Глоссарий әдіснама



бет1/7
Дата12.05.2023
өлшемі23,24 Kb.
#92047
  1   2   3   4   5   6   7

ГЛОССАРИЙ
Әдіснама - әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің даму жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды.
Бакалавр - көптеген елдерде студенттердің базалық жоғары білімнің бағдарламаларын меңгергеннен кейін (ЖОО-да 4 жыл оқыған) алатын алғашқы академиялық дәрежесі. Орта ғасырларда Батыс Еуропа елдеріндегі университеттерде білімнің алғашқы сатысын аяқтаған студенттерге берілетін дәреже. Францияда бакалавр толық орта мектептің түлектеріне беріледі және жоғары оқу орындарына түсуге құқығы бар. Бакалаврдәрежесі АҚШ, Ұлыбритания сынды елдерде университетті және басқа жоғары оқу орындарын бітіргендерге, арнайы емтихандар тапсырғаннан кейін, кейде шағын көлімді рефераттық диссертация қорғағандарға беріледі. Бакалавр дипломы мемлекеттік емтихандар тапсырғаннан кейін төрт жылдық оқу мерзімін бітірушілер алатын дипломына баламаланады.
Білім – адам санасында түйсік, пайымдау, теория түрінде шындықтың бара-бар бейнесін тану үдерісінің нәтижесі.
Білім беру - білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудан белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Жалпы білім беруге: мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, жалпы бастауыш білім беру, жалпы негізгі білім беру, жалпы орта білім беру, жалпы қосымша білім беру енеді.
Білім базасы – 1) білім алушылардың меңгерген білім қоры; 2) оқу орындарындағы білім алушылардың білім деңгейі, қоры, оқу құрал-жабдықтары, техникалық - құрал жабдықтары және т.б.
Білім беру бірегейлігі – авторлық бағдарлама бойынша жұмыс істейтін, өз тәлімдік тұжырымдамасы бар әралуан оқу мекемелерін қалыптастыру.
Білім беру философиясы – білімді аксиология, онтология, гнесология, антропология тұрғысында әлеуметтік-мәдени гуманитарлық практиканың ерекше бір саласы деп қарастыратын жалпы теория.
Білім сапасы – мына қасиеттермен сипатталады: білімнің толықтылығы мен ғылымилығы – белгілі бір оқу пәнінің мектеп бағдарламасына сәйкес һзегі болатын негізгі мағлұматтар, түсініктер мен ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар; білімдерді меңгері саналылығы – білім алушылардың ғылыми зағдардың негізінде фактілерді, құбылыстарды, материалды әлем заттарын түсіндіре алуы; білім жүйелілігі – жаңа түсініктер мен ұғымдардың оқушы санасындағы бұдан бұрын игерген біліммен тығыз байланысы; беріктік – жинақталған білім саны мен іс-әрекет әдіс-тәсілдерінің оқушы есинде сақталуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет