Ғылым концепциясы: ғылым философиясы мен методологиясына қатысты негізгі ыңғайлар



Дата21.10.2022
өлшемі9,69 Mb.
#44654
Байланысты:
философия презентация

Ғылым тарихының методологиясы


Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университеті

Орындағандар: Досмағамбетова Гүльзакира

Мұханова Мәншүк

Әбен Арайлым

Әлсейіт Жадыра

Топ: х-22-1м


Ғылым тарихының өзіндік заңдылығы
Ғылым методологиясы
Ғылым тарихы мен методологиясының Қазақстандық мектептері
Ғылым философиясы—ғылымды адам іс-әрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылым философиясының негізгі идеялары мен принциптері XVII ғасырда қалыптаса бастаған еді, өйткені классикалық ғылымның негізін құрған тәжірибелік, эксперименттік жаратылыстану сол кезде шыққан еді. Бірақ ол тек XX ғасырдың екінші жартысында ғана дербес философиялық пәнге айналды.
Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін ғылыми білімнің тез өсуі және жаңа ғылыми жаңалықтардың техникада кең қолданыс табуы өнеркәсібі дамыған көптеген елдерде ғылыми-техникалық прогрестің кеңінен өріс алуына алып келді. Ал бұл ғылымды дамыту, ғылыми білімнің даму қарқынын жылдамдату және ғылымның өнеркәсіппен, бүкіл халық шаруашылығымен байланысын күшейту істеріне деген қоғамдық мүддені жандандырды. 
Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын философтардың еңбектерінде қолданылып, ғылым тілін философиялық тұрғыдан зерттеулер тек ғана формальдық логика шеңберінде болуы керек, ал ғылыми ұғымдарды эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді.
Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін ғылыми білімнің тез өсуі және жаңа ғылыми жаңалықтардың техникада кең қолданыс табуы өнеркәсібі дамыған көптеген елдерде ғылыми-техникалық прогрестің кеңінен өріс алуына алып келді. Ал бұл ғылымды дамыту, ғылыми білімнің даму қарқынын жылдамдату және ғылымның өнеркәсіппен, бүкіл халық шаруашылығымен байланысын күшейту істеріне деген қоғамдық мүддені жандандырды. 
Осындай қоғамдық қажеттіліктерге жауап ретінде түрлі ғылым салаларын зерттеуге бағытталған бір қатар жаңа пәндер туды: ғылымтану (науковедение), ғылым экономикасы мен социологиясы, ғылым тарихы және ғылыми зерттеу психологиясы сондай ғылымдар қатарына жатады. Бұл ғылымдардың ішінде жетекші орын алатын ғылым философиясы болды.
Егер ғылым тарихы деструкциялық, яғни тек баяндаушы ғылым ретінде түрлі ғылымдардың түрлі тарихи кезендерде ашқан жаңалықтарын ретіне қарай баяндап берумен айналысса, ғылым философиясының басты міндеті ғылыми таным процесін, оның заңдылықтарын зерттеу болып табылады. 
Ғылым философиясының негізгі пәні:
қоғам дамуының түрлі тарихи кезеңдерінде ғылыми білімдерді өндірудің, ақиқаттығын тексеріп, негіздеудің жалпы заңдылықтарын зерттеу болып табылады.
Методология (грек. metodos – таным жолы, logos – ілім) : Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық, танымдық-теориялық] тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философия тарихында методологиялық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды.
Ертедегі философиялық жүйелерде методологияның негізі салынды. Аристотель ашқан ойлаудың формалары мен заңдылықтары барлық ғылыми зерттеулер мен ғылыми жүйенің құрылысы үшін аса маңызды болды.
Ағылшын философы Ф.Бэкон материяны және оның әр түрлі формаларын материалистік философия принциптері негізінде жан-жақты зерттей отырып, байқау мен экспериментке сүйенетін методологияның ең негізгі, тиімді әдіс деп есептеді. Р.Декарттың “Әдіс туралы ойлауында” Бэконныңэмпиризміне қарсы қойған рационалистік әдісі де белгілі бір филосфиялық принциптердің салдары болды.
Жаңа дәуір философиясында жаратылыстану ғылымының қарқынды дамуына байланысты методология теориялық ойлаудың негізіне айналды. Бұл дәуірдегі методологиялық ғылым ретіндегі философия математиканың философиялық құрылысын үлгі ретінде ала отырып, табиғи ғылыми жүйелілікке және дәлдікке ұмтылды. 
XVII-XVIII ғасырларда дәл ғылымдардың философияға әсерінің ұлғаюы жаратылыстанудың методология ретіндегі механикалық материализмнің кеңінен таралуына септігін тигізді. И.Кант “Таза ақыл” жүйесінің формальды шарттарын ашуға тиіс трансценденталды методология идеясын ұсына отырып, философияны методологияға айналдыруға ұмтылды. Кант одан кейінГ.Гегель қарапайым әдісті кез келген ғылым (механика немесе математика) үшін даму принципі етіп алғысы келмеді.
ХX ғасырда ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы методологияның ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді.
Методологияның 3 деңгейі бар:
1. Философиялық методология – жалпы әмбебап әдіс туралы ілім,таным мен тәжірибенің жалпылама принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі.
2. Жалпы-ғылыми методология ғылыми танымға ортақ жүйелілік, модельдеу, құрылымдық-функционалдық талдау, ықтималдылық секілді әдістерді зерттейді.
3. Жеке-ғылыми методология жекелеген ғылымдар саласында қолданылатын әдістерді, принциптерді ғыл. танымның деңгейлеріне қатынасында қарастырады.
Кеңестік дәуірден кейінгі уақытта қазақ және түркі философиясы арасындағы байланысты тереңдету мәселесі өзекті бола түсуде. Сонымен қатар XX ғасырда кең дами бастаған жаңа философиялық ойлау типтерін игеру маңызды болып отыр.
Қазақстандағы қазіргі философияның алдында жаңа әлеуметтік және саяси шындықтың күрделі мағынасын ашу, өтпелі кезеңнің қайшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау, тәуелсіз Қазақстанның өркениетті елу ел қатарына кіруінің мәдени-тарихи алғышарттарын байыптау сияқты қиын да күрделі міндеттер тұр. Жаңа философиялық білім беру, ғылыми-техникалық, ұлттық және мәдени саясатты қалыптастыру мәселелері сананың азаматтық қоғам мен нарықтық экономиканың құндылықтарына бағдар ұстануын қажет етеді.
Қазақстанда Ш.Уәлихановтың қоғамдық прогресс философиясы, Құрманғазы мен Дәулеткерейдің музыкалық эстетикасы, Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту философиясы мен Абай Құнанбаевтың адам философиясы дүниеге келді. Ал XІX ғасырдағы қазақ философиясының ұлы ойшылдарына Ш.Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Шоқаев және басқалар жатады. Олар тәуелсіздік пен егемендікті ту етіп, ұлттық идеяны іске асыруға тырысты. Ал кеңес өкіметі кезінде ұлттық философияға жол ашылмай, негізінен, бізге жат еуропалық маркстік-лениндік философия үстемдік етті.
Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі – халықараралық ауқымда танылған отандық философия зерттеу бағыты. Бұл философия мектеп өкілдеріні- Ж.М.Әбділдин, Ә.Нысанбаев, К.Рахматуллин, М.С.Орынбеков, М.Сәбитов. Олар ғылымда кез келген қозғалыс пен дамудың қайнар бастауы әрі тіршілік ету шарты – диалектика. Қарама-қарсылықтарға сүйенетін ғылыми ойлаудың жасампаздық әдебін қалыптастыру идеясын негіздеді. Бұған қоса тұтастықты өздігінен қозғалу және қажетті ішкі байланыстылық арқауларын қарастыру арқылы ақиқатқа жетудің маңызды принциптерін талдады.
1974 ж. қазіргі заманғы ғыл. танымның логикалық-методол. проблемаларын жүйелі түрде зерттеу қолға алынып, Қазақстан Ғылым Академиясының Философия институтында (қазіргі Филос. және саясаттану ин-ты) жаратылыстанудың филос. мәселелері бөлімі ашылды. Ол 1996 ж. ғылым мен техника философиясы бөлімі болып қайта құрылды. Осы кезден бастап республикада Ғ.ф.м.м.қ.м. қалыптасты. Осы мектептің ғылыми деңгейінің көтерілуіне Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ғалымдары да үлес қосты.
Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебінің қалыптасу тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: 
1-КЕЗЕҢ (1960–70) - тұтастай алғанда ғылыми танымның логикалық-методологикалық проблемаларын диалектика тұрғысынан талдаумен байланысты болды. Философтардың осы кезеңдегі еңбектерінде ХХ ғ. 2-жартысындағы ғылымның логикалық-гносеологиялық аспектілері мен проблемалары қарастырылды. Қазақстан философтарының бұл бағыттағы ғылыми-зерттеулері Ресей, Польша, Германия, Венгрия, Болгария, т.б. елдердің беделді ғылыми басылымдарында жарық көріп, олар ғылым философиясы мен методологиясын өркендету ісіне серпін берді
ХХ ғ. 80-жылдарынан 2-кезең басталды. Ол пәндік-практикалық қызметтің субъекті ұғымын алдыңғы шепке шығарып, ғылыми теориялардың әлеуметтік-мәдени өлшемдеріне мүдделілікті арттыруымен ерекшеленеді. Осы кезеңдегі қомақты мәселе – «Ғылыми танымның және әлеуметтік қызметтің логикасы ретіндегі материалистік диалектика» жетекші орынға шығып, әлеуметтік-мәдени ауқымда байыпталды. Мұның өзі көптеген тың идеялар мен материалдарды ғылыми айналымға енгізуге мүмкіндік берді. Бұл бағытта қазақстандық философтардың іргелі еңбегі саналатын төрт томдық «Диалектикалық логиканың» 4-кітабы:
1.«Осы заманғы жаратылыстанудың методологиясы ретіндегі диалектикалық логика» 1985ж. Ә.Нысанбаев, Р.Кубанов,
2.; «Осы заманғы ғылымның әлеуметтік және этикалық проблемалары», 1988;
3. Ұжымдық еңбектер: «Ғылымның категориялық аппаратының генезисі», 1990;
4. «Ғылымның логикалық-гносеологиялық талдауы», 1990; т.б.) жарық көрді.
20 ғ-дың 90-жылдарынан қазіргі заманғы талаптарға сай 3-кезеңі өрістеді.Бұл кезең ғылым мен техниканы таза марксшілдік талдау шеңберінен шығып, жаратылыстың және дүниетанымдық проблемаларын зерделей зерттеумен ерекшеленеді. Отандық философиялық мектеп бұл кезеңде пәндік-практикалық, әлеуметтік-мәдени қызметтің идеологиялық қасаңдықтан арылған принциптеріне сүйеніп, тарихи-философиялықтарихи-мәдени мол мұраларды пайдалана отырып, әлеуметтік және жеке тұлғалық болмысты танудың аса маңызды диалектикалық-логикалық принциптерін қорытты.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет