Грамматикалық мағына және грамматикалық форма Грамматикалық категориялар Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі Кіріспе



бет1/4
Дата22.09.2023
өлшемі27,88 Kb.
#109852
түріРеферат
  1   2   3   4


РЕФЕРАТ
Грамматиканың негізгі ұғымдары


Алматы, 2023


Мазмұны

Кіріспе
1 Грамматикалық мағына және грамматикалық форма
2 Грамматикалық категориялар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Адам өзара сөйлескенде жеке лексикалык сез арқылы білдіруге болмайтын неше алуан мағыналардың бәрін де тек грамматикалық амал-тәсілдердің кемегі арқылы ғана түсінікті етіп айта алады. Ендеше, грамматикалық тәсілдер де лексикалық тәсілдермен қоса-қабат колданылатын аса қажетті тәсілдер болып саналады. Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдерінің жиынтығы тілдің грамматикалық қүрылысы деп аталады. Грамматикалық құрылыс сөзге сүйенеді және сез арқылы ғана керініп отырады; сезді таяныш етпейтін бірде-бір грамматикалық құрылыс болмайды.
Грамматика – тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы.
Үлкен екі саласы бар: 1)морфология; 2)синтаксис.
Грамматика ережелерді орнату жолымен тілдік категориялар арасындағы қатынас жүйесі. Орнатылған ережелер негізінде тілді құрайтын элементтер қалыптасады және бірігеді. Бұл элементтер анық болып көрінсе де, грамматикада теориялық ұғымболып табылады, «зат есім, етістік, сын есім» сияқты.
Грамматика — әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу өнері, лат. gramma — әріп) — тілдің ішкі (граммат.) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі; тілдің граммат. құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір саласы.
Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады: сөзжасам процесінің тәсілдері — сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары; морфология — сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;синтаксис — сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.
Тілдің грамматикалық құрылысын тануда да, оның негізгі мәселелерін анықтауда да әрі таяныш, әрі нысана тұтатын негізгі грамматикалық үғымдар бар. Бұл ұғымдарды ажыратпайынша тілдің грамматикалық құрылысының сыр-сипатын түсіну де, анықтау да қиын болады.
Грамматикалық құрылысқа қатысы бар негізгі үғымдар мыналар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма және грамматикалық категория.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет