«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


Демокрит философиясының мәні және оның атомистік ілімін түсіндір



бет23/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60
Демокрит философиясының мәні және оның атомистік ілімін түсіндір.

Атомистер (б.д.д. V ғ.) материалистік сипаттағы мектеп өкілдері Демокрит, Левкипп: әлемнің бөлінбейтін ұсақ кірпіштерден — «атомдардан» («атомос»-«неделимое»: «том» — «бөліну», «а»-«қарсы») құралатындығын айтты.Демокрит философиядағы материалистік бағыттың негізін қалаушы болды.
Демокрит ілімінің басты қағидалары:
1) Дүние материалды;
2) Материалды дүние атомдардан құралады;
3) Атом-ең ұсақ бөлшек, дүниенің «алғашқы кірпіші»;
4) Атом бөлінбейді;
5) Атомдар түрлі көлемге (өте ұсақ немесе өте ірі, т.б) және түрлі формаға ие (дөңгелек, сопақша, қисық формада, т.б);
6) Атомдар арасында бос кеңістік бар;
7) Атомдар үздіксіз айналыс үстінде: заттар, тірі организмдер тіршілік етеді, ыдырайды, олардың атомдарынан келесі материалды дүние заттары мен жаңа тірі организмдер пайда болады, содан-соң қайтадан ыдырайды; осылай мәңгі айналыс жалғаса бермек;
8) Атомдар үздіксіз, мәңгі қозғалыс үстінде;
9) Атомдарды сезімдік таным арқылы көру мүмкін емес.

  1. Антикалық философияның эллиндік кезеңіндегі мәселелерді атаңыз.

«Антика философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шеңберіне келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д. 7-6 ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С. Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. 7-5 ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. 4 ғ.); эллиндік-римдік философия (б.з.д. 3 ғ. – б.з. 5 ғ.). Ал Дж.Реале мен Д.Антисери антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:
1. Б.з.д. 6 және 5 ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.
2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері – софистер және Сократ.
3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.
4. А. Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін – кинизм, эпикурейзм, стоицизм, скептизизм, эклектицизм бағыттары кезеңі.
5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі – неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
6. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі.
Эллиндік-римдік философия сегіз ғасырға жуық уақытты қамтитын антик философиясы тарихындағы ең ұзақ кезең болып табылады. Эллиндік дәуір гректердің саяси өмірімен қатар рухани әлемін де ұлы өзгерістерге алып келген А. Македонский жорықтарымен басталады.
Саяси дербестікті жоғалту гректің полистік жүйесінің дағдарысымен сипатталады. Эллиндік монархиялар жағдайындағы жаңа өмір тәртібі бұрынғы «құндылықтарды» қажет етпеді, мемлекет пен адам арасындағы ескі байланыс бұзылды. Азамат пен мемлекет арасындағы тығыз тұтастықтың бұзылуы бұл кезеңде этиканың саясаттан бөлінуіне әкеліп соқты.
Эллиндік адамның әлемге көзқарасы антик философиясы дағдарысын, деградациясын білдіретін философиялау сипатын айқындайды. Философия бірте-бірте өзінің шығармашылық сипатынан арылып, философия бет-бейнесіндегі акцент те өзгере бастайды. Басты назарға этика алынып, адамгершілік мәселесінде мынадай сұрақ алдыңғы орынға шықты: әлемнің бұзылып жатқан тұсында қалай еркіндікті сақтап қалуға болады? Сондықтан да стоиктер философияны жеке бөліктерге бөле отырып, оны бақшаға теңейді, онда бақтың қорғаушысы – логика, ағаштары – физика болса, ал оның жемістері мен ұмтылатын мақсаты этика болып табылады.
Эллинизм дәуіріндегі ең танымал мектептердің бірі – кинизм болды. Кинизм байлық, атақ, даңқ, билік және тағы басқа да бақытсыздыққа әкелетін адамға тән иллюзияларды теріске шығара отырып, халық арасында үлкен табыстарға жетті.
Эллинизм философиясының жарқын беттерінің бірі Эпикур шығармашылығы және б.з.д. 4 ғасырдың соңында ол негізін қалаған «Бақ» мектебі өкілдерінің философиясы болды. Оның ілімінде каноника да, физика да бар, алайда олар этиканың функциясы арқылы ғана жүзеге асады. Яғни, бұл – адамның мақсаты туралы ілім, бақыт және оған жетудің тәсілдеріне негізделеді.Б.з.д. 4 асырдың аяғында Афинада тағы бір атақты философиялық стоиктер мектебі пайда болды. Ол б.з. 3 ғасырына дейін өмір сүріп, дүниеге Зенон, Сенека, Марк Аврелий ұлы ойшылдарды әкелді. Стоиктер гераклиттік от — логосқа сүйенеді. Стоиктер ілімінде кедейлер мен құлдардан бастап императорға дейін пейіл бұруы оның кең танылуына себеп болды.
Эллиндік дәуірде стоицизммен салыстырғанда азырақ таралған тағы бір философиялық бағыт – скептицизмнің негізін қалаушылар Пиррон мен Тимон болды. Скептицизмнің идеалы — теория туралы пікірден бас тарту, практикада мүмкін болатын парасаттылыққа ғана, әдет-ғұрыпқа ғана сүйену.
Эллинизм дәуіріндегі пұтқа табынушылық даналықтың соңғы бағытының бірі б.з. 3-4 ғасырларында дамыған неоплатонизм болып табылады. Неоплатонизм өз дәуіріне тән философиялық бағыт болғандықтан сол заманның қоғамы мен адамының әлеуметтік тәжірибесін дәл ұғынып, оны абстракциялық философиялық формулаларда шебер көрсете білді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет