І тарау. "Құтты білік" дастанының танылуы



бет1/7
Дата29.09.2023
өлшемі386 Kb.
#111399
  1   2   3   4   5   6   7

Ф-ОБ-001/033


Мазмұны


Кіріспе.....................................................................................
І тарау. "Құтты білік" дастанының танылуы...
1.1 "Құтты біліктің" зерттелуі.................................................
1.2 Дастанның аударылуы......................................................


ІІ тарау. Дастанның идеялық мазмұны мен
көркемдік ерекшеліктері.
2.1 Дастанның жанрлық ерекшелігі мен идеялық мазмұны
2.2 Дастанның тақырыбы мен сюжеттік құрылысы............
2.3 Дастанның көркемдік ерекшеліктері..............................
Қорытынды ..........................................................................


Пайдаланған әдебиеттер .......................................................

Кіріспе


Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Т‰ркі мәдениетінің ұлы да ұлағатты әдеби ескерткіші «Құтты білік» дастанын жазған Ж‰сіп Баласағұн өмір с‰рген Қараханид мемлекетінің тарихи, саяси - әлеуметтік жағдайы баяндалады. Ж‰сіп Баласағұн әдебиетке өзіндік стильмен өрнектелген идеялық көркемдік жаңалық алып келді. Оның әдебиет сахнасындағы өззіндік иірім жолы өзгеше, ол нақты стильмен ерекшеленетін ғұлама ойшыл ақын. «Құтты білік» дастанының өз дәуірінде маңызды еңбек болуымен қатар, сол кезде т‰ркі халықтарына ғана емес, көптеген Шығыс, Орта Азия елдеріне белгілі болып, құрметпен бағаланған. Дастанда әлеуметтік жағдайдың, халықтың, әр т‰рлі топ өкілдерінің қоғамдағы орны, адамгершілік идеялар, өнер, ғылым, білім тақырыптары ерекше жырланған. Жүсіп Баласағұнның терең ойлары, ақындық шеберлігі қоғамдық, адамзаттық әлсіз тұстарына ғана барып қоймайды, қайта қоғамның, адамзаттың өзіне тән тәрбиенің әртүрлі қырларын танып білуге мүмкіндік тудырады.


Тақырыптың өзектілігі:
Х-ХІ ғасырлардың өзінде Орта Азия, қазақ елі аумағын мекендеген халықтардың мәдени даму биіктерінің бірі болған философиялық поэмаға арқау болған тарихи шындықты тану, жанрлық ерекшелігі мен құрылысын ашу, зерттеу еңбекте Жүсіп Баласағұнның жан-жақты гуманистік танымын көрсету мақсатында «Құтты білік» дастанының энциклопедиялық мәнін ашу тақырыптың өзектілігі болып табылады:
1. «Құтты білік» дастаны арқылы қарахандар дәуіріне барлау жасау. Ж‰сіп Баласағұнның өмірі мен қоғамдық қызметі туралы деректерді көрсету.

  1. Бұл дастанның т‰ркі халықтарының кейінгі дәуірлердегі әдебиетіне әсері және жұмыстың тарихи тұстарын қарастыра отырып, шығармадағы басты идеялардың адам бойында қалыптасуына назар аудару.

  2. «Құтты біліктің» композициялық құрылысының ерекшелігін, еңбектің көлемін, оны тарауларға бөліп берудегі ерекшелігін, дастандағы кейіпкерлердің сұрақ-жауап, әңгімелері, хаттары арқылы ақынның өз ойларын жеткізуін, әрбір тараудың тақырыптық ерекшелігін айқындап, тілінің байлығы мен дастандағы мақал-мәтелдер мен афоризимдердің ерекшеліктерін ашып көрсету.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет