I деңгей «Артпедагогика» ұғымының сипаттамасы


Қазіргі мультфильмдердің «кейіпкері» мен «антиқаһармандары»



бет32/54
Дата24.12.2022
өлшемі125,41 Kb.
#59376
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54
19. Қазіргі мультфильмдердің «кейіпкері» мен «антиқаһармандары»
Мультфильм бала тәрбиесінде ерекше роль атқаратыны даусыз дүние. Бір сөзбен айтқанда, идеологиялық қару десе де болады. Бүгінгінің баласын, ертеңгінің батырларын қалыптастыруда ұлттық кино, мультфильмдердің үлесі басым екенін ұққан көптеген шет мемлекеттер жыл сайын анимация саласына қыруар қаржы бөліп келеді. Ал біз өзге елдің тарихын дәріптейтін мультфильмдеріне мәз болып жүрсек, алпауыт дейтін Қытай шетелдік өнімдерді балақайларына мүлдем көрсетпейді. Содан болар оларда өз өнімдері жетерлік.
Өкінішке қарай, қазіргі кезде тікелей аударылып, телеарналардан көрсетіліп жүрген шетелдік мультфильмдер психологиялық және педагогикалық тұрғыдан алғанда өте сауатсыз. Мамандардың айтуынша, мұндай мультфильмдер баланың психологиясына кері әсер етеді. Осы уақытқа дейін бастауыш мектепультфильмінің кенжелеп тұрғаны, балаларымыздың өзге елдің, өзімізге жат елдің мәдениетімен сусындап жатқаны жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Ал біз көпшілікке ой салар деген мақсатта өз ділімізге, дәстүр-мәдениетімізге жат мультфильмдердегі кемшіліктердің бірнешеуін санамалап беруді жөн көрдік.
Қазіргі мультфильмдегі ең бірінші кемшілік, ондағы бас кейіпкерлер жауыз кейіпте көрініп, басқа кейіпкерлерді өлтіріп, зұлымдық жасап жатады. Сондай-ақ мультфильмдердегі кейіпкерлердің әрбір әрекеті айналасындағыларды қырып-жоюға бағытталған. Ал осыны көріп өскен балалар қатігез, жүрексіз болмасына кім кепіл?! Ресей ғалымы А.Бандур телевизия арқылы көрсетілген зорлық-зомбылық көріністері енді қалыптасып келе жатқан баланың мінезіне қатты әсер ететінін сонау өткен ғасырдың 60-жылдары-ақ дәлелдеген екен. Жеті-сегіз жасында қатігез телебағдарламаларды көп көрген бала 30 жасында жантүршігерлік қылмысқа баратын көрінеді.
Екіншіден, мультфильм кейіпкерлерінің ерсі қылықтарын ешкім жазаламайды. Күнделікті тіршіліктегі жіберген қателіктері үшін, тиісті ережелерді сақтамағаны үшін ешкім оларды бұрышқа тұрғызып, «былай істеуге болмайды» дегенді айтпайды. Ал мұндайды көрген кішкене көрермен ненің жақсы, ненің жаман екенін айырмай, олардың санасында «бәрін де жасауға болады» деген ой қалыптасары хақ.
Үшіншіден, мультфильмдерде баланың өміріне қауіп төндірерлік, миға сыймайтын әрекеттер көрсетіледі. Баланың әдеті – көргенін қайталайды. Сондықтан бала мультфильмдердегі кейіпкерлерге еліктеп, олардың қимылын қайталаймын деп неше түрлі дене жарақатына ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ бала өз өміріне қатер төндіретін әрекеттерді сезінбейтін болады. Ал кішкене кезінде бала белгілі бір нәрседен қорқуы да керек. Ал қорқу сезімі жоқ баланың өміріне төнер қауіп көп. Әлемдік ғалымдар осыдан ондаған жылдар бұрын мектеп жасына дейінгі балалардың жақсыдан қарағанда жаманға тез еліктегіш екенін дәлелдеген.
Төртіншіден, қазіргі мультфильмдерде ер мен әйел адамның рөлдері қалай болса солай көрсетілген. Мысалы, ер адам әйел адамға тән қылықтарды жасайды және керісінше. Киім киістері де, қимыл-әрекеттері де, бір-бірімен қарым-қатынастары да бала психологиясына кері бағытталған. Егер мектеп жасына дейінгі баланың жыныстық дамуы осы уақытта қалыптасатынын ескерсек, қазіргі қызтеке балалар мен қылығы ұлға тән қыз балалардың көбейіп кеткенінің себебін түсінуге болады.
Бесіншіден, ғалымдардың зерттеуінше, балалар үшін мультфильмдердегі қуыршақ-кейіпкерлердің сыртқы кейпі өте маңызды. Жағымды кейіпкерлер өте сүйкімді, жағымсыз кейіпкерлер керісінше, сүйкімсіз болуы керек. Ал кейіпкерлердің бәрі қандай рөлде болса да қорқынышты, құбыжық кейіпте болса, бала олардың жақсы, жаман әрекеттеріне баға бере алмайды. Кейіпкерлерге еліктегіш балалар егер мультфильмнен сүйкімді кейіпкер көре алмаса, олардың ішкі сезіміне нұқсан келеді. Бүгінгі мультфильмдердегі кейіпкерлердің кейпі – не адам емес, не жануар емес, дүдәмал құбыжық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет