Ii жинақ Алматы, 2017 1 ббк 74. 00


Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласы



жүктеу 6.23 Mb.
Pdf просмотр
бет27/30
Дата21.03.2017
өлшемі6.23 Mb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласы 
№16 колледж Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын     
Дайындаған: Моминова Бактыгул   Тастанбекова Гулнар
Жұқпа қамырының илену жолы мен жұқпаның химиялық қасиеті
Ет қамыры секілді өте жұқа етіп жайып, қызған қазанға екі жағын аударып отырып пісіріп аласыз. Қамыры тым жұқа 
болғандықтан тез сынады, қытырлақ болады. Суыған жұқпаны сындырып, терең тостаққа не қазанға саласыз да сорпасын 
дайярлайсыз. Жұқпа нанды сорпамен бірге тарту етеді. Дәмі ерекше болатыныда сондықтан.
Ал сорпасы үшін бөлек ыдысқа май құйып аласыз да үстіне қайнаған су құйып 2-3 мин қайнатасыз. Қайнаған суды біраз 
суытып,айранмен араластырып жұқпа наның бетіне құйып араластырасыз. Тағы бір әдісі бар.Сары майды жұқпаның бетіне 
салып,үстіне сумен араласқан айранды ыстықтай құйясыз.Біріншісіне қарағанда мұның дәмі ерекше болады.Айраныңыз 
ашыңқыраған болса тіпті жақсы.Жұқпаның сорпасы қышқыл болған сайын дәміарта түседі. Бұл тағамның пайдасы 
көп.Әсіресе күннің аптап ыстығында жақсы.Жазда ауыр тамаққа  тәбеттің тартпайтынын ескерсек, сіңімді де тойымды 
тағам саналады.Үйімізге қонақ келсе, ең алғаш дастарқанға нан қойямыз.Асығып тұрған кісі болса,Ең бомаса нан ауыс 
тиіңіз дейді үлкендер. Барған үйден нан ауыз тимей шықпаймыз. Бұл наның құдіретті ас екендігінің тағы бір белгісі.
Химиялық қасиеті: Жұқпа тағамы адам организіміне өте тиімді жеңіл әрі тоқ тағам. Бұл тағамды ертеректе қарияларымыз 
бен жас балдарымызға ұсынған, себебі оның құрамында асқазан ауырлық қылатын ешқандай қоспа жоқ.
Біріншіден, сүтке тұздықтасаңызда асқазанға өте жеңіл.Сүттің өзінде қанша белок және дәрумендерге бай өнім.  
Екіншіден,сорпаға тұздықтасаңыз да адам оргаизіміне өте жеңіл, себебі ет пен көкөністерде қайнаған сорпа тағамы 
дәрумендер мен белоктарға бай.
Химиялық қасиеті: Жұқпа тағамы адам организіміне өте тиімді жеңіл әрі тоқ тағам. Бұл тағамды ертеректе қарияларымыз 
бен жас балдарымызға ұсынған, себебі оның құрамында асқазан ауырлық қылатын ешқандай қоспа жоқ.
Біріншіден, сүтке тұздықтасаңызда асқазанға өте жеңіл.Сүттің өзінде қанша белок және дәрумендерге бай өнім.  
Екіншіден,сорпаға тұздықтасаңыз да адам оргаизіміне өте жеңіл, себебі ет пен көкөністерде қайнаған сорпа тағамы 
дәрумендер мен белоктарға бай.
ЖҰҚПА КӨЖЕНІҢ ДАЙЫНДАЛУЫ.
     
Қамыр дайындау тәсілдері бір фазалы немесе ашытпа қамырсыз, екі фазалы, үш фазалы болды бөлінеді, Осы 
тәсілдердің көп тараған түріне екі фазалы қамыр дайындау тәсілі жатады. Мұның бірінші фазасына ашытпа қамыр 
дайындау (бидай ұнынан жабылатын нан түрлері) , ұйытынды дайындау (қара ұнынан жабылатын нан түрлері ) жатады. 
Ашытпа қамыр дайындау үшін барлық ұнның 25-70    мен судың біраз мөлшерін және ашытқының барлық мөлшерін алады. 
Осы компоненттерді  араластырып дайындалынған ашытпа қамыр 3-5 нан түріне қажетті барлық компоненттерді  қосып 
илеп 30-90  минут аралығында  ашытып дайын қамыр алынады. Ашытпа  қамыр құрамында ашытқы клеткалары көп 
болғандықтан, қамырдың спитті  ашуын күшейтеді. Ұйытындыны ұннан, судан және бұрын ашытылып дайын болған 
ұйытынды порциясынан дайындайды.
     
Дайын болған ұйытқыны екі бөлікке бөледі. Оның бір бөлігі қамыр дайындауға жұмсалса, екінші бөлігі жаңа 
ұйытқыны жасауға бағытталады. Ұйытқанда да сүт қышқылды бактериялар көп болғандықтан, қамыр сүт  қышқылды 
ашуына жылдамдатады. Қамыр дайындаудың негізгі тәсілдерінің көптеген вариянттары болады Ашытпалы әдіс қамыр 
дайындаудың екі фазасын көрсетеді бірінші-ашытпа қамыр дайындау екінші-қамыр дайындау ашытқыдағы су мен ұнның 
мөлшеріне байланысты қамыр дайындау әдісте өте қою ашытқыда ашытпа дайындауға 65-70 ұн жұмсалады қою ашытпада 
45-55 ұн және сұйық ашытпада 30 ұн ашытпаның шамалы ашу температурасы 28-30С ашу ұзақтығы жартылай фабрикаттың
ылғалдылығына байланысты 3сағаттан 5 сағатқа дейін Өте қою және қою ашытпаның ылғалдылығы 41-45 сұйық 
ашытпаның соңғы қышқылдылығы жоғары сортты ұн қолданғанда -2,5-3,0 град,еленген бірінші сорты ұнда-3,0-6,0 град, 
екінші сортты ұнда – 4,0-7,0 град, еленген ұнда – 8 град.   
     
Барлық ашытпа мөлшеріне қалған ұн, тұз, су және қосымша шикізат қосу арқылы қамыр илеиді. Қамыр илеу 
қарқындылығын бидай ұнының наубаханалық қасиетіне байланысты ретеп отырған жөн. Ұн сапасы төмен болған сайын 
желімшенің күші және энергия шығыны төмен. Сұйық ашытпада және өте қою ашытпада дайындалған қамырдың 40-45 
мин, ал қою ашытпадан дайындалған қамырда – 90 мин. Бидай ұнының 1-2 сортынан нан жабуда қамыр дайындағанда өте 
қою ашытпадан қарқынды илеу арқылы дәстүрлі әдіс қолданылады. Ең көп тараған әдістердің бірі-барлық керекті 
мөлшерінен ашытпа дайындау әдісі. Мұндай ашытпалар ашытпа деп аталады.
    
Төменгі  ылғалдылықтағы сұйық  ашытпаны рецептура бойынша ылғалдылығы 58-62% ұнның жалпы мөлшерінің 
40-50%-нен дайындалады.
    
Сұйық ашытпаның ашуы қою  және өте  қою ашытқыға қарағанда біркелкі және қарқынды түрде болады 
    
Наубайханалық өндірісте сұйық ашытпа мен бидай ұнынан мақсатты түрде  мидкрооганизмдерді  қопсыту арқылы 
қамыр әзірлеу әдісі дайындалды.
    
Жоғары және бірінші сортты бидай ұннынан тоқаш өнімдерін дайындау да ашытпалы  әдіспен бірге  қамыр 
дайындаудың ашытпасыз әдісінде қолдану.
    
Ашытпасыз  әдіспен қамыр дайындау .шін рецептура  бойынша шикізат және барлық  ұұн мөлшерін пайдалану 
керек. Берілген әдіс баспаланған 
Ашытқыдан ұнның массасына қарай 2,0-3,0% мөлшерінде қосу керектігі қарастырады. Қамырдыың ашу ұзақтығы28-30°C 
температурада 2,5-3,0 сағат. Ашу процесінде екі рет 60 және 120мин өткен сайын қайта илеу қажет. 
178

    
Жұқпа нан тағамыҰлттық нандар –ашыған қамырдан от шоғына пісірілген нандар. 
Мыс, таба нан (қамырды  екі таба арасына салып, шоққа пісіреді), тандыр нан (алдын ала 
қыздырылған тас немесе құм  тандырға  жапысырылып пісірілетін нан ), қазанжаппай (қамыр
қыздырылған қазанның ішкі бетіне жапысырылып, ошақтың аузына төңкеріліп, қоламтаға 
пісіріледі). Соңғы кездері нан зауыттарында  ұлттық нанның таба нан, жай нан, май нан және
т.б. түрлері  шығарылады
Бугін мен өзімнің ғылыми жұмысыма қазақ халқаның дәстүрлі  тағамдарының бірі ұн өнімдерінен дайындалған «Жұпа» 
нанды дайындау жолын көрсетіп отырмын. Бұл нан ежелгі ата-бабамыздан келе жатқан  тез дайындалатын әрі тоқ тағам 
болып есептеледі.
Техналогиялық нұсқау
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласы 
№16 колледж Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Оқу өндірістік шебері  Сейдәлі Алия Тазабекқызы
Модульдік оқыту технологиясы
«Киім көп, ал қажетті өлшемдегі киім жоқ» бұл кейбір тұтынушылардың қазіргі таңдағы пікірі. 
Тігін бұйымдарын модельдеу
Модульдік оқыту технологиясы - балаларға жеңілдік жасап, оқушы мен  мұғалім қарым-қатынасына теңдік жағдай жасап, 
оқушыларды қатты қыспай, еркін сөйлеп қызықтырушы көрнекілікпен баланы баулап, алып кету. Жас ұрпақты қоғамдық 
өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті 
қалыптастыруды міндеттейді. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модельдерді көп қолданған жөн. Әр 
пән мұғалімі жаңа технологияларды меңгеріп, пәнаралық байланыс, кірістіру сабақтарын кеңінен қолдану қажет. Себебі 
оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана 
өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізе алады.
Төменде модульдік оқыту технологиясы бойынша өтілген өндірістік іс-тәжірибе сабақтың жоспарын беріп отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Киімнің жеңдерін өндеу,жеңдерді қолтық ойындысына қондырып     
 көктеу
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік мақсаты: Студенттерге жеңнің тігілу технологиясын,пішу жолдарын,қима 
аттарын,қолданылуын,машинамен жұмыс істеу жөнінде түсінік беру.
ә)Тәрбиелік мақсаты: Студенттерді  ізденушілікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, еңбек 
сүйгіштікке, киімді күте кие білуге, пішуге қызығушылығын арттыру
б) Дамытушылық мақсаты: Студенттердің сабаққа белсенділіктерін арттыру, өз бетімен 
жұмыс дағдыларын қалыптастыру,талғамын,ой-өрісін дамыту . 
Сабақтың түрі: Өндірістік іс-тәжірибе сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, түсіндіру, интерактивті тақтамен жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер, көрнекіліктер, соз жұмбақ, тест
Пәнаралық байланыс: Киім дайындау технологиясы, киім құрастыру, мата тану, құрал 
жабдықтар, сызу, матаматика, геометрия.
Сабақтың барысы: 
I Ұйымдастыру кезеңі
Студенттермен сәлемдесу
Тігін шеберханасының және студегттердің сабаққа дайындығын тексеру
Сабақтың мақсатымен таныстыру
II Үй тапсырмасын пысықтау
             Слайдта көрсетілген сұрақтар
 1.
Жеңдерді құрастыру және өңдеу процесінің мазмұнымен және классификациясымен жете танысу.
 2.
Нақты бұйымдарға жеңді өңдеу әдісін таңдау.
 3.
Белгілі бір түйін өңдеудің технологиялық реттілігін құрастыру.
 4.
Түйінді құрастыру мен өңдеуге технологиялық карта дайындау.
 5.
Таңдалған әдіспен түйін үлгісін дайындау.
 6.
Қолданылатын материал, модель және бұйым түріне байланысты қолтық ойындысына жеңді біріктірудің 
ерекшелігі қандай?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
       Көйлектердің қондырмалы, реглан, алдыңғы және артқы пішіммен тұтас пішілген, 
қиыстырылған болуы мүмкін. Ең көп тарағаны – қоңдырма жең. Б ұ й ы м   қ ұ р ы лымы 
бойынша бір тігісті немесе- екі тігісті, тік аузына қарай кеңейтілген немесе астында 
179

бүрмелері бар кесінділері. Қондырма жеңдері бар бұйымдардың жең ойығы төмен түсірілуі 
мүмкін .
Реглан пішімді жең екі бөліктен тұруы мүмкін немесе иықтан жеңге қарай баяу өтуді 
қамтамасыз ететін жоғарғы бөлігінде бүкпесі бар тұтас болуы мүмкін . Жеңі тұтас пішілген 
бұйымдар үшін, жеңнің алдыңғы бөлігін алдыңғы бойымен бірге пішеді, ал шынтақ бөлігін 
артқы бойымен бірге пішеді . Тұтас пішілген жең әр түрлі пішінде болуы мүмкін. Жеңдердің 
аузы жатық, түрлі түймеліктері бар, қосып тігілген не месе қайырмалы қаттамалары болуы 
мүмкін.Жеңдердегі бүкпелер, қатпарлар, бүктесіндер, бүрмелер, кесінділер мен бүрдіктер 
басқа бөлшектердегі сияқты өнделеді.
Жеңнің қиықтарын біріктіру. Жеңнің бөліктерін өң жағын ішіне қаратып жайып салады, 
қиықтарын теңестіріп, сырып тігеді. Тігіс ені - 1,2-1,5 см. Жеке тапсырыс бойынша бұйым 
дайындағанда сырып тігуді алдын ала көктеп орындайды.
   Жаппай өндірісте сырып тігіп-торлайтын машинамен іске асырады. Тігіс ені - 0,7-0,8 см. Жеңдердің алдыңғы қиықтарын 
жеңнің жоғарғы бөлігі жағынан сырып тігеді, ал шынтақ қиықтарын жеңнің төменгі бөлігі жағынан сырып тігеді. Кертпелер
арасындағы шынтақ бөлігінде жоғарғы бөлігін отырғызады. Жүн, жібек.маталар және синтетикалық талшықтары бар мата 
бұйымдарының тігістерін моделіне қарай айыра немесе жатқыза үтіктейді, ал мақта-мата бұйымдарында бір жағына қайыра 
бүгеді. Тігістердің қиықтарын арнайы машинамен торлайды. Тігістерді айыра үтіктеу арқылы өңдегенде, қиықтарды сырып 
тікпес бұрын торлау ұсынылады.
Тігістер моделіне байланысты тігіммен әрленуі мүмкін, яғни бастыра тігілуі мүмкін. Бастыра тігуді моделінде көрсетілген 
қашықтықта арнайы жабдықтың көмегімен жүргізіледі.
Жең аузы әдіптермен, жиектермен, көмкермелермен жеңдердің қиықтарын біріктіргенге 
дейін өңделуі мүмкін (моделіне байланысты). Жең аузы тұйықталған сызықтар бойынша 
өңделген жеңдердің қиықтарын өңделген төменгі жиектері тігісте бір-бірімен ұштасатындай 
етіп біріктіреді. Жеңнің астындағы тігіс қосымшасын жеңге ұзындығы 0,7-1 см қосарланған 
қайырма тігіспен бекітеді. Тігісті жендердің қиықтарынан 0,3-0,4 см қашықтықта жиекке 
(көмкермеге) кесе көлденең орналастырады. Тігіс қосымшасы өң жағынан көрінбейтін болуы
тиіс.
 Шолақ жеңдердің аузын өңдеу. Жең аузын бүгу тігісімен өңдемес бұрын, жеңнің 
ұзындығын анықтайды және дәлдеп қырқу сызығы мен жең, аузын бүгу сызығын белгілейді
Жең аузының қиығын теріс жағына қарай 0,7-1 см бүгеді, содан соң моделінде көрсетілген мөлшерде екінші рет бүгеді және
мақта-мата бұйымдарында бүктемеден 0,1-0,2 см қашықтықта сырып тігетін машинамен бүгіп тігеді. Жүн және жібек 
маталар бұйымдарында жасырын инешаншымды арнайы машинамен жапырып тігеді. Қалың жүн және жібек мата 
бұйымдарының жең аузын өңдегенде, жең аузының қиығын алдымен ашық қиықты бүгілген тігіспен өңдейді, ол үшін жең 
аузы бойынша теріс жағына қарай 0,7-1 см бүгеді және жиегінен 0,1-0,2 см қашықтықта бүгіп тігеді. Содан соң жеңнің 
аузын теріс жағына қарай бүгу еніне қайыра бүгеді, жеке тапсырыс бойын ша әзірлегенде бүгіп көктейді, содан соң жең 
аузы бой ынша арнайы машинамен жапсырып тігеді. Арнайы ма шина болмаған жағдайда, жиектерін әрбір 4-5 см сайын қол
инешаншымымен жапсырып бекітуге болады. 
Бұйымды жеке тапсырыс бойынша әзірлегенде жең аузының қиығы жібек ызбамен өңделуі де мүмкін. Ызбаның бір жиегін, 
тігісті ызба жиегінен 0,1 см қашық-тықта, жең аузы қиығына бастыра тігеді. Жең аузын теріс жағына қарай моделінде 
көзделген мөлшерде бүгеді, бүгіп көктейді жөне арнайы машинамен немесе қолмен жапсырып тігеді.
Қайырмасы бар жеңдердің жең аузының төмен бүгіндісін жең қайырмасының екі еселенген еніне арттырады. Жең аузын 
өңдеуді қайырмасыз жеңдердікі сиякты орындайды. Жең аузын өңдегеннен кейін қайырмасын өң жағына карай бүгеді және 
қайыратын ішкі бөлігін жең тігісіне әрбір 4-5 см сайын кырлы инешаншымымен жапсырып тіге отырып бекітеді.
Жең аузын қырлы қатпарлармен бүгу тігісімен өңдеген кезде, жеңнің теріс жағынан қаттама еніне байланысты қашықтықта 
көмекші сызық белгілейді. Жең аузының қиығын теріс жағына қарай бүгіп, оны белгіленген сызықпен теңестіреді. Содан 
соң жеңмен төмен бүгу қиығын айналдыра орай отырып, бүгіп тігеді, тігісті бүктемеден моделіне байланысты қашықтықта 
орналастырады. Жең аузын бүгу қосымшасымен қайыра бүгеді және баса үтіктейді.
Моделіне байланысты жең аузында енді, көбінесе қосарланған желбіршек болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жең аузының 
желбіршекке қосымшасы, оған қоса эластикалық ызбаны бүгіп тігу қосымшасы болуы мүмкін немесе жең аузының пішіні 
бойынша пішілген әдіппен өңделуі мүмкін.Қаттаманы жеңмен қосарланған немесе жолақ жиектің көмегімен біріктіруге 
болады. 
Қосарланған жиек үшін қажетті мата жолағын ортасынан теріс жағын ішіне қарата бүгеді және әдіптің көмегімен қаттаманы
жеңмен біріктіргендегі сияқты қосып тігеді. Қаттама мен жиекті жеңге қосып тіккеннен кейін, тігісті жең жағына қарай 
бүгеді, жиекпен тігісті жабады және қаттаманы теріс айналдыра отырып, жиектің бүктемесінен 0,1-0,2 см қашықтықта 
бастыра тігеді (3.75 в-сурет). Желі жіпке 45° бұрыш жасай пішілген жиектердің ішкі қиыктарын бүгеді және қаттаманы 
жеңге қарай бүге отырып, төмен бүгілген жиектен 0,1 см қашықтықта жеңге бастырып тігеді. Жең аузы мен қаттаманы баса 
үтіктейді.
Қатпарында түймелігі бар жеңдерде алдымен екі қатпарды белгілейді. Бір қатпардың өң 
жағына бүкпе немесе өрілген баудан жасалған өңделген ілмекті жайып салады және 
салынған белгі бойынша әрбір үшын 4-5 инешаншыммен бекітеді. Содан соң қатпарды 
180

кертпелер бойынша бүгіп, теріс жағынан сырып тігеді немесе ілмектің ұштарын қатпардың 
ішіне орналастырып, өң жағынан бүктемеден 0,1 см қашықтықта бастыра тігеді (3.76 б-
сурет). Жеңдегі екінші қатпарды түймені қадау шыдамдылығын арттыру үшін жасайды. 
Екінші қатпарды сырып тігуді немесе бастыра тігуді, біріншісін орындағандай 
іске асырады. Содан сон, жең аузын әдіппен жөрмейді және жеңнің қиықтарын түймелігі жоқ жеңдердікі сияқты сырып 
тігеді.
Тілігі бар жеңдердің бүкпе немесе өрілген баудан жасалған ілмектерін, оның үшын қиық жағына қарата орналастырып, 
қиықтың жиектеріне бекітеді. Тілікті жең аузының өдібін тілік әдібімен бірге пішеді, сондықтан да жең қиықтарын сырып 
тіккеннен кейін, тілік жиектерін жөрмеуді жең аузын жөрмеумен бірге іске асырады.
Жеңдерді қолтық ойындысымен біріктіру. Жеңнің адам денесіне қонымдылығын, сондай-
ақ қолдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін, жең түбі ойындысын бұйымның қолтық 
ойындысынан 4-6 см ұзынырақ жа сайды.
      Бұйымды жеке тапсырыс бойынша әзірлегенде, жең түбі бойынша алдымен араларының 
қашықтығын 0,5 см етіп екі тігіс жүргізеді, отырғызуды моделіне қарай бүкіл жең түбі 
бойынша бірдей бөле отырып немесе алдыңғы бой және шынтақ бөліктеріне ғана жасайды.
Қолтық ойындысы алдыңғы бой мен артқы бой ойындысының жиектері бойынша созылып кетпес үшін, иық тігісінен 10-12 
см төмен ойындының қиықтарынан 0,7-1,3 см қашықтықта машинада тігіс жүргізеді. Жең қолтық ойындысына жан 
қиықтары мен жең қиықтарын біріктірген соң немесе оларды біріктірмес бұрын қондырылуы мүмкін.
    Бұйымдарды жеке тапсырыс бойынша әзірлегенде жеңдерді қолтық ойындысына қондырып көктеудің алдында, оларды 
алдын ала бұйымға өлшеп тексеру кезінде белгіленген жең мен қолтық ойындысындағы бақылау белгілерін үштастыра 
отырып, түйрегіштермен біріктіреді. Жеңді қондырып көктегенде түйрегіштерді матадан бірінен соң бірін алып тастайды .
Жеңдерді өң бетіне айналдырады, ал бұйымды теріс жағына айналдырады. Жеңдерді бұйымның ойындысы на өң жағын 
ішіне қаратып салады, қиықтарын теңестіреді және жең жағынан арнайы машинамен қондырып тігеді және бірден жоғарғы 
бөлшекті отырғызады, қондырып тігу тігісінің қиықтарын торлайды немесе жеңнің қиықтары мен бұйымның қолтық 
ойындысының кертпелерін үштастырып және жеңдердегі отырғызу мен бүрмелерді бірдей бөле отырып сырып тігетін 
машина мен қондырып тігеді.Тігіс ені - 1,2-1,5 см.
Жүн маталар және синтетикалық талшықтары бар мата бұйымдарының отырғызуларын жия үтіктейді. Тігіс қиықтарын 
арнайы машинамен торлайды.
         
Ағымды нұсқау
Студенттерге жеңнің түрлерін өңдеп жеңді қолтық ойындысына қондырып көктеуді  ұйымдастыру,технологиялық шартта 
көрсетілгендей.
-Жұмыс әдістерін дұрыс орындалуын қадағалау.
-Бұйымның сапалы өңделуі және техникалық  шарттарына сәйкес келуі.
-Өзіндік жұмыс: техникалық процестің сақталуы және байқалған қателері
-Ақауларға ескерту жасау.
-Жұмыс орны жағдайын қадағалау, техника қауіпсіздігін ережелерін сақтау.
Қорытынды нұсқау
1 Студенттердің сабақтағы іс-әрекеттерін талдау,тапсырманы орындауы және бағалауы.
2 Жұмыс барысындағы жіберілген қателерді , талдау және оларды түзету жолдарын түсіндіру.
3 Ақауларды анықтау, себептері және оларды жою, түзету жолдарын түсіндіру. 
4 Техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу жағдайларын талдау.
5 Тапсырманы барынша жоғары талдау және сапалы еңбек өнімділігіне жеткен студенттердің іс-әрекетін талдау.
Үйге тапсырма. Жеңдерді  өңдеп қолтық ойындысына қондырып тігу
* * * * *
Ауелбекова Ақперне Намазбайқызы. География пәні мұғалімі
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы 
Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебі КММ
Сыныбы:  9 сынып   Пәні : География
Тақырыбы: Тамақ өнеркәсібі.
Мақсаты: Білімділік, Оқушыларға тамақ өнеркәсібінің құрылымы, сапасы, таралу аймақтары жөнінде білім беру.
Дамытушылық: Ізденіс, шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге қалыптвстыру. Кесте, картамен жұмыс жүргізу дағдысын 
жетілдіріп дамыту.
Тәрбиелік: ысырапқа жол бермеу, үнемдеу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білім беру.
Сабақтың өтілу әдісі: ішінара іздену, болжау әдісі
Сабақтың көрнекілігі:  Презентация,Қазақстан картасы, тірек сызбалар,плакаттар,үлестірмелі тапсырмалар
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру Оқушыларды үш топқа бөлу
2. Үй тапсырмасын сұрау. 
Постер қорғау
181

1- топ Қой және ешкі  шаруашылығы  
2- топ  мүйізді ірі қара шаруашылығы
3- топ Жылқы шаруашылығы
Ия ,жоқ ойыны 
Мал  шаруашылық салаларын дәнді дақылдарға жатқызамыз. 
 Қой шаруашылығының аса ірі аймағы Австралия. 
 Сидней қаласында «Үлкен меринос» ескеткіші орналасқан. 
 Қой шаруашылығы ет-жүн және биязы, жартылай биязы жүн бағытында өсіріледі. 
 Шошқа шаруашылығы жөнінен алдыңғы орынды Қытай мемлекеті иеленеді. 
 Балықты қолдан өсіру-марикультура деп аталады.
 Мал шаруашылығы дамыған аудандарда экологиялық проблема туындамайды
 Дүние жүзінде етті көп өндіретін елдерге АҚШ, Қытай, Бразилияны жатқызамыз.
Жүнді көп өндіретін елдердің қатарына Ауғанстан, Египет елдерін жатқызамыз. 
Жаңа сабақ
1.Тамақ өнеркәсібінің базасы шикізатты пайдалану сипатына , түріне қарай үш топқа бөлінеді
1.өсімдік шаруашылығының шикізаттары.
2.Мал шаруашылығының шикізаттары.
3.Өндіріс шикізаттары . Тұз, минералды сулар, балық аулау, теңіз өнімдері
Тамақ өнеркәсібінің орналасу факторлары
 Шикізатқа        Тұтынушыға       Шикізатқа және тұтынушыға
Бірінші болжам.
Оқушылар тамақ өнеркәсібінің қандай салаларға бөлінетінін болжау керек.
Кластер әдісі боынша жауабы:
 Ұн тарту және жарма өнеркәсібі     Сүт өнеркәсібі
Қант  өнеркісібі   Балық өнеркісібі                                                            
Ет  өнеркәсібі   Кондитер өнімдері  Темекі өндірісі    Шарап жасау
Екінші болжам.
Ет, сүт,қант .ұн өнеркәсібінің  өнімдерін жіктеу
Жауабы:Ет  өнеркісібі өнімдері: шұжық, ет консервілері, құс еті, тоңазытылған ет
Сүт өнеркәсібінің өнімдері: сүт, қаймақ,ірімшік, айран,май,
Қант өнеркәсібінің өнімдері: құмшекер, шақпақ қант
Ұн тарту өнеркәсібі өнімдері: ұн,макарон өнімдері, нан, жарма
Үшінші болжам.
Өндіру орталықтарын  анықтау  (картамен  жұмыс)
Кондитер өнімдері  «Рахат»   --------------------------------     «Баян сұлу» ---------------------------------
Шарап жасау заводы ------------------------
Темекі комбинаты-----------------------------
Балық өңдеу кәсіпорындары  --------------------------
Күнбағыс майы---------------------------
Мақта майы------------------------------
Қант зауыты-----------------------------
Маргарин майы------------------------
Сабақты қорытындылау.
  Тамақ өнеркісібі  тақырыбы бойынша алған  білімдерін  қорытындылау.
Бағалау. Бағалау парақшасы арқылы
Үйге тапсырма.
* * * * *
Байбосынова Әтіркүл. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы 
Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебі КММ
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен өлеңдері.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік:Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғындыру.Ақынның өмірі шығармашылығын,тарихи 
жағдайы туралы айту.
Ә) дамытушылық: өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу,шығармашылық ізденіске жетелеу,көркем тілмен сөйлеуге 
дағдыландыру.
Б) тәрбиелік:елін,жерін,Отанын батырлыққа баулу,жерін сүюге, ерлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Махамбеттің суреттері,кеспе қағаздар,көркем әдебиеттер.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ,
Сабақтың әдісі: түсіндіру,мәнерлеп оқу.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
1.сәлемдесу.
2.оқушыларды кезекші көмегімен түгелдеу.
182

3.оқу құралдарын даярлау.
4.жаңа сабаққа дайындық.
Ә)үй тапсырмасын тексеру.Сұрақ – жауап әдісі  бойынша Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы  туралы 
қысқаша мәлімет беру.
1. Дулат Бабатайұлы өмір сүрген уақыттағы қазақ елінің жай-күйі.
2.Тарихи жағдай қандай болатын?
3.Дулаттың шыққан ортасы.
4.Д.Бабатайұлы нені айтып күйінді?
5.Ақынның өз ортасына деген көзқарасы қандай болды?
б)Жаңа сабақ.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Махамбет Өтемісұлының өмірі мен өлеңдері»тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы,Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген.Өтемістің 10 баласының 
ішінде,Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болған.Халықты,қарашаны қолдаған Махамбет 1829 жылы 14-көкекте 
Жатай мен Жәңгір кездеседі.Ханның қайын атасы Қарауылқожаның ауылын шауып алады. 1838 жылы 12-шілдеде орыс 
әскерімен шайқаста,Жатай  қаза табады.Ары қарай Махамбет ақынның азапты күндері туады.Орынбор түрмесіне қамалады.
1846 жылы өз үйінде қастандықпен мерт болады.Бейіті Атырау облысының,Махамбет ауданындағы Қараой деген жерде.
Исатайдай жолдасын мақтап нағыз ер бейнесін жасайды.Ақынның әр өлеңінде ел үшін,жұрты, бақыты үшін қан төккен,сол 
мақсатқа бел буған ерлер бейнесі жасалса,Исатай-сол ерлерді бастаушы,халық үшін жалын қиған батыр әр соғыстағы 
ерлікті бейнелейді. «Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», «Тайман ұлы Исатай», «Мінген ер», «Тарланым», «Исатайдың 
сөзі», «Мінгені Исатайдың Ақтабаны-ай» өлеңдерінде тұтастай ел бастаған ер бейнеленеді.
Үмбетай,Ақтамберді ,Бұқар жыраулармен Абылай,Бөгенбай,Қабанбай бейнелерін,Махамбет Исатайдай ердің биік тұлғасын 
үлгі етті.
Исатайдан жерінен айырылып өкінеді,өксиді.Сол күндерін сағынады.
Махамбет поэзиясы – ерліктің,өрліктің поэзиясы.Ақынның асыл сөзінің маржан жырлары жыраулар поэзиясы,мін 
айту,жауынгерлік рух,батыр бейнесі көрінді.
Сабақты бекіту: Баяндау әдісі және сұрақ – жауап әдісі арқылы  қорытындылаймын.
Пысықтау сұрақтары:
1.Махамбет өмір  сүрген кезеңдегі орны?
2. Махамбет жырларында жақсы азамат,жағымды образ болып кім суреттелді?
3. Махамбеттің өлеңдерінде қандай ерекшелік байқадыңдар?
4. Махамбет поэзиясындағы қазақи ұлтшылдық туралы қандай ой түйдіңдер?
5. М.Өтемісұлы поэзиясындағы арман,тілек,аңсау не жөнінде.
Үй тапсырмасын беру.
Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу,жатқа айту.
Оқушылардың білімін бағалау.
* * * * *
Каталог: 2017
2017 -> Объем требований по русскому языку
2017 -> Научно-исследовательская работа Тема работы: "Тайм-менеджмент технология управления временем"
2017 -> Подготовила Абдуллаева Н. А., учитель русского языка и литературы, гбоу сош
2017 -> Мемлекеттік сатып алу – маңызды м селе
2017 -> Реферат на тему Однозначные и многозначные слова
2017 -> Переносное значение слова примеры zip
2017 -> Болашақ қазан 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Жазғы бағдарламалар, ауқым көлеміне байланысты туындаған


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет