«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


  Воробьев В. В. Лангвокулътурология. - М.: Издательство Российского



Pdf көрінісі
бет60/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   137
1. 
Воробьев В. В. Лангвокулътурология. - М.: Издательство Российского 
университета дружбы народов, 1997. 
2. 
Караулов Ю Н. Русский язык и языковая личность. - М: Прогресс, 1999. 
3. 
Карасик В.И. Язык социального статуса. — М.: Гнозис, 1992. 
4. 
Сулейменова Э.Д., Шаймерденова Н.Ж., др. Словарь 
социолингвистических терминов. Астана: Арман-ПВ, 2008. 
5. 
Сулейменова Э.Д. Русский язык и этнодемографические процессы в 
Казахстане. // Русский язык в контексте этноязыковых процессов Республики 
Казахстан. Сб. мат-лов конференции. - Астана, 2008. 
Резюме 
В данной статье раскрываются особенности речевого поведения представителя власти 
в политическом дискурсе Казахстана 
Summary 
This article reveals specifics of public authoity linguistic person’s verbal behavior in the 
political discourse of Kazakhstan.


 
 

 

 
53 
 
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Финологические науки», ЛЬ 2 (32). 2010
 л
 
 
 
 
 
ГОВОРЛАРДАҒЫ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
 
Ш.Қ. Искакова - 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы, 
Қостанай қаласы 
Лексикалық сипаты жағынан говорлардағы күрделі сөздер (КС) әр жақты болып 
келеді. КС сыңарлары барлық сөз табынан жасалады, бірақ олардың өнімділігін бірдей деуге 
болмайды. КС-дің қай - қайсысы болсын біртұтас мағынаны білдіретіндіктен, міндетті түрде 
белгілі бір сөз табына қатысты болады, соған тән қызмет атқарады. Говорлардағы КС-дің 
қай сөз табына жататыны негізінен олардың соңғы сыңары арқылы анықталады. Мысалы, 
аткөшек (Алм.: Кег.) «қайта көшіп келген (адам)», атжол (Қ.орда) «көпір», атқұлақ 
(Шымк.) « томарбояу», атшөлке (Қ.орда) «киіз қамыт», дарұлтан (Орал) «мәсі», дәсорамал 
(Шымк.) «беторамал», дүбіраяқ (Сем.) «ерте туған төл», жар газет (Ақт.; Орал) «қабырға 
газет» т.б. зат есімдерге; айқұлақтану (Қыт.) «шағындап қаулай өсу», дауел болу (Сарат.) 
«дауласу, керісу», демі қосылу (Қыт.) «ынтымақтасу, сыйласу», т.б. етістіктерге; дем 
сағатта (Талд.) «лезде», жебеқабыл (Гур.) «жедеқабыл, асығыс», бір пәс (Алм.) «біраз, 
сәл», еркесоқ (Маңғ.) «ерке, шолжың», жалбызбалап (Шығ. Қаз.) «ептеп, аздап» т.б. 
үстеулерге; ешнәсте (Алм.) «ешнәрсе», ешқайға (Тау Қош.) «ешқайда», т.б. есімдіктерге; 
жалаңқат (Жамб.) «жалаң қабат», жанды жұтқан (Түрікм.) «жүрек жұтқан», жаны өткір 
(Көкш.) «қайратты, өткір», жел бұйре (Қыт.) «жеңіл мінезді, желөкпе», көкпекөк (Алм.) 
«үшінші қайтара егілген жоңышқа» т.б. сын есімдерге жатады. 
Ф.Ганиев КС-дің қай сөз табына жататынын соңғы сыңарға қарап анықтауға 
болмайтын түрлерін ерекшелік түрінде көрсетеді де, оған татар тіліндегі сонғы сөзі демеулік 
болса да, сын есім болатын шарсыман «шар сияқты», соңғы сөз қимыл есімнен болса да, зат 
есім болатын жиртетреу «жер сілкіну» сияқты КС-ді жатқызады [1: 22]. 
Қазақ говорларында мұндай құбылыс соңғы сыңары демеулік немесе қимыл есімі 
болатын тек біраз КС-ге қатысты ерекшелік түрінде емес, біріккен тіркесті КС-дің үлкен 
тобына тән екенін көреміз. Әсіресе зат есім КС-де көп кездеседі. Мысалы, батыр шалыс 
(Қар.) «батырсымақ, батырлау», бау сұрау (Жамб.) «егін орып баулап жатқанда 
сұраушыларға берілетін үлес», бауыр aлy (Жамб.) «бала тез еңбектеу үшін жасалатын 
ырым», бауыркеппе (Көкш.) «бір ұршық жіп», баутағар (Түрікм.) «білезік», бірсапар 
(Көкш.) «ердің бір түрі, желқом», көріс айтты (Қыт.) «көрісу, жоқтау», қарақасқа (Жамб.) 
«асыл мата», құбиын керегі (Моңғ.) «іс жөніндегі кітапша», мәдембоз (Ақт.) «жұқа ақ мата» 
т.б. сияқты КС-дің соңғы сыңарының басқа сөз таптарынан екеніне қарамастан, зат есімдер 
болып тұр. 
Екінші сыңары басқа сөз таптарынан болған басқа сөз таптары да баршылық. 
Мысалы, дәм атан (Маңғ.) «оқыған, білімді, көзі ашық», бұлды сатпайы (Арал) «артық 
сөйлейтін», ақ қаптал (Алм.) «білімді», көрсе басар (Жамб.) «корсе қызар», қосабала 
(Жезк.) «орнықты, байыпты», қосурей (Қ.орда) «жарамсыз, нашар», құйрығы жоқ ит (Қыт.) 
«баянсыз, екіжүзді», құлан тағы (Орал) «құлантаза, үзілді- кесілді» т.б. сын есімдер 
мағынасында; мәзі жоқ (Маңғ.) «берекесі жоқ», мұз қаракөк (Маңғ., Орал) «түгел, тегіс 
аман», неше кәрре (Қост.) «бірнеше, әлденеше», нешік түрлі (Павл.) «неше түрлі», недейбір 
(Маңг.) «қайсыбір», не секілді (Тау Қош.) «неше түрлі» т.б. есімдік мағынасында 
қолданылып жүр. 
Жоғарыда келтірілген біріккен және тіркесті күрделі сөздердің сөз таптарына қатысы 
жағынан талдасақ, олардың бірыңғай сипатта емес екенін көреміз. Мәселен, сабақтас 
байланысудың түріне жататын изафеттік 1, 2, 3 типтері арқылы жасалған КС өз ішінде 
анықтаушы - анықталушышық қатынаста қосымшасыз қабысу арқылы (1 тип), анықтаушы - 
атау септігінде, анықталушы сыңары тәуелдік жалғаудың 3 жағында келуі арқылы (2 тип) 
немесе анықтаушы сыңары ілік жалғауда, анықталушы сыңары тәуелдіктің 3 жағында келуі 
арқылы (3 тип) қалыптасқанымен, олардың бәрінің сыңарлары зат есімдерден жасалып тұр. 
Ср. изафеттің I типіндегі ешкіқұйрық, шишақпақ, атжал; изафеттің 2 типіндегі сияшыны, 
ағаш шайы, дихыл күні; изафеттің 3 типіндегі тасбақаның дауылы, жайдың тырнағы, 
бостың суы т.б. 
Сабақтаса байланысуға жататын толықтаушы - толықтанушы, пысықтаушы - 
пысықталушы қатынастарға негізделген біріккен және тіркесті күрделі сөздердің сыңарлары, 


54
 
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж. 
изафет типтеріндегідей бір сөз табынан емес, әртүрлі сөз табынан жасалатыны байқалады. 
Ср. айғабағар (күнбағыс) зат есім мен етістіктің есімше тұлғасынан, алақансоқпақ (ойын 
атауы) зат есім мен етістіктің қимыл атауынан, ақ байпақ (мал індеті) сын есім мен зат 
есімнен, қырық, жілік (деңгене) сан есім мен зат есімнен, маралап тарту (көкпар түрі) 
етістіктің көсемшелі және қимыл атау тұлғаларынан, бауыр алу (ырым түрі) зат есім мен 
қимыл атауы етістігінен жасалғанын байқау қиын емес. Біріккен, кіріккен және тіркесті 
күрделі сөздердің сыңарлары өздерінің лексика-грамматикалық дербестігінен айырылып, 
семантикалық бірлікке ие болады. Күрделі сөздердің бұдан былайғы грамматикалық 
өзгерістері олардың жеке сыңарларына емес, біртұтас лексика-грамматикалық құрылымына 
қатысты болып келеді. 
Әдетте күрделі сөздердің грамматикалық өзгерістерін, олардың екінші сыңарлары 
білдіреді. Мысалы: Бұл фактілерге Сортастың мектеп директоры да ешқандай шара 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет