Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж


Радиолокациялық станциялардағы (РЛС) еңбек гигиенасы



бет68/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   119
Радиолокациялық станциялардағы (РЛС) еңбек гигиенасы
Әскери істе радиоэлектрониканың өте қарқынды енуі, оның ішінде әртүрлі радиолокациялық жүйенің және қондырғылардың орналасуы, пайданушылар кеңістігін кеңейтті, олар радиотолқынның аса жоғары жиіліктегі (АЖЖ) диапозонды әрекетке көшті. Осындай көрсетілген физикалық әсер факторы,тек мамандарға ғана емес , АЖЖ-к генераторы өрістік қызметімен шұғылданатындар және кейбір тікелей қатнасы жоқ адамдар да техникалық жабдықтарымен кіріседі.
Пайдалану ерекшелігі бар радиолокациялық станцияның конструкциялық және қондырғыларымен Армия мен Флоттың қамтамасыз етілуі, іс жүзінде АЖЖ өрісінің жеке құрам организмдеріне қолайсыз еместігі. Бірақ, ұрыстық жағдайда, әртүрлі саладағы әскердің бөлім мен бөлімшелері өзара байланысқа түскенде,сонымен бірге апатты жағдайда және техникалық қауіпсіздік ережелері бұзылғанда, әскери қызметкерлердің АЖЖ өрісімен сәулеленуі мүмкін.
Профилактикалық іс шарада дұрыс ереже жүйесін құруда әскер өрісінің қолайсыздық жағдайын, сонымен одан қорғану әдіс тәсілін білуі керек.
Еңбек жағдайының сипаты. Радиолокациялық станция жұмысы көзге көрінбейтін обьектіні табуға арналған,оның негізі радиолокацияда. Ең соңында, ауадағы,судағы және құрғақтағы обьектіні табу, сол бейнеленген обьектінің радиотолқынын және радиотолқынды қабылдау арқылы табылады, осы кездеғі үлкен қуатты электромагнитті қысқа импульстер сәулелендіреді. Импульс-тердің ұзындығы микросекундтар, ал қуаты – ондаған және жүздеген киловатты құрайды. АЖЖ радиотолқынның диапозонының таралу жылдамдығы – күн сәулесінің жылдамдығымен бірдей 300000 км/ сек.
Жылжымалы және стационарлы радиолокациялық станциялардың жұмысы былай: АЖЖ-нің импульсті генераторы электромагнитті энергия шығарады (31- сурет) және толқынды жеткізуші антеннаға бағыт-тайды.Антенна сәулеленгеннен кейін қабылдауға қосылады.Одан кері қайтқан көзделген импульсті, антенна қабылдайды, толқынды жүргізушіге түскен соң қабылдау антеннасына түседі, ол жерде күшіне еніп төменгі сигналды жиілікте өңделеді және қондырғы индикаторға беріледі. Индикатор экранында (электронды сәулелі түтік) сигналды байқап қабылдауы жарық нүкте тәріздес немесе сәуленің қоса өрілуі. Модулятор қорек көзінен энергияны генерациялық импульспен генератордың жоғарғы кернеулік аралықтары арасында жинайды.
АЖЖ өрісінің генераторы (таратқыш) және АЖЖ-тегі сәулелік қабылдағышы кәдімгідей біріккен бір блокты және металмен қапталған саңылауы бар, одан әртүрлі тораптық жерлерге жеткізеді.Радиолокациялық станция, АЖЖ-ті сәулеленуінің импульстік сипатын сақтай отырып, ол қозғалмайтын антеннад - үзіліссіз режимде жұмыс істейді, айнала шолуда сәулелік көшірме жасау (cекторлық шолу), обьектіні мезгіл - мезгіл сәулелендіреді.
Бірінші жағдайда АЖЖ өрісінің тұрақты әсерінде жасалады, ол обьектіге үзіліссіз әсер етеді, екінші жағдайда, нақтылы уақытта аздаған үзілісті өрісті әсері болады.Радолокациялық станция антеннасы, кез келген уақытта толқынды сәулелейді, бір бағытта минимальды қарқынды түрде сәулелейді, келесіде - энергия мүлдем сәулелемейді.
Радиолокациялық станцияның антенасы бұрышты бөлініп таратылған біртекті емес қарқынды сәулеленуі көрсетілген құбылыстың нәтижесі. АЖЖ-ң қарқындылығы антенаның бұрышты сәулеленуіне байланысты бейнеулі графигіне, оны сәулеленудің диаграммалық бағыты деп айтады. РЛС орналасқан аумақ техникалық алаң деп аталады.
РЛС-ның жұмысын РЛС бастығы қамтамасыз етеді, сонымен бірге радиотехникалық шеберханадағы мамандар атқарады. РЛС-ң бастықтары мен техниктері профилактикалық жұмыс өткізеді, аппаратураның дұрыстығына күнделікі жөндеу жүргізеді. РЛС-ң техниктері мен бастықтардың, инженерлер, радиотехникалық шеберхана техниктерінің жұмыстық операцияның орындалу жағдайы, АЖЖ-ң организмге түсетін әсері мен жұмсақ рентгендік сәулеленуі әсері болуы мүмкін.

Антенна


Толқынның өтуі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет