Еуразия
гуманитарлық
институтының
ХАБАРШЫСЫ
Тоқсандық журнал
2001 ж. шыға бастаған
2014
№ 1-2
АСТАНА
Редколлегия төрағасы
А.Қ. Құсайынов, т.ғ.д., проф.
Бас редактор
А.Ж. Исмаилов, психол.ғ.к., проф.
Бас редактордың орынбасары
Қ.Ә. Ахметов, т.ғ.д., проф.
Жауапты хатшы
Т.В. Кривощапова, ф.ғ.д., проф.
Редколлегия
Т.Қ. Айтқазин, филос.ғ.д., проф.
А.Ж. Аманбаев, т.ғ.к., доц.
В.В. Алексеев, т.ғ.к., доц.
(Ресей Федерациясы)
А.А. Арабаев, з.ғ.д., проф.
(Қырғыз Республикасы)
Қ.Ә. Әбiшев, з.ғ.к., проф.
С.Б. Байзақов, э.ғ.д., проф.
Қ.Ж. Балтабаев, з.ғ.д., проф.
Х.Э. Боланьос, PhD, профессор
(Испания)
Л.В. Волкова, п.ғ.к., доц.
Т.А. Дронзина, с.ғ.д., проф.
(Болгария Республикасы)
М.М. Жанпейiсова, т.ғ.к., доц.
В.А. Жексембекова, с.ғ.д., проф.
М.Ы. Жүкiбай, э.ғ.к., проф.
С.Б. Загатова, ф.ғ.к., проф.
О.В. Иншаков, э.ғ.д., профессор
(Ресей Федерациясы)
А.Ш. Қадырбаев, т.ғ.д., проф.
(Ресей Федерациясы)
Б.Р. Кадыров, психол.ғ.д., профессор
(Өзбекстан Республикасы)
Ш.М. Қаланова, п.ғ.д., проф.
Д. Қамзабекұлы, ф.ғ.д., проф.
Е.В. Кодин, т.ғ.д., проф.
(Ресей Федерациясы)
Қ.А. Мамадiл, ф.ғ.к., доц.
Л.В. Пакуш, э.ғ.д., проф.
(Беларусь Республикасы)
Рындак В.Г., п.ғ.д., проф.
(Ресей Федерациясы)
М.Н. Сарыбеков, п.ғ.д., проф.
Б.С. Сарсекеев, п.ғ.д., проф.
Л.Ч. Сыдыкова, з.ғ.д., проф.
(Қырғыз Республикасы)
Р.Н. Юрченко, з.ғ.д., проф.
ВЕСТНИК
Евразийского
гуманитарного
института
Ежеквартальный журнал
Основан в 2001 г.
2
МАЗМҰНЫ
СОДЕРЖАНИЕ
ТАРИХ
Шаукенов Ж.А. Омбы қаласының тарихы мен қазақтардың қоныстану тарихы........................................... 5
Абишева Ж.Р. Патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатын жүргізудегі казактардың рөлі.............. 12
Лапин Н.С. Численность казахов в позднее средневековье и раннее новое время в современной
казахстанской историографии.................................................................................... ......................
18
Ілиясова К.М. Жоспарлы экономикадан нарыққа көшу (1992-1995 жылдар)................................................ 25
Тулеуова Б.Т. Проблемы развития казахского кочевого скотоводства в трудах русских исследователей
во второй половине ХІХ – начале ХХ веков..............................................................................
30
Ілиясова К.М. Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар (1991 жылдан бүгінге дейін)..................
37
Малыбаева Б.С. Центральный Казахстан в 1920-1930-е годы: особенности социально-экономических и
политических процессов в регионе........................................................................................
42
Джампеисова Ж.М. Пастбищная территория и ее объекты (на примере рассмотрения ценностного
значения земельных ресурсов для казахов Атбасарского уезда в конце ХІХ начале
ХХ вв.)...........………………..............................................................................................
48
САЯСАТТАНУ
Ибрагимова Г.Е. Халықаралық ұйымдардың қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі
мен орны...................................................................................................................................
55
Славецкий В.Ю. Исламский социально-культурный радикализм: история и современные реалии........... 61
Kamilla Sheryazdanova. Features and principal stages of entry of the Eastern European countries into the
European Union……………………….........................................................................
68
Славецкий В.Ю. Арабская весна и ее уроки...................................................................................................... 77
Таубаева Ж.А. Становление региональной безопасности в Центральной Азии: сотрудничество СВМДА
и ОБСЕ..........................................................................................................................................
84
ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
Рамазанова А.С. Соттардың мамандандырылуы және оның соттардың одан әрі біліктілігіне тигізер
әсері...........................................................................................................................................
91
ЭКОНОМИКА
Жүкібай М.Ы. Увеличение производительности труда в приоритетных секторах экономики.
Производительность-2020..........................................................................................................
99
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
Урунбасарова Э.А. Психологические проблемы нравственно-этического формирования личности.......... 107
Пошаев Д.Қ., Саипов А., Рысқұлов А. Арнайы пән оқытушыларының әдістемелік
даярлығы..................
112
Досанова К.К. Механизмы формирования межкультурной толерантности средствами музыкального
искусства.......................................................................................................................................
117
Жумабекова Д.Ж. Учитель от бога: профессор Н.М. Патрушева.................................................................... 122
Пошаев Д.Қ., Халмұратов Н., Кененбаева Р. Болашақ мұғалімдердің білім алу үдерісіндегі іс-әрекетін
ынталандыру мен реттеу.......................................................
127
Bibinur Zhumagaliyeva, Svetlana Utepova. Functional Role Adequacy Of Spouses in Single Ethnic
Family.............................................................................................
132
Танирбергенова А.Ш., Давлетова С.Е. Психологиялық тренингтерді қолданудың маңыздылығы........... 138
Власова Н.В. Роль знаково-символических средств в интеллектуальном развитии дошкольников............. 143
ФИЛОЛОГИЯ
Керімбекова Б.Д. Қазақ ақыны Ф. Оңғарсынова поэмаларындағы әйел тағдыры: тарихи тұлға және
көркемдік шешім....................................................................................................................
150
Корабаева А.А. Об отражении национально-культурных слов-реалий в художественном переводе.......... 155
Мұсабекова А.А. Кәсіби қазақ тілі сабағында студенттердің өз мамандығына құрметін арттыру............... 160
Рамазанова Ш.Ә. «Жеті қаған» жырындағы замана шындығы........................................................................ 165
3
Әбішева Ш.С., Қобланов Ж.Т. Фольклорлық сюжеттердің қазақ драматургиясындағы табиғаты............. 169
Қобланов Ж.Т. Сахна және өмір шындығы........................................................................................................ 175
Жиеналина Б.Т. Стратегия этнокультурного образования: методологический аспект................................. 180
Сарманова Ж.С. Прагматика и прагматическая адаптация перевода.............................................................. 187
Ачканова А.Т. Особенности перевода эмоционально-оценочной лексики на примере цикла
произведений А. Кристи об Э. Пуаро........................................................................................
193
Мұратова С.А. Адамның жағымсыз қасиетін білдіретін тілдік бірліктердің этнолингвистикалық сипаты ..197
Узденбаева Г.Д., Гауриева Г.М. Актуальные проблемы терминоведения русского и казахского языков. 201
Мурзабаева Э.Г., Гауриева Г.М. Культурологический аспект семантики топонимов (на материале
английского и казахского языков).............................................................
206
Рахимбекова Г.О. Проблема когнитивных стилей обучения в организации контроля сформированности
коммуникативной компетенции..........................................................................................
212
Жундибаева А.К. Шәкәрім Құдайбердиев шығармаларының 2000-2007 жылдар аралығында зерттелуі... 217
Сматова А.Ж. Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері................ 221
Байтанасова Қ.М. Көркем туындылардағы эмигранттық сана мен діни-философиялық сарын.................. 226
Мәмбетов Ж.О. Қазіргі қазақ прозасындағы бет пен бағыт.............................................................................. 235
Шаяхметова М.Х., Райнбекова Г.С. С. Мұқанов стилі: құрмалас сөйлемдердің қолданылу ерекшелігі... 242
4
Тарих
5
ӘОЖ 94 (574)
Омбы қаласының
тарихы мен
қазақтардың
қоныстану тарихы
Аннотация
Бұл мақалада автор қазақтар және олардың ата-
бабалары Батыс Сібірдің оңтүстік бөлігін ертеден,
яғни XIII ғ. бастап қоныстана бастағанын көрсетеді.
Жоңғар мемлекеті ыдырағаннан кейін, XVIII
ғасырдың
ортасынан
бастап
осы
аймаққа
қазақтардың «екінші» рет қоныстануы қарасты-
рылған. Мақалада Омбы қаласының салынуы
тарихы және қазақтардың қоныстану тарихы
зерттеледі.
Түйін сөздер: Омбы қаласы, қазақтар, Батыс
Сібір, сауда, қоныстану, бекініс, Ертіс, моңғол
шапқыншылығы, генерал-губернатор, жоңғар.
Омбы қаласының салынуы мен Батыс Сібір
жерлерін зерттелу тарихы орыстардың Ертіс
бойындағы
жерлерді
зерттелуімен
және
қоныстануымен,
қарақшы
Ермакпен
тығыз
байланысты. Дегенмен одан бұрын да орыстың
көпестері мен саудагерлері Сібір хандығына келіп,
осында сауда-саттық жүргізгені белгілі. Мәселен,
«Строгановская
сибирская
летопись»
атты
жылнамадағы (XVII ғасырдың 1-ші жартысында
құрастырылып жазылған) мәліметтер XVII ғасырға
дейінгі кезеңді қамтиды. Осында жазылған ақпарат
бойынша XVI ғасырдың 70-ші жылдарында
ағайынды Яков пен Григорий Строгановтар Сібірді
«зерттеуге» жөнелгенде, қазақтармен сауда-саттық
жүргізу құқығына ие болды [1, 92 б.].
1581 жылы Ермак шағын казак жасағымен
Көшім
ханның
жеріне
шабуыл
жасағаны
орыстардың
Сібір
жеріне
келіп
қоныстану
процесінің басы болып саналады. Көшім ханды
жеңгеннен кейін 1582-1585 жылдары Ермак Сібірдің
оңтүстік аймақтарына жорықтар жасағанда, қазіргі
Омбы облысының террито-риясына дейін жеткен
болатын. Тебенді және Ташетка қаласының
тұрғындары оның билігін мойындап, әрі қарай
жібереді. Ермак жасағының оңтүстікте жеткен ең
шеткі нүктесі - Усть-Шиш жері.
Бірнеше жылдан кейін, Андрей Елецкийдің
жасағы 1594 жылы Тара қаласының негізін қалады.
XVII-XVIII ғасырларда орыстардың Батыс Сібір
жерлерін отарлағанда ол қала форпост ретінде
қолданылды. Орыс шаруалары мен казактарының
облыс территориясын мекен етуінің басталуы XVII
ғасырда солтүстік жағынан басталып, «орман» мен
«даланың» шекараларын бұзған жоқ. Сонда
көшпенділер мен орыстардың арасында сан рет
Ж.А. Шаукенов
А. Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік
университеті, т.ғ.к., аға оқытушы
6
қақтығыстар мен шайқастар болды [2, 6 б.].
Ертіс бойының орта ағысын тез қарқынмен жаулап алуға аймақтағы қиын әскери-
саяси жағдай кедергі жасады. Тек 85 жылдан кейін М.П. Гагарин Сібір басқармасының
басшысы ретінде қызмет ете бастағанда Ертіске қарай жылжуға мүмкіншілік туды деп
есептеуге болады. М.П.Гагарин «құмды алтынды» іздеу үшін I Петр патшаға келіп өз
ұсыныстарын айтатын болған.
Көп ұзамай-ақ, ақша мен алтынды керек еткен I Петр «Алтынды құм бар жерлерді
иеленіп алу үшін подполковник Иван Дмитриевич Бухгольцтің басқаруындағы
экспедицияны жабдықтау туралы» жарлыққа қол қойып, екі әскери экспедицияны
жіберуге бұйрық береді, Тобылдан жоғары қарай Ертіс бойын зерттейтін экспедицияға
подполковник И.Д.Бухгольц көшбасшы болған.
Алғашқы Омбы бекінісі Ом өзенінің сол жағалауында гвардия подполковнигі
И.Д.Бухгольц басшылық еткен казак жасағымен 1716 жылы негізі қаланған болатын,
қазіргі уақытта сонда қалалық дума мекемесі мен әуен театры орналасқан. Алғашқы
гарнизоны найза, қылыштармен қаруланған 150 казак әскері мен 200 солдат болды.
Құрылыс жұмыстарын жүргізген инженер-поручик Каландер [2, 8 б.]. Омбы бекінісінің
территориясын былай суреттейді: «Ее восточная сторона шла от здания библиотеки им.
А.С.Пушкина, примерно к пересечению улиц Почтовой и Стачечной. Отсюда она
направлялась на юго-восток, а затем под прямым углом зеркально поворачивалась на
северо-восток. Западная сторона ограды отклонялась на восток, подходила к территории
современной улицы им. 10 лет Октября у предмостной площади» [2, 8 б.].
Кейін И.Д.Бухгольц Санкт-Петерборға шақыртылып, 1716 жылдың желтоқсанында
гарнизонды өз көмекшісі майор И.Л.Вельяминов-Зерновке тапсырады. Бухгольцтан кейін
Омбы бекінісінің дамуына көп әсер еткен тұлға - өте білімді, жоғары мәдениетті адам,
Сібір корпусының генералы Иван Иванович Шпрингер 1765 жылы корпусқа келіп Омбы
бекінісін зерттеп, Сібір корпусының Басқармасын Тобольскіден Омбыға әкелуге шешім
қабылдайды. Омбы бекінісі Батыс Сібірдің қорғаныс жүйесінің оңтүстік-батыс шебінің
ресми орталығы болады. Шпрингер бекіністің қорғаныс құрылымының деңгейін көріп,
Ертіс, Горький және Колыван шептерінде жаңа бекіністерді салуға мамандарды іздейді.
1768 жылдың көктемінде жаңа бекініс салына бастаса, 1771 жылы құрылыс аяқталады.
Жаңа бекініс 30 га аумағын алды, онда 4 мұнара және 4 қақпа болды: Омбы, Тарск, Тобыл
және Ертіс қақпалары. Бекіністі үлкен ор қоршап тұрды, екі бекініс арасында ағаштан
салынған көпір қосып тұрған. Жаңа бекініс қазіргі Красин, П.Некрасов, Жеңіс және Таубе
көшелерінде, өте ыңғайлы жерде орналасты. 1805 жылы ол Батыс Сібір қорғаныс
шептерінің ішінен ең мықты бекініс болып саналды. Оның гарнизоны сол уақытта 3463
солдат мен 92 офицерден тұрды [2, 10 б.].
Негізі қаланған жылдан бастап Омбы қаласы Жоңғар мемлекетімен тығыз қарым-
қатынасқа түсті. Ертіс шекаралық шебіндегі қорғаныс жүйесін салуда Омбы қаласының
рөлі ерекше болды. Одан кейінгі жылдарда орыс-қазақ саяси, әлеуметтік-экономикалық
байланыстарын нығайтуда Омбы бекінісінің рөлі арта түсті. Бекіністің оңтүстігіне қарай
көшпенділерге қарсы қорғаныс шебі - форпосттар салына бастады. 1782 жылы Омбы
бекінісі Тобол наместничествосының қаласы ретінде өзгертілді. Тарск уезінің оңтүстік
бөлігінен Омбы уезі бөлініп, 1785 жылы Омбыға елтаңба берілді. Омбы қаласы әскери,
мәдени, әкімшілік және сауда функцияларын атқара бастады. 1782 жылы қала мәртебесін
алып, Тобыл (1782-1798) округінің орталығы, Тобыл губерниясының (1804-22, 1839-68),
Омбы (1822-39) және Ақмола (1868-1918) облыстарының, Батыс Сібір (1824-1882) және
Дала (1882-1917) генерал-губернаторлығының орталығы болды. Омбы қаласының тарихы
Қазан төнкерісіне дейін Қазақстанмен тығыз байланысты болды. Осында Сібір шебінің
және Сібір казак әскерінің басқармалары орналасқан болатын. Атақты ресейлік мемлекет
қайраткері М.М.Сперанскийдің 1822 жылғы реформасы Сібірді екі генерал-
губернаторлыққа бөлді: Батыс Сібір және Шығыс Сібір генерал-губернаторлықтары.
7
М.М.Сперанскийдің реформасы бойынша 1823 жылы Ертіс, Жаңа казак шептерін
және қазақ жерлерінің солтүстік-шығыс бөлігін қамтитын Омбы облысы құрылған
болатын. 1838 жылы Омбы облыстық басқармасы таратылып, оның орнына Сібір
қырғыздарының Шекаралық басқармасы құрылды, 1854 жылы Сібір қырғыздарының
облысы, кейін 1868 жылы Ақмола облысы ретінде қалыптасты, жаңа облыстың әкімшілік
орталығы - Омбы қаласында орналасты [3, 36-37 б.].
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан Ресей өнеркәсіп орындары үшін өнім
өткізетін рынок және бай шикізат көзіне айналғаны мәлім. Капиталистік қатынастардың
пайда болуына және дамуына алғы шарттар жасалып, алғашқы өнеркәсіп орындары да
ашыла бастайды.
Ол ғасырға жуық далалық өлкенің қажеттіліктерін қанағаттандырып, орыс пен қазақ
халқының саяси және әлеуметтік-экономикалық байланыстарында маңызды рөл атқарды.
Статистика бойынша, 1870 жылдардың екінші жартысында Омбы қаласының тұрғындары
біршама азайыпты. Мысалы, 1860 жылы қала халқының саны 19,5 мың болса, 1870 жылы
ол 30,5 мыңға өскен, ал 1877 жылы 25 мыңға дейін азайған. 1840 жылы Омбы
қаласындағы қазақтардың саны 109 адам болса, 1897 жылы Омбы уезіндегі қазақтар
37680-ге (Омбы қаласында -105 адам), ал 1916 жылы 38970-ке жетті. Қала халқының
азаюы әскери қызметкерлердің оңтүстікке көшірілуімен байланысты.
Генерал-губернатор Колпаковский тұсында қалаға еуропалық Ресейден және
Сібірдің басқа жерлерінен қоныс аударушылар көптеп келеді. 1878-1888 жылдар
аралығында қала халқының саны 10 мыңға көбейеді. 1890 жылы қалада 39238 адам өмір
сүреді.
Санақта қазақтарды, алтайлықтарды, өзбектерді, түркімендерді, тәжіктер мен
татарларды «бұратаналар» деп бөлгені мәлім. 1890 жылғы есеп бойынша, олар 263 адам
болса соның 246-сы қазақтар екен. 16 қазақ ақсүйектер тегіне жатқызылыпты. Негізінен,
қала халқы саудамен, өнеркәсіппен, қолөнермен және басқа да кәсіптермен айналысқан.
1877 жылы Омбыдағы қолөнершілердің саны 1,5 мың болған. Көптеген қолөнершілер
өздерінің өнімдерін жәрменкелерде сатады. 1894 жылы қалада 29 жеке ұсақ өнеркәсіп
орны және бір ірі темекі фабрикасы жұмыс істейді. 1897 жылы қаладағы өнеркәсіп саны
73-ке дейін өссе, ал 1900 жылы 870 жұмысшыны қамтамасыз еткен 113 өнеркәсіп жұмыс
істейді. Негізінен, бұл өнеркәсіптің көпшілігі тамақ өндіруімен айналысады. Ал 1914
жылғы «Азиятская Россияның» бірінші томында ХХ ғасырдың басындағы Омбы қаласын
былай сипаттайды: «Омск - областной город Акмолинской области - в короткое время
изменил свою убогую «приказную» физиономию. Теперь это уже торговый, с широким
будущим, большой Сибирский город, насчитывающий до 128 тыс душ, раскинувшийся
верст на пять, на семь вдоль берега Иртыша с десяти тысячами разного рода здании, из
которых каменных свыше пяти сот. Наибольшая площадь перед собором в центре города,
здесь же у Оми у пристани главный пульс торговой партовой жизни Омска: грузятся и
разгружаются большие пароходы волжского типа, совершаются крупные торговые
сделки. Омск служит в настоящее время складочным местом для снабжения всеми видами
торговли как оседлого, так и кочевого населения обширного степного края, в городе
открыты специальные торговые биржи, работает большое число частных коммерческих
банков. Омск является так же поставщиком на всю округу земледельческих машин и
орудий, которых здесь продается ежегодно на сумму чем на три миллиона рублей. Фабрик
и заводов в Омске насчитывалось 182, с суммой производительности в 3700000 рублей.
Торговых заведений было в тоже время около тысячи с оборотом 21 миллион рублей» [4,
26-28 б.].
Ал енді Омбы облысындағы қазақтардың қоныстану тарихына келетін болсақ, Батыс
Сібір территориясын ежелгі заманнан түркітілдес тайпалар: қыпшақтар, керейлер мен
арғындар мекен еткені туралы барлығымызға мәлім. Батыс Сібір аймағының тұрғындары
көне заманнан бастап Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстандағы тайпаларымен
8
байланыс жасап тұрған болатын. Қазақтардың көпшілігінің басты кәсібі мал
шаруашылығы болса, көшпелілер маусымдық жайылымдардың бірінен соң біріне ауысып,
ұзақ уақыт көшіп жүрді. Бұрыннан келе жатқан көшу жолдарының бағыты бір үлкен
экономикалық немесе саяси жағдайлар болғанда ғана өзгерді, ол XIII ғасырда Шыңғысхан
жорықтарының себептерінен көптеген тайпалар қашып осында өздеріне жер тауып алған
болатын. Сонда басшылық рөлге керей тайпасы ие болды [5, 183-184 б.].
Осы жағдайды Орта жүз қазақтарының ру-тайпалық құрамын атақты зерттеушісі,
белгілі ғалым М.С. Мұқанов дәлелдеп отыр: «В начале XIII века кереи бежали в степи
Северного Казахстана под ударами Чингизхана... жестокость монголов вызвала бегство
некоторой части кереитов со старых кочевий. Многочисленные роды кереитов двинулись
по Иртышу, от его истока вплоть до реки Оми, оседая вдоль его берегов, а также на запад
от Иртыша, вплоть до кочевий племен аргын и кипчак. Кереи северной части Казахстана
являются потомками наиболее северных кереитов, пришедших в эти места во время
нашествия монголов и гибели раннего кереитского государства. Наиболее ранние
свеления об этих кереях мы находим в «Сибирских летописях», относящихся к XVIII
веку. Эти летописи говорят о существовании в Сибири тайбугинского рода ...» [6, 56-58
б.]. Осындағы жергілікті әулеттің негізін салушысы қазақ даласынан келген Тайбуға атты
адам деп есептеледі, ол Тура өзенінің маңында жерлерді иеленіп осында Чимги-Тура
(қазіргі Тюмень қ.) қаласының іргетасын қалайды [5, 184 б.]. «... и приводят целый ряд
интересных сведений по истории Сибири. Присоединение Сибири к России, нашествие
калмыков вызвали перемещение казахских племен с их исконной территории. Кереи,
некогда обитавшие по Тоболу, Туре и Оми, откочевали и обосновались несколько южнее,
на территории современного Северного Казахстана. После изгнания джунгар часть кереев
заняла свои исконные земли по Иртышу. К концу XIX века они расселились отдельными
группами...» [6, 56-58 б.].
XIII ғасырда Моңғолиядан Қазақстанның солтүстік-шығыс және солтүстік
аудандарына түркітілдес тайпалардың: арғындар, наймандар мен керейлердің жаппай
қоныс аударуы туралы жаңа заманның атақты зерттеушілерінің бірі - Н.А.Аристов: «
...спасаясь бегством после поражения, шли, оставляя свои земли перед напором монголов.
Тюркские племена Монголии должны были удаляться на запад приблизительно в той
самой географической последовательности, в какой жили в Монголии: впереди найманы,
меркиты, сзади кереи. Так это и было, как это подтверждается в общих чертах и
нынешним распространением этих племен в киргиз-казачьей степи...» [7, 7 б.] - былай деп
жазады.
Моңғол шапқыншылығынан кейін Батыс Сібір территориясы Жошы ұлысына кірді.
Ресми түрде Шайбанилық тармағынан шыққан хандарға қараса да, ал билік, шың мәнінде,
жергілікті түркі тайбұғалық әулетінің қолында болды. Алтын Ордада болып жатқан
барлық оқиғалар Батыс Сібір аймағына тікелей әсер етті. Алтын Орданың хандары тақтан
түсіріліп қашқанда, баратын жер Батыс Сібір аймағы болды. Сонда жергілікті тайпалардан
қолдау тауып билік үшін күресті жалғастырған болатын. Мысалы, Едігеден жеңіліс тапқан
Тоқтамыс хан Об, Том және Шулама өзендерінің алқаптарында үлесін алады.
Шайбанилық Махмұд Қожа Ақ Орда ханы Барақтан жеңіліп Батыс Сібірге қашып кетеді,
осында ноғайлардың көмегімен хан етіп жарияланады [5, 184 б.]. Біздің ойымызша, егер
де Батыс Сібірде қазақ тайпаларына қатысты немесе қазақ тайпаларына туыс рулар мекен
етпесе, онда көптеген хандар осында келіп, қолдау таппас еді.
Айта кететін жайт, қазақтың аса ірі тарихшысы, академик Манаш Қозыбаев
Қожабергеннің осы «Елім-ай» дастанын жоғары бағалап, оны «ұлтымыздың Илиада мен
Одиссеядай эпикалық өміршең трагедиясы» деп жазды. Сонымен қатар ол осы дастанның
иесі Қожабергенді «дүлділ тарихшы» деп бағалап, оның шығармасында «бүкіл дәуір
суреттеледі» деп атаған [1, 92 б.].
9
Дастанда айтылған қазақ-керейлердің батысқа қарай, яғни Солтүстік Қазақстан
территориясына көшуін М.С.Мұқанов өзінің еңбегінде дәлелдейді: «Присоединение
Сибири к России, нашествие калмыков в казахскую степь вызвали перемещение
казахского племени кереев, некогда обитавших по Тоболу, Туре, Оми, как об этом
говорится в «Сибирской летописи», откочевали и обосновались южнее Сибири, заняв
территории Северного Казахстана. После изгнания джунгар часть родов племени керей
заняли отдельные места в долине Иртыша...» [6, 58 б.].
Керейлерден басқа Омбы облысы территориясында қыпшақтардың мекен еткені
туралы қазіргі Омбы облысының Русскополян ауданы Бозан ауылында қыпшақтардың
ескі зираты «Сағал зираты» атты қорғаны сақталды, жақында оның «жасы» 600 жылға
толды [1, 92 б.].
Әртүрлі деректерді пайдалану үшін орыс жылнамаларына да назар аудару керек,
соның ішінде «Строгановская сибирская летопись» жылнамасы. Ол XVII ғасырдың 1-ші
жартысында құрастырылып жазылған болатын, бірақ соның ішіндегі мәліметтер XVII
ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Осында жазылған ақпарат бойынша XVI ғасырдың 70-ші
жылдарында ағайынды Яков пен Григорий Строгановтар Сібірді «зерттеуге» жөнелгенде,
қазақтармен сауда-саттық жүргізуге құқығына ие болды: « ... а на сибирского салтана
Якову же и Григорью, сбирая охочих и своих людей, и остяков, и вогулич, и югрич, и
самоед, с наемными казаками и с нарядом своим посылати воевати и в полон сибирцев
имати и в дань за государя приводити; а станкт приходити в те крепости к Якову и к
Григорию торговые люди бухарцы и Казацкие орды и иных земель с какими товары, и им
у них торговати вольно беспошлинно...» [8, 388 б.].
Сол жылнаманың ішінде керей ханы Тоғырыл, яғни Ван ханның ұрпақтары,
Шыңғысхан әскерлерінен қашып бара жатқанда, қазіргі ресейлік қала Түмен (Тюмень)
қаласының маңайына орналасқаны туралы ақпарат бар, бірақ сол жерде қоныс тебуі үшін
олар Шыңғысханнан рұқсатын сұрап алады: «... Чингиз же отпусти его (сына Ванхана
Тайбугу) амо же хощет, и тамо да пребывает. Он же пришед на реку Туру и поставиша
град и назва его Чингий, на ныне на том месте христианский град, рекомый Тюмень...» [8,
396 б.].
Дәл осындай мәліметтер басқа да орыстың «Есиповская сибирская летопись»
жылнамасында айтылады, ол 1636 жылы Сібір митрополитінің дьяк Савва Есиповпен
құрастырылды. Бірақ осында Строганов жылнамасынан кейбір айырмашылықтар бар, бұл
жерде Сібір ханы Көшім Қазақ Ордасынан шыққан деп айтылады: «...прииде же степью из
казачьи Орды царь, зовомый Кучум битвою сечься со многими воинскими людьми...» [8,
421 б.] Одан басқа, Көшім ханның айналасында тағы да бір қазақ сұлтаны бар болғаны
туралы айтылады [8, 440 б.]. Осы жылнамадан үзінділері сібірлік аймақтың жергілікті
тұрғындары мен қазақтарының ертеден бастап қоянқолтық байланыс жасап отырғаны мен
қазақ тайпаларының Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі мекен еткені туралы дәлел болады.
Келесі жылдардағы оқиғалар кейбір қазақ тайпаларының қоныс тепкен картасын
өзгертіп жіберді, соның ішінде ең көп зардап шеккен тайпа Орта жүздің керей тайпасы
болып табылады. XVII ғасырда Орта жүздің солтүстік және солтүстік-шығыс жерлеріне
жоңғарлардың шапқыншылығы. М.С.Мұқановтың пікірінше, Сібір жерлерінің Ресейге
қосылуы мен жоңғарлардың қазақ даласына жасаған шабуылы Тобыл, Омь және Тура
өзеңдерінің бойларында көшіп жүрген керей тайпасының Сібірден оңтүстікке қарай,
қазіргі Солтүстік Қазақстан аймағына орнын ауысуына әкеп соқтырды [6, 58 б.].
Өкінішке орай, осы жағдай туралы ресейлік зерттеушілер мен ғалымдардың ішінен
өте сирек айтылады.
XVI ғасырдың 1-ші жартысында керей тайпасының Есбол және Есеналы
тармақтарының көшуі жөнінде Омбы облысының оңтүстігінде ауыз әдебиет ескерткіші
ретінде сақталған «Жолдыбай ақын мен Баймағамбет қожаның айтысы» [9, 42-43 б.] да
дәлел болады. Осы айтысты зерттеп қарастыратын болсақ, оның қысқа мазмұнын мен
10
тарихын айту керек еді. Қарастырылған айтыс қазіргі Омбы облысының ауыз әдебиетінің
зерттеушісі Абдрахманов Рақымжаннан жазылып алынған болатын, айтыстың өзі 1914
жылы «Отын үйген» деген жерде керейден Жолдыбай мен Баймағамбет қожа арасында
өтті.
Ал енді территориалдық немесе географиялық мәселені алсақ, Омбы облысындағы
керей руының зерттеушісі Шарипов Кайкеннің мәліметтеріне сүйенуге болады. Ол
бойынша, Есболдың ұлы - Сарының ұрпақтары XVI-XVII ғасырларда қазіргі Омбы
облысының Черлакский және Таврический аудандарының территориясында Ертіс өзенінің
екі жағалауында көшіп жүрді. Келесі топонимика: Байдауыл-Омбы облысының
Павлоградский ауданының Тихвинское селосы, Кайсары (Сарының ұлы) - сол аудандағы
ауыл оған дәлел бола алады [9, 43 б.].
Осыған байланысты 1820 жылы «Сибирский вестник» журналының беттерінде
жазылған Г.Спасскийдің сөзін атап кетуге керек: «...при самом покорении Сибири
Российским оружием, киргиз-кайсаки, или по тогдашнему Казачья Орда, обитали, во-
первых, от реки Ишима, где ныне город сего имени до Тобола, где город Курган и до
речки Тары... после того в начале XVIII столетия киргизы опять показались...» [1, 94 б.].
Бірақ қазақтардың мекен ететін территориясы жөнінде нақты және қызық
мәліметтерді «Описание Средней Орды киргиз-кайсаков» еңбегінің авторы, XVIII
ғасырдың екінші жартысында сібір шекаралық шебінде тұрып, әскери қызмет еткен
И.Г.Андреев белгілеп жазады: «...о древних границах сего народа по происхождению их с
места на место ясно доказать никак не можно... Здесь же заличное сочтено, объявить
известное, что границы сего народа, со времени взятия Сибири и по совершеннои
покорении татар от реки Ишима, где ныне город Ишим, на реку Тобол, где город Курган,
и на реку впадающую в Тар, где город Тара. Но в последние времена, по учреждении и
заведении Иртышской линии до крепости Усть-Каменогорской, отнесены так же и
отграничены в 1752 году Новою линею от Звериноголовской через Тарскую, Ишимскую и
Тобольскую дистанции на Крепость Омскую, то сии киргизы или, по тогдашнему
названию, Казачья Орда, отошли далее в степи» [10,47 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |