Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Жеке жиырылу. Тетанустық жиырылу, оның түрлері



бет21/71
Дата17.12.2022
өлшемі367,64 Kb.
#57765
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   71
30. Жеке жиырылу. Тетанустық жиырылу, оның түрлері.
Бұлшықеттін жиырылу- сырттан келген тітіркендіргішке жауап. Түрлері: -жеке
-тетанустық
Тітіркендіргіш жалғыз әсер ететін болса, оған ет бір рет жиырылады. Осыны жеке жиырылу деп атайды. Мысалы: көлбақаның балтыр етінің жеке жиырылуы 0,11-0,12 секунд.
2 кезеңнен тұрады: - бұлшық еттің ширығу даму кезеңі немесе қасықаруы
-босаңсу.
Негізінен тітіргендіргіш әсер еткеннен кейін бірден жиырылмайды. Яғни, тітіркендіргіш келді, содан кейін ол қысқарғанға дейін біраз уақыт өтеді. Организмде жүрек еті ғана жеке жиырылады. Өйткені, орталық жүйке шеттегі ағзалаға көп, әрі бірінен соң бірі тізбектелген серпіністер жібереді, сондықтан жеке серпіністер болмайды. Бұл жүрек етінің ерекшелігі және де жеке жиырылуы оның рефратерлік кезеңнің ұзақтығына байланысты екен.
Егер де, жиі-жиі тітіркендіре берсек, онда осы жиырылу бірігеді да, жинақаталып, ет сіресіп қалуына әкеледі. Міне, бұл жирылыуды тетанустық жиырылу деп атайды.
Ол өз кезегінде 2ге бөлінеді:
-тегіс;
-тісті.
Тітіркендіру жиілігі секундіне 20-дан асса тегіс тетанус, ал 15-20 аралығында болса тісті тетанус пайда болады. Егер де әрбір осы тітіркендіргіштер экзальтация кезеңіне сай келетін болса, бұлшықеттің жауабы күштірек болады.
31. Қаңқа бұлшықетінің жиырылу түрлері (изотониялық, изометриялық, ауксотониялық).
Қаңқа бұлшықеттерінің жиырылу түрлері: -изотониялық;
-изометриялық;
-ауксотониялық.
Бұлшықет жиырылған кезде ет қысқарып, оның тонусы күшейетін болса, ауксотониялық жиырылу деп аталады.
Егер де ет қысқарып, бірақ та тонусы өзгеріссіз қалатын болса, изотониялық жиырылу деп аталады. Мысалы:жаяу жүру,жүгіру немесе көтеру. Тәжірбие жүзінде істесек, бұлшықетке кішкене жүкті ілеміз, сосын электр тогы арқылы тітіркендіреміз. Осы кезде изотониялық жиырылу байқалады.
Механизмі: Бұл бұлшықеттердре кездесетін 2 ақуыздың көмегімен жүреді. Олар актин және миозин ақуыздары. Миозин мен актиннің бір-бірінің үстінен қозғалады. Бұл бұлшықеттің көлемінің азаюына себепші болады.
Ал, егер ет қысқармастан, тек қатайса, онда изометриялық жиырылу деп аталады. Бұл кезде бұлшық еттің ширығуы арта түседі, яғни күш генерацияланады. Бірақ та ет оның екі жағында да сүйекке орналасқанына байланысты, бұлшық ет қысқармайды. Мысалы: бұлшық ет ауыр салмақты көтеру кезінде байқалуы мүмкін.
Табиғи жағдайда ешқашан «таза изотониялық» не болмаса «таза изометриялық» жиырылулар кездеспейді. Ол салмақтарға байланысты тепе-теңдік сақтап тұрады. Біз изотониялық пен изометриялық жиырылудың айырмашылықтарын айыра білуіміз керек, өйткені бізге қандай болмасын физикалық ауырлық болғанда, бұлшықетіміз не болып жатқандығын, қандай механизм болып жатқанын білуіміз маңызды. Сонымен қатар, өзіміздің органимзімізді күтуге, дене бітімін күтуге, салауатты өмір салтын ұстануға көп көмегін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет