалар  мен    тәжірибелік    жұмыс    нәтижесінде  тӛмендегідей 
ұсыныстар жасалынды:
 
   - ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік  
құзыреттілігін  қалыптастыру  мақсатында  «Бастауыш  сыныптарда  ағылшын 
тілін  оқыту  әдістемесі»    атты  оқу  бағдарламасын  6B010200  –Бастауыш  оқыту 
педагогикасы  мен  әдістемесі  мамандығының  оқу  жоспарының  таңдау  пәндер 
бӛліміне арнайы курс ретінде енгізу
   -  болашақ  бастауыш  сынып  мамандарыныңкоммуникативтік  құзыреттілігін 
қалыптастыруда  ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  нәтижелі  болуы 
үшін  «Педагогика»,  «Ағылшын  тілін  оқыту  әдістемесі»,  «Қазіргі  ақпараттық 
технология»    пәндерімен  тығыз  байланыста  болып    кіріктіре  оқытуды  жүзеге 
асыру;
 
   -  бастауыш сыныптардан шет тілін оқытуды 3-сыныптан бастауды ұсынамыз. 
1-сыныпта  ӛзінің  ана  тілінде  сауатын  толық  ашып  алмай,  басқа  тілдерді  жетік 
меңгерту мүмкін болмайды.  Басты ескеретін мәселе бастауыш сыныптарда шет 
тілін  оқытатын  мамандарды  дайындап  алу  қажет  және  оны  бастауыштың 
мұғалімі беретін деңгейге жеткізу.
 
      Зерттеу  проблемасы  күрделі  болғандықтан,  оның  барлық  бағыттарын 
толығымен  қарастырып  шығу  мүмкін  емес,  ӛйткені  қоғам  талабынан  туындап 
отырған сұранысты қанағаттандыру білім саласының басты идеологиясы болып 
табылады. Ал оның барлығын бір ғана зерттеу проблемасының аясына сыйғызу 
мүмкін емес. Сондықтан зерттеу барысында алынған нәтижелер оны шешудің 
бір  ғана  жолы  деп  есептеп,  бұл  бағыттағы  ізденістер  жекелеген  пәндерді 
ізденіспен оқыту мәселелері арнайы дербес зерттеуді қажет етеді деп санаймыз

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет