Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


А. БАЙТҦРСЫНОВТЫҢ МЫСАЛ ҾЛЕҢДЕРІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖҼНЕ  ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет4/26
Дата06.02.2017
өлшемі2,91 Mb.
#3568
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 
А. БАЙТҦРСЫНОВТЫҢ МЫСАЛ ҾЛЕҢДЕРІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖҼНЕ 
ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Ахмет  Байтҧрсыновтың  ақындық  мҧрасы  XX  ғасырдың  басындағы  қазақ 
поэзиясының  тарихында  ерекше  орын алады.  Аз  да болса саздылығымен,  қазақ 
елінің  ҿз  табиғатынан  туған  байырғылығымен,  бір  естігенде-ақ  кҿңілге  қона 
кетіп, ойға ҧялай қалатын ҽрі бейнелі, ҽрі мағыналы сҿз ҥлгісімен ерекшеленеді. 
Ахмет  Байтҧрсынов  ҿзінің  аударма  шығармаларынан  кейін,  тҿл  ҿлеңдерін 
1911 жылы тосындау «Маса»  деген атпен Орынборда басып шығарады. «Қырық 
мысалда»  жазған  «Сары  маса  -  хикая»  ақынның  кейінгі  кітабының  атын  алып, 
оның  тынымсыз  тіршілігі  сол  кітаптағы  бҥкіл  идеяның  алтын  тамырына 
айналады.  «  Масаның»  алғашқы  жолдары  -  «Сҿз  иесінен»  «Қырық  мысалдағы» 
«Малшы мен масаның» жалғасы іспеттес. 
Аудармада: 
           Мысалы, қазақ малшы ҧйықтап жатқан, 
           Жыланды бҽле делік аңдып баққан. 
           Бҽленің тҥрін кҿрген мен- сары маса, 
           Қазақты оянсын деп сҿзбен шыққан,- [1,63] 
деп тҥйіндесе ал, «Масада»: 
             Ызыңдап, ҧшқан мынау біздің маса, 
             Сап-сары, аяқтары ҧзын маса.... 
             Ҥстінде ҧйықтағанның айнала ҧшып, 
             Қаққы жеп қанаттары бҧзылғанша. 
             Ҧйқысын аз да болса бҿлмес пе екен, 
             Қоймастан қҧлағына ызыңдаса? [2,23] 
Осындағы  «Маса»  -  сергектікті,  қозғалыс  кҥйді,  серпіліс  пен  ізденісті 
меңзейтін астарлы бейне екені кҿрінеді, ал «ҧйықтағандар»  - ҿз халқы, қараңғы 
қазақ еді. Ал «қаққы жеп қанаттары бҧзылғанша» - дегенде ақын ҿзінің масасын 
осындай  тҽуекел  жолына  ҧшырғалы  отырғанын  ҽдейі  аңғартып  ҿтеді.  Бірақ 
ізгілік  жолында  қҧрбандық  болмай  тҧрмайтынын  білгендіктен  де  ол  тҽуекел 
артында тапжылмас табандылық барын да жасырмайды. 
«Ҧйқысын аз да болса бҿлмес пе екен, 
Қоймастан қҧлағына ызыңдаса». 
Ия, алаңсыз ҽлі ҧйқыдағы сірескен тыныштықты бҧзу ҥшін естір қҧлақтың 
жарғағына  жақындап  келіп  ызыңдау  керек.  Талмай  бір  сарыннан  танбай,  тҿбе 

44 
 
қҧйқасын шымырлата, ҧзақ ызыңдау керек. Сол кезде ҧйқысын қимай шамданған 
дҿрекі қолдың қағып тастауы да ықтимал. «Қанаттары бҧзылғанша» деп келтіруі 
сондықтан болса керек. [3,105] 
Мысал  -  аллегориялық  жанр.  Айтылатын  ой  ашық  берілмейді.  Астармен, 
меңзеумен  беріледі.  Жануарлар  ҽлемі,  қҧс,  ҿсімдік  тағы  басқа  мысалдар  бас 
кейіпкер  ретінде  алынады.  Ҿткір  сын  да,  ащы  сатира  да,  байсалды  юмор, 
келемеж, мысқыл да осы мысал жанрында. 
Мысал - айтылатын ҿнегелі ойды тҧспалдап жеткізетін, кҿбіне ҿлең тҥрінде 
келетін  сюжетті,  шағын  кҿлемді  кҿркем  шығарма.  Мысалдың  тақырыбы  сан-
алуан,  кейіпкерлерді  аң,    қҧс,  балық,  ҿсімдік  дҥниесі,  кейде  оқиғаға  адам  да 
қатыстырылады.  Негізгі  сюжетке  қоса,  нақыл  тҥрінде  келетін  тҥйіндемесі  де 
болады. Кейіпкерлерді сҿйлестіру - диалог тҽсілі де жиі қолданылады. Баяндауы 
ширақ,  жинақы,  тілі  қарапайым  келеді.  Жанры  жағынан  ғибратты,  уағыздық 
сарындағы  дидактикалық  ҽдебиетке  жатады.  Кейде  мысқыл-сықақ  тҿркіні 
хайуанаттар  туралы  тҧспалды  мағынасы  бар  ертегі,  қысқа  ҽңгіме  нҧсқалармен 
жалғасып  жатыр.  Уағыздап,нақтылық  айту  тҽсілі  жағынан  халықтың 
мақалдарымен,  нақыл  сҿздерімен  де  ҧштасады.  Мысал  жанрының  ҽр  тҥрлі 
ҥлгілері  барлық  халықтардың  ауыз  ҽдебиетінде  бар.  Ежелгі  грек  елінде 
мысалдың  таралуы  аты  аңызға  айналған  Эзопқа  байланысты  айтылады.  Батыс- 
шығыс ҽдебиетінде де бҧл жанр кең тараған. 
Аударманың  тҿл  ҽдебиетімізге    бергені  кҿп.  Соның  бірі  -  жаңа  жанрлар 
туындатқаны. Мысалды мысалға алайық. Аударма ҥлгілері пайда болғанға дейін 
қазақ баласының осы жанрға қаншалықты жатсына қарағанына нақты мысалды 
Ж.Ысмағҧловтың  жазғанынан  [4,410-б]  табамыз:  «Ахаң  ақындық  ҿнерін  не 
себепті  аудармадан  бастады?  Ҿзін  болашақта  белсенді  ҽлеуметтік  саяси 
қызметке,  ҽдеби-ғылыми  ізденістерге  бағыштамақ  ниетте    жҥргенде  мысалға 
келіп  жҥгінуі  қалай?  Бҧлай  дейтініміз-  біздің  кҿбіміздің  кҿңілімізде  мысал 
жанрына  бір  тҥрлі  сезіктене  қарайтын,  оны  шынайы  кҿркем  поэзиядан 
кемшіндеу  кҿретін тҥйткіл  тҧратыны  қҧпия емес.  Оның ҥстіне  кезінде  Ахметке 
ой  салуы  мҥмкін  еді-ау  дейтін  мынадай  бір  беделді  пікір  де  болған.  Ол-ҧстазы 
Ыбырай  Алтынсариннің  айтып  кеткен  бір  сҿзі.  1876  жылы  Торғайға  қызметке 
келгеннен  кейін,  Н.И.Ильминскийге  жолдаған  бір  хатында  қазақ  балаларын 
оқытуға  арналған  болашақ  бастауыш  кітабының  жоспарымен  таныстыра  келіп, 
Ыбекең  былай  деп  жазады:  «Бірінші  кітабымды  Паульсон  кітабының 
қҧрастырылуы  тҽртібімен  жазып  шыққалы  отырмын.  Ҽрине,  мҧны  қазақ 
балаларына лайықтап жазамын. Мысалдарды (басни) енгізгім келмейді, ҿйткені, 
қатаң  тҧрмыста  ҿскен  қазақтарға  мҧнан  гҿрі  мҽндірек  ҽңгімелер  керек  болады. 
Мысалдарды  қазақ  балалары  оқығысы  келмейтінін,  оқыса,  оған  кҥлетінін,  ал 
олардың  ата-аналары:  балаларымызға  сауысқан  мен  қарға  сҿйлеседі  деген 
сияқты  жоқ  нҽрсені  ҥйретеді,-  деп  тіпті  ренжитінін  тҽжірибемнен  білемін»  [5, 
210-б].    Сҿйткен  мысалды  қазақтың  ардақты  қауымы  қалай  қабыл  алғанына 
Мҧхтар  Ҽуезовтің  сҿзі  орынды  дҽлел  ретінде  келтіріледі.  Мҧқаң  Ахмет 
Байтҧрсынҧлының  «Қырық  мысалын»,  «Қалың  қазақ  жҧртының  алғашқы 
естіген, тҿңкеріс рухындағы сҿзі» деп бағалаған. 

45 
 
Мҧның мҽнісі қалай? Айналасы он-он бес жылдың ішінде бҧрын ҽдебиетте 
ғасырлар бойы бой кҿрсетпеген деп саналып жҥрген жанрдың жанымызға жағып, 
оның тҿл топырағымыздағы кейбір  ҥлгілерін заманды ҿзгертуге шақырған ҧран 
сҿздей  қабылдағанымыз  неліктен?  Ҽрине,  бҧл  арадағы  басты  себеп-  қазақтың 
ойлау  жҥйесінің  ҽу  бастан  астарлап  сҿйлесуге  бейімдігі,  тҧспалдаған  тҥйінді 
бағалай білетіндігі болса керек. Жалпы, мысалдың мҽйегі- тҧспал. Біз білетін ең 
алғашқы  мысалшы Эзоп (Қалтай  Мҧхамеджановтың  «Эзоптан  Ислам  Шҧғаевқа 
дейін» дейтіні содан) қҧл болған кісі екен, ҿзінің ойын еркін айта алмай, амалдың 
жоғынан  тҧспалдап  сҿйлеп  жҥріпті.  Негізінде,  мысал  жанры  цензураның 
арқасында  дҥниеге  келген.  Тыйым  салу  атаулы  кҿркемдік  ізденістерге  қозғау 
салмай  қоймайды.  Бҧл  орайда  бҽрін  айтуға,  бҽрін  жазуға  мҥмкіндік  берілген 
қазіргі  заманда  ҽдебиетіміздегі  кҿркемдік  амал-тҽсілдердің  кедейленіп  кеткенін 
айта аламыз. Бҧрын айтарын қалайда астарлап айтып қалу ҥшін автордан ҥлкен 
шеберлік  талап  етілетін.  Сонан  кейін  мысалдың  сҿз  ҿнерімізде  тақыр  жерден 
аударма  арқылы  шыға  келмегенін  де    басын  ашып  айтқан  жҿн.  Қазақтың  жан-
жануарлар  ертегілерінде  мысалдың  табиғатына  тҽн  белгілер  тҧнып  тҧр.  Жалпы 
антропоформизм  табиғатпен  ҿте-мҿте  етене,  тіршілігі  табиғатқа  тікелей  тҽуелді 
халықтарға  ерекше  жақын.  Оның  ҥстіне  «Қалила  мен  Димна»,  «Мың  бір  тҥн», 
«Тотының  тоқсан  тарауы»  сияқты  қазақ  арасына  ежелден  тараған 
шығармалардың  талай  тҧсында  мысал  тҥрінде  баяндалған  жайлар  бар  екендігі 
жақсы  мҽлім.  Олардың  да  аударма  арқылы  сіңгені  белгілі  ғой  дейтіндер  болса, 
ҿзіміздің  Аяз  бидің  сҿздерінде  де  мысал  элементтері  кҿптеп  кездесетінін  айта 
аламыз.  Жҥсіп  Баласағҧнның,  Махмҧд  Қашқаридің  дидактикалық  еңбектерінде 
де  мысал  жанрына  тҽн  белгілер  баршылық  екенін  зерттеушілер  кҿрсетіп  жҥр. 
Бірақ  бҧл  айтылғанның  бҽрі  мысал  жанр  ретінде  қазақ  ҽдебиетінде  аударма 
арқылы орнықты деген ойымызға қайшы келмейді. Мҧнан кейінгі себеп ретінде 
мысал  жанрын  ҽдебиетте  орнықтыруды  Ыбырай,  Абай,  Ахмет  сияқты  ҧлы 
тҧлғалардың, шын шеберлердің бастап бергендігі дер едік. 
Ҿз 
ҧлтының 
енжарлығы 
мен 
жалқаулығы, 
ҿнер-білім 
іздеуге 
ҧмтылмағандармен  кҥрескен  А.Байтҧрсынҧлы  XX  ғасырдың  басындағы  қазақ 
ҽдебиетінде  ҧлт-  азатшыл  бағытын  бастаған  тҿл  поэзиясында  аударма  арқылы 
насихаттаған  ойларын  айқындай  тҥсіп,  ҿршіл  де  кҥресшіл  сарындағы  жалынды 
жырлар  туғызды.  Сҿйтіп,  қазақ  ҽдебиетінде  жаңа  бағытты  жалғастыра  тҥскен 
«Маса» жинағы 1911 жылы дҥниеге келді. Ол - Ахметтің ақындығын ҽбден паш 
етіп, ҿз тҧсындағы қазақ ақындарының қатарына шығарған туынды. 
Бҧл  жинаққа  енген  ҿлеңдерде  жеке  бастың  мҧң-шері,  тҧрмыс-салт  суреті 
емес,  негізінен  ҽлеуметтік,  қоғамдық ойлар,  азаматтық  идеялар  айтылады,  ҿзін-
ҿзі  кҥйттеген,  байлық  ҥшін,  мансап  ҥшін  ар-абыройын  сатқан  «жақсылығы  ҿз 
басынан  артылмаған»,  «бос  белбеу»,  «босаң  туған  боз  бала»,  «бір  тойғанын  ар 
қылмаған  шалдар»,  «қайырсыз  кеше  сараң  байлар»  сыналады.  «Туысыма», 
«Досыма  хат»,  «Қазақ  қалпы»,  «Қазақ  салты»,  «Кҿк  есектерге»,  «Жҧртыма»  
ҿлеңдерінде  ҧлы Абай сатирасын еске тҥсіретін сарындар, ойлар, образдар бар. 
«Анама  хат»,  «Жауға  тҥскеннің  жан  сҿзі»-  қорлық-зорлыққа  мойымаған, 
бостандық, еркіндік жолында бҽріне кҿнген қайратты ерлер тҧлғасын мҥсіндеген 

46 
 
жырлар. «Масада»  Пушкиннен аударылған «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы», 
«Балықшы  мен  балық»,  «Алтын  ҽтеш»,  Крыловтан  аударған    «Сорлы  болған 
мҧжық» шығармалары да берілген. 
Бҧл  ҿлеңдердің  барлығының  да  тақырыптық  ерекшеліктері  бар. 
Барлығының  да  айтпағы,  меңзегені  яғни  идеялары-  қараңғы  қазақ  халқын 
ҧйқысынан  ояту,  оянып  жан-жағына  қарап,  басқа  елдердің  қалай  дамығанын 
кҿріп,  олар  да  ешкімнен  кем  емес  екендігін  тҥсіндіріп,  алға  оқу-білімге,  ҿнер 
ҥйренуге  ҥндеу.  Егер  осы  қалпыңнан  танбай  жата  берсең  сен  бҧл  дҥниеден 
жоғаласың  дейді.  Ҿйткені,  сенің  білімің,  мҽдениетің  жоқ  болса  басқа  ел  сені 
басынып, билеп, жоқ қылып жіберуден танбайды. 
Сондықтан:  
«Аш кҿзіңді, оянып, 
Қанған жоқ па ҽлі ҧйқың. 
Ҧйықтайтын бар не сиқың?!»-  
деген  жолдарды  еріккеннің  ермегі  демей  ҿз  ҿмірімізге  сабақ  етіп  алсақ, 
кҿзіміз ашылып, санамызға жарық сҽуле қҧйылар еді. 
Ахмет  Байтҧрсынҧлының  ҿлеңдер  топтамасы  -  кҿп  ғасырғы  қазақ 
поэзиясының  дҽстҥрлерін,  демократтық-ағартушылық  ҽдебиет  ҥлгілерін  жаңа 
тарихи  жағдайда  дамытып,  жалғастырған  идеялық-кҿркемдік  деңгейі  жоғары 
туындылар. Оларды зерттеп халыққа ҧсыну туған ҽдебиеттің жалпы азаматтық, 
гуманистік, тҽрбиелік сипаттарын аша тҥсетін мҧра болмақ. 
Сонымен  қорыта  айтқанда  «Маса»  жинағының  тақырыптық  ерекшелігі, 
идеялық қазығы- жҧртшылықты оқуға, ҿнер-білімге, рухани кҿтерілуге шақыру, 
адамгершілікті, мҽдениетті уағыздау,еңбек етуге ҥндеу. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Байтҧрсынов А. Ақжол. Алматы. Жалын. 1991ж. 
2.
 
Байтҧрсынов А. Шығармалары. Алматы. Жазушы. 1989ж. 
3.
 
Ысмағҧлов Ж., Байтҧрсынов А. «Жҧлдыз» журналы, №1 1992ж. 
4.
 
Ысмағҧлов  Ж.  20-30  жылдардағы  қазақ  ҽдебиеті  жаңаша  бажайлау. 
Алматы, 1997ж. 
5.
 
Алтынсарин  Ы. Таза бҧлақ. Алматы. 1988ж. 
 
ҼОЖ 821.512.122.09 
БАРБОСЫНОВА Қ.Т., ХАСЕНОВА Б.З. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Кҿкпекті ауданы  Ж. Болғанбаев  
атындағы Самар мектеп-лицейі, Қазақстан 
 
АҚЫН-ЖЫРАУЛАР МҦРАСЫНДАҒЫ АЖАРЛАУДЫҢ  ҚЫЗМЕТІ 
 
Ақын-жыраулар  халық  поэзиясының  эстетикалық  жҥйесі  мен  кҿркемдік 
тҽжірбиесін, ҽлеуметтік жҽне жалпыхалықтық тенденцияларын, ҽрі фольклорлық 
дҽстҥрлерді  сол  қалпында  қайталамай,  оның  сҿздік,  образдық,  бейнелеу 
қҧралдарына, ҿлшем-ҿрнектеріне сҥйене отырып, ҿзіндік қолтаңбасын туғызған. 

47 
 
Негізінде,  фольклор  мен  ақындар  поэзиясы  арасындағы  ҿзара  ҽсер-байланыс, 
ауыс-тҥйіс,  қарым-қатынас,  ортақ  не  айырым  сипаттар,  қасиет-белгілер  арқылы 
кҿрінетін  ой-пікірлер  айтудың  тарихи-ҽдеби  жҽне  теориялық  маңызы  айрықша. 
Бҧлар  кҥрделі  диалектикалық  тҧтастық-бірлікте,  синтездік  ҽрі  аналитикалық 
сипатта қарастырылуы қажет. 
Ақын-жыраулар  поэзиясының  кҥрделі  ҽлемін  қарастыру  ҥстінде  мҧндағы 
ауыз  ҽдебиетіне  тҽн  ҿрнектерді,  дҽстҥр  мен  мҽдени  жалғастықты  анықтау, 
ҧжымдық  жҽне  жекелік  сипаттарды  тану,  халықтық  эстетика,  фольклордың 
кҿркем  тҥрі  мен  мҽнерлегіш-бейнелегіш  қҧралдардың  эволюциясы,  даралық 
стиль, ҧлттық дҥниетаным табиғаты сияқты мҽселелерді қозғау қажет. 
Жыраулар  поэзиясындағы  фольклорлық  образдың,  сюжеттің,  мотивтің, 
ҿрнек-нақыштардың  поэзиялық  қызметіне  ҥңілгенде,  ҽуелгі  мҽн-мағынасымен 
қоса, осы шығарма ішіндегі бітім-болмысына, ерекшелігіне назар аудару қажет. 
Осы  фольклорлық  ерекшеліктер  ақынның  шеберлігіне,  қабілетіне, 
ҽлеуметтік-тарихи  контекске,  шығарманың  кҿркемдік  қҧрылысына  орай  соны 
қырларға ие болады. У.Б.Далгаттың пікірінше, ақын-жыраулар поэзиясы, сҿзсіз, 
кҿркемдік  қасиетіне  қарай,  фольклор  мен  жазба  ҽдебиетінің  аралығында.  Яғни, 
кҿптеген  халықтардың  поэзиялық  мҽдениетінің  дамуында  осындай  ҿтпелі 
дҽуірлер  болады.  Олардың  поэзиясының  тҥзілісі  фольклордың  эстетикалық 
принциптерімен  сҽйкес  келеді,  оның  шегінен  аспайды.  Ақындар  мен  ашугтар 
сияқты  суырып  салма  жыршылардың  ҿнернамасында  даралық  сипат  пен 
ҧжымдық дҽстҥр диалектикалық бірлікте болады [1].  
Қай халықтың болмасын асыл сҿз ҿнері басқа халықтардың ҽдебиетінен, ең 
басты  айырмашылығы  -  ҿзінің  образдар  жҥйесімен,  сҿз  бейнелік  тҽсілдерімен 
ерешеленуі.  Ҽдебиеттегі  образдар  жҥйесі  жҽне  сҿз  бейнелеу  тҽсілдері  ҧлттық 
болмыс  –  бітімімізді  анықтайтыны  рас.  Халқымыздың  ғажайып  ерекшеліктері 
болып  табылатын  ақын-жыраулар  мҧрасындағы  ғаламат    ғажайыптар  сҿз 
ҿнерінің  қҧдіреті  арқылы  танылғандығына  ешкімнің  таласы  жоқ.  Осы  орайда 
сандаған  ғасырлар  мен  жылдар  бойы  ҧрпақтан-ҧрпаққа  ауызша  жетіп,  жанды 
баурап,  сананы  арбайтын  қазақтың  қасиетті  сҿз  ҿнерінің  ҧлттық  негізі  –  ауыз 
ҽдебиетінде қалыптасқан деудің реті бар. Сҿз ҿнеріндегі ҧлттық  дегеніміздің  ҿзі 
–  сол  рухани  мҧраны  жасаған  халықтың  тілі.  Онсыз  образды  сҿз,  кҿркем  сҿз 
дегенді айта алмаймыз. 
Тіл-ҽдебиеттің  қҧрылыс  материалы,  жер  бетіне  ауа  тіршілік  ҥшін  қандай 
қажет болса, ҽдебиетке тіл де сондай қажет екендігі баршаға тҥсінікті. 
Ҿнерді тану мен білу туралы ғибраттарға мҽн берсек, кҿркем ҽдебиет деген 
ҧғымның сыр-сипаты образды сҿз, кҿркем сҿз атты терең тҥсінікке тіреледі. «Сҿз 
адамның  ой-сезімін  жеткізудегі  бірден-бір  кҥшті  қҧрал».  Ал,  кҿркем  ойлау 
жҥйесі кҿркем ҽдебиеттің бҥкіл болмысы, шынайы табиғаты тҥр мен мазмҧнның 
бірлігі  арқылы  жасалған.  Тҥрдің  ҿмір  сҥру  заңдылығы,  ҿзгеріп  дамуы,  ҿзінің 
кҿріну  тҽсіліне  байланысты.  Ҽдебиеттегі  тҥрдің  кҿріну  тҽсілдерінің  бірі  – 
бейнелеу  қҧралдары.  «Бейнелеу  қҧралдары  -  ҽдебиетте  кҿбінесе  бҧл  ҧғым  сҿз 
қолдану  тҽсілдері, бейнелі  сҿздер,  мысалы,  жалпы  тҥрде  қҧбылту  деп  аталатын 
метафора,  ҽсерлеу,  тҧспалдау,  астарлау,  теңеу,  эпитет  жҽне  стильдік  айшықтар, 

48 
 
дыбыстық  қайталамалар  деген    мағынада  қолданылады»  [2].  Шындығына 
жҥгінсек,    бейнелеу  тҽсілдерінің  мҽн-мағынасы  бҧдан  да  кең,  мол  екендігі  
белгілі.  Анықтай  тҥссек,  кҿркем  шығармадағы  бҥкіл  тіл  байлығы  тҥгелдей 
бейнелеу  қҧралы.  Бҧның  басты  ерекшелігі  халықтың  айналадағы  ой-сезімі  мен  
қабылдауында  жатыр.  Сондықтан  бейнелеу  қҧралдары  қай  ҧлттың  ҽдебиетінде 
болса  да,  сҿздік  қорға,  тіл  байлығына  байланысты  қалыптасады.  Кҿркем 
ҽдебиеттің ҿзіне тҽн даму заңдылықтары, қоғамдағы алатын ҿзіндік орны туралы 
пікірлер  ерте  заманнан  айтылып    келеді.  Бҧл  жайында  ғалымдар  алғашқы 
жазылған  еңбек  ретінде  ежелгі  грек  елінің  біздің  жыл  санауымызға  дейінгі  ІҤ 
ғасырда  ҿмір  сҥрген  ғҧлама  ойшыл  Аристотельдің  «Поэтика»  атты  кітабын 
атайды. Ҽйгілі ғҧлама бабамыз Ҽбу Насыр ҽл-Фараби (870-950 жж.) Аристотель 
ізіндегі екінші ҧстаз атанып, философия, поэтика  жҽне т.б. арналған трактаттар 
жазғаны  белгілі.  Содан  бері  сҿз  ҿнері  туралы  Леонарда  да  Винчи,  Буало, 
Шеллинг,  Чернышевский,  Белинский,  қазақ  халқының  даңқты  перзенті 
Ш.Уҽлихановтар  талай-талай  зерттеулер  жазды.  Кҿшпелі  қазақ  халқының  ҿлең 
мен  ҽнге  деген  қҧмарлығын,  ақындық  таланты  туралы  Ш.Уҽлиханов  мынадай 
аңызды арнайы дҽлел ретінде келтіріпті: «Аңыздың айтары ҿлең, ҿнер аспаннан 
келіпті-мыс.  Ҿлең  туралы  қызғылықты  ойлар  мен  пікірлер  қазақтың  ақын-
жыраулары, сал-серілерінің шығармаларында да айтылған. Ҧлы Абайдың «Ҿлең 
сҿздің  патшасы,  сҿз  сарасы»  деуі  қай  уақытта  да  дҽлелді  екендігіне  кҿз 
жеткіземіз. 
Ҿлеңнің теориясы, қҧрылысы, техникасы жайында классикалық еңбектердің 
бар  екендігі  ҽдебиетшілер  қауымына  А.А.Потебня,  А.Н.Веселовский,  одан 
кейінгі В.Брюсов, Б.Томашевский, В.Жирмунский жҽне т.б. алдымен еске тҥссе, 
қазақ  поэзиясына  байланысты  Ш.Уҽлиханов,  А.Байтҧрсынов,  М.О.Ҽуезов, 
Қ.Жҧмалиев,  Е.Ысмайылов,  З.Қабдолов,  З.Ахметов,  М.Базарбаев  деп,  бҧдан  ҽрі 
соза  беруге  болады.  Аталған  ғалымдардың  еңбектерінде  ҿлеңнің  теориялық 
мҽселелері,  айрықша  атасақ,  поэзияның  тілі,  қҧрылымы,  тҥзілісі,  бейнелеу 
қҧралдары  жайлы  тамтҧмдай  тҥсіндірілген.  Алайда  осымен  іс  біткен  екендігі, 
қалғаны  сол  зерттеулердің  нҽтижесімен  шектелуге  тиіс  дейтін  ғылымда  қағида 
жоқ.  Қайта  осы  бағытта    сандаған  ізденістерімізбен  қатар,  ҿлең  теориясына 
қатысты  кҿркем  шығарманы  талдауда  іркілістеріміз  де  бар  екендігі  қисынсыз 
емес. 
Мҽселенің  бір  қырын  біздің  арнайы  жекелеп  алып,  ақын-жыраулар 
шығармашылығындағы  ажарлауға  қатысты  ізденісіміз  де  дҽлелдейді.  Алдымен 
ажарлау жайындағы пікірлердің ҿзі сан тҥрлі, теориялық тҧрғыдан тҧжырымдар 
нҽтижесін жинақтай айтуды қажет етеді. Сҿз ҿнеріндегі бейнелеу қҧралдарының 
бір  парасы  –  ажарлау,  бҧған  қатысты  ой-пікірлердің  ертеден  айтылып  келе 
жатқандығын    жоғарыдағы  аталған  еңбектер  де  анықтайды.  Қазақ  ҽдебиеттану 
ғылымында  Ахмет  Байтҧрсыновтан  бастап  енген  терминдер  ҿз  алдына  бірнеше 
сала  болып  қалыптасты.  Солардың  ішінен  Ахмет  Байтҧрсыновтың    «Ҽдебиет 
танытқыш»  атты  кітабында  бар,  ғылыми  тілімізде  орын  тепкен  бір  алуан 
терминдерді  атасақ  та  болады.    Мысалы,  кейіптеу,  теңеу,  тҧспалдау,  ҽсірелеу, 
шендестіру,  арнау,  сҿз  ҿнері,  шығарма,  ауыз  ҽдебиеті,  мазмҧн,  тармақ,  шумақ, 

49 
 
бунақ  т.б.  Бҧлардың  аса  мҽнді  терминдер  екенін  айта  отырып,  Ахмет 
Байтҧрсынов  осы  кітабында  қолданған  басқадай  бір  қыдыру  терминдердің 
еленбей,  ескерілмей  қалғанын  да  айта  кеткен  жҿн.  Олардың  ішінен  ҽлі  де 
мҽнділігін сақтаған, қолдануға қолайлыларын сҧрыптап алып, ғылыми тілімізде 
ретін  тауып  орнықтыру  алдағы  уақытта  атқарылуға  тиісті  міндет,  -  дейді 
академик З.Ахметов [3]. Анығына келсек, кҿркем ҽдебиеттің тіліне байланысты 
келелі сҿз қозғап, байыпты бағыт пен бағдарды кҿрсеткен  З.Қабдоловтың еңбегі 
еді.  Ҿзінің  «Ҽдебиет  теориясының  негіздері»    атты  еңбегінде  ғалым  сҿз 
ҿнеріндегі  тіл  кҿркемдігін  ажарлау,  қҧбылту,  айшықтау,  машықтарды  жекелей 
саралай  кҿрсеткен.  Мҧндағы  ажарлау  негізгі  дауыс  ырғағынан  басталып, 
дыбыстық  қайталаулар  арқылы  ерекшеленетіндігіне  алдымен  кҿңіл  бҿлінген. 
«Ҽдеби  тілге  дауыс  ырғағы  емес-ау,  тіпті  дыбыс  қайталаулар  арқылы  да 
ҽжеутҽуір  ажар  бітіруге  болады.  Бҧл  тҽсіл  екі  тҥрлі  аллитерация  (латынша  - 
дыбыстас)  –  бірыңғай  дауыссыз  дыбыстарды  қайталау  жҽне  ассонанс 
(французша - ҿңдес) – бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау. Бҧлар поэзияда 
да, прозада да кездесіп отырады». 
Сҿзді  ажарлаудың  ендігі  бір  кҿрсеткіші  болып  табылатын  –  айқындау 
(эпитет),  теңеу  екендігі  осы  еңбекте  айтылады.  Жалпы  бҥкіл  бейнелеу 
қҧралдарын кез-келген шығармадан тауып, жҥйелеп шығудың ҿзі қыруар жҧмыс 
екендігі  даусыз.  Алайда  бейнелеу  қҧралдарының  ішіндегі  ажарлау,  қҧбылту, 
айшықтау  т.б.  кҿркем  шығармаларын  талдап  кҿрсеткен  еңбектердің  сандық 
кҿрсеткіші кҿңіл қуантпайтындығы тағы белгілі. Рас, жазба ҽдебиетіне қатысты 
поэтикалық  тҧрғыдан  Қ.Жҧмалиев,  З.Қабдолов,  З.Ахметов,  Р.Нҧрғалиев, 
М.Атымов, Т.Абдрахмановалардың еңбектері алдымен аталады. 
Ал,  қазақ  фольклорының  поэтикасына  қатысты  ізденістер  енді  ғана 
басталды десек те болғандай. Ауыз ҽдебиеті шығармаларының тіл кестесі, ҿлең 
қҧрылысы,  қҧрылымы,  образдар  жҥйесі,  сюжет  деңгейіндегі  қарастырулар 
С.Қасқабасов,  О.Нҧрмағанбетов,  Ш.Ыбыраев,  Б.Ҽзібаева,  Б.Рақымов  жҽне  т.б. 
зерттеулерінде  жҥзеге  аса  бастады.  Аталған  ғалымдар  фольклорлық 
мҧраларымыздың  сҿз  кҿркемдігіне  арнайы  тоқталып,  оны  жҥйелей  кҿрсеткен. 
Бҧның  асығыс  айтылған  пікір  еместігін  сҿз  арасында  айта  кетейік.  Эпосты  - 
ҽуезе,  лириканы  –  толғау,  драманы  –  айтыс  деп  жҥйелеп,  сала-салаға  жіктеп 
ҽкеткен  ғалым  –теоретик,  эстетик  –  сыншы  А.Байтҧрсыновтың  «Ҽдебиет 
танытқыш» атты еңбегінде  кҿріктеу (эпитет) теңеулерге негізгі дҽлел батырлық 
жырлардан  алынбаған  еді.  Осы  бастама  Е.Ысмайыловтың  «Ҽдебиет 
теориясының мҽселелері», «Ақындар» жҽне Қ.Жҧмалиевтің «Ҽдебиет теориясы» 
атты  еңбектерінде  жалғасын  тапқан.  Батырлық  жырлардан  бейнелеу 
қҧралдарына  қатысты  мысалдар  келтірілген.  Одан  кейін  де  халық  ауыз 
ҽдебиетіне байланысты жарық кҿрген еңбектерде шолу тҥрінде айтылып, мектеп 
оқулықтарына батырлық  жырлардан ҥзінділер келтіріледі.  
Қазақтың  ақын-жырауларының  мҧрасына  байланысты  зерттеулер  жасаған 
М.Ҽуезов  жҽне  Л.Соболев,  А.С.Орлов,  В.Жирмунский,  Қ.Жҧмалиев, 
М.Ғабдуллин,  Ҽ.Қоңыратбаев,  Р.Бердібаев,  С.Садырбаев  енбектерінде  де  ҿлең-
толғаулардағы  дыбыстық  қайталаулар,  эпитет,  теңеулер  шолу  тҥрінде  айтылып 

50 
 
отырған.  Осындай  зерделі  еңбектердің  негізінде  ХХ  ғасырдың  40  жылдарынан 
бастап,  «Қазақ  ҽдебиетінің  тарихы»  атты  кҿп  томдықтар  шығарылу  кҿзделген 
еді. Алғашқы жарық кҿрген «Қазақ ҽдебиеті тарихының» бірінші томында жҽне 
кейінгі  басылымдарда  да    қатысты  тарауларда  жырдың  сҿз  кҿркемдігі,  тіл 
ҿрнегіне  қатысты  мҽселелерде  ажарлаудың  ҥлгілері  қалыс  қалмай  кҿптеген 
мысалдар  арқылы  тҥсіндірілген.  [4].  Сонымен  қоса,  «Қазақ  ҽдебиетінің 
ҽдебиетінен»  арнайы  жоғары  оқу  орындарына  оқулықтар  дайындаған 
М.Ғабдуллин, Ҽ.Қоңыратбаев, М.Тілеужановтар еңбектерінен де ақын-жыраулар 
шығармашылығындағы  ажарлауға  қатысты    мысалдарды  табуға  болады.  Солай 
дей  тҧрсақ  та,  бҧлардың  бҽрі  ажарлауға  байланысты  арнайы  зерттеу  емес. 
Анығына кҿшсек, мҧнда аңдату, аңғарту бар екендігіне талас жоқ. Осы тҧрғыдан 
алып  қарағанда    Т.Қоңыратбаевтың  ажарлаудың  бір  тҥрі  теңеулер  жҿніндегі 
зерттеу еңбегіндегі мына тҿмендегі пікірі дҽлелді айтылған.  
«Қазақ  теңеулерін  лингвистикалық  тҧрғыдан  зерттеу  былай  тҧрсын,  оны 
ҽдебиеттану  тҧрғысынан  тексерген    арнайы  бірде-бір  еңбек  жоқ».  Шындығына 
келсек,  бҧл  ажарлаудың  бірі  теңеуге  қатысты  жиырмасыншы  ғасырдың 
жетпісінші  жылдарынан  кейін  айтылған  пікір  екендігі  даусыз.  Бҧл  арада  біздің 
мақсатымыз  теориялық  тҧрғыдан  тҧжырымдар  жарыстыру  емес,  қайта  кҿркем 
шығармаларды  негізге  алып  талдауға  байланысты  қаншалықты  зерттеулер 
жасалғанын  анықтау  еді.  Нҽтижеге  жҥгінсек,  кейбір  кҿлемді  шығармалардың 
кҿркемдік  ерекшеліктеріне  қатысты  жол-жҿнекей  ҽңгіме  болып,  біркелкі 
дҽлелдемелер болмаса нақтылы бейнелеу қҧралдарының белгілі шығармалардан 
тҧтастай  тексере  қараған    еңбектер    ҿте  аз  екендігі  кҿпке  мҽлім.  Жалпы  қазақ 
ҽдебиетінің    аса  бай  саласы  болып    табылатын  эпостық  жырлардың  кҿркемдік 
кҥш-қуатын таразылау, ондағы бейнелеу қҧралдарының алатын орны, атқаратын 
қызметін негізі ғылымдағы ҥлкен жетістіктердің  бірі болатындығына ешкімнің 
кҥмҽн туғызбайтындығы анық. Ҿкінішке орай, осы уақытқа дейін мҧндай арнайы 
тоқталып,  монографиялық  тҧрғыдан  зерттелмеуі  ҽдебиеттанушы  ғалымдарды 
ойландыруы  тиіс.  Сондықтан  біздің  зерттеуіміздің  мақсаты  –  осы  олқылықтың 
орнын толтыруға біршама ҥлес қосу, жыраулар поэзиясындағы ажарлаудың аса 
пҽрменді  кҿркемдеу, бейнелеу қҧралы екендігіне кҿңіл бҿліп, осы мҽселелердің  
негізінде ажарлаудың ассациациялық  мҥмкіндіктері мен  тҧрақтылық  сипатын, 
дыбыс  ҥндестігі  мен  бояу  ҥйлесімділігін  анықтау,  ажарлаудың  жоғарыдағы 
аталған  тҥрлерінің  семантикалық  структурасы  қандай,  стильдік  вариациялары 
мен  эмоционалдық  –  экспрессивті  сапасына  назар  аудару,  сҿйтіп  нҽтижесінде  
ажарлаудың  қолданыс  аялары  мен  функционалдық    негіздерінің  мҥмкіндіктері  
қандай  деген  сауалдарға  жауап  беру.  Осы  мақсатта  ажарлауға  қатысты  дауыс 
ырғағы,  дыбыс  қайталаулар  аллитерация  мен    ассонанс,  эпитет  пен  теңеу 
ізденісімізге арқау болып, олардың эпикалық шығармадағы қызметін ерекшелеу 
алдыңғы орынға шығады. Рас, біздің жоғарыдағы санамалап ҿткен мҽселелеріміз 
ажарлауға  қатысты  болып  отыр.  Ақын-жыраулар  мҧрасынан  бҥкіл  бейнелеу 
қҧралын табуды немесе атқаратын қызметін тҥсіндіруді біз мақсат еткен жоқпыз. 
Олай  мақсат  еткен  кҥннің  ҿзінде    бейнелеу  қҧралдарының  қҧрылымдық 
негіздері, жасалу заңдылықтары, жыраулар толғауларында атқаратын қызметі бір  

51 
 
монографиялық зерттеудің бойына сыймас та еді, егер солай етуге ҽрекет қылсақ, 
онда  басқа  да  еңбектер  сияқты  ҥстірт  шолумен  ғана  қанағаттанатынымызды 
алдын-ала білген едік. 
Ал,  жалпы  алып  қарағанда  қазақ  халқының  ҿлеңдік  қоры,  оның  ҿзіндік 
ерекшеліктері  дейтін  мҽселелер  ерте  замандардан  айтылып  келеді.  Қазақтың 
даңқты  перзенті  Ш.Уҽлихановтың  бҧл  істе  елеулі  еңбегі  бар  екендігі  ҽркімге 
жақын  таныс.  Сонымен  қатар,  қазақ  жеріне  келіп,  оның  ҽдет-ғҧрпын,  салт-
дҽстҥріне ҥңілген кҿптеген Европа ғалымдарының аса қызыға қарағаны тағы да 
халқымыздың  поэзиясы  екендігі  мҽлім.  Ерте  кездің  ҿзінде  айтылған  академик 
В.Радловтың  мына  пікірі  соның  дҽлелі:  «Қазақтың  ҿз  ҿлеңдерінде  бағалы 
санайтын ертегілердегідей ҽлдеқандай бір жан тҥршігерлік жҽне ғажайып дҥние 
емес,  ол  ҿзінің  сезімі  мен  талап-тілегін,  қоғамның  ҽр  мҥшесі  аңсайтын  арман-
мҧраты  жыр  етеді.  Тыңдаушыларды  сҥйсіндіретін  қисынсыз  ғаламат  жайлар, 
керемет  зор  нҽрселер  емес,  табиғат  жайлары,  айналадағы    ҿмірдің  ақиқат 
шындығы».  Сҿз  ҿнеріндегі  кҿркем  бейнелер,  тіл  шҧрайы,  кҿркемдік  кестелер 
дегеннің  ҿзі  ҧлттық  ерекшеліктің    ғажайып  бір  айғағы.  Бҧл  ҽсіресе,  жыраулық 
шығармалардан  айрықша  танылады.  Белгілі  ғалым,  академик  З.Ахметов  былай 
дейді:  «Тілдің,  сҿз  кестесінің  табиғилығы  мен  қарапайымдылығы  дегеніміз 
халықтың  кҿркем  дҥние  танымы,  кҿркем  ой-сезімі  қоғамдық  ҿмірімен  нақтылы 
ҽлеуметтік-тарихи  жағдайлармен  тығыз  байланысты  қалыптасқандығының 
белгісі.  Міне,  сондықтан  да  тілінің  қарапайымдылығы,  кҿркемдігі  мен 
тартымдылығы  жағынан    халық  поэзиясы  ҽрқашан  да  тамаша  ҥлгі  болып  қала 
бермекші.  Нағыз  поэзиялық  кҿркемдік  шеберлікті  танытатын  халықтың  ҿлең 
жырлары болса, халықтық тілдің тҧнығынан алынған  небір асыл сҿздерді де сол 
ҿлең-жырлардан табамыз»,- депті. Осы пікірдің жалпы жыраулық шығармаларға 
қатысты  айтылғандығын  да  байыптау  қиын  емес.  Бір  анығы  ҿлең-жыр  болсын 
оның кҥш-қуаты, сҿздік нақышы алдымен айтушы шеберлігіне байланысты екен. 
Батырлық  жырларды  жырлаушы  шеберлігін  анықтау,  ондағы  сюжеттік 
ерекшелік  пен  образ  жасаудағы  мҥмкіншіліктен  ғана  емес,  соны  қиыннан-
қиыстырудағы  сҿздік  қолданыспен  де  ерекшелетіндігін  ҧмытпайық.  Осы 
қисынның  тҥп  негізі  –  кҿркемдік  ойлауға  тіреледі.  «Кҿркемдік  ойлаудың  
табиғаты  мен  мҽні  –  дҥниені  кҿркемдік  игерудегі  рухани  қабілет  екендігімен 
анықталады. 
Қазақ  хандығы  дҽуіріндегі  ҽдебиеттің  екі  тҥрлі  ҿлең  қҧрылысы  арқылы 
жасалғандығын  кҿптеген  зерттеушілер  тілге  тиек  еткен.  «Біріншісі  –  жеті-сегіз 
буынды  болып  келеді  де,  екіншісі  он  бір  буынды.  Алғашқысы  қысқа 
қайырылады жҽне ол қазақ эпосында жиі кездесіп отырған жағдай» [5]. Бҧнымен 
қатар    ҿлең-толғалар  кейде    қара  сҿзбен  алмасып,  арасында  жыршылардың  
ҽлқиссалап  кететіндігі  барлығы  белгілі  жайт.  Жырдың  қҧрылымының  негізі 
осылай болса да, ондағы шумақтар мен қарасҿздердің ҿзі ҧйқасқа негізделген. 
Жыраулардың  ҿлең-толғаулары  кҿбінесе  шҧбыртпалы  жҽне  ерікті  ҧйқасқа 
қҧрылып,  дыбыстық  жағынан  ҧйқастың  заңдылығы  сақталуы  да  кҿбіне 
ҥндестікке  байланысты  қызмет  етіп  отырады.  Бҧл  орайда,  жыраулар  мҧрасына 
қатысты  елеулі  еңбек  жазған  Т.Сыдықов  былай  дейді:  «Жыр  кҿбіне  жеті-сегіз 
буынды  ҿлең  тҥрінде  келетіндіктен,  дыбыс  ҧйқасының:  ассонанс,  аллитерация, 
ішкі  рифманың  қолданылуымен  де  жасала  береді».  Буын,  ҧйқастың 
қолданысында  айрықша  қызмет  атқаратын  ырғақ  болса,  оның  дыбыстық 

52 
 
жағымды ҥйлесімділік жасауы заңды. «Ақын-жыраулардың ҿлең-толғауларының 
мелодиясы  онша  бай  болмаса  да  ритмасы  анық,  речитативының  ҥні  жоғары, 
кҿтеріңкі  келеді,  домбыраның  сазы  жҽне  оған  байланысты    ҿлең  шумағының 
пафосы  халықтың  ерлік  ҿмірінің  тарихын  кҿтеріңкі  беруге  қолданылады».  Бҧл 
айтылғандардың  негізі  тек  жырдағы  аллитерацияға  ғана  емес,  ассонансқа  да 
қатысты.  Жырдың  кҿп  шумақтарының  кҿбіне  ашық  дауыстылармен  басталуы 
айтылар ой мен сезімге де ажар бітіруге қызмет ететіндей. 
Ақын-жыраулар  поэзиясындағы  бейнелі  сҿздер  жҥйесінің,  суреттеу, 
мҽнерлеу  қҧралдарының,  сҿз  қолдану  шеберлігінің,  сҿз  саптау  ерекшелігінің, 
сҧлулық ҽлемінің жҧмбақ-қҧпиялары ала-бҿтен, жаратылысы қызық. Поэзияның 
ішкі  астар-қабаттарындағы,  тереңдері  мен  қойнауларындағы  қайнар  кҿздерін 
ашу,  қисапсыз  кҿркемдік  қҧбылыстарды  айқындау,  кестелеу  тҽсілдерінің 
табиғатын  тану,  сҿздің  кҿркемдік,  эстетикалық  қасиеттерін  тану,  бейнелі  тҥрде 
қолданылуын  контекспен  тҧтастықта  алып  тексеру  поэзия  тілінің  тарихы  мен 
теориясын зерттеу екені белгілі. 
Ақын-жыраулар поэзиясының кҿркемдік кестесінде терең мағыналы сҿздер 
ҧшан-теңіз. Сыртқы дҥниеге ҽсерлері мен тҥйсік-тҥсініктерді синтездейтін жҽне 
ҿнерпаздықпен  жҥйеге  тҥсіретін,  болмыстың  бейнелері  мен  моделін,  ҽлемді 
кҿркемдік,  рухани,  практикалық  тҧрғыдан  игерудің  принциптерімен  ҥйлестіре 
суреттейтін сана қабілеті кҿркемдік қиял деп аталады.   
ХҤ-ХҤІІІ  ғасырлардағы  жыраулар  мен  ақындарда  жан-жақты  сомдалған 
адам  образы  болмағанмен  шебер  бейнеленген  портреттер  мен  мінездеулер, 
батырдың  жан  кҥйін  суреттеу  эпизодтары, батырлар  мінген  сайгҥлік  сипаттары 
біршама кездеседі. Ал, мінез-қҧлық нормаларын жақсы-жаман ҽдеттерді қарама-
қарсы  қойып  шендестіре  суреттеу  адам  образын  бейнелеуге  барар  жолдағы 
нышандар еді. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Негимов С.  Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі.  Алматы, 1991. 
2.
 
Ҿмірҽлиев Қ.  15-19 ғғ. қазақ поэзиясының тілі. Алматы, 1976. 
3.
 
Ахметов З. Ҿлең  сҿздің теориясы. Алматы, 1973. 
4.
 
Сҥйіншҽлиев Х. Қазақ ҽдебиетінің тарихы.  Алматы, 1997. 
5.
 
Сыдықов Қ.  Кҿркемдік ҿрнектер.  Алматы, 1992. 
6.
 
Бушмин 
А.С. 
Методологические 
вопросы 
литературоведческих 
исследований. Ленинград, 1969.     
7.
 
Хасенов Қ.  Қазақ тарихының 5000 жылдық баяны.  Астана, 1996. 
 
ҼОЖ 811.512.1 
БИЯРОВ Б.Н., ИБРАЕВА М.К. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Ҿскемен қ., Қазақстан 
 
АЛТАЙ ТІЛДЕРІНІҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТҦРҒЫДАН ТОПТАСТЫРЫЛУЫ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет