І жалпы мәлімет «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы 2


«Сауат ашу» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты



бет2/15
Дата17.01.2023
өлшемі256,5 Kb.
#61608
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


2 «Сауат ашу» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты


«Сауат ашу» пәнінің мақсаты – оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алған білімін әртүрлі жағдаяттарға сай қолдана білетін, ойын, пікірін толық, түсінікті, жүйелі жеткізе алатын, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.


Алға қойылған осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуі көзделеді:
- оқушыларды оқу әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындау;
- қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру;
- әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру;
- оқу дағдысы (дұрыс және түсініп оқу) мен жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) қалыптастырып, жетілдіру;
- тілдік бірліктер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) және орфография, пунктуация туралы қарапайым түсініктерді меңгерту;
- кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу;
- қарапайым талдау жасау тәсілдерін меңгерту арқылы салыстыру, топтастыру, жүйелеу біліктерін дамыту;
- сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру;
- сөздік қорын байыту және белсендіру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;
- туған тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
- қатысымдық дағдыларын (диалог барысында басқа адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке/сұхбатқа қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі болатынын түсінуін; өз пікірін айқын да дұрыс және толық жеткізе білуін) қалыптастыру;
- алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға үйрету;
- оқушыны өз іс-әрекетін адамгершілік, ізгілік тұрғысынан ұйымдастыруға және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.


3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру


Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатымен коммуникативтік дағдылардың негізін қалыптастыра отырып, 1-сыныптан бастап қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін оқытуды енгізеді.


Үш тілді оқыту сөйлеу әрекетінің төрт коммуникативтік дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) қалыптастыруға бағытталған.
Үштілділік саясатын жүзеге асыру «Сауат ашу» пәні бағдарламасының келесі бөлімдерінде көрініс табады:
- «Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдер» деп аталатын бесінші бөлімде мұғалімнің пәнді меңгерту үшін қажетті тілдік білім мен дағдыларды қалай жетілдіретіндігі анықталған;
- «Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» деп аталатын сегізінші бөлімде тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылымның жоғары деңгейде қалай дамытылатыны көрсетілген;
- «Оқу нәтижелерін бағалау туралы» деп аталатын тоғызыншы бөлімде бағалау жүйесі анықталған.
4 «Сауат ашу» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан 198 сағатты құрайды.





Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

1

6

198

Бастауыш білім беру деңгейінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру үшін бастауыш сынып кабинеті санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес жабдықталуы керек.


Жиһаздар сыныпта түрлі формадағы (жеке, жұптық, топтық) жұмыстар (ойын және басқа да белсенді әдістер) ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей жеңіл және жылжымалы болуы керек. Соған қоса, кітап сөрелеріне, оқушылардың көрме жұмыстарына арналған стенділерге және көрнекі құралдарға арнайы орындар ескерілуі тиіс.
«Сауат ашу» пәнін оқыту үшін кабинетте мынадай құрал-жабдықтардың болуы қажет:

  • интерактивті тақта/ проектор, экран;

  • шектеусіз интернетке қолжетімділік;

  • оргтехника (компьютер, принтер, сканер, веб-камера, құлаққаптар және ноутбуктер);

  • диктофон, микрофон;

  • сандық фотоаппарат;

  • флип-чарт;

  • шағын маркерлік тақта;

  • оқушылардың жұмыстарын сақтауға және демонстрациялауға арналған шкафтар;

  • түрлі-түсті қағаздар, ватмандар; А-3, А-4, А-5 қағаздары;

  • бормен жазуға арналған тақта;

  • фломастерлер, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар;

  • балаларға арналған түрлі жанрдағы көркем әдебиет, суретті брошюралар; журналдар, газеттер, ақындар мен жазушылар туралы фильмдер, аудиожазбалар мен бейнефильмдер;

  • көрнекі материалдар (иллюстрациялар, портреттер, кестелер);

  • грамматикалық анықтамалықтар мен сөздіктер: түсіндірме, сөзжасамдық, орфографиялық, синонимдер, антонимдер, фразеологиялық, этимологиялық, т.б.;

  • дидактикалық және үлестірмелі материалдар;

  • мұғалімге арналған көрнекі құралдар (пән бойынша кестелер, «Дұрыс отыр», «Қаламды дұрыс ұста» кестесі, «Әліпби» кестесі, магниттік баспа және жазба әріптер кассасы);

  • рөлдік ойындарға арналған қуыршақтар, құрал-жабдықтар;

  • еңбек құралдары: қайшы, ине, жіп, желім, мата қиындылары, түйме, бояулар, ермексаз және т.б.

  • театрға арналған декорациялар мен костюмдер, ұлттық киімдер, бетперделер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет