Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері



жүктеу 5.62 Mb.
Pdf просмотр
бет12/53
Дата24.03.2017
өлшемі5.62 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53

 
Әдебиеттер 
1.
 
Қазақстан ҧлттық энциклопедиясы, 8 том «Тарихи тҧлғалар». Алматы, 2008 
2.
 
Тәтімов М. Қазақ әлемі. Алматы, 1993.- 365б 
3.
 
Дҥйсенов С. Кеңестік замандағы қазақ дипломаттары. Қарағанды,2002.- 158б 
4.
 
ҚР конституциясы 
5.
 
Токаев «Дипломатическая служба РК» 
6.
 
«Актуальные проблемы внешней полотики Казахстана» Тоқаев 
7.
 
Наурыз Айдаров «Степная дипломатия одевается во фрак»  
8.
 
«Тәуелсіз Қазақстан дипломатиясына 15 жыл»/ Ә. Қырбасов. - // Тҥркiстан. - 2007. - 5 шілде (№27) 
 
 
ӘОЖ 339. 
 
ТҤРКІ ТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЕКІ ЖАҚТЫ ЖӘНЕ КӚПЖАҚТЫ 
ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САУДА БАҒЫТТАРЫ 
 
Мажинбеков С.А., Искандеров Е.Г. 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В  статье  рассмотрено  двустороннее  и  многостороннее  торгово-экономическое  отношение  между 
тюркскими государствами.  
Summary 
The article views the double and multi-sited trade-economic relations between Turkic countries. 
 
Президентіміз  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  арналған  2010  жылғы  Жолдауында 
мынадай  сӛздер  айтылған:  «Болашаққа  белгіленген  орасан  зор  міндеттерді  ҧйыстырушы  ҧлттық 
стратегиясыз орындау мҥмкін емес. Егер біз табысқа жеткіміз келсе, онда мына тӛрт қағидатты басшылыққа 
алуға  міндеттіміз:  Біріншіден,  біздің  ең  басты  қҧндылығымыз  –  ол  Отанымыз,  Тәуелсіз  Қазақстан! 
Екіншіден, мемлекет және оның әрбір азаматы қай жерде де қоғамның тҧрақтылығы мен елдің әл-ауқатына 
кері  әсерін  тигізуі  мҥмкін   кез  келген  қадамға  бармауы  тиіс.  Ҥшіншіден,  экономикалық  ӛрлеу  – 
әрқайсымызға  қатысты  бҥкілхалықтық  іс.  Бҧл  –  қоғамның  әлеуметтік  мәселелерін  шешудің  және 
баршамызды  табысқа  бастаудың  кілті.  Тӛртіншіден,  ӛңірлік  және  әлемдік  нарықпен  интеграциялану  – 
дамудың аса маңызды шарты»[1]. 
Орталықазиялық  тҥркі  мемлекеттерінің  басын  қосу  идеясын  алға  тартқан  салмақты  қҧжаттардың 
бірі  –  1991ж.  қазанда  Тҥркияның  «Иені  дҧшҧнәкә»  газетінде  жарияланған  Тҥркістан  Конфедерациясы 
туралы декларация. Оны 1991ж. қарашада сол кезде Алматыда шығып тҧрған «Азат» газеті кӛшіріп басады. 
Декларацияда  ӛзара  тең  қҧқылы  дәрежеде  бірігетін  орталықазиялық  бес  мемлекет  –  Қазақстан, 
Қырғыстан, Ӛзбекстан, Тҥрікменстан, Тәжікстан – Тҥркістан Конфедерациясын қҧрады делінген. Әр мҥше – 
мемлекет ӛз дербестігін сақтай отырып, Тҥркістан Конфедерациясының шартына қол қояды. Елді әр мҥше – 
мемлекет  25  депутаттан  сайлап  жіберетін  Консультативтік  Кеңес  басқарды.  Мҥше  –  мемлекеттердің 
президенттері әр жыл сайын алмасып, Конфедерацияның ӛкілетті органдарына басшылық жасап отырады. 
Жобада  тҥркі  мемлекеттеріне  ортақ  ақша  енгізу  кӛзделген.  Тҥркия  Республикасында  қолданылып 
жҥрген  латын  әліпбиі  негізінде  оған  қажетті  ӛзгертулер  мен  қосымшалар  енгізе  отырып,  тҥркі 
мемлекеттерін ортақ әліпби жасау туралы айтылған. 
Астана ретінде Тҥркістан қаласы, ал әнҧранға Мағжанның  «Тҥркістан екі дҥние есігі ғой…» ӛлеңі 
ҧсынылған. 
Бҧл  идеяның  еш  қолдау  таппауы  тҥсінікті  еді.  Ӛйткені,  КСРО  –  дан  енді-енді  енші  алып  жатқан 
елдер  бостандықтың,  тәуелсіздіктің  қадірін  тҥсінгісі  келді.  Бір  одақтан  шығып,  екіншісіне  мойынсҧнуды 
қаламады. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нҧрсҧлтан  Назарбаев  2005ж.  18  ақпандағы  «Қазақстан 
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Мен 
Орталық  Азия  елдері  Одағын  қҧруды  ҧсынамын.  Қазақстан,  Ӛзбекстан,  Қырғызстан  арасында  жасалған 
мәңгілік  достық  туралы  шарт  осындай  бірлесу  ҥшін  берік  негіз  бола  алады.  Біздің  экономикалық 
мҥдделеріміз де, мәдени - тарихи тамырымыз да, тіліміз де, дініміз де, экологиялық мәселелеріміз де, керек 
десеңіз, сыртқы қателеріміз де ортақ» – деп атап кӛрсетті [2].  Президент бҧл Одаққа барлық Орталық Азия 
мемлекеттерінің , оның ішінде Пәкістан мен Тҥрікменстанның да кіруін ҧсынды. 

66 
 
Президенттің  бҧл  бастамасы,  біріншіден,  қазіргі  ғаламдастыру  кезінде  жалпыға  бірдей  қауіптің 
тӛнуіне  (лаңкестік,  экстремизм,  заңсыз  есіірткі  тасымалы,  заңсыз  кӛші-қон,  трасҧлттық  ҧйымдасқан 
қлымыс, т.б.) байланысты болып отыр. 
Екіншіден, интеграцияны тереңдету, экономикалық реформаларды тиімді жҥргізу ҥшін еркін сауда 
аймағын қҧру, кеден одағы, валюта одағы, қызмет кӛрсету, тауар, капитал және жҧмысшы кҥштерінің еркін 
қозғалысын  ретке  келтіру  қажеттігіне  маңыз  береді.  Президент  қатысушы  мемлекеттердің  тәуелсіздігін 
жоятын  «одақтық  мемлекет»  қҧруды  емес,  экономикалық  және  саяси  мәселелерді  бірігіп  шешетін  одақ 
қҧруды мақсат етіп отыр. 
Ҥшіншіден,  аймақ  елдері  әлемдік  кҥшті  державалар  мен  халықаралық  ҧйымдардың  стратегиялық 
мҥдделерінің обьектісі болып келеді. 
Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердің интеграциясы КСРО ыдырағаннан кейінгі он бес жыл 
ішінде  жолға  қойылып,  бастау  алып  ҥлгерді.  Қазіргі  уақытта  аймақтағы  интеграциялық  ҥрдістер  даму 
ҥстінде.  Жас  тәуелсіз  мемлекеттер  барлық  мәселер  мен  қиындықтарды  тек  бірлесе  отырып,  ҧжымдық 
әрекеттердің кҥшімен  ғана шеше алатынын  жақсы тҥсінді. 
Интеграцияның  алғашқы  қадамы  1994  ж.  30  сәуірдегі  Қазақстан,  Қырғызстан  және  Ӛзбекстан 
елдерінің Біртҧтас экономикалық кеңістік қҧру жӛніндегі Келісім – шартына қол қоюынан басталды. 1998ж. 
26 наурызда оған Тәжікстан енеді. Ал 1998ж. оның Орталықазиялық экономикалық қауымдастық деген жаңа 
атауы бекітіледі. 
2002ж.  желтоқсанда  Қазсқтан,  Қырғызстан,  Ӛзбекстан  және  Тәжікстан  Алматыда  Орталықазия 
ынтымақтастық  ҧйымын  қҧруға  келіседі.  Оның  алдына  қойылған  міндеттер  атап  кӛрсетіледі:  аймақта 
тҧрақтылық  пен  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  экономикалық  интеграциялық  орнықты  жҥйесін 
қалыптастыру, т.б. 
Сондай-ақ,  Орталық  Азия  мемлекеттері  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  (ТМД),  Шанхай 
Ынтымақтастық  Ҧйымы  (ШЫҦ),  Ҧжымдық  қауіпсіздік  туралы  келісім  –  шарт  Ҧйымы  (ОДКБ),  т.б. 
аймақтық  интеграциялық  қҧрылымдар  шеңберінде  екіжақты  және  кӛпжақты  негізде  интеграциялық 
ҥрдістерге қатысады. 
Президент  Назарбаев  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Біздің  алдымызда  таңдау  тҧр:  әлемдік 
экономикалық  мәңгілік  шикізаттық  шылауы  болып  қалу,  келесі  бір  империяның  келуін  кҥту  немесе 
Орталық  Азия  ӛңірінің  барынша  интеграциялануына  қарай  қадам  жасау»,  -  деген  болатын  [2].    Әрине, 
барлық халықтар мен елдер соңғы  нҧсқаны таңдары анық.  Ал ол ҥшін зор дипломатиялық жҧмыс жҥргізу 
қажет. 
Кӛріп  отырғанымыздай,  Орталық  Азия  аймағындағы  интеграция  жолға  қойылған  даму  ҥстінде 
сондай-ақ алда шешімін қажет етіп тҧрған мәселелер, интеграцияны тереңдету мәселесі және интеграциялық 
ҥрдістердің  таралу  аясын  кеңейту  мәселесі  кҥтіп  тҧр.  Экономикалық,  саяси  қауіпсіздік  салаларындағы 
интеграциялық ҥрдістер даму жолына тҥскен. Ендігі жерде мәдени, гуманитарлық салаларда да бірігуге бет 
алу керек деп ойлаймын. 
Мәселенің  осылайша  қойылуынан  туындайтын  қорытынды  мынадай  болса  керек.  Ӛңірде 
экономикалық  ынтымақтастықты  арттыру  мақсатын  орындау  ӛңірлік  бейбітшілік  пен  қауіпсіздіктің 
сақталуын қамтамасыз ету мақсатын қатар алып жҥруді қажет етеді. 
Президент  Н.Назарбаев  «теңдікке,  еріктілікке  және  прагматикалық  мҥддеге  негізделген 
интернационализм  тек  осы  жағдайда  ғана  ХХІ  ғасырда  әлемдік    экономика  мен  саясаттың  ғаламдық 
факторы болатын салиқалы болашағы» деген қисынды мазмҧндамасы принциптік маңызды мәнге ие [3]. 
Егер  ХХ  ғ  90  жылдары,  мемлекеттер  арасындағы  экомикалық  ынтымақтастықтың  90-шы 
жылдардың басында екі және кӛп жақты келісім арттарға қол қоя және қҧқықтың базасының негізін қалай 
отырып, сауда ынтымақтастығы, ауыл шаруашылық ӛнімдерінің ортақ рыногын жасау, минералды-шикізат 
қорларды  тиімді  пайдалану,  әсіресе  аймақтың    кӛмірсутегі  ресурстарының  қорын  зерттеп,  оны  әлемдік 
рынокқа  тасымалдаудың  тиімді  жолдарын  қарастыру,  сыртқы  рынокқа  шығатын  бірыңғай  транспорт 
жҥйесін  қҧру,  экологиялық  мәселелер  экономикалық  ынтымақтастықтың  ең  бір  басым  бағыттары 
болғандығы  айтылса,  ал  қазіргі  заманғы  байланыс  пен  коммуникация  жҥйесін  қҧру,  рыноктық 
инфрақҧрылымды  дамыту,  кәсіпкерлікті  дамыту  ҥшін  жағдай  жасау,  ғылыми-техникалық  ынтымақтастық, 
маман-кадрларды  дайындау,  туризм  және  спорт  саласын  дамыту  айтылғанымен,  оны  экономикалық 
ынтымақтастықтың  қҧрамдас  бӛлігі  ретінде  қарастырылды.  Біздің  пікірімізше  бҧл  салалар  да  болашақта 
ҥлкен табыс кӛзін ашатын басымдылық бола алады 
Экономикалық  ынтымақтастықтың  ішіндегі  қазіргі  заманғы  байланыс  пен  коммуникация  жҥйесін 
қҧру  мемлекеттердің  қай-қайсына  болмасын  ауадай  қажет  нәрсе.  Коммуникация  жҥйесіндегі  басым 
бағыттың  бірі  ҧлттық  Тран-Азия-Европа  (ТАЕ)  сегмент-талшықты-оптикалық  желі  жҥйесінің  салынуы 
болып  табылады.  Бҧл  қҧрылыс  1995  жылдан  бастап  салынды.  Ҧзындығы  1750  км  созылған  Трансазиялық 
талшықты-оптикалық  байланыс  желісінің  Қазақстанға  тиесілі  уческесі  қҧрылысының  1998  ж.  аяқталуы 
телекоммуникациялар 
саласында 
маңызды 
оқиға 
болды. 
Нәтижесінде 
Қазақстан 
ӛзінің 
телекоммуникациялық байланыстар шекарасын Атлант мҧхиынан Тынық мҧхитына дейінгі мемлекеттердің 
аралықтарын қосты. Ол Орталық Азия елдерінің территориясы арқылы Еуропаны Қытай және Жапониямен 
байланыстырады. 

67 
 
Тҥркі тілдес елдердің одан әрі экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды міндеттердің 
бірі  аймақтағы  қуатты  интеллектуальды  потенциалды  тиімді  пайдалану  және  технологиялық  жетістіктері 
мен  ғылыми-технологиялық  базаны  осы  елдердің  экономикасы  ҥшін  пайдалану  болып  табылады. 
Сондықтан  елдерге  қажетті  ғылыми-техникалық  ынтымақтастықтың  басым  бағыттарына  мыналарды 
жатқызуға болады: 
-
 
ауыл  шаруашылығы  мен  ӛнеркәсіпте,  медицина  саласында  биотехнология  мен  гендік  инженерияның 
әдістерін қолдану; 
-
 
аймақтың ғаламдық деңгейдегі экологиялық және табиғи ресурс мониторинг жҥйесін қҧру; 
-
 
Қазақстан  Республикасы  қорғаныс  саласын,  Ӛзбекстан  самолет  пен  автомобильдерді  қҧрастыру, 
Қырғызстан-приборлар  жасайтын  ӛндіріс  базасының  негізінде  қазіргі  заманның  талабына  сай,  әлемдік 
экономикаға кіре алатын жаңа ӛндірстік, сол сияқты ғарыштық технологияны дамыту
-
 
Қазіргі  заманғы  қолданыста  жиі  пайдаланылатын  синтетикалық  материалдар  ҥшін  кӛмірсутекті 
шикізаттарды химиялық жолмен қайта ӛңдеу. 
Жоғарыдағы  аталған  басымдылықтарды  экономикалық  ынтымақтастықта  пайдалану  ҥшін,  қазіргі 
кҥннің талабына  сай коммуникация мен байланыс және  ақпарат жҥйесін дамыта  отырып,  кеңінен  қолдану 
керек. 
Нақты,  экономикалық  қатынастарды  атағанда,  Қазақстан  және  Қырғызстан  мемлекеттері 
арасындағы  сауда  экономикалық  байланыс  жоғарғы  қарқынға  ие.  2011  жылдың  қаңтар-тамыз  айлары 
аралығында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауарайналым 2010 жылдың уақытымен салыстырғанда 
31% артық. 429,3 млн. АҚШ доллары [4]. 
2006-2011 жылдары Қазақстан Қырғызстан экономикасына миллиард доллардан артық сома қаржы 
инвестициялаған [4]. 
Тҥркия  мен  Қазақстан  арасындағы  сауда-экономикалық  байланыстар  әр  тараптанып,  артуын 
жалғастыруда.  Қазақстан  –  Тҥркияның  аймақтағы  ең  сенімді  сауда-экономикалық  әріптесі.  2011  жылдың 
қаңтар-тамыз айлары  аралығында  Қазақстан мен Тҥркия  арасындағы тауарайналым 2010 жылдың  дәл осы 
уақытымен салыстырғанда 58,3% артық, 1,9 млрд. АҚШ долларын қҧрады.  2011 жылдың аяғындағы жағдай 
бойынша  екіжақты  сауда  айналымы  3,5  миллиард  АҚШ  долларынан  асып  тҥсті.  Тҥрік  компанияларының 
Қазақстандағы  жалпы  капиталы  2  миллиард  доллар  шамасында.  Тҥркия,  энергетика  саласын  қоспағанда, 
Қазақстанға инвестиция салу жағынан тӛртінші орынды иеленеді. Тҥркиялық қҧрылыс компаниялары алған 
жобалардың  жалпы  қҧны  15  миллиард  доллардан  асты.  Екі  елдің  мемлекет  басшылары,  әсіресе  сауда-
экономикалық,  инвестиция  салаларында  ынтымақтастықты  әртараптандыру  мақсатын  алға  қойып  отыр. 
Осының аясында соңғы уақыттарда қорғаныс ӛнеркәсібі саласында елеулі табыстарға қол жеткізілді. Тҥркия 
мен  Қазақстан  арасында  туризм  саласында  да  ынтымақтастық  қарқынды  тҥрде  дамып  келеді.  2011  жылы 
Тҥркияға  келген  Қазақстан  азаматтарының  саны  2010  жылмен  салыстырғанда  28  пайызға  ӛсіп,  316  мыңға 
жетіпті [4]. 
Қазақстан  байланыс  саласында  Тҥркияның  «Telsini»,  «Turkcell»  фирмаларының  Қазақстанға 
жасаған  инвестициясы  арқылы  дҥниенің  кез-келген  фирмаларының  нҥктесімен  байланысуға  болады. 
Халықаралық әдебиетте GSM аталатын бҧл жҥйе Қазақстанға да мықтап орнықты. «Turkcell»-ді, салтанатты 
тҥрде  ашқан  ел  Президенті  Н.Назарбаев  таяп  қалған  ХХІ  ғасырға  ӛлкесінің  техникалық  салада  нақты 
адамдармен  енуін  зор  мақтаныш  тҧтты.  Қазақстанда  байланыс  облыстарында  тҥрік  фирмаларының 
қатысуымен Павлодарда жеке қолдануға АТС берілді. Сонымен қатар телефон станцияландыру жҥргізілуде. 
Повладар-«Весиет», Оралда-«Комтел», Семейде-«Хесбанламыс» жҧмыс істейді. 
Қазақстан  жерінде  Тҥркия  кәсіпкерлері  мҧнай  мен  газ  саласында  ӛздерінің  ерекше  орындары  бар. 
1994  жылы  кӛктемде  Анкарада  Қазақстан  Республикасының  Тҥркия  Қазақстан  мҧнайын  ӛндіру,  тазарту, 
тасымалдау  және  саласындағы  ынтымақтастық  туралы  келісім  жасасты.  Қҧжатқа  премьер-министрдің 
орынбасары  Сыздық  Әбішев  пен  Тҥркия  энергетика  және  табиғи  ресурстар  министрі  Висель  Атасой  қол 
қойды. 
Тҥркия алғашқы жылдары елімізде жеке кәсіпкерлік пен қҧрылыс саласының дамуына айтарлықтай 
ҥлесін  қосты.  Қазіргі  кҥні  Қазақстанда 1400-ден астам тҥрік фирмасы  жҧмыс істеуде.  Осы  жылдар ішінде 
Қазақстан  экономикасына  жалпы  алғанда  шамамен  2  миллиард  доллар  кӛлемінде  тҥрік  инвестициясы, 
Қазақстаннан Тҥркияға шамамен 1 миллиард доллар кӛлемінде инвестиция жҧмсалды. 
Сонымен  қатар  тҥрік  мердігерлері  Қазақстанда  қҧны  15  миллиард  АҚШ  долларынан  асатын 
қҧрылыс жобасын жҥзеге асырды. Осылайша Қазақстанның Тҥркия экономикасына қосқан кҥрделі қаржысы 
шамамен 15 миллиард АҚШ долларына жетті [5]. 
Дегенмен де ӛзара жҧмсалған инвестициялар екі елдің экономикалық әлеуетіне сай келмейді және 
әлі  де  барлық  мҥмкіндіктер  толық  жҥзеге  асырылған  жоқ  деген  ойдамын.  Ендігі  кезекте  экономикалық 
ынтымақтастықтың  барлық  мҥмкіндіктерін  дамыту  және  іске  асыру  мақсатында  біраз  жобалар  қолға 
алынуда. 
Тҥрік ӛнеркәсібінің және тҧтасымен алғанда экономикасын дамыту локомотиві болып қызмет ететін 
Ҧйымдастырылған  индустриялық  аймақтарды  қҧруда  Тҥркия  орасан  зор  оң  тәжірибе  жинақтаған.  Осы 
орайда  Қазақстан  Республикасы  мен  Тҥркия  Республикасы  Ҥкіметтері  арасында  Қазақстанда  бірлескен 
қазақ-тҥрік индустриялық аймақтарын қҧру туралы меморандумға қол қойылғанын атап ӛткім келеді. 

68 
 
Қазақстанда  тҥрік  капиталының  қатысуымен  алғашқы  бірлескен  индустриялық  аймақты  ашу 
жӛніндегі  тараптардың  ӛзара  мҥдделілігі  ынтымақтастықтың  кӛкжиегін  кеңейтуде.  Аталған  аймақ  тҥрік 
бизнесінің  қазақстандық  рынокқа  жҥйелі  тҥрде  кіруіне  мҥмкіндік  береді  және  біздің  еліміздің  қолайлы 
инвестициялық  ахуалын  жақсартуға  қызмет  етеді.  Алғашқы  бірлескен  индустриялық  аймақты  Оңтҥстік 
Қазақстан облысында ашу кӛзделген. 
Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалды Тҥркияда таныту іс-шаралары кеңінен жҥргізілуде, 
сондай-ақ ірі тҥрік бизнесін елімізге тарту жҧмыстары да ӛз жалғасын табуда. 
Сонымен  қатар  екі  ел  арасында  қосымша  тікелей  әуе  қатынастарын  ашу  мәселесі  де  ойдағыдай 
шешілуде.  Атап айтқанда,  қазақстандық  «Скат»  әуе  компаниясының Шымкент-Ыстамбҧл бағытында  жаңа 
рейсі ашылды. 
Осы бағытта атап ӛтетін тағы бір оқиға, 2011 жылғы қазан айында Ыстамбҧл қаласында ҚР Сауда-
ӛндірістік  палатасының  ӛкілдігінің  ашылуы  болып  ӛтті.  Аталған  қадам  Қазақстан  мен  Тҥркия  арасында 
сауда-экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына қосылатын ҥлес болмақ. 
Екіжақты  сауда-экономикалық  ынтымақтастықты  жандандыру  мақсатында  2011  ж  қараша  айында 
ҚР  Спорт  және  туризм  министрі  Т.Ермегияев  пен  ТР  Экономика  министрі  З.Чағлаянның  тӛрағалығымен 
ӛткен ҥкіметаралық комиссияның 7-ші отырысы болды. 
Комиссияның  отырысы  барысында  сауда-экономикалық  мәселелердің  кең  ауқымы,  атап  айтқанда 
сауда-экономикалық  бӛліктің  22  бағыты  бойынша,  оның  ішінде  ӛзара  сауда,  кӛлік,  энергетика,  ӛнеркәсіп, 
мердігерлік және консалтингтік қызмет кӛрсетулер, ауыл шаруашылығы, туризм, шағын және орта бизнесті 
дамыту, еңбек және әлеуметтік қорғау, әлеуметтік тҧрғын ҥйдің қҧрылысын дамыту, Қазақстанда қазақстан-
тҥрік  индустриялық  аймақтарын  қҧру,  «Жаңа  синергия»  бірлескен  бағдарламасы  жобасының  ережелері, 
сондай-ақ ғылыми-техникалық саладағы ынтымақтастық және т.б. қарастырылды. 
Сондай-ақ  Қазақстан  мен  Тҥркия  Президенттерінің  қамқорлығы  аясында  қазақстан-тҥрік  «Жаңа 
синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасының жобасын талқылау жӛніндегі қазақстандық және тҥрік 
жҧмыс топтарының кездесуі ӛтті. 
Жалпы алғанда Тҥркияның іскер топтары Қазақстанмен сауда және инвестициялық байланыстарды 
ӛзара  тиімді  дамытуға  ҥлкен  қызығушылық  танытуда.  Осы  мҥмкіндіктердің  экономикалық  әлеуетінінің 
дамуына зор тиімділігі болады деген ойдамын. 
Қазақстан және Әзірбайжан  сауда экономикалық қатынастарына тоқталатын болсақ, 2011 жылдың 
қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналым 2010 жылдың осы 
уақытымен салыстырғанда 35-пайызға аз, 148,5 млн. долл АҚШ доллары [1]. 
2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев пен Әзірбайжан басшысы Ильхам 
Алиев арасында кездесу барысында, мемлекет басшылары екі ел де Каспий теңізі бойынша кӛршілес екенін, 
энергетика,  мҧнайды  тасымалдау  мәселелеріндегі  байланыстар,  Каспий  арқылы  Қазақстанның  Кавказға, 
Қара  теңізге,  Еуропаға  шығуы  кӛлік  кҥре  жолы  тәрізді  екенін,  бҧл  –  Қазақстан  мен  Әзiрбайжан 
ынтымақтастығының маңызды пункті болып табылатынын атап кӛрсетті [6]. 
2011  жылы,  Тҥркітілдес  Мемлекеттер  Басшыларының  11-ші  Саммитінің  алдында  Астанада 
Тҥркітілдес  Мемлекеттер  Ынтымақтастығы  Кеңесі  экономика  Министрлерінің  алғашқы  кездесуінде, 
Қазақстан,  Әзірбайжан,  Тҥркия  және  Қырғыз  Республикаларының  Экономика  министрлері  мен 
орынбасарлары  инвестициялық  климаттың  жетілдірілуі,  экономикалық  диверсификацияның  артуы, 
транспорттық дәліздер мен кәсіпкерліктің дамуына тоқталды [7]. 
Тҥркітілдес  Мемлекеттер  Ынтымақтастығы  Кеңесі  Бас  Секретариатының  Бас  Хатшысы  Акынджы 
Халильдің  айтуынша,  тҥркітілдес  мемлекеттер  экономика  Министрлерінің  тҧңғыш  кездесуі  елдер 
арасындағы  экономикалық  қатынастар  мҥмкіндіктерін  талқылап,  осы  ӛткелі  отырған  айтулы  шараның 
алдында ынтымақтастықты онан әрі тереңдету ҥшін ортақ бағыттарды нақтылауға кӛмектеседі [8]. 
Мемлекеттер  арасындағы  тығыз  экономикалық  интеграция  ҧлттық  ӛнім  ӛндірушілер  мен 
тҧтынушылардың  ауқымды  рыногін  қҧруға,  тауарлар  мен  қызмет  кӛрсету,  жҧмыс  кҥшінің  алдындағы 
ықтимал кедергілерді қысқарту арқылы экономикалық ӛсімнің болуын қамтамасыз етеді. 
Алайда,  елдер  арасындағы  экономикалық  интеграцияны  қолдау  ҥшін,  ең  алдымен,  елдер 
арасындағы транспорттық қызметке оңай қол жеткізілгені жӛн, әр оның жетілгені дҧрыс. 
Транспорттық  коридордың  дамуы  –  елдердің  сауда  айналымына  серпін  беріп  қана  қоймай,  ӛзімен 
бірге аса ауқымды мультипликативтік тиімділік те береді, яғни, тауар мен қызмет тҥрлерінің ӛзіндік бағасы 
арзандап,  агроӛнеркәсіп  ӛсімі,  мәшине  жасау,  ӛндіру  және  экономиканың  ӛзге  де  секторларының  ілгеру 
жылжуына ӛз әсерін тигізеді. 
«Барлық кәсіпкерлер кеден амалдарына шағымданады. Елдер арасындағы сауда-саттық туралы сӛз 
болған  кезде,  кеден  мәселесі  және  транзит  туралы  қҧжаттар  алу  мәселесі  туындайды.  Біз  елдеріміз  ҥшін 
жеңілдетілген жҥйе қҧруымыз керек»,- деді ТМЫК Бас хатшысы Халиль Акынжы [8]. 
Осыған  байланысты,  Іскерлік  кеңестің  аясында  Кӛлік  және  байланыс  агенттігін  қҧрудың 
мҥмкіндігін  қарастыру  жоспарлануда.  Іскерлік  кеңестің  қорытындысы  бойынша  нақты  ҧсыныстар 
әзірленеді. 
ТМЫК  елдерінің  бірінші  саммиті  20-21  қазан  кҥндері  Алматыда  ӛтуде.  Тҥркі  халықтарының 
бірлігін нығайтуды мақсат ететін бҧл Ҧйымға Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Тҥркия елдері мҥше 

69 
 
2011  жылы    14-қазанда    Қазақстан  Республикасының  премьер-министрі  Кәрім  Мәсімов  ТМЫК 
делегациясының  басшысымен  энергетика  және  транзиттік-кӛлік  саласындағы  ӛзара  іс-қимыл  мәселелерін 
талқылады.  ҚР  премьер-министрінің  ресми  сайтының  хабарлауынша,  Қазақстанның  Премьер-Министрі 
Кәрім  Мәсімов  Тҥркітілдес  мемлекеттердің  ынтымақтастық  кеңесінің  Бас  хатшысымен  және  ҧйымның 
экономикалық блогының делегация басшыларымен кездескен. 
«ТМЫК  Бас  хатшысы  Х.Акынджымен  және  Кеңестің  экономикалық  блогының  делегация 
басшыларымен кездестім»,- деп жазды Кәрім Мәсімов [9]. 
Әңгіме  барысында  тҥркітілдес  мемлекеттердің  қаржы-экономикалық  даму  мәселелері,  ТМЫК 
аясындағы  ынтымақтастықты  нығайту,  сондай-ақ  энергетика  және  транзиттік-кӛлік  саласындағы  ӛзара  іс-
қимыл мәселелері талқыланды. 
Тҥркі  кеңесінде  транспорттық,  кӛліктік  коридордың  дамуы  –  елдердің  сауда  айналымына  серпін 
беріп  қана  қоймай,  тауар  мен  қызмет  тҥрлерінің  ӛзіндік  бағасы  арзандап,  агроӛнеркәсіп  ӛсімі,  мәшине 
жасау, ӛндіру және экономиканың ӛзге де секторларының ілгері жылжуына ӛз әсерін тигізетіні айрықша. 
Жалпы,  тҥркі  тілдес  мемлекеттердің  ынтымақтастығы  кеңесіне  қатысушы  мемлекеттердің  кҥш-
жігерін жҧмылдыруды кӛздейді. 
 
Сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру
 
Су және энергетикалық ресурстарды бірлескен тҥрде және ҧтымды пайдалану
 
Кӛліктік-коммуникациялық жҥйені дамыту саласында келісілген саясаттарды жҥргізу; 
 
Қалыптасқан шаруашылық байланыстарды жетілдіру және импортты алмастыратын ӛндірісті дамыту; 
Сӛзімізді  қорытындылай  келе  біз  тҥркі  тілдес  мемлекеттердің  экономикалық  және  сауда 
қатынастарына  әсер  ететін  сыртқы,  ішкі  факторларды  атап,  ашып  кӛрсетуге  тырыстық.  Әр  уақытта 
кедергілер, қиншылықтар болады. Мәселе бҧл қиыншылықтарға байланып қалмай, оны жеңу одан әрі даму. 
Міне,  менің  ойымша  мемлекеттер  ӛздерінің  интеграциялық  даму  жолдарындағы  қиыншылықтарға  бірде 
жеңіліп бірде жеңіп ӛз ӛмірін жалғастыруда. 
 
Каталог: sites -> default -> files -> Volume2013
files -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
files -> А. Т. Селкебаева
files -> Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
Volume2013 -> Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері
Volume2013 -> Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет