Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары» сериясы


ІІІ. Мектепте оқушының ұлттық келбетін қалыптастырудың мақсаты



Pdf көрінісі
бет24/50
Дата28.01.2017
өлшемі4,2 Mb.
#2933
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50

ІІІ. Мектепте оқушының ұлттық келбетін қалыптастырудың мақсаты 
 
Жастардың ұлттық келбетін тәрбиелеу дегеніміз – оқу-тәрбие үдерісінде, өзін-өзі тәрбиелеуде, өздігінен 
білім  алуда  оқушылардың  жеке  көзқарасы,  ұлтжандылық,  адамгершілік  өлшемдерінің,  жалпы  мәдени-
кәсіптік  қабілетінің  қалыптасуына  бағытталған  ата-ананың  көмегімен  іске  асатын  тәрбиеленуші  мен 
тәрбиешінің өз ара іс-әрекеттері деп білеміз.  
Жастар  бойына  ұлттық  құндылықтарды  құрметтеуге,  сақтауға  тәрбиелеуде  белгілі  әлемдік,  отандық 
ғалымдарымыздың еңбектеріне тоқталып өтелік.  
Белгілі  педагог  К.Ушинский  “Халықтың  (этностың)  тәжірбиесінде  педагог  та  жоқ,  педагогика  да  жоқ” 
дейді. Ал Аристотель “Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірбиесіне сүйенеміз” деп жазады. 
Педагогика  және  психология  ғылымдарының  докторы  Қ.Жарықбаев  “Еліміз  бен  жеріміздің  түпкілікті 
иегері –  қазіргі қазақтардың психологиясында  осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар  деп айту 
қиын.  Өйткені,  қазақ  этносының  бүкіл  тыныс-тіршілігінде,  отбасындағы  әдеп-ғұрып  пен  салт-санасында 
көрініс беріп жүр. Бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей, бұрын  
Әрбір  мәдениетті,  білімді  адам  өзінің  кәсіптік,  дүниетанымдық  деңгейін  ұлттық  мәдениетпен  ұштастыра 
білуге  міндетті.  Мәдениетті  болу  үшін  білімді  болу  міндет.  Білімді  болғанмен  ұлттық  мәденитті  игермеген 
болса, ондай тұлға ұлт алдында мәңгүрт, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. 
Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді. 
Білім  беру  мен  тәрбиелеудің  мақсатын  айқындау  үшін  қазақ  білімпазы  Ж.Аймауытовтың  мына  сөздерін 
еске алған жөн. Ол “Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен 
ашылған  саналы  ақыл  көзімен  қарай  білсе,  міне,  білімдендірудің  көздейтін  түпкі  мақсаты  осы.  Мектеп  осы 
бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек” деген екен. 
Қоғамның қазіргі жағдайы, еліміздегі саяси, экономикалық және рухани өмірінде болып жатқан жағдайлар 
азаматтарды  тәрбиелеуге,  тұлғаның  білім  беру  ұйымдарында  интеллектуалды  және  шығармашылық  қабілет-
терінің  қалыптасу  мәселесіне  жаңаша  көзқараспен  қарауды  талап  етеді.  Қоғамдық  ұйымдар,  бірлестіктер, 
шығармашылық ұжым сияқты мектептер арқылы оқушы болашақ мамандығына қажетті нақты өмірлік бағыт-
ты ұйымдастырушылық білікті, тұлғалық қабілеттерді меңгереді. 
Осыдан  келіп,  мектеп  оқу  үдерісі  мәселесін  шешумен  қатар  тұлғаның  дамуына,  өзін  танытуына,  қабілет-
терін жетілдіруге жағдай жасауы қажет. 
Оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұнының мақсаты мен міндетін анықтауға негізгі педа-
гогикалық үдерістің бірегейлігінің идеясы, оның субъект – субъектілік сипаты, оқу тәрбие үдерісіне тұлғалық-
әрекеттік қатынасы сияқты әдістемелік идеялар алынған.  
Біздің  қоғамның  дамуының  әлеуметтік-саяси  шарты  оқушылардың  ұлтжандылық  және  азаматтық, 
адамшершілік қасиеттерін қалыптастыру идеясын ең басты деп қарастырады. Бұл тұжырымдаманың да негізі, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
155 
жастар    бойында  тұлғаның  ұлтжандылық,  адамгершілік  және  азаматтық,  кәсіптік  бағалы  қасиеттері  мен 
салауатты өмір салтын ұстауды қалыптастыру болып отыр. 
Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру міндеттері 
 Жаңа 
әлеуметтік-экономикалық 
жағдайда 
жастардың 
 
кәсіптік 
таңдауларына 
және 
қажеттіліктеріне,қызығушылықтарына сараптама жасау. 
 Тәрбиелеу, адамгершілікті дамыта оқытуды ұйымдастыру. 
 Жастар бойында ұлтжандылықты, азаматтылықты және намысқорлық қасиеттерді қалыптастыру. 
 Оқу-тәрбие  үдерісінде  өздігінен  жұмыс  істеуде,  жастардың  әлеуметтік  белсенділігін  дамытуға  жағдай 
жасау; студенттердің тиімді өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру. 
 Оқу  және  оқудан  тыс  іс-әрекетте  мәдениеттілік  аспектісін  іске  асыру,  тұлғаның  жан-жақты  болуын 
қалыптастыру. 
 Жоғары оқу орнының  ізгілікті дәстүрлерін қалыптастыру, оны әдетке айналдыру. 
 Оқудан тыс уақыттағы тәрбие жұмысының жаңа, әр түрлі формаларын іздеу және енгізу. 
 Жоғары оқу ұстаздарын оқу-тәрбие үдерісін оқушының ұлттық келбетін қалыптастыру тұрғысында іске 
асыру және сабақтан тыс тәрбие жұмысын жүргізуге дайындау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1сурет. Жастардың  ұлттық келбетін қалыптастыру
Тұлғасын 
 
 
 
Жастар 
орта 
қоғам 
ұстаз 
ұжым 
ата-ана 
отбасы 
тәрбиесі 
өзін-өзі 
тәрбиелеу 
Қарым-қатынас 
мәдениетін 
қалыптастыру 
Тұлғаның өз 
белсенділігін 
көрсетуіне жағдай 
жасау 
Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері:  
рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, 
сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш 
Жастардың ұлттық қасиеттері:  
меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішпейілділік,
 
кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, 
ақынжандылық, сыпайылығы, мәдениеттілігі 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
156 
ІV. Жоғары оқу орнындағы  тәрбиелеу ұстанымдары 
 
ЖОО тәрбиелеу ұстанымдары – мазмұны ұйымдастыру формаларын айқындайтын негізгі идеялар, тәрбие 
үдерісінің  әдістері  және  оның  жалпы  заңдылықтары  мен  мақсаттары  болып  табылады.  Қазіргі  әлеуметтік-
экономикалық жағдайда орта мектепте тәрбиелеудің өзекті ұстанымдары мыналар: 
1.  Тәрбиелеудің қоғамдық бағыттылығы. 
2.  Тәрбиелеу мен оқытудың бірегейлік ұстанымы. 
3.  Тәрбиелеудің ізгілікке бағытталуы. 
4.  Оқу-тәрбие үдерісін демократизациялау. 
5.  Тәрбиеге әрекеттілік ықпал ету. 
6.  Ұжым арқылы тәрбиелеу. 
7.  Оқу-тәрбие үдерісінің мәдениеттілік бағыттылығы. 
8.  Оқу-тәрбие үдерісінің халықтық педагогикаға негізделуі 
9.  Педагогикалық ұжымның студенттерге қоятын талаптары бірдей болу қажеттілігі. 
1.  Тәрбиелеудің  қоғамдық  бағыттылығы,  немесе  жастарды  тәрбиелеудің  сипаты  мен  мазмұны  елі  мен 
халқының әлеуметтік қажеттілігіне сәйкес келуі. Қазіргі кезеңдегі жоғары оқу орнындағы  тәрбие жұмысының
басты  мақсаты  адамгершілік  жағынан  жетілген,  әлеуметтік  белсенді,  өзін  дамытуға  қабілеті  бар,  кәсіптік 
компонентті тұлғаны қалыптастыруды шешуге бағынышты болу керек. 
2.  Тәрбие  мен  оқытудың  біргейлік  ұстанымы.  Оқыту  және  тәрбиелеу  үдерісін  ойша  және  практикада 
ажырату өте қиын, өйткені бұл бірегей педагогикалық ұстанымдарды интеграциялау жағдайында (педагогика-
лық үрдісте ізгіліктік және тәрбиелеудің іскерлік, тұлғалық ықпалы идеясының негізінде) қиынға соғады. 
3.  Тәрбиелеудің  ізгілікке  бағытталуы,  тұлғалық  ықпал.  Бұл  білім  алушының  тұлғасына  ізгілікті  қарым-
қатынасын және педагогтың  оған ақиқат  ретінде қарауын қарастырады. Осыған сүйене  отырып, тәрбиелеуді 
білім  алушының  қызығушылығына,  қабілетіне,  мүмкіншілігіне  қарап,  оның  құқын,  адамгершілігін  бағалап, 
ақылға  қонымды,  әрі  оның  мүмкіндігі  жететіндей  талаптар  қойып,  өзін-өзі  тануға  бағыттап  тәрбиелеуге 
ынталандыру керек. 
4.  Оқу-тәрбие үдерісін демократизациялау. Педагог пен білім алушының қарым-қатынасы мен бірге еңбек 
етуі - білім алушының оқу үдерісінің субъектісі ретінде мойындалуы. Бұл тәрбиелік арақатынасқа “жасырын” 
сипат беріп, тікелей педагогикалық әсер етудің императивті тәсілдерін қолданбауға көмектеседі. 
5.  Тәрбиедегі әрекетшілдік ықпал ету.  Тәрбиелеудің тиімділігі, тұлғаның әлеуметтік және кәсіптік құнды 
қабілеттердің  қалыптасуы  –  оқушылардың  іс-әрекетінің  әр  түріне  (оқу,  оқудан  тыс  жұмыстар)  белсенді 
қатысуына,  оқушылардың  кәсіптік  іскерлігінің  сабақтан  тыс  тәрбие  жұмысымен  байланысына,  олардың 
мазмұны мен ұйымдастыру тәсіліне негізделуі қажет.  
6.  Ұжым арқылы тәрбиелеу. Жастардың тұлғасының қабілеттерін қалыптастыруға қажетті жағдай оқушы 
ұжымда оқу үдерісінің (іскерлік, жеке, интеллектуалды, оқу-еңбек, өзіндік шығармашылық, т.б.) басқа да қа-
тысушыларымен  қарым-қатынас  жасай  алатын  кезде  болады.  Және  де  бұл  кезде  тұлғаның  белсенді  өмірлік 
позициясының,  қоғамдық  өмірге  қажетті  тәжірбиенің  қалыптасуына,  азаматтық  қалыптасуына  жағдай  жаса-
лынады. Бұл үдерісте  белгілі бір кезеңде қалыптасатын оқушылардың өзін-өзі басқару  органдары басты  рөл 
атқарады. Ұжымның барлық ақиқатқа негізделген дәстүрлерінің қалыптасуы және бекітілуі үлкен маңызға ие 
болады. 
7.  Тәрбиелеу  мәдениеті,  оқытудың  мәдениеттілік  бағыттылығы.  Тұлғаның  әр  түрлі  мәдениет  аспекті-
лерінің ұлттық мәдениет және  басқа елдер мәдениеті негізінде қалыптасуы; ұлтжандылықты, отансүйгіштікті, 
азаматтылықты, тарихты еске сақтауды дамыту; ұлттық өзін-өзі тану мен мейірімділіктің қалыптасуы. 
8.  Оқу-тәрбие үдерісінің халықтық педагогикаға негізделуі. Жастар  бойына ананың бесік жырынан баста-
латын қарым-қатынас, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр тәрізді уақыт тезінен өткен халықтық педагогиканың 
тағылымдарын дарыту арқылы иманды ұл, ибалы қыз тәрбиелеу. 
9.  Педагогикалық ұжымның оқушыларға қоятын талаптары бірдей болу керектігі. Бұл ұстанымда тәрбие 
әсерінің  тұтастығы  (педагогикалық  талаптардың  бір-біріне  қарсы  келмейтін  іс-әрекеттер  мен  әлеуметтік 
жағдайдың біртұтастығы) сияқты тәрбие үдерісінің заңдылығына қалыптасады. 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
157 
V. Жоғары оқу орнында жастардың  ұлттық келбетін қалыптастырудағы  
тәрбие жұмысын ұйымдастыру моделі 
 
Бұл  модель  ұлттық  құндылықтарды  іріктеп,  тәрбие  процесіне  енгізу  арқылы  ұлттың  тұнып  тұрған  асыл 
мұралық  рухани  байлығымен  болашақта  ел  билейтін  ұрпақтарды  сусындатып,  отбасында  да,  мектепте  де 
ұлтжандалылық  пен  отаншылдыққа  баулып,  өз  халқын,  өз  мемлекетін  көздің  қарашығындай  қорғайтын 
тұлғаларды тәрбиелеуді мақсат етеді. 
Тәрбиелеу тәсілінің жүйелігі жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысының негізгі төрт бағытының қалыптас-
қан мақсаты мен міндетінен көрінеді. Әр бағыт бойынша тәрбие жұмысы сабақта және сабақтан тыс уақытта 
ұйымдастырылады. Белгілі бір бағыт бойынша жұмыс формасын ерекшелуге мүмкін емес, өйткені әрбір бағыт 
бірнеше тәрбие жұмыстарын атқаруға көмегін тигізеді. 
VI.  Жоғары  оқу  орнында  жастардың  ұлттық  келбетін  қалыптастырудағы  тәрбие  жұмысын  ұйымдас-
тырудың  педагогикалық шарттары 
Жоғары оқу орнында тәрбие жұмысын іске асыру шарттарына – тәрбиелеу ортасын құру. Тәрбиелеу ортасы 
негізгі екі компоненттен – қоғамдық қатынас, материалдық ортадан құралады. 
Қоғамдық  қатынас,  рухани  құндылықтар  –  адам  бойындағы  қалыптасқан  имандылық  қадір-қасиеттерге, 
материалдық орта – материалдық құндылықтарға, адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібіне 
негізделеді. 
1. 
Қоғамдық қатынас:  
 Өзімізді  өзіміз  бағалай  білу  –  ұлттық  байлығымызды  игеру,  ұлттық  санамызды  дамыту  мәдениетін 
қалыптастыру.  
 Жоғары оқу орнындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, тұлғаны сыйлау атмосферасын жасау, 
бұл әкімшілік пен оқытушылардың оқушыға деген авторитарлық қатынасын жеңуге жағдай жасайды; 
 Оқытудың жаңа технологиясын енгізу кезінде білім алу траекториясын таңдау мүмкіншілігін жасау; 
Жаңа технологияны оқыту элементін енгізу: оқылатын материалдарды талқылау тәсілдерін пайдалану; оқу 
материалының дәлелдігі,  студенттерге  оқылатын мәселеге баламалы ықпал ету  тәсілдері туралы мәлімет-тер 
беру, осы тәсілдері зерттеуге жағдай жасау т.б.; 
 Тұлғаның  өз  белсенділігін  көрсетуіне  жағдай  жасау:  әр  түрлі  шығармашылық  байқауларды  өткізу, 
шығармашылық жобаларды іске асыру;  оқушылардың өзіндік шығармашылық ерекшеліктерін көрсетулеріне 
қолдау көрсету; 
 Жоғары оқу орны ішіндегі мәселелерді жария ету, талқылау; 
 Жастардың  өзін-өзі  басқаруының  нақты  функциялануы,  осы  үдерістегі  демократиялық  шараларды 
оқушылардың тәжірибеде меңгеруі; 
 Өнерге  баулу:  формалды  емес  байқаулар,  фестиваль,  концерт,  кештер,  жеке  жұмыстарының  көрмесін 
ұйымдастыру  және  т.б.;  (концерт,  спектакль  көрмеге  бару;  клуб,  қызығушылыққа  байланысты  үйірмелер 
ұйымдастыру, мәдениет саласындағы болып жатқан оқиғаларды талдау); 
 Жоғары оқу орнында (газет, оқу телеарнасындағы жаңалықтар) ақпарат құралдарын жасау; 
 Педагог тұлғасының тәрбиелік күшін өзекті ету; 
 “Әдепті  студент”,  “Ең  іскер  тәлімгер”  байқауларын  өткізу.  Байқауға  қатысушы  оқытушыларға  қолдау 
көрсету; 
2. 
Материалдық орта. 
 Оқу барысында студенттер мен оқытушыларға ыңғайлы әрі денсаулыққа қолайлы жағдай жасау; 
 Оқу бөлмелерінің және оқу құралдарының санитарлық – гигиеналық талаптар мен нормаларға сай болуы; 
 Мектепте кабинеттер, кіре беріс дәліздер және басқа бөлмелерінің эстетикалық безендірілуі; 
Оқу ғимаратында қосымша бөлмелердің (рекреация, асхана, буфет, шешінетін орын, т.б.) болуы. 
Материалдық  ортаны  қалыпты  жағдайда  ұстау  үшін  оқушылармен  тұрмыстық  мәдениетті  қалыптастыру 
мақсатына  жұмыстар  жүргізіледі,  мектеп  ішінде  және  сыртында  тазалық  сақтау  үшін  әр  түрлі  іс-шаралар 
ұйымдастыру  керек,  белгілі  бір  ережелерді  енгізіп,  олардың  орындалуын  қадағалау.  (Мысалы,  оқу  орны 
территориясында шылым шегуге тыйым салу.) 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
158 
VII. Жастардың ұлттық келбетін қалыптастырудағы жоғары оқу орнында 
 тәрбие жұмысының мазмұны 
 
ХХІ  ғасырдың  студенті  –  ұлтжанды,  білімді,  жан-жақты,  ерекше  ойлайтын,  көзқарасы  кең,  азаматтық 
белсенді,  рухани-адамгершілік  және  кәсіптік  жұмысқа  дайын,  қабілетті  болуы  керек.  Ол  жеке  қатынастар 
құруға психологиялық дайын болуы, басқалардың көзқарасын сыйлай білуі, мейірімді болуы, қиын өндірістік 
және тұрмыстық шиеленісті жағдайлардан шыға білуі керек. Оның басты капиталы – тұлғаның қоғам, отбасы, 
ұжым алдындағы және өзіне деген жауапкершілігі. 
Осыған орай Жоғары  оқу  орнында жүргізілетін тәрбие жұмысы жеке тұлғаның төмендегідей қасиеттерін 
қалыптастыруға бағытталуы тиіс: 
 Тұлғаның өзгеріп жатқан өмір жағдайларына бейімделе білуі. 
 Ұлттық  санасы,  азаматтық,  отансүйгіштік,  ұлтжандылық  қасиеттері  болып  елінің  экономикалық  және 
мәдени дамыған, әлемдік қоғамда сай орны бар зиялы мемлекет болып қалыптасуына атсалысуға талаптануы 
керек. 
 Заңды сыйлап және әлеуметтік жауапкершілікті  болуы, азаматтық ерлігі, ішкі еркіндігі мен өзіндік ар  – 
намысы болуы керек; 
 
1-сурет. Жастардың ұлттық келбетін қалыптастырудағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру моделі 
 
 Өзін  объективті  бағалайтын  және  өзін  дамытатын  қабілетті  болуы  керек;  өз  қабілеті  мен  мүмкіншілігін 
сезініп, оны іске асыра білуі тиіс; өздігінен шешім қабылдап, оны шеше білуі және алдына мақсат қоя білуі, 
жағдайды алдын ала болжай білуі қажет; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
159 
  Өмірде  бар жағынан жоғары әлеуметтік белсенді болуы, жаңаны іздеуге өмірлік және кәсіптік мәселе-
лердің  стандартты  емес  шешімдерін  табуға  қабілетті  болуы  керек;  әлеуметтік–экономикалық  жағдайда 
бәсекелестілікке қабілетті болуы керек; 
  Жанашыр,  өнегелі,  парасатты,  әлемдік  мәдениет  пен  өркениетті  тани  білуі  және  сыйластық  сезімді 
қабілетті болуы керек; 
  Өз денсаулығын қалпына келмейтін өмірлік ресурс ретінде бағалауы тиіс; 
  Ұлттық салт-дәстүр, мәдениет байлықтарын бағалай, қастерлей білуі керек; 
 
Жоғары  оқу  орнында  жеке  тұлғаның аталған  қасиеттерін  қалыптастурға  арналған  тәрбие  жұмысының 
негізгі бағыттарына. 
1.  Тұлғаны ұлтжандылық, отансүйгіштік, азаматтық, ерлік пен намысқорлыққа тәрбиелеу.  
2.  Адамгершілік, әдептілік пен ізгілікті тәрбиелеу, көпмәдениетті тұлғалық қабілеттерін қалыптастыру. 
3.  Тұлғаның кәсіптік бағытталған қабілеттерін қалыптастыру. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу. 
4.  Тұлғаны салауатты өмір салтына бағытталуын қалыптастыру. Тән және жан сұлулығы тәрбиесі. 
1. Тұлғаны ұлтжандылық, отансүйгіштік, азаматтық, ерлік пен намысқорлыққа тәрбиелеу. 
Тұлғаның  ұлтжандылығының,  отансүйгіштігінің,  ерлік  рухы  мен  азаматтылығының  қалыптасуы.  Оқу 
уақытында  бұл  бағыт  бірінші  кезекте  әлеуметтік  ізгіліктік  цикл  пәндерін  (тарих,  саясаттану,  мәдениеттану, 
өлкетану, тілдер) меңгеруде және адамгершілік сезінуде іске асады. Мұнда көбінесе пікірталас, диспут, дебат, 
рөлдік ойындар, “дөңгелек стөл”, т.б. сияқты оқу үдерісін ұйымдастыру формалары талап етіледі. 
Оқудан  тыс  уақытта  тұлғаны  ұлтжандылыққа,  отангүйгіштікке  тәрбиелеуге  тек  отаны  туралы,  оның 
тарихының жарқын кезеңдері туралы, алдыңғы қатарлы азаматтары, мәдениеті, өнері туралы білім алуға ғана 
емес,  естерінде  жарқын  сезімдерді  басынан  өткізетіндей  әдістермен  жұмыс  істеу  керек  (қызықты  таным 
жорықтар,  атақты  адамдармен  кездесу,  жорықтар,  өлкетану  жұмыстары,  фестиваль,  байқау,  концерт,  ұлттық 
мейрамдар, өнерді сүюшілердің үйірмелері мен клубтары, спектакль, кино және т.б. көру).
 
2. Адамгершілік, әдептілік пен ізгілікті тәрбиелеу, көпмәдениетті тұлғалық қабілеттерін қалыптастыру. 
Бұл үдеріс оқу уақытында екі жолымен іске асады: 
Жастармен қарым-қатынас кезінде адамгершілік тәжірбие жинау; 
Әлеуметтік-ізгілктік циклдегі пәндер мазмұны (этика, эстетика, әдеп сабақтары мәдениеттану, тілдер және 
т.б.) рухани сезіну және меңгеру арқылы. 
Жастарды    тәрбиелеуде  педагог  тұлғасының  рөлін  бағалау  қиын.  Педагогтың  тәрбиелік  әсер  ету  қасиет-
теріне:  кішпейілдік, ұқыптылық, сөйлеу мәдениеті, білімдарлығы, талап етушілігі,  жауапкершілігі,  бағалауда 
әділ болуы, парасаттылығы және кінәмшылдығы жатады. 
Оқудан  тыс  уақытта  студенттерге  “қарым-қатынас  мәдениеті”,  “өзін-өзі  тану”,  “өзін-өзі  бағалау”, 
“жігерлілік мінез”, “сезімдер”, “эмпатия” сияқты түсініктермен басқа адамды тану құралы ретінде танысады. 
Сондай-ақ,  олар  тренинг көмегімен әсерленгіш, психикалық күйін өздігінен басқару негізімен жеке тұлғалар 
арасындағы келіспеушіліктерді шешу тәсілдерімен танысады. 
Оқудан тыс уақытта тәрбие жұмысының әр түрлі формаларын іске асыруға болады: адамгершілік мәселе-
леріне,  өнерге,  ұлттық  мәдениетке  және  т.б.  арналған  сынып  сағаттары,  этикалық  театр,  концерт,  үйірме, 
қызығушылыққа байланысты клубтар және т.б. 
3. Тұлғаның кәсіптік бағытталған қабілеттерін қалыптастыру. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу. 
Әрбір мамандық профессиограммасында сол болашақ мамандық иесінің кәсіптік спецификалық қасиеттері 
ерекшеленуі керек. Сонымен бірге, кез келген мамандықты игерудегі тұлғаның маман ретінде қалыптасуында 
тұлғаның жетекші қасиеттері деп – білуге талпыну “оқи білу”, кәсіптік мәселелерді шығармашылық тұрғыдан 
шешу қабілеттерін айтамыз. 
Бұл  бағыттың  оқу  уақытында  іске  асуы  тәрбиелеу,  дамыта  оқытуды  (немесе  сендіре  оқытуды)  ұйымдас-
тыруға байланысты. Осы мақсатта инновациялық технологиялар, белсенді оқыту (проблемалық оқыту, ұжым-
дық  шығармашылық  іс-әрекет  тәсілі,  пікірталас,  дебат,  миға  шабуыл,  тренинг,  ойындық  жобалау,  іскерлік 
ойындар, т.б.) тәсілдері қолданылды. Бұл үдерісте оқушылар өз күшімен жаңа білім алады, және оларда өнімді 
қарым-қатынас дағдысы, ұйымдастырушылық  білігі,  таразылау қабілеттері, мәселені шешудің дәстүрлі  және 
дәстүрлі емес жолдары мен құралдарын іздеу қабілеттері қалыптасады. Оқу үдерісі кезіндегі бәсекелестікке де 
қолдау көрсету керек. Бұл ойын тәсілдері арқылы іске асыруға көмегін тигізеді.   Оқушылардың  жеке  қасиет-
терінің  дамуында  зенрттеушілік  мәдениетін  қалыптастыратын  әр  түрлі  оқу  –  зерттеушілік  жұмыс  түрлері 
маңызды орын алады. 
Оқудан  тыс  уақытта  тұлғаның  кәсіптік  бағалы  қабілеттерінің  қалыптасуы  оқушылар  ғылыми  –  зерттеу 
жұмысының  әр  түрлі  формаларын  қолдана  зерттеушілік  мәдениеті  (егер  де  бұл  оқу  бағдарламасына 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
160 
енгізілмеген болса) сияқты арнаулы факультатив курстар өткізіледі. Бұл арнаулы курстарда оқушылар ғылыми 
әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдыланды (мәлімет іздеу, әдебиеттерді  оқу, түсініктеме беру,  реферат жазу); 
жеке мәтін жазуға дағдыланды, еңбекті ұйымдастыруға дағдыланды.  
5.  Тұлғаны салауатты өмір салтына бағытталуын қалыптастыру. Тән және жан сұлулығы тәрбиесі 
Оқу  уақытында  міндетті  түрде  денсаулық  сақтайын  жағдайлы  ұйымдастыруға  үлкен  мен  беру  керек: 
санитарлық-гигиеналық нормаға сай оқу  бөлмелері мен құралдар, тиімді құрастырылған сабақ кестесі,  ЖОО 
дене шынықтыру студенттерге қызықты түрде міндетті болған кезде ғана мақсатына жетеді. 
Ал оқудан тыс уақытта оқу орындарының спорттық  ұйымдары (секция, клуб), жастардың бос уақыттарын 
формалды емес ұйымдастыру (сайыстар, туристік  жорықтар, “демалыс күннің жорықтары”, жазғы балалардың 
уақытша ұжымы, әр типтегі лагерьлер, т.б.) бірінші орынға шығады. 
Сонымен қатар, жастар бойында салауатты өмір салтының арнаулы біліктері мен дағдыларын қалыптасты-
ру қажет. Оған зиянды заттарды пайдаланудың, нашақорлықтың, шылым шегудің алдын алу бағдарламалары 
жасалынып,  дәрігер,  психолог  және  басқа  мамандардың  қатысуымен  тренинг,  рөлдік  ойындар,  т.б.  өткізіп 
отыру керек. 
 
VIII. Жастардың  ұлттық келбетін қалыптастыруда ЖОО тәрбие жұмысын басқару 
 
Бұл  модель  бойынша  қызметті  ұйымдастыру,  тәрбие  жұмысы  тәжірибесіне  енгізу  жоғары  оқу  орнының 
тәрбие  жұмы  жұмысы  жөніндегі  проректорға  (тәрбие  жұмысы  жөніндегі    ректордың  орынбасары)  жүктелуі 
мүмкін. 
Тәрбие  жұмысы  бойынша  тәлімгерлер  кеңесі,  негізгі  алқалық  ұйым  болып  табылады.  Оның  құрамына 
жалпы мектептің іскер тәлімгерлер, студенттердің өкілдері, факультет деканының тәрбие ісіндегі орынбасар-
лары, тұрақты шығармашылық ұжымдарының басқарушылары кіреді. Шығармашылық ұжымдардың басқару-
шылары. Бұл орган ЖОО тәрбие жұмысын алдын ала кешенді жоспарлауды іске асырады және үйлестіруші 
қызметін  атқарып жоспардың іске асуын, қызығушылық мониторингін өткізу,  жастардың құндылық нысана-
ларын, мәдени бос уақыт іс-әрекеттерін ұйымдастыру. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет