Хабаршы жылына 4 рет шығады



Pdf көрінісі
бет23/25
Дата07.02.2017
өлшемі4,09 Mb.
#3574
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

 
ДуйсенбаеваP.И. 
Р.Нургали и казахская драмматургия 
В  статье  рассматривается  многосторонние  исследования  казахской 
драматургии  и  вклад  в  казахское  литературоведение    ученого  Р.Нургали. 
Рассказывается,  что  ученый  вместе  с  исследованиями  природы    казахской 
драмматургии  и  системы  жанра,  открыл  законы  периодов  литературного 
развития, особенности и поэтику  жанра драма.  
Ключевые слова:  жанр, эстетика, драма, исскуство,  классический, обрaз, 
литературоведение 
 
Duysenbaeva R.I. 
R. Nurgali and the Kazakh dramaturgy 
The  article  discusses  multilateral  research  of    Kazakh  dramaturgy  and 
contribution to Kazakh literary criticism by scientist R. Nurgaly.  Described that a scientist 
with the researching of the nature of the Kazakh dramaturgy and genre system, at the same 
time  discovered  the  laws  of    the  periods  of    literary  development,  features  and  poetic  of 
drama genre. 
Keywords: genre, aesthetics, drama, art, classic, image, literary criticism 
 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
207 
*** 
 
 
ӘОЖ: 37.035.6:512.1 
Дүйсенбаев А.Қ. – п.ғ.к., доцент, 
Қ.Жұбанов атындығы АӨМУ 
E-mail: adk7575@mail.ru 
Балтымова М.Р. – ф.ғ.к., аға оқытушы, 
Қ.Жұбанов атындығы АӨМУ  
E-mail: mbr76@mail.ru 
 
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМДЫҚ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ 
ОТАНСҮЙГІШТІК ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Аннотация: Аталған мақалада қазақ хандарының тағылымдық мұраларындағы 
тәрбие  мәселелері,  ондағы  салт-дәстүрлердің  тұлға  тәрбиесіндегі  орны  мен  мәні 
туралы  мағлұмат  беріледі.  Сонымен  қатар  қазақ  хандарының  тұлға  болып 
қалыптасуындағы қазақ этнопедагогикасының роліне сипаттама жасалған. 
Кілт  сөздер:  тұлға,  хандардың  тағылымдық  мұрасы,  хандар  отбасындағы 
сұлтандар  тәрбиесі,  даналық,  отбасылық  тәрбие,  отансүйгіштік  тәрбие,  ел  басқару, 
кәміл адам. 
 
Әлемдік  тарих  сахнасында  үш  мың  жылдық  салты  бар  көшпендiлер 
өркениетiн  қалыптастырған,  ұрпақтарын  үлгiге  үйреткен  даланың  мемлекет 
қайраткерлерi хандар, данышпан билері, батырлары болатын. Әрқайсысы ел-
жұртының  қуанышы  мен  қайғы-қасiретiн,  ерлiгi  мен  ептiлiгiн  еселеп,  ел 
қамын ойлап, қазақ мемлекетін құруға, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, 
жол-жоралғысын  реттеуге,  заңдастыруға  үлкен  ықпал  еттi.  Оның  дәлелі 
ертедегі  түркі  елінің  билеушісі  Күлтегін  туралы:  «Сәби  кезінде  ер-тоқым 
оның  бесігі,  жауынгер  кезінде  ер-тоқым  оның  отырар  тағы  болды.  Оның 
ойыны  да,  өмірі  де  соғыс  өнерін  үйренумен  өтті.  Елтеріс  қағанның 
алғырлығы,  еліне  деген  сүйіспеншілігі  Күлтегіннің  қанына  ана  сүтімен 
сіңді»,  -  дейді.  Демек,  ел  билеушісінің  бойындағы  ерлік  қасиетінің 
қалыптасуына  анасының  игі  ықпал  еткенін  байқаймыз.  Сондай-ақ 
отансүйгіштік тәрбие берудегі ұлттық салт-дәстүрлердің маңызына сипаттама 
берілген [1, 61 б.]. 
Оның жалғасы болған қазақ хандары әдiл билiгi, тапқыр шешендiгiмен 
қалың  елi  қазағының  атынан  сөйледi,  көкейкестi  ойларын  бiр  кiсiге  емес, 
халқына  арнады.  Сондай-ақ,  қазақ  хандарының  тағылымдық  мұраларында 
елдің болашақ  өркениеттік үлгіде дамуында салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың 
басты роль атқаратындығын, тәрбиелік қағидалардың маңызды екендігін, әрі 
әсерлі сипат алатындығын көрегенділікпен тани біліп, ата салтын сақтау мен 
жүйелеуге  аса  мән  берген,  тіпті  белгілі  бір  тұстарда  халықтың  тағылымдық 
мұралары оған сүйенген деп те айтуымызға болады. Себебі, ата салты халық  
санасындағы  сан  ғасырлар  бойғы  қалыптасқан  архетиптер,  сана  түкпірінен 
тамыр  тартатын  қалыптасып  қалған  ішкі  дүниеден  хабар  беретін  жадыдағы 
мәліметтер.  Оларды  сақтаудың  және  орындаудың  қатаң  далалық 
заңдылықтарын ұсынған, ұмытпау мен ескеріп отырудың біліми дағдыларын 
жетілдірген.  Үйретушілік  пен  берері 
мол 
сарқылмас 
қорларын 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
208 
пайдалана  білген,  әуел  бастан  бәрінің  жауабы  дайын  мәліметтердің  кеңдігі 
мен әмбебап дайын күйлеріне қызыққан. Ұрпақты тәрбиелеудің негізгі, басты 
ықпал  етуші  құралы  да  осы  деп  білген.  Осындай  хандардың  тағылымдық 
мұралары  дәстүршілдік  қағидалары  бойынша  өмір  сүрудің  заңды  нәтижесі 
күні  бүгінге  дейін  өз  бетінше  орнын  тауып  келеді.  Қазақ  хандарының 
тағылымдық  мұралардағы  ел  бірлігі,  жері  мен  атамекеніне  құрметпен  қарау 
жөнінен кейінгі ұрпақтарға үнемі үлгі болатын нұсқа болып табылады. 
Қазақ  халқының  XV  ғасырдан  басталатын  хандық  кезеңінің  тарихы  да 
көптеген деректерге дәлел болады. Ел Тәуелсіздігі үшін күрескен халқымыз, 
оны  бастаған  тарихи  қайраткерлеріміз,  еңселі  тұлғаларымыз  болды.  Бірақ 
кеңес  дәуірі  кезінде  ұлы  державалық  саясат  кесірінен  еліміздің  тарихи 
шежіресі,  тарихта  із  қалдырған  қайраткерлеріміздің  өмірі  туралы  ел 
аузындағы,  халық  жадындағы,  көркем  туындылардағы  деректері  жеткіліксіз 
деген желеумен тарихи зерттеулер оң қабылданбады. Осыған күйінген қазақ 
ақыны  Ғафу  Қайырбеков:  «Өзге  жұрттың  хандары  жақсы  болып,  біздің 
хандар қалайша жаман болған?» - деп ашына айтқан еді [2, 88 б.]. 
Сол  кездегі  қоғамның  дамуына,  тарихқа  таптық  көзқарас  тұрғысына 
қарау салдарынан тарихи тұлғаларымыздың ролі төмендетіліп, хан болса – ел 
қанаушысы,  батыр  болса  –  есер,  тентек,  би  болса  –  әділетсіз,  ханның 
сойылын  соғушылар  деп  танылып,  тарихи  шындықтан  өзгеше,  бұрмаланып 
көрсетілді немесе әдейі ұмыттыру мақсатымен тарихи зерттеулерде айналып 
өтіп,  оқулықтардан  аластатылды.  Ел  тәуелсіздігін  ту  етіп  көтеріп, 
отаршылыққа  қарсы  халықтың  наразылығын  қолдап,  оның  ұлт-азаттық 
көтерілісін  бастаған  Кенесары  хандай  баһадүрлер  туралы  терең  зерттеп, 
шынайы  тұлғалық  қасиетін  ашуға  ұмтылып,  саяси  қысымға  мойынсұнбай 
зерттеген  Е.Бекмаханов  сияқты  ғалымдар  қудаланды.  Оның  есесіне  басқа 
елдердің,  яғни  Батыс  Еуропаның  императорлары  мен  корольдері,  әсіресе 
орыс патшалары дәріптеліп көрсетілді. Мұндай сорақылықтарға бұдан былай 
жол бермеуіміз керек. Себебі осыншама алып территорияны, тұтас қазақ елін 
ғасырлар қойнауынан аман алып, бізге бақытты өмірді сыйлаған хандар мен 
батырлар, билер мен ғұлама-ойшылдар деп білеміз. 
Белгілі  әдебиет зерттеушісі Б.Бораш қазақ хандарының  әдеби мұрасын 
зерттей  келе,  хандардың  тұлғалық  бейнесіне  сипаттама  береді:  «олардың  ел 
басқарудағы  меритократиялық  ұстанымы,  яғни  ақылмен,  ерлігімен, 
батылдығымен халық көңілінен шыққанда ғана хан деп танылған» [3, 493 б.]. 
Жеке  тұлғаны  қазақ  хандарының  тағылымдық  мұраларындағы 
отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесі  этнопедагогика тарихының ғасырлардан 
ғасырларға  ұласып  келе  жатқан  ұлы  мақсат-мұраттардың  ішіндегі  ең 
бастысының бірі болып саналады. Ал қазіргі таңда сол бір ұрпақтан ұрпаққа 
жалғасып  келе  жатқан  отансүйгіштік  тәрбиенің  негізгі  мақсаты  – 
отансүйгіштік  рух,  азаматтық  парыз,  Отан  алдындағы  борыш,  елдік  пен 
бірлік  ұстанымдары  болып  табылады.  Демек,  мұндай  тағылымдық 
өнегелердің дені ұлт ойшылдары мен қоғам қайраткерлерінің мұраларындағы 
отансүйгіштікке 
тәрбиелеудегі 
«отансүйгіштік 
рух» 
идеяларымен 
байланысты  болып  келеді.    Осыған  сәйкес,  Қазақ  тілінің  түсіндірме 
сөздігінде:  «Рух  –  1.  Философ.  Табиғи  материалдық  бастамадан  өзгеше, 
затсыз,  идеалды  бастаманы  білдіретін  философиялық  ұғым.  2.  Рухани  күш-

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
209 
қуат,  батылдық»,  -  деп  сипаттама  беріледі  [4,  693  б.].  Ал  философиялық 
сөздікте:  «Рух  (лат.  «spiritus»  –  леп,  дем,  иіс)  –  сөздің  кең  мағынасында 
материалдық бастамаға қарағанда идеалдыққа санаға бабарабар ұғым», - деп 
келтіреді [5, 367 б.]. 
Олай болса, рухты санаға қатысты қарастырамыз. Сана тек адамға ғана 
тән  болса,  рух  –сананың  объективті  мәніне  ие  болған  көріну  формасы. 
Адамның  дүние  туралы  түсінігі  негізінен  рухани  қасиеттерді  тануға 
байланысты  болып  келеді.  Ал  рухани  қасиеттер  әлеуметтік  ортада 
қалыптасады.  Демек,  әлеуметтік  орта  мен  рух  адам  болмысының  басты 
анықтаушыларының  бірі  болып  табылады.  Біздің  пікірімізше,  рухы  биік, 
күшті елдер қашанда бағы таймаған, «мың өліп, мың тіріліп», жасампаздыққа 
қол  жеткізген.  Ондай  жасампаздықты  жасаушы  рухы  биік  тұлғалар.  Ал, 
ондай  тұлғаларды  өмірге  әкелетін  көп  факторлардың  бірі  әлеуметтік  орта, 
әлеуметтік бағыт-бағдар, тәлімдік тәжірибелер болып табылады. 
XV-XVII  ғасырларда  өмір  кешкен  ақын-жыраулардың  поэзиясынан 
халықтың ой-өрісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар өз 
толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, 
мұң-мұқтажын,  қуаныш-сүйінішін,  қайғы-қасіретін  аша  білді.  Біз  оны  XV-
XVII  ғасырларда  өмір  сүрген  қазақ  даласының  қоғамдық-саяси,  әлеуметтік 
ой-пікірлерінің  көшбасшысы  болған  Доспамбет,  Сыпыра,  Қазтуған,  Асан 
қайғы, Бұқар жыраулардың толғауларынан байқаймыз. 
Профессор  Ғ.Есім  ұлттық  рухани  мұралардың  философиялық-
әлеуметтік  тұрғыдан  жалпы  бағдарларын  ұсынуда  оның  тұжырымдамалық 
ұғымдарын  сараптайды,  яғни:  «...ұлттың  жаңғыруы  –  Қазақ  Ренессансы, 
Қазақ елінің мәңгілігі», - деп келтіреді [6, 50-88 бб.]. 
Аталған ой-тұжырымдарға сәйкес, тарихи тәлім-тәрбиенің қазақтардың 
төл  дүниетанымында  қалыптасуын  Асан  Қайғыдан  бастауға  болады,  оның 
«Жерұйық»  романтизмін  халықтың  жақсы,  бақытты  өмір  сүруін  армандаған 
алғашқы тарихи формасы [7, 65 б.]. Бұл жерде «Неліктен Асан Қайғыны атап 
айту  керек,  өзге  де  тұлғаларды  неге  елеусіз  қалдыруға  болады,  ол  қалай 
ұйтқы  болып  табылады»  деген  сияқты  сауалдар  туындайды.  Себебі  Асан 
Қайғыны түбегейлі түсіндіру – ұлттық мұрат-мақсаттарды аша түсудің басты 
қырларының бірі.  Сондықтан, біздіңше, Асан Қайғы ілімдерінің оптимистік 
(Жерұйық) парасаты мен  пессимистік (Ақыр заман) сарындарындағы нақты 
көрінісін  былай  ашып  көрсетуге  болады:  Оның  бүкіл  қазақ  сахарасын 
шарлауы жөніндегі  аңыз баршамызға аян, бұл құбылыс қана, ал  «оның мәні 
неде, ол неге ел кезіп жүр?» деген сауал туындайды:   

 
«Дүниені  кезушілік» қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуы үшін  
территориясын белгілеудің символдық және шынайы көрінісі;  

 
«Менің  елімнің  жері»  деген  кең  даласына,  атамекеніне 
сүйіспеншілік қатынас орнықтыру және оны кейінгі ұрпақтарға жария ету. 
Сайын  далада,  осы  территорияда  емін-еркін  өмір  сүрудің  айқын  үлгісі 
«Жерұйық»  –  символдық  кеңістігі,  аңыз  бойынша  Асан  Қайғы  оны  таба 
алмайды,  әрі  тапқандай  болады.  Демек  «Жерұйық»  –  әрбір  азаматтың  туған 
жері,  Отаны  мен  туған  елі  болып  табылады»  деген  отансүйгіштік  сезімін 
келешек  ұрпақтарына  паш  етеді,  мәңгілік  канон  ретіндегі  қағидаға 
айналдырады.  Ал  келесі  «Қазақ  елінің  мәңгілігі»  деген  түсінік-мұраттар 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
210 
негізінде  құрылған  пафостық  түрде  перспективтіліктің  шынайы  болашақ 
қуаттылық деңгейін ашады. Яғни мұнда шабыт пен жігердің, белсенділік пен 
ұмтылыстың стратегиясында жатыр. Бұл параллелизмнен:  «Жерұйықты» (өз 
Отанын)  қастерлеу  –  Қазақ  елінің  мәңгілігінің  сақталуының  кепілі»  деген 
тұжырымдама негізге алынады. Яғни тарихтың жоғалтқанын бүгіннен  іздеу, 
бүгінгінің  талабын  тарихта  кеткен  қателіктерден  арыла  отырып 
қанағаттандыру,  келешекке  халық  тарихының  тәлімдік  тәжірибесі  арқылы 
үңілу болып табылады. 
Қазақ халқының тарихтағы кемеңгер тұлғаларының бірі – Бұқар жырау 
1668-1781 жылдары өмір сүрген. Деректерге келетін болсақ: «Абылай ханның 
ақылшы биі, абыз. Халық оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі 
қарасөзбен  емес,  көмекейі  бүлкілдеп,  жырмен  сөйлейтін  болған.  Бұқар 
жыраудың өмір сүрген уақыт елдің қиын-қыстау кезі болатын. Осындай сын 
сағаттарында  Абылай  ханға  дұрыс  кеңес  беріп,  халық  бірлігін  сақтау 
жолында  еңбек  етті.  Оның  төрелік  сөздері  «Абылай  ханның  қасында»,  «Ай, 
Абылай, Абылай!» т.б. толғауларында көрініс табады [8, 456-457 бб.]. 
Бұқар  жырау  халықтың  сөзін  ханға  жеткізіп,  ел  ішіндегі  әлеуметтік 
мәселелерді  шешіп  қана  қоймай,  ел  бірлігін  сақтау,  халықты  сыртқы 
жаулардан  қорғау  мақсатындағы  күреске  жұмылдыруды  көздейді.  Бұқар 
жыраудың тағылымдық сөздері кең мағыналы болып келеді. Мысалы: 
«Ежелгі дұшпан ел бомас, 
Көңілінде кірдің таты бар. 
Ежелгі дос жау болмас, 
Айтысқан оның серті бар», - деп келтіреді. 
Бұқар  жыраудың  «отансүйгіштік  рух»  туралы  мұраларының  дені 
ұлағатты  сөз  бен  өсиетке  арналады.  Оның  «Тілек»  атты  толғауында  нақты 
берілген. Негізінен 1-5-ші тілектер Алла Тағалаға байланысты айтылса, 2-ші 
тілек  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасқа  байланысты,  3-ші  тілекте 
адамдардың  сырт  келбеті,  киім  киісі  бейнеленсе,  4-ші  тілекте  адам 
денсаулығы  туралы  айтылады,  5-6-7-8-ші  тілектерде  ерлік  пен  батырлық,  ел 
қорғау туралы толғаулар болса, 9-шы тілек ел басқару мәселесіне арналады, 
10-11-ші тілектерінде отбасы тәрбиесі туралы өсиеттер айтады. Яғни: 
«Бірінші тілек тілеңіз, 
Бір Аллаға жазбасқа. 
Екінші тілек тілеңіз, 
Ер шұғыл пасық залымның 
Тіліне  еріп  азбасқа...»,  –  деген  тағылымдық  өнегелерінде  ел  бүтіндігі 
мен ауызбіршіліктің маңызы зор екендігі жырланады. 
Бұқар жырау Қалқаманұлы толғауларының негізгі идеясы  – ел бірлігін 
сақтау,  атамекенді  жаудан  азат  ету,  көшпенділік  өмірдегі  салт-дәстүрлерді 
бейнелеу, өз заманындағы қара халықтың мұң-мұқтажын ханға жеткізу және 
халық батырларының ерлігін халыққа насихаттаудан тұрады. 
Демек,  мұндай  тағылымдық  өнегелердің  дені  қазақ  ойшылдары  мен 
қоғам  қайраткерлерінің  мұраларындағы  жастарды  адамгешілікке,  ізгілікке, 
әдептілікке,  отансүйгіштікке  тәрбиелеудегі  ұлттық  идеялармен  байланысты. 
Мұндай  өнегелік  идеяларды  біз:  «Ел  тарихын  әйгілі  тұлғалар  арқылы 
зерделеу – қазақтың таным-түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс. Қазақтың 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
211 
қария  сөздерінде,  яғни  шежірелік  зердесінде  тарих  ұдайы  жеке  тұлғалардың 
өмір  деректері  арқылы  танылып  отырады.  Қоғамның  саяси-әлеуметтік, 
мәдени-рухани ахуалы ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады. 
Содан  болу  керек,  қазақтың  дәстүрлі  философиялық  пайымдауында  өмірді 
өзгертуден  бұрын,  алдымен  адам  санасын  шыңдауға  көбірек  мән  беріледі. 
Дәл  сол  сияқты  шежірелік  дәстүрде  де  қоғам  дамуның  жалпы  ахуалынан 
бұрын, алдымен адам туралы мағлұмат беру басты нысана болып отырады», - 
деген дәстүрге сәйкестендіреміз [9, 3 б.].  
Түркі  елдеріне  ортақ  ғалым,  тарихшы  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  – 
Жетісу  өлкесіндегі  Дулат  тайпасы  әмірінің  ұрпағы.  1541-46  жылдары 
Кашмирде  «Тарихи-и  Рашидиді»  жазады.  Аталған  еңбекте  түрік 
халықтарының  этнографиясы,  тәлім-тәрбиесі,  шығыс  данышпандары  Рашид 
ад-Диннің,  Абдуразак  Самаркандидің,  Бабырдың  тағылымдық  мұраларын 
хатқа түсірген. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрі мен тағылымдық 
өнегелерінен  тың  мағлұмат  беретін  деректер  бар.  Мұхаммед  Хайдар  өзінің 
«Тарихи-и  Рашиди»  жазба  мұрасында  жеке  адамға  атамекенін  қорғаудағы 
отансүйгіштік  тәрбиенің  ролі  туралы,  халық  салт-дәстүріндегі  ата-бабалар 
өнегелеріне  сипаттама  береді.  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  негізгі 
педагогикалық идеялары ел бірлігі мен тұтастығын сақтауға бағытталған. Ол 
ел  басқаратын  сұлтан  мен  әмірдің  екі  қасиетін  атап  өтеді:  «Біріншісі  – 
қайтпас  қайсарлық,  парасат  пен  ақыл  қажет.  Екіншісі  –  батылдық  пен 
төзімділік. Мұндай қасиеті бар пенденің іс-әрекеті қылыш пен садақ күшінен 
артық»,  -  деп  тұлғаның  бойындағы  ерекше  қасиеттеріне  тағылымдық  баға 
береді [10, 121-122 бб.]. 
Жоғарыдағы мысалдардан ақсүйектер сарайына тән салтанатты тұрмыс 
пен  қазақ  жауынгері  мен  бектерінің  өмірін  шынайы  батырлық  образын 
бейнелейтін  байқаймыз.  М.Х.Дулатидің  «Тарих-и  Рашиди»  еңбегінде  бұл 
айтылған  даналық  сөздер,  мақал-мәтелдер,  сондай-ақ  Ислам  дінінің 
имандылық  негіздерінен  мәлімет  беретін,  әрі  фәлсафалық  ойға  құрылған 
көптеген астарлы сөздер т.б. кездеседі. Қазақ халқының этнопедагогикалық 
мұрасы  «Тарих-и  Рашидидің»  тілі  мен  көркемдік  табиғатында  өз 
ұлтымыздың әлеуметтік және мәдени өмірінен  сыр шертетін әдемі де  әсерлі 
көріністерді  көптеп  келтірілген.  Әсіресе,  күн  сайын  нығайып  келе  жатқан 
қазақ  хандығы  мен  оның  баһадүр  билеушісі  Қасым  ханның  сахара 
көшпелілерінің  жауынгерлік  рухы,  қазақ  халқының    этнографиясы  туралы 
баяндаулары негізге алынады [11, 28 б.]. 
Хандардың  тағылымдық  мұрасы  –  сол  халықтың  даналығы  мен  ой-
санасынан  орын  алған  тәрбие  құралдары.  Халықтың  ой-санасы  оның 
мәдениетiне,  рухани  мұрасына,  табиғи  болмысы  мен  ойлау  машығына,  өмiр 
сүру  тәсiлi  мен  дiни  наным-сенiмiне,  күнделiктi  тұрмыстағы  әдет-ғұрып, 
рәсiм-салтына  сүйенедi.  Осы  әр  түрлi  деңгей  мен  көрiнiстегi  факторлар  ой-
сананы  өзiнше  ұйтқы  етiп  келдi.  Руханияттың    өлшемi,  қолдаушысы  және 
қорғаушысы  –  билiк,  басқару,  әкiмшiлiк.  Қазақ  халқының  мемлекет  болып 
ұлғаюына,  елдiгiн  құрып  орнығуына  орай  хандардың  рухани  дәстүрi 
қалыптасты, ықпалы артты.  
Хандар  отбасындағы  сұлтандар  тәрбиесінің  мақсаты  –    тұлғаны 
тәрбиелеу, адамдыққа баулу, өнегелi азаматты қалыптастыру, адамға қажеттi 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
212 
iзгi қасиеттердi үлкен құндылық дәрежесiне жеткізу болатын. Бұл мәселелер 
–  тұлғалық  пен  елдiктiң  тұтқасы.  Хандар  сол  тұтқаның  ұстанымын 
айқындады  және  соған  сүйендi.  Яғни  кiсiлiкке  қайшы  iске  қарап  тұрмау, 
кiсiлiкке  қайшы  сөзге  бас  шұлғымау,  кiсiлiкке  қайшы  былыққа  батпау 
мәселелері  осы  ұстанымның  негізін  құрайды.  Мысалы,  көрнекті  жазушы 
Әбіш  Кекілбаевтың  «Үркер»  романындағы  Әбілқайыр  хан  бейнесі  туралы 
академик С.Қирабаев: «Әбілқайыр ханның жаратылысы олардан бөлек. Билік 
басындағы отырған адамдарға тән даңғойлық, кеудемсоқ мінездерден  аулақ. 
Хан  тұқымына  тән  тектілігі  мен  қарапайымдылығынан  өзін  сыпайы  ұстап, 
халықпен ойлы, салмақты қарым-қатынас жасайтын. Көп ортасында болады, 
сөз тыңдауға, адам тануға ұмтылады. Оның осы жолдағы адамдық ізденістері, 
мінез-құлқын  қалыптастыруы,  толысуы  ерекше  қызықты  сипатталады.  Ол 
романда  хан  бейнесін  ел  өмірінің  кең  тынысымен  астастырып,  жарқын 
бейнелейді.  Онда    Әбілқайырдың  жас  кезіндегі  кедей  деп  кем  тұтпай, 
Тайланды  тең  ұстап,  дос  болуы  –  оның  азаматтығын  танудан  туған 
көрегендігі  еді.  Тентек  інісі  Мамай  Тайланға  зорлық  жасап,  шұбар  атын 
тартып мінгенде, ол інісін жазалап, әділдік жағын ұстайды. Осыны байқаған 
Әйтеке  би:  «Төренің  бағы  –  қарашаның  қайраты.  Қарымдыдан  құрдас 
жиғаның  жөн  екен»,  -  депті.  Әйтеке  сөзі  хан  тағына  отырғаннан  кейін  де 
Әбілқайыр ханға сабақ болып қалғаны аңғарылады», - деп пікірін айтады [12, 
87 б.]. 
Кiсiлiк қасиетті ақтау, құдiреттi баптау «кәмiл адам» тәрбиелеудiң тиегi 
мен  пернесiн  орнықтырды.  Осы  ережеге  орай  хандардың  мәртебесi 
қалыптасты. Олар бедел үшін, ел үшін күресті. Жазушы қазақ елінің болашақ 
ханының  ел  билеушілік  психологиясына  үңіледі.  Жазушының  сипаттауында 
Әбілқайыр  бірден  көзге  түсіп,  билікке  ұмтылмайды.  Ол  хан  тұқымына, 
жалпы  билік  басындағыларға  тән  даңғойлық  пен  кеудемсоқтықтан  аулақ. 
Өзін  қарапайым,  сыпайы  ұстап,  халықпен  салмақты,  байсалды  қарым-
қатынас  жасайды,  көпшіліктің  ортасында  болып,  адам  тануға  ұмтылады. 
Оның  хан  тағына  жетуге  дейінгі  дайындығы  халық  даналығымен  көкірек 
көзін  ашқанымен  сипатталады.  Әбілқайыр  хан  халық  тілегін  орындау  мен 
ынтымағы  аз,  көшпелі  жауынгер  елді  бағындыратын  жол  –  ерлік  көрсету 
екенін түсінеді. Ол ел жақсыларымен, батырлармен тізе қосып қимылдаудың 
қажеттілігін  жете  түсінді,  оның  айналасында  Бөгенбай,  Есет,  Жәнібек 
батырлар  жиналды,  бұлар  оның  алынбас  қамалына,  қолдаушыларына 
айналды.  Әбілқайыр  Мәртөбе  сапарында  халықтың  әлеуметтік  және  рухани 
тіршілігімен  терең  танысып,  көрші  елдермен  қарым-қатынас  туралы 
ойланып,  қазақтың  үш  биі  –  Төле,  Қазыбек,  Әйтекенің  сүбелі  сөздерін 
тыңдады.  Әлі  батырлығымен  аты  шықпаған  бозбала  жігіттің  Іле  өзенінің 
бойында  қалмақтармен  соғыста  ерлік  көрсетуге  ұмтылады.  Ол  бұл  жолы 
жүрек  жұтқан  батырлығымен  көзге  түсті.  Батырлықпен  қоса  елін,  жерін 
жаудан  қорғау  болатын.  Оны  Есет  дәл  байқапты.  «Сабазың  қалың  ел  түгел 
таңқалып жатқанда кірпігін де қаққан жоқ. Өзін қарапайым сардарша ұстады. 
Мақтан  мен  даңққа  ерген  жоқ»,  -  дейді  ол  Әбілқайыр  ерлігіне  таң  қалған 
жұртқа.  Дегенмен  бұл  жолы  ол  қалың  қазақ  ілтипатына  бөленіп  қайтты: 
«Аруағыңнан айналайын, қазақтан да Қалдаман туған екен ғой», - десті қалың 
жұрт. Көшпелі жауынгерге елдің мерейін  тасытып, оның  игілігіне бөленетін 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
213 
жол  –  ел  алдына  осылай  ерлік  көрсету  еді.  Жас  Әбілқайыр  сұлтанға  ол 
абырой, бедел  әкелді. Ендігі жерде қалмаққа баратын жорық жайы сөз болса, 
қол бастаушы деп оның атын ел атайтын болады. 
Романдағы  хандар  отбасындағы  тәрбие  туралы:  «Әбілқайыр  хан  мен 
Бопай  ханымның  ара-қатынасы,  жастық  сезімдері  мен  алғашқы  кездесулері 
романда тамаша суреттеледі. Бірімен бірі  сыйлас ерлі-зайыптылардың көпке 
үлгі  боларлық  ғибраты  мол.  Қазақтың  салты  бойынша  ер  мен  әйелдің 
рәсімдерін берік ұстауы, тектілік пен ақсүйек отбасының этнопедагогикалық 
тағылымдарын жан-жақты көрсете білген», - деп келтірілген [12, 107 б.]. 
Хандардың    қазақ  қоғамындағы  билік  қызметі:  «Бүкiл  халықтың 
ынтымағын  қолдаған  олар  ел  арасында  үлкен  беделге  ие  болды.  Олар  биді, 
батырды,  қараны  да  баянсыздықтан,  қызбалықтан,  жалғандықтан  сақтады, 
дұшпандарын шындықтың шоғымен қақтады, кек пен кежiрдi, жайма мақтан 
мен  мансапты  төмендетпей,  зәбiр-зардаптың  отын  басты,  тұсаулады.  Әр 
заманда  адамдардың  сапалық  жақтарын  саралай  бiлдi,  адам  болмысының 
төрт  түйiндерiн  –  ақылды,  рухты,  нәпсiнi,  көңiлдi  зерделедi.  Даулы 
мәселелердi ушықтырмай, қауым мен ұрпақтың ниет, пиғылын күзеп-түзедi, 
дүмшелiкке  ұйықпады,  рухани  сырқаттан  емдедi,  рухани  бұзылудан 
сақтады», - деп айтуға болады [13, 58 б.]. 
Қазақ  қоғамындағы  ел  билеушілері  ізгіліктiң  де,  шындықтың  да  көзiн 
тапты,  iстiң  қанағаттанарлық  шешiмi  арқылы  әділдікті  жақтады.  Әкенiң  iсiн 
балаға, ханның iсiн қараға түсiрмедi, бiрiн астам зорлыққа барғызбады, бiрiн 
азған  ұрлыққа  барғызбады.  Ақ  тұрып,  адал  жүргендi  үйреттi.  Бiреудiң 
талабымен  емес,  жүрегiнiң  қалауымен  халқын  бiрлiкке,  ерлiкке,  еңбекке, 
оқуға, өнер-бiлiмге шақырды. Оның дәлелі – елімізде қазақ балаларына арнап 
1841  жылы  6  желтоқсанда  алғаш  мектеп  ашқан  Бөкей  ордасының  ханы 
Жәңгір  оны  өз  қарамағына  алып,  қаржыландырып  отырған.  Екі  сыныптық 
мектеп 1905 жылы төрт сыныптық (қазіргі жүйе бойынша орта білім беретін) 
мектепке  айналып,  жанынан  мұғалімдер  даярлайтын  педагогикалық  курс 
ашылды.  Жәңгір  хан  мектебінің  бай  кітапханасы  болған,  шекті  аспаптар 
оркестрі және хор жұмыс жасаған. 
Дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  хандардың  беделі  мен  абыройы  ел 
мәртебесімен  байланысты.  Олардың  болмысына  екi  ерекшелiк  ортақ: 
бiрiншiден, даналыққа толы тағылым, тек-түбiне бойлай бiлетiн сабақтастық, 
екiншiден,  ойлы  даналыққа  толы  толғау,  түсiнiгi  терең  сын  көзқарас. 
Даналық – ой дәлдiгi мен дәйектiлiгiнде, көңiлдегi көкейкестi сыр мен мұңды 
ашық жеткiзе бiлуiнде. Сыни көзқарас  – адамды, оның тұрмысын, қоғамдық 
өмiрдi  түзетудiң,  жөнге  салудың  пәрмендi  құралы.  Олай  болса,  даналық 
дегенiмiз  өмiр  сүрудiң  жетiлген  түсiнiгi,  өмiрдi  жетiлдiрудi  мақсат  тұтқан 
сыни  көзқарастар  жүйесi,  ал  сыни  көзқарас  –  өз  елiң  мен  жерiңдегi 
адамдардың  жақсылығы  мен  жамандығын,  көңiлi  мен  пейiлiн,  қанағаты  мен 
жiгерiн,  ар-намысын  саралауға,  сомдауға  бағытталған.  Қазақ  хандары 
адамгершiлiгi  мен  үлгiлi  әдiлеттiлiкке  деген  қатаңдығымен  халықтың 
алдында ерекше беделге ие болды.  
Қазақ  халқының  хандары  алты  алаштың  тату-тәттi,  ақжарқын  заманда 
өмiр  сүруiн  аңсап  өттi.  Бұл  дегенiмiз  –  халықтың  төрт  құбыласын  түгендеу. 
Халықтық  тәрбиедегi  қолайсыздықты  сиретiп,  үлкен  мұратқа  ұмтылу  үшiн 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
214 
адамға,  соның  iшiнде  хандарға  алдымен  бiлiм,  яғни  ақыл  керек,  екiншiден, 
ғылым немесе оқу керек, үшiншiден, ұғым, оқығанды пайымдау, тоқу керек, 
төртiншiден,  отты  жүрек,  батылдық  керек.  Адал  ұл  болудың  осы 
ұстанымдары мен қағидаларын пайымдаған жан өз дәуiрiнiң талаптарына сай 
болуға тырысады, жаңалыққа, жақсыны қабылдауға құштар болады. Осындай 
тәрбиелi жақсы бала – «жан мен тәннiң шырағы», елдiң сүйiктiсi, ал тәрбиесiз 
бала – ата-ананың таусылмас күйiгi және қайғысы. Адам азабы – ел азабы. Ел 
жақсысы  елеусiз  қалса,  «заманға  заман  күйлемек,  замана  оны  илемек». 
Ондайда  «пейiлi  жаман  пәлеге  жолығады,  бiтпейтұғын  жалаға  жолығады». 
Адамды  пәле  мен  жаладан  құтқаратын  жақсылық.  Жақсылықтың  жөнi  де, 
шарапаты да көп. Дегенмен «жақсыға жасаған жақсылық, өмiрiңде тозбайды. 
Жаманға  жасаған  жақсылық,  бiр  күнгiдей  болмайды»,  «жақсы  –  арына  құл, 
жаман – малына құл».  
Хандар    үшiн,  өмiр  –  қамқорлық, қамқоршы  –  ұлағатты  сепкен  iзгiлiк, 
ал  шешендiк  –  сол  қамқорлықтың  құндылығын  көрсететiн,  құндылықты 
иемденуге  үйрететiн  өнер.  Болмыстағы  кiсiлiк  мәндi  қасиет  –  адамды 
адаммен  жақындататын  сиқырлы  күш.  Яғни  ежелгі  түркі  дәуірінен  Қазан 
төңкерісіне дейінгі кезеңде туған жер үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның 
ұшымен күресіп, келешек ұрпағына Отанымызды, «қазақ» атауын бізге мұра 
етіп  қалдырған  хандар,  батырлар,  билер  заманында  хатқа  «қазақ 
патриотизмі»  деп  жазылмаса  да,  ауызекі  түрде  кейде  жыр,  өлеңмен  тараған 
түркілік  отансүйгіштік  өсиеттердің  негізінде  бізге  жеткен  мұралары  бар. 
Қазақ халқы сан ғасырлардан бері дамып келе жатқан тарихында өз ұрпағына 
бауырмалдық  тәрбие  беруде  баға  жетпес  тәрбиелік  мүмкіндігі  зор  рухани, 
мәдени  мұраның  мол  тәжірибесін  жинақтаған.  Демек:  «Қазақ  патриотизмі  – 
рухы  биік  жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы  ата-бабаларымыздың 
қаһармандық, 
батырлық, 
ерлік, 
отансүйгіштік 
тәлім-тәрбие 
беру 
идеалдарының жиынтығы», -  деп айтуымызға болады. 
Жоғарыда  көрсетілгендей,  қазақ  хандарының  тағылымдық  мұралары 
арқылы  жастарды    отансүйгіштікке  тәрбиелеудің  негізгі  міндеттері  мен 
мақсаттары  бойынша  үш  құрылымды  басшылыққа  алуға  болады.  Біріншісі
этноретроспективтік  сипатта,  яғни  өткенге  қайта  оралу,  ұмытылған  және 
ұмытылып  бара  жатқан  дәстүрлі  қазақ  хандарының  тағылымдық  мұраларын 
қайта  жаңғырту,  тарихилық  пен  дәстүршілдік  қағидаларға  сүйену.  Бұл  – 
бүгінгі  таңдағы  жаңалық  немесе  консерваторлық  емес,  әлемдегі  кез-келген 
дәстүрлі  мемлекеттердің,  өркениетті  дамудың  басты  тұғырларының  бірі. 
Екіншісі,  перспективтік  позиция  ретроспекция  арқылы  ашылады.  Өткеннен 
сабақ  –  болашаққа  мақсат  қағидасы  өткен  мен  болашақтың  диалектикасын 
басшылыққа алады,  себебі тек қана өткенге ұмтылуды негіздеуге болмайды, 
қазіргі  өркениеттілік  талаптары  мен  мемлекет  болашағының  жаңа 
модельдерін құру стратегиясы еліміздің келешек тағдырының жобасы болып 
табылмақ.  Үшіншісі,  этноинтроспективтік  қағида,  сәйкесінше  этностың 
өзіндік  сананы  қайта  жаңғыртып,  өзін-өзі  тану  мен  өзін  бағдарлауды 
қамтамасыз  етеді.  Бұл  өз  кезегінде  этноидентификацияға  алып  келеді.  Яғни 
жеке адамға арналған «Мен» тұжырымдамасы тұтас саяси-әлеуметтік мәселе 
болумен 
қатар, 
мемлекетіміздегі 
әрбір 
жастарды 
толғандыратын 
жауапкершіліктер жүктейді. Сондықтан оның педагогикалық қыры қоғамдық 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
215 
ортадағы 
бәсекелестік 
алаңына 
түсу 
сәтінің 
туғандығын 
әрбір 
ұрпақтарымыздың  санасына  сіңіру,  әлемдік  бәсекелестікке  дайын  азамат 
қалыптастыру  міндеті  тұр  деген  сөз.  Бұл  –  жастардың  жан-жақты  болуын 
талап ететін табиғи-эволюциялық заңдылық: білім мен іскерлік, адамгершілік 
пен ізгілік, қабілеттілік пен шығармашылық т.б. білім беру мен тәрбиелеудің 
мазмұнындағы басты қағидалар болуы шарт. 
Қорыта  келгенде,  елдің  еркіндігі  мен  азаттығы,  теңдігі  үшін  күрескен, 
қазіргі  тәуелсіздігіміздің  бастауында  тұрған  жалынды  күрескерлері  –  қазақ 
хандарының 
– 
 
халқымыздың 
қасиетті 
шежіресіндегі 
біртуар 
азаматтарымыздың рухын еске алып, істерін үлгі тұтып, сөздерінен тағылым 
алып,  есімін  қастерлеу  –  осы  арқылы  кейінгі  ұрпақты  отансүйгіштік  рухта 
тәрбиелеу, бәрімізге ортақ парыз болуға тиісті. Олай болса, халық арасынан 
суырылып 
шығып, 
қабілет-қарымымен, 
батырлығымен, 
даналық 
тапқырлығымен, шешендігімен дүйім жұртты аузына қаратқан, тосын жерден 
жол  тауып,    мемлекет  басқарған  хандардың  тәлім-тәрбиелік  мұрасындағы 
отансүйгіштік өсиеттердің маңызы зор. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет