Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»


ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДА ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАРЫНЫҢ АНЫҚТАЛУЫ



Pdf көрінісі
бет35/46
Дата15.02.2017
өлшемі4,25 Mb.
#4163
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46

ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДА ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАРЫНЫҢ АНЫҚТАЛУЫ 
 
А.А. Утепбаева – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 1 курс магистранты 
 
Резюме 
В статье рассматривается актуальная тема нашего времени ценностные ориентаций. Также описывается  мнение, 
взгляды о ценностных  ориентаций отечественных и зарубежных исследователей. Вместе с этим также говорится  о 
национальных  ценностях  казахского  народа,  и  каким  должен  быть  преподаватель  12  летного  образования,  в 
особенности учителя начальных школ. И какие мы должны делать условия для развития ценностных ориентаций у 
учителей начальных школ, для того чтобы воспитывать у детей ценностные ориентаций.  
 
Resume 
This article considered the nowadays actual theme the valuable orientations. There are also opinions, outlooks on valuable 
orientations of our and foreign researchers. At the same time it is about national values of Kazakh people too and about how 
will be a teacher of twelve years education, a specially teachers of primary schools. And what kind of necessary of conditions 
can  we  give  for  development  valuable  orientation  about  teachers  of  primary  schools  to  inculcated  children  valuable 
orientations.     
 
Аннотация 
Қазіргі кездегі кең тараған мәселелердің бірі құндылық бағдарлар. Құндылық бағдарлардың психоло-
гия  ғылымында  алатын  орны  және  ғалымдардың  берген  анықтамалары,  олардың  зерттеген  мәселелері 
қарастырылады. Сонымен қатар, болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің ұлттық құндылықтары аталып 
өтіледі. 
Ценностные  ориентации  являются  актуальной  темой  нашего  времени.  Мы  рассматривали   определе-
ния,  которые  были  даны  как  отечественными,  так  и  зарубежными  учеными,  и  роль  ценностных 
ориентаций  в  психологии.  Также  рассматривали  национальные  ценностные  ориентации  будущих 
учителей начальной школы. 
Қазіргі кезде  тұлғаның дамуын, қалыптасуын зерттеу басты орынға қойылған мәселелердің бірі болып 
отыр. Бұл мәселе көптеген ғылымдар  аясында туыстас  ғылымдар  түйісінде  зерттеудің ортақ  объектісі 
болып  отыр.  Тұлға  құрылымындағы  «құндылықтық  бағдарлар»  ерекшеліктерін, әлеуметтік-психология-
лық маңызын, оның  тұлға дамуындағы, қалыптасуындағы рөлін айқындау ерекше.   
Құндылық  анықтамасын  әлеуметтік  психологиялық  бағытында  құндылық  жүйесін  адамға  деген 
қатынастың нормалары мен ережелерінің жиынтығы ретінде емес, адамның құндылықты қабылдауының  
әлеуметтік сипатын талдау ретінде қарастырады. В.Ф. Сержановтың [1,33б] қорытындылауынша әр түрлі 
құндылықтар  екі  қасиетпен  сипатталады:    ол  мәнділік  және  тұлғалық  мән.  Құндылық  мәнділігі  заттың 
немесе  идеялардың  қоғамдық  мәнді  қасиеттері  мен  қызметтерінің  жиынтығы,  құндылықтың  тұлғалық 
мәні адамның өзімен анықталатындығында.  
Құндылық  мәселесінің  әртүрлі  аспектілерін  отандық  ғалымдар  зерттеген  болатын.  Мысалы:  жеке 
тұлғаның  құндылықтарға  бағдарлануы  теориялық  практикалық  негіздерін  И.Д.  Багаева,  З.И.  Васильева, 
Г.К.  Нұрғалиева,  жастардың  құндылық  бағдарын  әлеуметтік  тұрғыдан  В.Я.  Ядов,  Б.В.  Ломов 
қарастырған.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
228 
Сонымен    қатар,  ұлттық  құндылықтарды  танып  білу,  меңгеру  және  ұлттық  мәдениеттің  қалыптасу 
негіздері  ағартушылар  Ш.  Уәлиханов,  Ы.  Алтынсарин,  А. Құнанбаев,  М.  Жұмабаев,  Ж.  Аймауытов,  Ш. 
Құдайбердиев,  М. Дулатов, А. Байтұрсыновтың  рухани мұраларынан  бастау алады. 
Философтар  мен  мәдениеттанушылар  Т.Ғабитов,  Ғ.Есім,  Д.Кішібеков,  Б.  Ерасов,  Е.  Әлсатов, 
С.Нұрматов т.б. құндылықтардың  әлеуметтік-философиялық мәнін айқындаған.  
Құндылық  бағдардың    қалыптасуының    теориялық    негізін  Т.  Парсонс,  Р.Б.  Перри,  А.В.  Кирьякова, 
Н.Г. Казакина, А.И. Титаренко, Л.С. Рубинштейн, В.Н. Мясищев, Д.Н. Узнадзе қарастырған. Қалыптасқан 
тұрақты    құндылықтар  бағдарларының    жиынтығы  тұлға  тұрақтылығын,  қажеттер  мен  қызығулар 
бағдарында  көрінген  әрекет-қылық  және  іс-әрекет  типтерінің  өзара  байланыса,  ұштасуын  қамтамасыз 
етеді.  Осыдан, құндылықты  бағдар    тұлға  мотивтеріне  себепші,  реттеуші  маңызды  фактор  ретінде    іске 
қосылады.  
Құндылық  бағдарларының  негізгі  мазмұны-адамның  саяси,  философиялық,  адамгершілік  наным-
сенімдері,  терең  әрі  тұрақты  бейімділіктері,  әрекет,    мінез  принциптері.  О.И.  Зотова  және  М.Н. 
Бобневалар    “құндылықтық  бағдарлар”    түсінігін  философиялық  тар  аумақтан  шығарып,  әлеуметтік, 
саясаттанулық,  психологиялық  пәндерге  енгізу  керек  деп  көрсеткен[2,19б].  Осы  көрсетілген 
құндылықтық бағдарлар түсінігінің ауқымы кең екені, мәні зор екені көрінеді. Яғни бұдан біз құндылық 
бағдарларды тек қана бір ғылым төңіргенінде зерттей алмайтынымыз көрінеді.  
Құндылықтық  бағдарлар-  бұл  бекітілген  бағдарлардың  жүйесі.  Олар  тұлғаны  берілген  мәдениеттің 
құндылықтарына көңіл аудартады және тұлғаның өмірлік, мінез-құлықтық  таңдауларын анықтайды. Осы 
бағдарларға сүйене отырып, индивид белгілі-бір мінез-құлықты атқарады. Құндылықтарда әрбір адамның 
қайталанбас  өмірлік  тәжірибесінің,  қызығушылықтары  мен  қажеттіліктерінің,  әдеттерінің  ерекшеліктері 
жинақталған.  Адамның  өмірлік  мақсатын  анықтайтын  құндылық  бағдарлар  адамның  мәнділік  және 
тұлғалық  мағынасын  көрсетеді.  К.А.  Абульханова  -  Славская  және  А.В.  Брушлинский  құндылық 
бағдарларды ұйымдастыру жүйесіндегі мағыналық түсініктер рөлін сипаттай келе, ол келесі қызметтерде 
көрінеді  деген:  белгілі  бір  құндылықты  қабылдау  мен  іске  асыруда;  оның  мәні  не  артқанда,  не 
төмендегенде; әр уақытта құндылықты ұстап тұрғанда немесе жоғалтқанда.   
Құндылық бағдардың дамуы- тұлға кемелінің белгісі, оның әлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты 
бағыттардың  тұрақты  бірлігі  тұлғаның  келесідей  сапаларының  дамып,  орнығуына  себепші  болады: 
тұлғаның  тұтастығы  мен  сенімділігі,  белгілі  мұраттар  мен  принциптерге  адалдық,  осы  мұраттар  мен 
принциптерді  іске  асыру  жолында  ерік  күшін  аямауға  қабілеттілік,  өмірлік  ұстанымдарға  орай 
белсенділік,мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік. Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар 
әрекет  пен  мінездегі  тұрақсыздығы  туындатады.  Құндылық  бағдардың  төмендеуі  адамның  селқостығы 
мен енжарлығына себепші болады.  
Әлеуметтанушы  В.Л.  Оссовский  құндылық  функцияларының  екі  аспектісін  көрсетті:  қоғам  қызығу-
шылықтарын қанағаттандыратын, мәдениет элементі ретіндегі- норма құндылықтары және адам қызығу-
шылықтарының  объектісі  ретіндегі-  объект  құндылықтары.  Оның  жұмысында  бұл  құндылықтардың 
өзарақатынас ерекшілігі көрсетілген. Құндылықты сендіру түсінігі арқылы қарастыру Г.Е. Залесский мен 
американдық психолог М. Рокичтің жұмыстарында үлкен орын алған. Олар құндылықты тұрақты сендіру 
ретінде  көрсетеді. Олардың ойынша тұлға құндылығының мынадай белгілері бар: 
- Құндылық бастаулары - мәдениет, қоғам;  
- Әлеуметтік феномендерге деген құндылық әсері; 
- Адам  дәулеті саналатын жалпы құндылықтар саны; 
- Құндылықтар дәрежесінің әр түрлілігі; 
- Жүйе бойынша ұйымдастырылған құндылықтар. 
Психологиялық  пәндер  аясында  «құндылықтық  бағдарлар»  адам  мінез-құлқы  мен  іс-әрекетін 
сипаттайтын механизм санаттарымен байланысты.     Э. Шпрангер бұл қағиданы сыңға ала отырып, адам 
жанының мазмұны эмоционалдық реттеу арқылы айқындалатын субъектівтік құндылықтарды ғана емес, 
сонымен  бірге  объективтік  құндылықтардыда  бейнелейтінін  көрсеткен.    Бұл  құндылықтар  өмір 
тарихында  қалыптасып,    жеке-дара  өмірдің  мәні  мен  мазмұны  шеңберінен  шығып  объективті  мәдениет 
аясында кіретінін айтқан. Сонымен психологияда құндылықтық бағдарлар субъективтік  және қоғамдық 
сананы,  нормалар  мен  түсініктерді  көрсететін  екі  жақты  сипатқа  ие.  Бұл  жерде  құндылықты  бір  ғана 
жағынан  қарастыруға  болмайды.  Себебі,  ол  субъективтік,  сонымен  бірге  қоғамға  ортақ  нормаларын, 
ережелерден,  талаптардан  көрінуі  мүмкін[2,21б].  Осы  айтылған  оймен  толықтай  келісемін,  себебі 
құндылық  кең  ауқымды  мағынаны  қамтиды.  Бұны  біз  көптеген  ғалымдардың  зерттеулерінен  байқауға 
болады.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
229 
Құндылықтық  бағдарлар  қоғам  өзгерістерімен  шарттас  болғандықтан  қоғамдық  жүйенің  өзгеруі 
әлеуметтік  саладағы  өзгерістер  жұртшылықтың  санасында  құндылықтық  бағдарлардың  жаңа  жүйедегі 
орнығуына  ықпал  етуде.  Қазіргі  таңдағы  тұлғаның  қалыптасуындағы,  әсіресе  жаңа  буын 
қалыптасуындағы құндылықтық бағдарлар өрісінің бейтарап тұрғандығын көрсетпек болады.  
Бүгінгі Қазақстандық қоғамда құндылықты бағыттар қатарында ұлтжандылық, отаншылдық сезімдері, 
яғни өз халқымызды, оның салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін, әдеттерін, туған ел табиғатын құрметтеп білу- 
жоғары маңызға ие болып отыр. Сонымен бірге әрбір адам үшін жоғары құндылық – бұл өмір, тіршілікке 
болған  қамқорлық,  гуманистік  қатынастар  негізі  -  әр  адамның  өз  басын  сыйлауы,  өз  адамгершілік 
сапаларына болған құндылықты қатынас; ата-ананы, туған-туысқанды, отбасы, бала-шағаны ардақ тұту, 
табиғатты  аялау  және  ең  жоғары  инабатты  құндылық  ретінде  еңбекті  қадір  ету[3,149б].  Осыдан  біз 
ұрпағымызды  жастайынан  тәрбиелеу  керек  деген  ой  келеді.  Бұл  ұрпақты  тәрбиелеу  мамандардың 
қолдарында. Сол себепті, қазіргі заман талабы 12 жылдық білім беруге көшу. Ал 12 жылдық білім беруге 
көшуде  алғашқы  саты-  бастауыш  білімнің  орны  ерекше.  Сол  себепті  оларды  оқытып,  тәрбиелейтін 
мұғалімдер жан-жақты  маман болуы керек. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің бойындағы басты 
ерекшелігі, ұлттық құндылық. Ұлттық құндылыққа бай маман болуы үшін оны ЖОО-нда даярлау керек. 
Олардың  құндылық  бағдарларын  анықтап,  әлеуметтік  ортада  да,  өзі  үшін  де  маңызды  құндылықтарға 
бағдарлануы психологиялық,педагогикалық жағдай жасауды қажет етеді.  
Тірек сөздер: құндылықтар, құндылық бағдарлар,ұлттық құндылықтар. 
 
1.  Э.К.  Қалымбетова  –  «Құндылықтық  бағдарлардың  психологиялық  ерекшеліктері»-  \\ҚазҰУ  хабаршысы, 
психология және социология сериясы,№4(31)-32-36б. 
2. 
Э.К.Қалымбетова,Л.О.Баймолдина 
–«Құндылықтық 
бағдарлардың 
студент 
тұлғасына 
әсерінің 
психологиялық ерекшеліктері»- \\ҚазҰУ хабаршысы,психология және социология сериясы,№4(35)-19-22б. 
3. Бабаев С.Б.,Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика –Алматы,2005-228б. 
4. Н.С.Жұбаназарова, Б.Т.Абдрахманова –«Тұлғаның құндылық бағдарына нарықтық жағдайдың әсері»- \\ҚазҰУ 
хабаршысы, психология және социология сериясы,№1(36)-56-60б. 
 
БІЛІМ ЖӘНЕ ӨЗ БЕТІМЕН БІЛІМ АЛУҒА ДЕГЕН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР 
 
Н.Қ. Толегенова – магистрант І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қаласы 
 
Резюме 
В  данной  статье  дается  определение  понятиям  «знание»  и  «самостоятельное  получение  знаний»,  а  также 
рассматриваются  философские  взгляды  ученых-философов  древнего  мира  и  Казахстана.  В  «Словах  назиданиях» 
Абая очень много написано о том, что нужно самому самостоятельно развиваться и получать знания.   
В  статье  раскрывается  проблема  актуальности  самостоятельного  получения  знаний  в  системе  кредитной 
технологии  обучения  и  проблема  подготовки  конкурентноспособных  специалистов,  способных  реализовать 
программу развития Казахстана, предложенную президентом Нурсултаном Назарбаевым. 
 
Summary 
In this article the concepts of "knowledge" and "independent acquisition of knowledge" are defined, and the philosophical 
views  of  scientists-philosophers  of  the  ancient  world  and  Kazakhstan  are  discussed.  In  Abay's  "Words  of  edification"  it  is 
written a lot about the people, who must independently develop and absorb knowledge. 
This article deals with the problem of relevance of independent learning within the system of credit teaching technology 
and the problem of training of competitive specialists, who are able to implement the development program of Kazakhstan, 
which president Nursultan Nazarbayev has proposed. 
 
Қазақстан  Республикасының  экономикалық  қатынастары  мен  бәсекелестіктің  қанат  жаюына 
байланысты әр түрлі өзгерістер жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды 
да өзгертуге әкеліп отыр. «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге 
айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің 
азаматтарымыз  үнемі  ең  озық  жабдықтармен  және  ең  заманауи  өндірістерде  жұмыс  жасау  машығын 
меңгеруге  дайын  болуға  тиіс.»,  –  деп  Елбасы  Қазақстан  халқына  жолдаған  «Қазақстан-2050» 
бағдарламасында  айтқан  болатын  [1].  Сондай-ақ  жас  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығына  да  зор 
көңіл  бөлу  қажеттілігіне,  олар  қазіргі  заманға  бейім  болуы  үшін  бұл  аса  маңызды  екеніне  де  назар 
аударды.  Ел  Президентінің  ұсынған  бағдарламасы  білім  беру  жүйесінің  алдына  нәтижеге  бағытталған 
білім  моделін  жасауды  қамтамасыз  ету  және  оны  халықаралық  білім  беру  кеңістігімен  интеграциялау 
мақсатын қойды. Демек, Елбасының жастарды еңбектің қай саласында болмасын, әсіресе білім алуда да 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
230 
тек  мәлімет  жиынтығын  меңгертумен  шектелмей,  іс-әрекетін  өздігінен  тиімді  ұйымдастыра  отырып, 
шығармашылық  бағыт  ұстанатын,  сол  тұрғыда  өз  болмысын  таныта  алатын  құзырлы  маман  болуға 
даярлау қажеттігін негізге алып отыр. 
Ал құзырлы маман бойында заман талабына сай білімі болуы тиіс. Жалпы, білім (лат. scientia, ағылш. 
knowledge,  араб.:  ﻢﻠﻋ )  [2]  –  адамдардың  белгілі  бір  жүйедегі  ұғымдарының,  деректері  мен 
пайымдауларының,  т. б.  жиынтығы.  Білім  адамзат  мәдениетінің  ең  ауқымды  ұғымдарының  бірі  болып 
табылады.  Ол  сана,  таным,  объективті  әлем,  субъект,  ойлау,  логика,  ақиқат,  парасат,  ғылым  және  т.б. 
күрделі  де  терең  ұғымдармен  тығыз  байланыста  әрі  солар  арқылы  анықталады.  Білім  философия  мен 
рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген [3].  
Өз  бетімен  білім  алуға  деген  әртүрлі  философиялық  көзқарастар  бар.  Аталмыш  мәселе  ерте  заманғы 
тарихтан,  яғни  ежелгі  грек  философы  Сократтың  ой-пікірлерінен  бастау  алады.  Философ  еңбектерінде 
шәкірттің өздік  іс-әрекеттерінің сана дамуында  ерекше  орын алатындығы, оқыту барысында оның өздік 
іс-әрекеттерін  басқарып  отыру  маңыздылығы  атап  өтілген.  Білім  алушы  мұғалімнің  басқаруымен  өз 
бетінше  шешім  қабылдай  алуы  қажет  екендігі  айтылған.  Сократтың  әңгімелесу  түріндегі  эвристикалық 
оқыту  әдісі  ерекше  сұрақтар  арқылы  білім  алушыға  өз  бетімен  мәселе  қойып,  оның  шешімін  табуға 
көмектеседі.  Сократтың  әдісі  дамып,  ғұлама  педагогтар  еңбектерінде  көрініс  тапты.  Ян  Амос 
Коменскийдің  «Ұлы  дидактикасында»  балаларды  оқыту  қажеттілігі  туралы  былай  деп  жазған: 
«бастауларды  ашу  және  олардан  жылғалармен  шығару  қажет».  Осылардың  негізінде  жұмыс 
ұйымдастырылса, лекция, семинар, өздік жұмыс, кеңес беру сияқты ұғымдар арасында шекара болмайды. 
Қытай философы Конфуцийдің «Естігенің ұмытылар, көргенің есіңде қалар, ал өз ақыл-ойыңмен істеген 
ісіңді түсінесің» деген даналық сөздері осы айтылғандарды дәлелдей түседі.  
Әбу  Насыр  Әл-Фараби  адамды  өз  болмысын  өзі  танып  білуге  тәрбиелеу  ісіне  үлкен  мән  берді.  Бұл 
мәселені  логикалық,  этикалық,  педогогикалық,  тілдік  тұрғыдан  кеңінен  саралап,  бұларды  бір-бірімен 
өзара сабақтастықта қарастырады [4]. 
Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып 
отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені 
тәрбиелемей,  үлкен  жетістікке  жету  жоқ.  Ғылым  мен  тәрбие  ұштасса  ғана  рухани  салауаттылыққа  жол 
ашылмақ.  Әл-Фараби  мінез-құлқын  түзей  алмаған  адамның  ақиқат  ғылымға  қолы  жетпейтіндігін 
ескертеді.  Бір  сөзбен  айтқанда,  Фараби  адамдардың  өздері  көздеген  мақсатына  жетуі  оның  өзіне  ғана 
байланысты  екенін  айтады.  Адам  рухани  жағынан  үнемі  өзін-өзі  жетілдіріп  отыруға  тиіс,  адам  тек 
ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. 
Білімнің  өзі  адамды  жануардан  ерекшелендіреді.  Баласағұни  сондықтан  да  білімсіз  адамдар  малға 
ұқсайды дегенді айтады. Ол білімділікті қаншалықты жоғары бағаласа да, оның жазбаларынан «жазылған 
нәрсеге  үміт  артпа,  өзің  күш-жігер  таныт»  дегенді  кездестіреміз.  Баласағұни  үшін  философия  білім  алу 
немесе  өздігінен  білім  алу  процесімен  пара-пар,  ал  неғұрлым  кең  мағынасында  ол  білім  берумен 
үйлеспейтін, бірақ оның мәні болып табылатын нәрсе. Бұл жерде «өте мәнді сәтті» атап көрсету маңызды, 
Әл-Фараби  салған  дәстүрден  кейін  іле-шала  Баласағұни  философиясында  білім  алу  әлеуметтік-мәдени 
процесс ретінде ғана емес, сондай-ақ дүние құрушылықтың әмбебап ұстанымы ретінде де бой көрсетеді. 
Сондықтан  да  білім  беру  мен  оқытудың  реттілігін,  іргетастық  онтологиялық  қатынастарға  сәйкес, 
оқушылардың оларды оқып-үйренуінің субъективтік реттілігіне сәйкес келтіреді. Оның сенімі бойынша, 
«ғылым мен зерде – барлық істердің негізі», «білімсіз зерде де, сөз де құнарсыз» [5]. 
А. Құнанбаев  тұлғаның  өзіндік  сана-сезімді  дамытуда  өз  бетімен  жан-жақты  білім  алуға  шақырады. 
Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, 
Дүниені  көздеп,  Екі  жаққа  үңілдім..,»,  –  деп  ескертуінде  мәні  терең  сыр  жатыр.  Фараби  мен  Абай 
шығармаларындағы  пікір  сабақтастығын,  ақын  шығармашылығы  нәр  алған  рухани  көздерінің  түп-
төркінін  қарастырғанда,  алдымен  екі  ұлы  ойшылға  ортақ  «жан  қуаты»  немесе  Абайдың  өз  сөзімен 
айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет [6].  
Адамзат  тарихында  ғылыми  ой  үздіксіз  даму  барысында  «өзін  танымақтың»  немесе  «жан  қуаты» 
туралы  ойлардың  қалыптасу  жолдарын  танып  білу  күрделі  мәселеге  айналып,  бастан-аяқ  қарама-қарсы 
көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімінің алғашқы қадамы 
көне  дүние  философтарынан  басталса  да,  оны  өз  заманында  ғылыми  жүйеге  түсіріп,  қалыптастырған 
Фараби  еңбегі  ерекше  көзге  түседі.  Жалпы  «жан  қуаты»  немесе  «өзін  танымақтық»  жайлы  күрделі  ой 
сарасына  қазақ  топырағында  арғы  заманда  Фараби,  соңғы  дәуірде  Абай  терең  барлап  барған.  Абай 
өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жан қуаты»,  «жанның 
азығы» т. б. осы іспеттес философиялық сарындағы ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек көп 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
231 
нәрсе,  бәрін  мұнда  жазарға  уақыт  сиғызбайды»,  –  деп,  айрықша  ескертуінің  өзіндік  себептері  бар.  Бұл 
тұжырымынан  ақынның  «өзін  танымақтығы»  жөніндегі  ілімнің  тарихымен  толық  таныстығы  анық 
байқалып,  өз  тарапынан  ойларын  кең  түрде  тыңдаушыларына  молынан  жеткізе  алмаған  өкініші  де 
сезіледі.  Жан  қуаты  жөнінде  Фараби  қолданған  философиялық  терминдер  Абайдың  өлеңдері  мен  қара 
сөздерінде қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен 
«Әуелде  бір  суық  мұз  ақыл  зерек...»,  «Көзінен  басқа  ойы  жоқ...»,  «Малға  достың  мұңы  жоқ  малдан 
басқа...», «Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі асыл тас...» өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, 
қайрат,  жүрек  жайлы  философиялық  мағынадағы  ойларының  бастау  алар  көзі  Фараби  еңбектерінде 
жатыр [7]. 
Абай  Құнанбаев  төртінші  сөзінде  «Қулық  саумақ,  көз  сүзіп,  тіленіп,  адам  саумақ  –  өнерсіз  иттің  ісі. 
Әуелі  құдайға  сыйынып,  екінші  өз  қайратыңа  сүйеніп,  еңбегіңді  сау,  еңбек  қылсаң,  қара  жер  де  береді, 
құр  тастамайды.»,  –  деген.  Ал  оныншы  сөзінде  «Ғылымсыз  ахирет  те  жоқ,  дүние  де  жоқ.  Ғылымсыз 
оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды.», – деп айтқан.  
Жалпы,  кез-келген  іс-әрекет  қорытындысының  есебі  болу  керектігін  Абай  он  бесінші  сөзінде  баса 
айтқан «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең 
болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не 
білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, 
не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?»  
Он  тоғызыншы  сөзінде  «Адам  ата-анадан  туғанда  есті  болмайды:  естіп,  көріп,  ұстап,  татып  ескерсе, 
дүниедегі  жақсы,  жаманды  таниды  дағы,  сондайдан  білгені,  көргені  көп  болған  адам  білімді  болады. 
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. 
Сол  естілерден  естіп,  білген  жақсы  нәрселерді  ескерсе,  жаман  дегеннен  сақтанса,  сонда  іске  жарайды, 
сонда адам десе болады.», – деген.  
Өз  бетімен  білім  алу  туралы  отыз  сегізінші  сөзінде  былай  деп  жазған:  «Ғылым-білімге 
махаббаттандырмақ  әлгі  айтылған  үшеуінен  болады.  Ғылым-білімді  әуелі  бастан  бала  өзі  ізденіп 
таппайды. Басында зорлықпенен  яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. 
Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан 
соң ғана Аллаһ Тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана 
жәліб  мәнфағат  дәфғы  мұзарратларны  айырмақлық  секілді  ғылым-білімді  үйренсе,  білер  деп  үміт 
қылмаққа болады.» 
Ал,  қазақ  халқының  мәдениеті  мен  ағартушылық  тарихында  ерекше  орын  алатын  Ы.Алтынсарин 
оқып-үйретушілердің өз бетінше білім алуда ұстаздың ролін жоғары бағалап, қазақ жастарын ең алдымен 
оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің 
алдыңнан,  Іздемей-ақ  табылар»).  Автор  оқу-білімнің  тек  ізденіс,  еңбекпен  табылатынына  мән  берді. 
Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Кейінірек халық 
ағартушысы  ретінде  өз  білімін  өзінше  оқып,  арттыра  түсуді  белсенді  түрде  жалғастыра  түсті.  Бұған 
инемен  құдық  қазғандай  ыждаһаттылық,  талап  пен  сабырлылық  қажет  екенін  ескертеді.  Ал  оқымаған 
надандарды  ақын  аз  ғана  сөзбен  сынап,  олардың  ақ,  қараны  айырмайтын  көрсоқыр  екенін  айтады 
(«Оқымаған  жүреді,  Қараңғыны  қармалап.  Надандықтың  белгісі  –  Еш  ақылға  жарымас»).  Оқу,  білімнің 
пайдасы  қандай,  ол  неге  керек  деген  мәселеге  келгенде,  оның  өмір  үшін,  болашақ  үшін  қажет  екенін 
талдап  көрсетеді  («Ата-енең  қартайса,  Тіреу  болар  бұл  оқу.  Қартайғанда  мал  тайса,  Сүйеу  болар  бұл 
оқу»). Жастарды өнер-білім, техниканы игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде 
өз  жалғасын  тапқан.  Ол  өнер-білімі  жетілген  елдердің  артықшылығы  қандай,  олар  сол  өнерімен  нені 
игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту 
арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады («Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін 
жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»). 
Елімізде енгізілген кредиттік оқыту технологиясы да өз бетімен білім алуға негізделген. Бiлiмді дербес 
меңгеру адамның өмiрiндегi мәңгілік мәнге ие болатын үздiксiз бiлiмнiң ең маңызды компонентi сияқты 
қарастыруға болады.  
Педагогикалық  сөздікке  назар  аударсақ,  өздігінен  білім  алу  –  күндізгі  оқу  орнында  жүйелі  курстан 
өтпей-ақ  өздігінен  жұмыс  істеу  үрдісінде  алынған  білім.  Өздігінен  білім  алудың  ең  кең  тараған 
формалары әдебиет оқу және зерделеу болып табылады [8].  
Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға баулу – оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас 
ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту.  
Мұндай  теориялық-әдіснамалық  маңызы  бар  анықтаманы  көптеген  зерттеушілер  жоғары  оқу 
орындарындағы өздігінен орындайтын жұмыстарды ұйымдастыру негізіне алған.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
232 
Өздігінен  орындайтын  жұмыстарды  ұйымдастыру  мәселелеріне  отандық  және  шет  елдік  психология 
және  педагогика  ғылымдарының  өкілдерінің  көптеген  еңбектері  де  арналған  (М. В. Кларин, 
Л. С. Выготский, Р. А. Әлімқұлова, Б. Е. Қожамқұлова, К. Б. Сматованың т. б.) 
Мысалы, К. Б. Сматованың берген анықтамасы: «Студенттердің өзіндік жұмыстары – бекітілген сабақ 
кестесі  бойынша  және  одан  тыс  уақытта  мақсат  қоя  отырып,  оқу  іс-әрекетін  жүзеге  асыруды,  оның 
тәсілдерін меңгеруде психикалық дамуды қамтитын, өздігінен білім алу, бар білімді  шыңдау және жеке 
тұлғаның «өзін-өзі тәрбиелеуі» ұғымымен байланысты танымдық әрекет [9].  
 К. Б. Сматова  өздік  жұмыстарды  өз  бетімен  білім  алу  мәселесін  студенттің  өзін-өзі  тәрбиелеуімен 
ұштастыра отырып қарастырған. 
Ғылыми  еңбектерде  біз  қолданып  отырған  «өз  бетінше  білім  алу»,  «өздігінен  білім  алу», 
«студенттердің  өзіндік  жұмыстары»  ұғымының  «өздігінен  жұмыс  істеу»,  «өздік  жұмыс»  сияқты 
баламалар қолданылып, көптеген анықтамалар беріледі. 
Жалпы, қазіргі заманда енгізілген жоғары оқу  орындарындағы оқытудың кредиттік технологиясында 
өз  бетімен  білім  алу  деңгейін  көтеру  және  дара  негізінде  шығармашылық  білімді  меңгеру  мәселесі 
көзделген. «Өз бетімен білім алу тұлғаның білім алуға, танып-білуге деген қызығушылығын және рухани 
қажеттілігін  қанағаттандыру  мақсатын  көздейтін  үздіксіз  білім  беру  процесі  болып  табылады.  Студент 
бойында  өз  бетімен  білім  алуға  деген  қызығушылығын  тудыру  қоршаған  ортада  бағдарлау  үшін 
ақпараттың қажеттілігі, ақпарат және білімді алғаннан кейін іс-әрекетті табысты ұйымдастыра білу және 
өзінің дамуын қамтамасыз ететін қызметті ұйымдастыра білу, мақсат қоя, оны іске асырудың тәсілдерін 
таба білу және өз іс-әрекетін басқара білу сияқты дайындықтардан тұрады.» [10]. 
Студенттердің  өздік  жұмыстары  ұғымына,  оның  студенттердің  оқытушылармен  бірігіп  жасайтын 
өздік жұмыстары екендігін ұмытпаған жөн. 
Жоғары  оқу  орындары  студенттердің  өздік  жұмыстарын  жетілдіру  мәселесі  көптеген  отандық, 
шетелдің ғалымдардың зерттеулеріне арқау болған.  
Кредиттік  оқу  жүйесіндегі  өздік  жұмыстың  ашылмаған  қырлары  әлі  де  баршылық,  сондықтан  бұл 
мәселе түбегейлі зерттеуді жалғастыруды қажет ететін күрделі де маңызды мәселе ретінде ары қарай күн 
тәртібінде қала бермек. 
 
1.  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан. «Қазақстан-
2050» Стратегиясы  
2.  Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. – Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. – 384 бет. 
3.  Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. –Алматы: 2007. – 344 бет. 
4.  http://kk.wikipedia.org/wiki 
5.  ttp://ikitap.kz/books/farabimura/files/assets/basic-html/page30.html  
6.  Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – А: «Аруна Ltd.» 2010. 
7.  Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010. 
8.  Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / Жалпы редакциясын басқарған ЭҒД, профессор Е. Арын – 
Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. 
9.  Жоғары  оқу  орындарында  өздік  жұмыстар  арқылы  студенттердің  оқу  біліктерін  қалыптастыру. 
К. Б. Сматова ПҒК ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. ҚР Алматы, 2010. 
10. Мухамбетова Ғ. Г.  Компьютерлік  бағдарламалар  көмегімен  студенттердің  өз  бетімен  білім  алуына 
қызығушылығын қалыптастыру. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет