Ғдебиет сабаєындаєы шыєармашылыќ жҢмыстар



бет1/17
Дата04.11.2022
өлшемі240 Kb.
#47375
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Мазмұны
І Кіріспе --------------------------------------- 1-3

І Тарау


1.1. Шығармашылық туралы ұғым --------------------------- 4-7


1.2. Әдебиет сабағында оқушыларды шығармашылық жұмысқа
төселдірудің негізгі әдістері ----------------------- 8-10


1.3. Шығармашылық жұмыстың міндеті мен мақсаты-------------- 11-13


1.4. Шығармашылық жұмыс түрлері ------------------------------------ 14-20


ІІ . Тарау



2.1 Шығармашылық жұмыстың тиімділігі ----------------------------- 21-23


2.2 Шығармашылық жұмыс – ізденіс жолы ---------------------------- 24-30


ІІІ Қорытынды.


3.1.Әдебиет-ақиқат өмірдің сырлы суреті,
халықтың көркем тарихы --------------------------31-32


Кіріспе

Оқушы шығармашылығын дамыту әдебиет сабағында шығармашылық жұмыстар жүргізу қажеттілігі арқылы оқыту мен тәрбиелеу процесінде заман талабынан туындайды.Өйткені қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр- сипаты мүлдем бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет -қасиетіне ие жаңа адам пайда болады.Қазіргі кезеңде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін талап етеді.Мол шығармашылық мүмкіндікті өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемдеп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді.


Алдымен шығармашылық деген ұғым жайында түсінік беріп алсақ. Ол- бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда , тіршіліктің көзі.Табиғат, қоғам құбылыстарында, жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде –бәрінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады.Және ол процесс жүйелі түрде, белгілі бір табиғи заңдылықтармен, табиғи жүйемен дамиды. Шығармашылықтың түрлері де көп.Алайда, менің мақсатым болған, сөз өнері-солардың ішіндегі ерекше саласы.
Сөз өнері жеке адамның шексіз мүмкіндігін ашу қасиетімен құдіретті.Сөз өнерінің осы қасиеті әрбір көркем шығарманы меңгерту, олардың стилін, поэтикалық тілін таныстыру, сөз, оның көтеретін идеялық-эстетикалық жүгін таныту арқылы емес, нақты, жанды шығармашылық процесс үстінде ғана балаға сәулесін түсіреді.Алайда, неліктен шығармашылыққа үйретудің бірден-бір мазмұн -формасы-көркем сөз деген сұраққа тіреледі.Негізінде ,”Әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Мысалы, біреу музыкадан, біреу сұлу суреттен, біреу поэзиядан дегендей.Искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмарланбайтын адам болмайды,”-деген М.Жұмабаев. Әйтсе де сөз өнерінің рөлі бәрінен биік екеніне ешкім дау айта қоймас.Оған дуалы ауыздан шыққан мына пікірлер дәлел:
”Өз ойын жаза білу- зиялылықтың ең бірінші белгісі.Мұндай қасиет адамдардың бақылағыштық қабілетін, қиялын, фантазиясын дамытады, адамзатты өркениеттендіреді”- деген әдіскер А.Рыбаков.
Ендеше оқушыға сөз өнерін меңгерту-қазақ педагогикасының да алға қойған мақсаттарының қазығы болуға тиіс.Ол үшін оқытудың мазмұны мен әдістемесін оқушылардың жас ерекшелігін, қызығушылығын, бейімділігін ескере отырып, түбірлі өзгерту, оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп, баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндеті туындайды.
Әдебиет- сөз өнері.Сөз -өнердің бір саласы болғандықтан, әдебиетті ұлағатты адамдар “адамтану құралы” десе, әдебиет пәнін “адам тәрбиелеу құралы” дер едік.Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын игеруден жай білім беріп қана қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы-жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді.Әр сабақта адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық,тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек болады.Бұл пән арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді, жасөспірімдер алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті мен ақ сенімі көрінеді.Сондықтан әдебиет пәнін оқытуды жетілдіру осы пән мұғалімдерінің үнемі көңіл бөлуге тиісті өмір талабының бірі.
Олай болса, оқушылардың шығармашылығын жетілдіруге, дағдыларын қалыптастыруға байланысты оқыту әдістерін, жұмыс түрлерін ізденіс арқылы өмірмен байланыстырып, тартымды да, қызықты жүргізу - бүгінгі уақыт тудырып отырған талаптың бірі.
Әдебиет сабағында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға үйрету, шығармашылықпен белсенді, тұрақты айналысуға ең икемді буын, орта буын оқушылары.Оның өзіндік ерекшеліктері де бар:

  • бұл кезеңде-ойлау процесінің өзіндік ерекше стилі қалыптасатын, түрлі болжамдар, қорытындылар құруға философиялық шарықтауға, қиял романтикаға, ой, қимыл, сезім шапшаңдығына бой ұратын, шығармашылық күшін сынауға өзін танытуға құштар болып келетін жас;

  • шығармашылыққа жасөспірімдердің барлығы дерлік ұмтылып тұрады;

  • жасөспірімдер ақыл-ой қабілеттілігін тек өзін қызықтырған іске

ғана бағыттайды.Әсіресе орта буынды оқыту мазмұнын, форма-әдістерін баланың икемділігі мен қызығушылығын саралай отырып ұйымдастыру қажеттілігі осыдан туындайды.

  • Бұл жаста барлық баланың жан дүниесі нәзік, лирик болып келеді, бүкіл болмысы поэзиядан құралады.

  • Осы жас кезеңінде балалардың 10-11 сынып оқушыларына қарағанда, қаламы тез төселеді.Әдеби тілді, сауатты жазуды шапшаң меңгереді.

  • Бұл кезеңде балалар мазмұндама, мінездемеден гөрі әңгіме, өлең, ертегі жазуға ерекше құштар әрі қабілетті.

  • дер кезінде орта буынның шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалуы мүмкін.

Бүгінгі шәкірттердің көпшілігі ішкі сырын жасырын ұстап, оны көпке шаша беруді онша ұнатпайды. Бұны күнделікті сабақ барысынан байқап жүрміз. Көркем шығарманың табиғатын, кейіпкердің жан дүниесіндегі толғаныс иірімдерін беруде, баяндауда алдымыздағы шәкірттің сөзі сараң, сезімі солғын; оқиғадағы басты тұлғаға мінездеме беруде, оның мінез-құлық, портретін, ішкі психологиялық әлемін, іс-әрекетін баяндарда, оқушыларымыз бейжайлық танытып, сыртқа өз сезімін шығара қоймайды.
Әдебиет сабағын кейде ғылыми тұжырым мен нақты қорытындының тоғысар бекеті десек, кейде ішкі сезімдердің өзара байланысқа түсіп, қызу таласқа ұласар мекені деп те бағалауға болады. Сондықтан жеке тұлғаның өзін байқатар қасиеті мен даралық пікірлері де пән сабағында аңғарылуы шарт. Шәкірттің өзін тартып ұстап, сөз байламында ұсыныс-пікірін тежеп ұстаса, ұстазбен диалог-монологта жарысқа түспесе, ол қалай жан-жақты дамымақ? Осы бір мәселеде мұғалім болып істеген 40-қа жуық жылдар өзімді қатты толғандырып, кейде мазалаған ой өзіме еріп келеді. Шығармашылыққа негізделген жазба жұмыстарын еркін жаздыру –шәкірттер үшін өзекті мәселенің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет