Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция


Оқушыларға рефлексияға төмендегідей сұрақтар берілді



Pdf көрінісі
бет53/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72

Оқушыларға рефлексияға төмендегідей сұрақтар берілді:

 

–  Тәжірибені қалай басқаша жүргізуге болар еді?



 

–  Келесі практикалық жұмыста мен қандай қабілеттерімді жетілдіруім қажет? 

Дарынды оқушылар рефлексивтік есептерінде рН-ты анықтаудың қарапайым әдістерін ұсынды 

және оны іс жүзіне асырды. Бұл тапсырма сыныпта мен анықтаған дарынды оқушыларды ұдайы да-

ралай бермей, сыныптастары арасындағы топтық жұмыстарға жиі жұмылдыруға, соның нәтижесінде 

олардың көшбасшылық, сарапшылық қабілетін жетілдіруге де мүмкіндік берді. 

Заманауи  қондырғылармен  жұмыс  істеу  мүмкіндіктері  талантты  және  дарынды  оқушыларды 

химия пәнін тереңдетіп оқуға және «Теориялық негіздеу – Зерттеу-Апробация» циклын жүргізуге 

жақсы ынталандыра алды деп есептеймін, ал өткізілетін химия сабақтарының тиімділігі Назарбаев 

Зияткерлік  мектебінің  талантты  және  дарынды  оқушыларының  білім-біліктілігін  дамытудың  ба-

сты  мақсаты-  олардың  өзін-өзі  жетілдіруіне  қажетті  қызығушылығын  ояту  арқылы  болашақта 

Отанымыздың табиғи байлықтарын қалдықсыз игерудің рационалды әдістерін ұсына алатын ұрпақ 

тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы 

бойынша «Мұғалімге арналған нұсқаулық» «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.

2. Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. Қарағанды, 2011.

3. Программа «Развтие одаренности детей» НИШ и CTY.


340

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП 

ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІНЕ

ЫҚПАЛ ЕТУ

Рымбекова Ш. Р.

№19 жалпы орта білім беретін мектебі 

Семей қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Бұл жұмыста автор сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттеріне ықпал ету 

жолдары бойынша өз тәжірибесімен бөліседі.

Аннотация

В своей статье автор обобщает опыт по развитию творческих способностей у учащихся посредством разви-

тия критического мышления. 

Abstract

In this work the teacher of the primary school Rymbekova Shynar shares with her experience how to effect to the pupil’s 

creativity through the method of critical thinking. 

Сыни  тұрғыдан  ойлау  «ойлау  туралы  ойлану»  деп  сипатталған.  Ол  маңызды  мәселелерді 

талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар 

және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар 

дамыған және іс-тәжірибеде қолданады деп ойлаймыз. Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім 

беруді  дамыту  үшін  маңызды  болып  табылатын  қазіргі  ең  басты  педагогикалық  түсінік.  Бұл  мо-

дуль  оқушылардың  да,  мұғалімдердің  де  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамытуды  саналы  және  оймен 

қабылдауын көздейді [1, 49-б]. 

Сабақ өткізу барысында осы курстан оқып үйренген оқытудың жаңа тәсілдері арқылы мұғалімнің 

өзіне де, оқушыны да сыни ойлануға көп ықпал ететінін көрдім. Мұғалімнің өзін-өзі реттеуі арқылы 

оқушының да өзін-өзі реттеуге дағдыландыруға жұмыс істейтінін білдім.

Сыни  тұрғыдан  ойлауды,  әдетте,  білім  берудің  кейінгі  кезеңдерімен  –  орта  мектептің  жоғары 

сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан 

ойлаудың  негіздерін  кішкентай  балалармен  жұмыс  барысында,  қажетті  дағдыларды  дамыту 

мақсатында  білім  берудің  ерте  кезеңінен  дамытуға  болады.  Бұл  жолдағы  ең  оңтайлы  тәсіл  – 

балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Мұғалімге арналған 

нұсқаулықтың 49-бетінде көрсетілгендей, сын тұрғысынан ойлау бастауыш сынып оқушыларын жан-

жақты дамытуда қолайлы деп есептеп, өз тәжірибемде қолдануға таңдау жасадым. 



Мақсаты:  «Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету»  модулін  пайдалану  арқылы  оқушылардың  білім 

сапасын, шығармашылық қабілеттерін арттырып талаптарды орындауға, ойларын ашық айтуға, өз 

беттерімен, топпен жұмыс жасауға қалыптастыра білу.

Мен  өз  тәжірибемде  оқушыларды  топқа  әртүрлі  тәсілдермен  бөлуге  тырысамын.  Мысалы: 

қағаздардың  түсіне,  геометриялық  фигураларға,  конфеттердің  түсіне,  мозайка  бөліктеріне  байла-

нысты  топтастырдым.  Өйткені  топта  үлгерімі  әртүрлі  оқушылар  болса,  топтық  жұмыстар  қалай 

жүретінін көргім келді. Бұл – оқушылардың өз беттерінше ізденуіне, жауапкершіліктерін арттыруға 

мүмкіндік берді. Үлгерімі жақсы оқушылар тобындағы көмек сұраған оқушыларға қол ұшын беріп, 

түсіндіре отырып өзара сыйластық қарым- қатынасқа түсіп отырады. Балалардың көзқарастарының 

дұрыс қалыптасқаны, сыни ойлауы да қалыптасып келе жатқандай әсер етті.

Сабақтарымды меңгертуде оқушылардың жүйелі ой, оқу мен жазу сауаттылығын арттыра оты-

рып, шығармашылыққа баулуда қолданған «Болжау», «Венн диаграммасы», «Топтастыру», «Еркін 

жазу», «Insert», «Топтастыру», «Жигсо», «Семантикалық карта», «Дөңгелек үстел» стратегияларының 

орны ерекше.

3-сыныпта әдебиет пәнінен «Құмырсқаның қанағаты» тақырыбы бойынша сабағымда үй тапсыр-

масы «Алтын балта» ертегісін сұрауда төрт топқа 4 түрлі тапсырма бердім:

1-топ: үйден салып келген суреттерден суретті фильм дайындау;

2-топ:  мәтін  бойынша  сұрақтар  дайындап  басқа  топтарға  қояды;  Бұл  жерде  басты  назар-

ды  жауаптарға  емес,  сұрақтарға  аударған  жөн.  Себебі  құрастырған  сұрақтары  олардың  сабаққа 

қаншалықты дайындалғанын көрсетеді. 

3-топ: ертегідегі негізгі ойды анықтайды


341

4-топ: ертегі кейіпкерлерін күн сәулелеріне орналастыру. Әр кейіпкерді өздері ұнатқан түспен 

белгілеп, неге ол түсті таңдағандарын түсіндірді. Бұл жерде диалог арқылы сыни тұрғыдан ойла-

уды  дамыту  жүзеге  асырылды.  Тапсырманы  орындауларында  оқушылардың  сыни  ойларымен 

бөлістім.  Алайда  балалар  сұрақ  әзірлеуде  қиналды.  Өзіме  сұрақ  қою  бойынша  көбірек  жұмыс 

жасауды  міндет  етіп  алдым.  Ал  ертегідегі  негізгі  ойды  анықтау,  суретті  фильм  әзірлеулері  сәтті 

шықты. Қызығушылықты ояту кезеңі мұғалім үшін ең басты мәселе болуы керек. Оқушы барлық 

жұмыстарды өзінің шығармашылық қайнауынан өткізуі арқылы ғана сабақты бағалап, мәселені ше-

шуге ұмтылатынын, сол арқылы ешкімге ұқсамайтын жол іздейтінін, өзінше болжайтынын тәжірибе 

кезеңінде  тереңірек  аңғарғандайдым.  Бастауыш  сынып  оқушысы  үшін  мұғалімнің  оны  мән  беріп 

тыңдауы сонша маңызды екенін ұмытпағанымыз жөн.

Оқушылардан «Қанағат» деген сөзді қалай түсінетіндіктерін сұрадым. 

Оқушылар ойланып «қанағат» сөзіне өз ойларын жақсы жеткізе білді.

Мысалы:

 

–  Қанағат – ең асыл қасиет.



 

–  Қанағат- аз демеу.

 

–  Қолда барға риза болу.



 

–  Қанағат- ең асыл қасиет. 

Осы тұста оқушылар арасында нәтижелі диалог көрініс тапты. Тіпті оқу үлгерімі орташа оқушым 

осы жерде жақсы жауаптар айтып, ойын еркін жеткізе алды. Ой қозғау арқылы оқушыларда сабақтың 

ары қарай жалғасуына қызығушылықтары оянды. 

Мағынаны тану кезеңінде оқушы жаңа ақпаратпен танысып, тақырып бойынша жұмыс істеуге 

көмектесетін стратегиялармен жұмыс жүргізеді. Бұл сабағымда оқушылар өздеріне берілген мәтін 

бөліктерін Жигсо әдісі арқылы топта талдады. Түртіп алу әдісі арқылы түсініксіз сөздерді белгіледі, 

осы тұста сөздік жұмыс жүргізілді. Үлгерімі жақсы оқушылар тобындағы көмек сұраған оқушыларға 

қол ұшын беріп, түсіндіре отырып өзара сыйластық қарым – қатынасқа түсіп отырды. Әрқайсысы өзі 

ізденді, жұпта, топта, сынып алдында талдады. Бұрынғы сабақтарда үлгерімі нашарлау оқушылар 

үлгерімі жақсы оқушылардан көмек сұрауға ұмтылмайтын, себебі оларда көмек сұрағанда көмек 

көрсетілетініне сенімділік болмаған сияқты. Балалардың көзқарастарының да дұрыс қалыптасқаны 

сыни ойлауы қалыптасып келе жатқандай әсер етті. 

Ой толғаныс- сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде оқушы үйренгенін саралап, салмақтап, 

оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді. Салыстыру кестесін құрып, ортақ ойла-

рын жазу арқылы оқушылар өткен сабақтарда меңгерген білімдерін еске түсіріп, қолдана алды. Осы 

тұста әр оқушы өз шығырмашылығын көрсете алады. Салыстыру кестесі арқылы оқушының ой-өрісі 

ұшқырланады. Ал, 5 жолды өлең стратегиясы баланың шығармашылық қиялын дамытуға әсер етеді. 

Өз  тәжірибемде  жаңа  әдістерді  қолдану  барысында  сыныпта  жеке  жұмыстан  бөлек  жүзеге 

асырылған, жұптық және топтық жұмыстардың оқушыларға оң әсері болғандай 

Келесі  «Қарлығаштың  құйрығы  неге  айыр?»  тақырыбын  өткен  сабағымда  балалар  үйден 

«Құмырсқаның қанағаты» ертегісін ойдан жалғастырып келді. Оқушыларымның бұл тапсырманы 

орындауда  шығармашылық  қабілеттерін  көре  алдым.  Олар  ертегіні  әрқайсысы  әртүрлі  өзгертіп 

мазмұнын аша біліпті. Әр топтан оқушылар оқыды, ал топтың басқа мүшелері жұмысын бес кри-

терий  бойынша  бағалады.  Басқаның  жұмысын  бағалау  үшін,  оны  мұқият  тыңдап,  әр  критерий 

бойынша жеке тоқталып, саралау керектігін түсіне білді. Бұл жерде бағалаудың анағұрлым дұрыс 

жүргенін,  оқушылардың  сыни  ойлауларының  жетіліп  келе  жатқаны  көрінді.  «Қызығушылықты 

ояту»  кезеңінде  әр  топқа  түрлі  сурет  берілді.  Оқушылар  «Топтастыру»  стратегиясы  бойынша 

қарлығаш,  маса,  айдаһар,  түлкі  туралы  білетіндерін  топтастырды.  Әр  топтан  шығып  жасаған 

жұмыстарын қорғау кезінде оқушылардың қызығушылықпен жұмыс істегендерін байқадым. Әдетте 

мәтінді мазмұндауға қиналып, тақтаға шыққысы келмейтін оқушылар, бұл жерде керісінше ортаға 

суырылып шығып, өз жұмыстарын көрсетіп, қорғап жатты. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты 

қолданылса,  оқушылардың  оқуына  соншалықты  әсер  ететінін  айтады.  Барнс  оқытудың  мұғалімді 

селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және 

дәлелдеу  барысында  жүзеге  асатынын  көрсеткендей,  сыныптағы  балалардың  бірлескен  сұхбаты 

үлкен пайда әкелетінін байқадым.

Ой  толғаныс  кезеңінде  әр  оқушыға  мәтін  бойынша  түсінгендерін  негізге  ала  отырып, 

«Қарлығаштың  адалдығы»  тақырыбына  эссе  жазу  тапсырылып,  шығармашылық  бағытта  жұмыс 

жүргізілді. Бұл жұмыс сәтті орындалды, себебі оқушылар қарлығаштың адамға жақын жүретіндігін, 

қасиеттілігін, адалдығын атап көрсете білді. Сабақтың әр кезеңіндегі орындалған тапсырмалар бой-

ынша  оқушылар  өздерін  бағалап  отырды.  Өзін-өзі  бағалау  тәсілі  оқушыларға  ұнайды.  Бұдан  әрі 

де бұл тәсілді жетілдіре отырып қолдану керектігін түсіндім. Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі – өзін-

өзі  бағалау  барысында  оқушылар  жауапкершілікті  сезінеді,  әр  тапсырманы  критерийлерге  сай 

орындауға тырысатын болады, жоғарғы балл жинауға ұмтылады.


342

Сабағымда үй тапсырмасына берілген суреттерден көрме дайындап, «Галереяға саяхат» жасадық. 

Галереяға  саяхатта  оқушылар  өз  ойларын  жапсырма  қағаздарға  жазып  қалдырды.  Неліктен  сол 

суретті таңдағанын ашық жаза білді, бірақ еленбеген жұмыстың қалмағаны балалардың қырағылығын 

көрсетеді. 

Қызығушылықты ояту кезеңінде «Бай адам», «Кедей адам» сөздері жазылған қағаздар оқушыларға 

ұсынылды Әр топ таңдап алған қағаздарына ассоциация жасады. Осы сөздердің мағынасын ашты, топ-

та талдады. Ортақ пікірлерін ортаға салды. Балалар оқиғалық жағдайды шешуде, жұпта талқылап, 

бір-бірімен  пікір  алмасып,  «Автор  орындығына»  шығып,  жұмыстарын  оқыды.  Бұл  жұмыстың 

сәттілігі  өмірмен  байланыстылығында  болды.  Мысалы,  әкесінің  де,  шешесінің  де  бойындағы  ізгі 

қасиеттерді танып, таңдай білді. Бұл арқылы сыни ойдың жетіліп келе жатқанын көрдім.

Ой толғау кезеңінде әр топқа түрлі тапсырма берілді:

1-топ: Венн диаграммасына бұрынғы кездегі бай мен қазіргі таңдағы байды салыстыру; Оқушылар 

ертегілерден оқыған байлар мен қазіргі таңдағы байларды салыстырғанда, қиналатын шығар деп ой-

ладым, алайда оқушылар олардың жақсы- жаман жақтарын теңестіре отырып салыстыра білді. 

2-топ: Бай мен кедейге «Топтастыру» жасау; Бай мен кедейді салыстыра отырып, ұқсастықтарына 

адам, екеуінің де жағдайы өзгеруі мүмкін деп жазды.

3-топ: Байлық сөзіне «бес жолды өлең» жазу;

4-топ: Басты кейіпкерлерге сипаттама жасау.  

Осы жерде балалар өздерінің сыни ойлауларының жақсы жетіліп келе жатқанын көрсете білді. 

Әр оқушы өздеріне сыни көзбен қарауға мүмкіндік туғандай болды, яғни өз білімін саралай алуы, 

әртүрлі топтарда жұмыс істеу арқылы өз мүмкіндіктерін бағалай алуға, алға ұмтылуына әсер ететінін 

байқадым.

«Алдардың айласы»тақырыбында өткен сабағымда мағынаны тану кезеңінде мәтінді Жигсо әдісі 

бойынша  талдап  болған  соң,  басты  кейіпкерлерді  топта  Венн  диаграммасы  арқылы  салыстырды. 

(жағымды, жағымсыз). Келесіде «Кубизм» стратегиясы бойынша топтарға өткен тақырыптарға сай 

тапсырма берілді. Әр оқушы алдарындағы қағазға берілген тапсырма төңірегінде бір-бір сөйлеммен 

өз ойын жеткізді. 

1-топ. Алдаркөсеге ұқсағым келеді, себебі....

Ақкөңіл, кедей адамдарға жақын, жанашыр, логикасы мықты, шешен

2-топ. Қазіргі Алдаркөселер қандай?



Балалардың жауабы:Алаяқ, арам, жемқор, өзімшіл, өтірікші 

3-топ. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.



Түбінде өтірігің шығады, өтірік айтқан өрге баспас, өтірік айтуға болмайды,

4-топ. Қасқыр ханды алдағанына көзқарасың.



Құптаймын, ол кедейлерді алдады, кедейлерге күн көрсеткен жоқ

Оқушылардың  жауаптары  олардың  сыни  ойлау  деңгейіне  қарай  әртүрлі  болды.  Алайда 

оқушылардың көбі топтарында сыни тұрғыдан ойланып, басқалардың ойларымен санаса отырып, 

түрлі жауаптар жаза білді. 

/Wolf and Alexander, 2008/ тұжырымдағандай «Балалар күннен- күнге қолжетімділік артып келе 

жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік 

беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек». Осы орайда, сабағымның ой 

толғау кезеңінде Алдаркөсе мен Қожанасырдың айырмашылығы неде? сұрағына жауапты Т кестесі 

арқылы жазып шығарды.

Алдаркөсе Қожанасыр

алдайды 

қу

айлакер



тапқыр

ақкөңіл


күлдіргі

сайқымазақ

аңқау

Тапсырманы  орындауларында  оқушылардың  сыни  ойларымен  бөлістім.  Қожанасыр  мен 



Алдаркөседен  нені  өзімізге  қабылдауға  болады,  ал  нені  қабылдауға  болмайды  деп  есептейсің  де-

ген сұрақ төңірегінде пікірлердің әртүрлілігі мені ойландырды. Яғни жүргізілген сабақтарда сыни 

ойлауға үйрету бойынша балалардың бойындағы өзгерістерді аңғаруға болады. Сабақ барысында 

оқушылар критерийлер бойынша өздерін бағалап отырды. Айта кететін жайт, оқушылардың бағасы 

өзім белгілеген бағалармен сәйкес келіп отырды. Оқушылардың өздерін бұлай әділ бағалау себебі 

критерийлердің нақты берілуі мен оқушылардың сыныптастары алдында өзін артық бағалауға бара 

алмауынан  деп  тұжырымдадым.  Кері  байланыста  екі  жұлдыз,  бір  тілек  тәсілі  бойынша  сабаққа 

қатысты  өз  ойларын  білдірді.  Осы  бағытта  жүргізген  сабақтарымды  қорыта  келе,  мәселені  дұрыс 

қою арқылы, мақсатына жету жұмыстарының формасын дұрыс таңдау арқылы, мәтіннің көлемдігіне 


343

қарамастан, сабақ жеңіл, бала «жанын» ауыртпай өтетініне көзім жетті. Осының бәрі сабақтағы әдіс-

тәсілдерді дұрыс таңдап алу арқылы ғана іске асады. Сол арқылы бала сабақта өзі жұмыс істейді. 

Мұғалім  оқытпайды,  мұғалім  тек  қалай  оқу  жолын  үйретеді.  Бала  барлық  тапсырмалар  мен 

мәселелерді өзі шешеді.

Жалпы, сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере 

отырып, дұрыс сұрақтар қоюды, қандай әдіс -тәсілдерді қолданатынымды, оқушыларға баға қоюда 

да, ынтымақтастықты қалыптастыру үшін қандай әрекет ететінімді сыни ойлануымды қажет ететінін 

білдім. Сондықтан алдағы еңбек тәжірибемде төмендегідей өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмын:

Оқушылардың оқу үдерісіне қызығушылығын ынталандыру дағдыларын жетілдіру.

Сұрақтарды дұрыс қоя білуге дағдылануым қажет.

Өз әрекетін бағалауға дағдыландыру.

Жоспарлау, оқу және бағалау үдерістерін тиімді ықпалдастыруды жетілдіруім керек.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену және оқушыларымды да дағдыландыру.

Чех педагогы Я. Коменский «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой 

мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі»,- 

деген. Сондықтан мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» технологиясын қолдана 

отырып ізденімпаз, шығармашыл, дарынды, дүниетанымы жоғары, оқушы 

қалыптастырсам деймін.

Әдебиеттер тізімі

1.  III деңгей бойынша Мұғалімге арналған нұсқаулық.

2.   Мирсеитова С.. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Алматы. 2006ж.

3.   Қожагелдиева С., Нұртазаева Н. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш 

мектеп. №4. 2009. 

ЖОБАЛАУ ӘДІСІН ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАУ

Смагулов К. Г.

«Мұрагер» ДБМ Қарағанды қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа

Мақалада қазақ тілі сабақтарындағы жобалау әдісінің қолданылу мәселелері қарастырылады. Оқушыларды 

жекелей, жұппен, топпен жұмыс жасай білу біліктерін дамытудағы негізгі қадамдар мен әдістер қарастырылады. 

Жобалау әдісі оқушының өз бетінше ізденуіне дағдыландыратын фактор екеніне дәлелдер келтіріледі. Жобалау 

әдісінің оқушы іс-әрекетін жетілдірудегі тиімді жақтары жайлы баяндалады.

Аннотация

В статье исследуются проблемы использования метода проекта на уроках казахского языка. Рассматриваются 

основные этапы и методы в работе с отдельными учащимися, работа в парах, групповая работа. Приводятся при-

меры и доказательства того, что учащиеся самостоятельно находят необходимую информацю. Метод проекта 

является одним из методов исследования действий ученика.

Abstract

This article gives the problems of the using of the method projects at Kazakh lessons. The author shows the main stages 

and  methods  with  separate  students,  group  work,  work  in  pairs.  There  were  given  some  samples  that  students  find  the 

information themselves. Method of project is one of the main method of students’ research.

Жобалау  әдісі  20  ғасырдың  басынан  басталады.  Бұл  әдістің  ғылыми  негізін  қалаушылар: 

Д.  Дьюи,  Девей,  Килпатрак,  Снедден,  Ричардс.  Сол  кездің  өзінде  АҚШ  ғалымдарының  арасында 

жобалық жұмыстарды – жұмыс техникасына немесе дидактикалық концепцияға жатқызу туралы 

мәселе пікірталас туғызған болатын. Танымдық прагматизм философиясының өкілі Девей жобалық 

жұмыстың  ғылыми  және  саяси  концепциясының  іргетасын  қаласа,  оның  әріптесі  Килпатрак  жо-

балау  әдісін  ауқымды  мағынасына  қарай  тәрбиеге  қатысты  философия  ретінде  бағалады  [5,  3-б]. 


344

Осыған байланысты Килпатрак жобаны «әлеуметтік ортада өткізілетін жүректен шыққан мақсатты 

әрекет» ретінде қарастырады. Девей мен Килпатрак мектептен тыс кезде өмір мен ойлауды, әрекет 

пен білімді, мектеп пен тәжірибені байланыстырушы ретінде жаңа дидактикалық концепция негізін 

салмақшы болады. Қорыта келе Килпатрак «жоспарлы әрекет демократиялық қоғамның белгілі си-

патты бөлігі» деп есептейді, сондықтан «оны да оқу үрдісінің сипатты бөлшегі ретінде» қарастыру 

керек екендігіне тоқталады. Бұл ұғым АҚШ-тың шығысында ғана қолдау тапты. Басқалары мәселені 

шешу процесін жобалау әдісінің ерекшебелгісі деп білді. Сонымен кез келген өз бетінше шеуін табуға 

болатын мәселелерді жобалық жұмыс деп айтатын болды. Осының салдарынан жобалық жұмыс – 

мәселені  шешудің  сызбалық  үрдіс  деңгейіне  түсіп  кетті.  Бұл  үрдіс  барысында  оқытушы  мәселені 

ұсынушы болса, оқушы оны шешуші болды.

Бүгінде  Қазақстан  Республикасында  білім  берудің  жаңа  моделі  –  нәтижеге  бағытталған  білім 

моделіне көшу жолдарын іздестіру жүруде. Бұл жерде оқыту технологияларының алатын орны ерек-

ше. Осы жаңа инновациялық технологиялардың ішінде әлемдік білім беру кеңістігінде қолданылып 

жүрген жобалау әдісіне тоқталмақпыз.

Бұл жобалау әдісі Д. Дьюидің «қоршаған орта оқушы үшін зертхана» моделіне негізделген. Яғни, 

жобаны  жүзеге  асыру  барысында  мұғалімнің  позициясының  өзгеруі  алдыңғы  орынға  шығады. 

Мұғалім дайын білімді жеткізушіден өзінің оқушыларының танымдық әрекетін ұйымдастырушыға 

айналады  [5,  8-б].  Оқушымен  қарым-қатынастағы  психологиялық  климаты  өзгереді.  Мұғалімге 

өзінің оқу-тәрбие жұмысын және оқушылардың жұмысын әр түрлі шығармашылық, ізденіс, зерттеу 

іс-әрекеттеріне  қарай  қайта  бағдарлауға  тура  келеді.  Жобадағы  мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекеті 

төмендегі қадамдардан тұрады:

1-кезең. Дайындық.

Тақырып таңдау, болжамды дұрыс құра білу, яғни нәтижені және оған жету жолдарын болжам-

дау, мақсат пен міндетті анықтау. Қатысушылар санын анықтау (жеке немесе топтық жоба).

2-кезең. Іздену. (зерттеу әрекеті)

Керекті  ақпараттарды  іздеу  және  жинау.  Қажетті  әдебиеттерді  оқу.  Жобаның  басқа 

қатысушыларымен ақпарат алмасу және оларды талқылау.

3-кезең. Талдау.

Ақпараттарды  талдау,  аса  қажет  мәліметтерді  теріп  алу,  қорытынды  жасауға  керекті  жалпы 

логикалық сызбаларды құрастыру.

4-кезең. Алынған нәтижені жария ету.

Ақпараттық стенділер, сұлбалар мен диаграммалар, құжаттар тобын дайындау. Жобаны қорғау. 

Атқарылған жұмысқа құрылымдық талдау жасап, қорытындылау.

Жобалау  технологиясында  мұғалім  қандай  роль  атқарады?  Мұғалім  қатысушылар  уәжін 

қалыптастырады, жоба тақырыбын таңдауда, жоба мазмұнына түсініктеме-кеңес береді, материал 

іріктеуге көмектеседі, жобадағы әрбір қатысушының әрекетін қадағалайды, барлық қатысушылардың 

әрекетіне  бағыт  сілтейді,  жобаны  қорғауда  сарапшы  ретінде  қатысады,  жасалған  жұмысқа  талдау 

жүргізеді,  жобадағы  әр  қатысушыны  бағалайды.  Өзіміз  көргендей  жобалау  технологиясындағы 

мұғалім  рөлі  өте  үлкен,  жоба  процесі  мен  нәтижесі  нақты  мұғалімге  тәуелді  болып  табыла-

ды.  Сондықтан  мұғалім  барлық  зерттеушілік,  ізденушілік  әдістерін  меңгеруі  керек.  Мұғалімнің 

оқушылардың  зерттеу  жұмыстарын,  өзіндік  жұмыстарын  ұйымдастыра  білуі  мәнді,  бірақ  та  өз 

көзқарасын байланыстырмай және өз лауазымымен оқушылардың мысын баспай ұйымдастыра білуі 

маңызды. Мұның бәрі мұғалімге жобаның таңдалған тақырыбына деген қызығушылықты қалыпты 

ұстап тұруға мүмкіндік береді. Мұғалім жобалау жұмысының паспортын ойлап шығарады, бұл же-

келеген немесе топтық жобаның бетке ұстары болады: 

1.  Жобаның атауы. Жоба авторы. Жоба тобының құрамы. Жобаның ғылыми жетекшісі.

2.  Жобаның  қысқаша  сипаты:  мақсаты,  болжамы,  дерек  көздері,  зерттеу  әдістемелері, 

нәтижелерді рәсімдеу. (стенд, реферат, компакт диск, т. б.)

3.  Жобалау  жұмысының  күнтізбелік  жоспары:  негізгі  кезеңдер  және  жасалған  жұмыстың 

қысқаша мазмұны, әр кезеңге жауаптылар, уақыты.

Жобаға қажет болуы мүмкін иллюстративтік қатар:

1.  Жобаның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі. (аудио, видео, стенділер, т. б.)

2.  Мазмұнын бағалау және таныстыру.

Жобалау әдісін мына жағдайларда қолдануға болады: оқу уақытында айырмашылық бар жеке 

немесе топтық жұмыс түрінде және де қазіргі кездегі ақпараттық технологияның құралдарын пайда-

ланып қолдануға болады. Оқушының осы заманғы жобасы – бұл танымдық әрекетінің белсенділігін 

арттырудың дидактикалық құралы, жаңашылдық және сонымен бірге нақты жекелеген қасиеттерінің 

қалыптасуына  және  дамуына  көмектеседі  [1,  15-б].  Оқуышылардың  осындай  немесе  басқа  да 

жобаларға белсенді қатысуы, оларға адамзат әрекетінің жаңа әдістерін зерттеуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет