Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


бүкіл әлемнің Раббысы − Аллаға тән»



жүктеу 3.36 Mb.
Pdf просмотр
бет15/27
Дата29.12.2016
өлшемі3.36 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27

бүкіл әлемнің Раббысы − Аллаға тән» деудің мағынасы 
да осы болса керек.
Құлшылықтың  тағы  бір  мәні  –  Ұлы  Жаратушы  та-
рапынан бізге тегін тарту етілген сан жетпес жақсылық, 
ризық,  нығмет  үшін  алғысымызды  ғибадат  арқылы 
білдіріп, Оның алдында қарыздар екенімізді мойындау.
Жан-жағымызды қоршап жатқан күллі болмыс атау-
лы тек қана біз үшін жаратылған. Алла Тағала өзінің шек-
сіз құдіретімен оларды әлсіз, дәрменсіз адам баласының 
қызметіне бас идірген. Алып табиғат денелерін Ұлы Жа-
ратушы  өзі  бас  идірмесе,  оларды  күшпен  бағындыруға 
адам баласының қауқары жетпесі даусыз.
Арайлап  таңның  атуы,  алаулап  күннің  батуы  кім 
үшін?!

205
ИМАНИ ГҮЛ
Жосылып  бұлттың  көшуі,  еркелеп  желдің  есуі  кім 
үшін?!
Сылдырлап аққан өзен мен буырқанып тасыған теңіз 
кім үшін?!
Қойнауы қазынаға толы  асқар таулар кім үшін?!
Етімен,  сүтімен,  терісімен,  жүнімен  өрісте  жүрген 
жан-жануар атаулы кім үшін?!
Жан-тәнімізді сүйсінтіп, өне бойымызды толқытып, 
ән салатын, тоты, бұлбұл жыршы құстар кім үшін?!
Жұпар исін аңқытып, көздің жауын алатын, сан алуан 
түсті гүлдер мен балдай тәтті жеміс-жидек кім үшін?!
Алып Күн денесінің жылуы мен жарығы кім үшін?! 
Бір  ғана  жауап  −  бәрі  де  біз  үшін.  Бәрі  де  адам  баласы 
үшін. Бәрі де ардақты жаратылыс иесі адамзат үшін.
Әр  ай  сайын  қолданған  ыстық,  суық  суымыз  бен 
жаққан  электр  шамымыздың  ақысын  төлеп  жатырмыз. 
Ал,  көзімізді  ашқаннан  бері  бізге  жылуы  мен  жарығын 
күлімдей төккен күннің Ұлы Иесіне қандай ақы төледік?! 
Төле  деп  талап  еткенде  немізді  төлер  едік?!  Ендеше 
адамның міндеті тек қана ішіп-жеп, тайраңдау емес, осы-
ларды  тегін  берген  Ұлы  Жаратушысына  алғыс  білдіріп, 
құлшылық жасау.
Дана Абайдың:
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен  де  сүй  Ол  Алланы  жаннан  тәтті»,  -  деуі  де 
сондықтан.
Ендеше,  бізге  сүйіспеншілікпен  қарап,  таусыл-
мас  қымбат  нығметтерді  сыйлаған  Ұлы  Иемізге  біз  де 
сүйіспеншілікпен  қарап,  бас  иіп,  алғысымызды  ғибадат 
арқылы білдіруіміз – ұмытылмас міндетіміз.
Адам  дене  мен  рухтан  тұрады.  Денемізді  күн  сай-
ын ішкен-жеген тамағымыз арқылы қоректендіреміз. Ал 

206
ИМАНИ ГҮЛ
рухты  немен  қоректендіреміз?  Рухымызды  және  оның 
мазасыздығын дамыған ғылым да, шарықтаған экономи-
ка да, сәт санап өркендеген мәдениет те қанағаттандыра 
алмайды.  Адамның  төрт  түлігі  сай  болып,  жегені  май 
болса да, бәрібір оған бір нәрсе жетпей тұрады. Өйткені 
оның  сұрағаны  заттық  емес,  рухани  болмақ.  Демек, 
материалдық денеміздің материалдық қорек талап еткені 
тәрізді, рухымыз да рухани қоректі талап етеді. Олай болса, 
рухымыздың, жан дүниеміздің қорегі – біздің намазымыз, 
оразамыз,  жалпы  күллі  ғибадатымыз.  «Рағд»  сүресінде:
 
«Біліп қойыңдар! Жүректер тек қана Алланы еске алу 
арқылы  жай  табады»,  -  деп  ғибадат  жасаған  уақытта 
ғана  рухымыз  еркін  тыныс  алып,  жүрегіміз  жай  тауып, 
жан  дүниеміз  тыныштыққа,  шексіз  рахатқа  қауышып, 
ерекше ләззатқа бөленетінін білдіреді.
Нұсқа айтсақ, ғибадат – рухымызға қорек, жүрегімізге 
шипа,  денемізге  саулық,  ақылымызға  туралық,  ерік-
жігерімізге  қуат,  сезімдерімізге  кемелдік,  әлсіздігімізге 
сүйеніш  сыйлайды.  Ғибадат  –  өмірімізді  ретке  келтіріп, 
күнәлардың  батпағына  батудан,  рухани  ластықтан 
сақтайды.
Ғибадатымыз  –  екінші  дүниемізге  жинаған  азығы-
мыз, мәңгілік дүниеде бақытты болудың бірден-бір жолы 
да сол.
Ғибадатымыз  –  бәрінен  бұрын  Ұлы  Жаратушының 
бізге жүктеген ең ұлы парызы.
Ғибадатымыз – иманымыздың белгісі, әлсіздігіміз-
дің, 
мұқтаждығымыздың, 
шарасыздығымыздың, 
қысқасы, құлдығымыздың нышаны.
Біздің Аллаға бас июіміз – басқаға бас имейтіндігіміз 
үшін  берілген  шынайы  антымыз  бен  сертіміз.  Өйткені 
біз Аллаға құл болған кезде ғана нәпсіге, дүниеге жалпы 
барлық басқа жалған құлшылықтардан құтыламыз.

207
ИМАНИ ГҮЛ
Тәніміз сәждеде барынша кішірейген сәтте, рухымыз 
Ұлылардың Ұлысына самғай ұшып, көтеріліп жатады.
Шүкіршілік
Шүкір  –  жаратылыстың  сыры,  шүкір  –  дүниенің 
мәйегі, шүкір – адамдықтың рәмізі, шүкір ету – пенденің 
ең үлкен міндеті. Шүкір – жақсылық иесіне жақсылығы 
үшін  қарыздар  екеніңді  сезіну,  оның  алдында  бас  иіп, 
алғыс-рахметіңді білдіру.
Міне,  жаратылыста  шүкір  осыншалықты  маңызды 
бола тұра, өкініштісі, адам баласының көбі бұл қасиеттен 
мақұрым. Құран Кәрім бұл шындықты: «Құлдарымның 
арасында шүкір етушілер өте аз», - деп ескертеді.
Иә,  адам  баласы  кішкене  ойланып-толғанса,  өзін 
қоршаған  қай  нәрсенің  болмасын  Алла  тарапынан  ар-
найы әзірленіп, адам баласының қызметіне ұсынылғанын 
түсінері  сөзсіз.  Тіпті,  өзінің  жоқтан  бар  етіліп,  тіршілік 
иесі болуының өзі баға жетпес нығмет. Бірақ, өкініштісі 
бұл нығметтің қадірін жете түсініп, Жаратушысына деген 
шүкірінен жаңылмайтын тіршілік иесі өте аз.
Мысалы, суға батып бара жатқан адамды әлде бір кісі 
құтқарып қалса, өміріне себеп болған әлгі адамға: «Мен 
саған бұдан былай қарыздар болып өтемін, - деп оның ал-
дында құрақ ұшады. Істеген бір ғана жақсылығы үшін бас 
иіп, өмір бойы ізет білдірері сөзсіз. Ал енді бізді жоқтан 
бар етіп жаратып, әр ауа жұтып, тыныс алған сайын бізді 
бір  өлімнен  құтқарып,  бір  өмір  сыйлаған  Жаратушы-
мызды ұмыт қалдырып, жақсылығы үшін алғысымызды 
білдірмеуіміз дұрыс па?
Ұлы  Жаратушымыздың  адамға  берген  жақсылық, 
нығметтері  шексіз.  Құранда:  «Егер  Алланың  сендер-
ге  берген  нығметтерін  санасаңдар,  санап  тауыса 
алмайсыңдар», - делінеді.

208
ИМАНИ ГҮЛ
Біз,  адам  баласы,  денсаулықтың,  әрбір  он  екі 
мүшеміздің  баға  жетпес  нығмет  екенін  ойлап,  қадірін 
түсіндік  пе?  Оларды  бізге  тегін  берген  Раббымызға 
рақметіміз  бен  алғысымызды  білдіріп,  Оған  қарыздар 
екенімізді  сезіндік  пе?  Шындығында,  бізге  бұл  сұраққа 
жауап беру оңайға соқпаса керек.
Егер  біреу  бізге  көп  ақша  берсе,  оған  рахметімізді 
жаудырып, алдында құрақ ұшамыз. Ал, енді бір қолымыз 
шолақ  болса,  мейлі  миллиардтаған  жыл  жұмыс  істеп, 
триллион  ақша  тапсақ  та,  Алланың  бізге  тегін  берген 
сау қолын сатып ала аламыз ба? Сатып ала алмасақ, неге 
біз  триллион  ақша  жұмсап  қол  жеткізе  алмайтын  әрбір 
мүшемізді  бізге  тегін  сыйлаған  Ұлы  Жаратушымызға 
алғыс-рақметімізді  білдірмейміз?  Неге  «Аллаһу  әкбар» 
деп сәждеге бас ұрмаймыз?
Иә,  тіпті  ішкен-жеген  асымызды  табиғи  жол-
мен  сыртқа  шығарудың  өзі  де  Ұлы  Иеміздің  үлкен 
жақсылығы.  Оның  қадірін  ұғу  үшін  ауруханалардағы 
бұл  нығметтен  мақрұм    жандарды  барып  көріп,  атал-
мыш нығметтің қадірін түсінейік! Түсініп, Раббымызға 
қарыздар екенімізді шын жүректен сезінейік!
Осыншама 
жақсылықтың, 
ырыс-берекенің 
алғысы  «шүкір»  деген  тіліміздің  ұшымен  айтылатын 
үйреншікті сөзбен шектелмейді. Ұлы Иемізге деген шы-
найы  алғысымыз  бен  махаббатымыздың  белгісі  –  Оның 
бұйырған әмірлерін «ләббайк» деп, айна-қатесіз орындап, 
міндеттеген ғибадаттарын қадари халімізше толық атқару 
мен тыйымдарынан түгелдей тыйылу. 
Көбіне біз рахметімізді, алғысымызды шынайы Ие-
сіне емес, жолдағы түкке тұрғысыз себептерге білдірумен 
ғана шектеліп жатамыз. Қалайша дейсіз бе? Базардан бір 
алма  сатып  алдық  делік.  Сатушыға  рахметімізді  айтып, 
қолына  ақшасын  ұстатамыз.  Бірақ  сол  алманы  «құлым 

209
ИМАНИ ГҮЛ
жесін»  деп  көз  тартар  сұлу  пішінде  жаратып,  аузыңнан 
сілекейіңді ағызар тамаша дәм мен мұрныңды жарар кере-
мет жұпар иіспен безендіріп бізге жіберген, яғни алманың 
шынайы  иесі  –  Алла  Тағалаға  шүкірімізді,  рахметімізді 
білдіріп, Оған деген қарыздығымызды сезінеміз бе?
Сатушының  қолына  ұстатқан  азды-көпті  тиын-
тебенді алманың құны деп ойламаңыз, ол тек сатушының 
еңбегі  ғана.  Себебі,  алманың  өз  құны  өлшеусіз.  Ол 
бағамен өлшенбейді. Неге дейсіз бе? Егер алма жоқ болса, 
оны өсіру үшін дәнегін қайдан алар едік? Миллиардтаған 
қаржы жұмсап,  жоғары деңгейдегі зертханаларды құрсақ  
та алманың бір түйір дәнін жасай алар ма едік? Тіпті дәні 
бар  болған  күннің  өзінде  оның  өсіп  жетілуіне  керекті 
Күнді,  ауаны,  топырақты,  ондағы  әр  түрлі  минералдар-
ды қайдан табар едік Бүкіл әлем жиналса, алманың өсуі 
үшін керекті суды, ауаны жасай алмайды. Енді осы алмаға 
керекті күн, ауа, топырақ, су сияқты қажетті заттардың баға 
жетпестігін ескере отырып, алманы бағалап көрейікші...
Иә, біз көбіне жаратқанды ұмытып, ортадағы себеп-
терге  ғана  алғысымызды  білдірумен  шектеліп  жатамыз. 
Бұл ісіміздің қаншалықты әділетсіз екенін білу үшін мына 
мысалға назар аударайық.
Патша  қызметшісі  арқылы  біреуге  бағалы  сый 
жіберді  делік.  Әлгі  адам  сыйлықты  ала  салысымен 
рахметін  үйіп-төгіп  патшаның  қызметшісіне  айтып, 
сыйды тарту еткен патшаның өзін елемесе, оның бұл ісі 
қаншалықты  жөнсіз  болар  еді.  Бұл  тұста  нағыз  алғыс 
айтуға  лайық  жан  қызметші  емес,  патшаның  өзі  емес 
пе?!
 

210
ИМАНИ ГҮЛ
Мінәжат
Ғұмырын осы уақытқа дейін
босқа өткізіп, жүрегі ақиқат шуағына
кейінен ғана оянған бір пенденің
Хақ алдындағы тәубасы.
Уа, Жаратушы Жаппар Ием – Хақ Тағала!
Құлың саған келді бас иіп, тәуба тілеп. Медет тілері 
бар  ма  оның  Сенен  басқа?  Құлың  адамдық  тізгінін 
нәпсінің қолына ұстатып, әр бұрышта тұзақ құрып, айла 
ойлаған ібілістің құрығына шалынды. Дүниенің жылты-
рына  алданып,  пендешіліктің  батпағына  малынды.  Енді 
міне, күнәларын арқалаған бойы бір қызарып, бір сазара 
ұялған күйі Саған келді. Өйткені Сен – мейірімділердің 
ең  мейірімдісі,  рақымдылардың  ең  рақымдысы, 
кешірімділердің кешірімдісісің.
Рахман Ием! Құлың қанша күнәға батса да, «бір күні 
келіп,  Сенің  ұлылығыңның  алдында  бас  иемін»  -  деген 
көкірегіндегі  үмітін  жоғалтпады.  Өйткені  ол  күнәсінің 
қанша үлкен екенін білсе де, Сенің кешіріміңнің одан да 
үлкен, шексіз екеніне бек сенді.
Алла Тағалам! «Раббым − тек Сенсің» дедім, сөйте 
тұра нәпсіме, дүниеге құлдық ұрдым.
Жаратушы  Ием!  Ақырет  дедім,  сөйте  тұра  дүниені 
таңдадым.  Мәңгілік  дедім,  сөйте  тұра  пәниді  артық 
көрдім.
Жаппар Ием! Сенің: «Уа, құлдарым, шайтан сендердің 
ашық  дұшпандарың»  деген  рақымға  толы  ескертулеріңе 
құлақ аспай, Ібіліспен қоян-қолтық дос болдық, жо-жоқ, 
дос қана емес, тіпті, ажырамас сырлас болдық. Тіпті, кей 
тұста шайтан бізді емес, біз шайтанның өзін азғырдық.

211
ИМАНИ ГҮЛ
Раббым!  Мен  Сені  басыма  бір  қиыншылық  түскен 
сәтте  немесе  ауру-сырқауға  ұшырап,  тығырыққа 
тірелген мезетте ғана іздедім. Сол кезде ғана Саған деген 
мұқтаждығымды  мойындап,  құдіретіңе  бас  идім.  «Раб-
бым,  егер  осыдан  бір  құтқарсаң,  Сенің  адал  жолыңда 
жүрер  едім»,  -  деп  Өзіңе  сан  рет  уәде  бердім.  Сөйтіп, 
қиыншылықтан құтылған сәтте, Сені еске алмастан баяғы 
әдетімше кердеңдеп кете бардым.
Жаратқан  Ием!  Сен  маған  рақым  етіп,  ырыс-
берекеңді төккен сайын, Өзіңе қарыздар екенімді сезініп, 
маңдайымды сәждеге қоюдың орнына, тайраңдаған сай-
ын  тайраңдай  түстім.  Сенен  алыстаған  сайын  алыстап, 
күнәға белшеден баттым. Істеген әр күнәма өзімізше ақтау 
айтып,  мың  түрлі  сылтау  іздедім.  Жүрегімнің  қарайып, 
күнәға  етімінің  үйренгені  соншалық  ауыр  күнәлардың 
өзін елемейтін болдық.
Күллі ғаламды мейіріміңмен тербеткен Рахман Раб-
бым!  Сен  не  деген  кешірімді,  не  деген  мейірімдісің? 
Мен  қанша  күнә  істеп,  жүрегім  қарайып,  қараңғылыққа 
құлдиласам  да,  Сен  мені  дереу  жазалап,  тас  төбеме 
азабыңды  жаудырмай,  тәубе  етуім  үшін  ғұмыр  сыйлап, 
адам болуым үшін мұрсат бердің.
Уа,  Алла  Тағалам!  Ертең  Сенің  алдыңа  барғанда: 
«Құлым!  Мен  үшін  не  істедің?»  деген  сұрағыңа  не  деп 
жауап беремін? Дүниедегі қай амалымды бір ғана Сенің 
разылығың  үшін  істедім  дей  аламын?  Қу  құлқынның 
қамын күйттеген істерімді ме? Әлде сол бір құлқынның 
қамы үшін айналамдағыларға жасаған қулық-айла, ұрыс-
жанжалымды ма? Жоқ әлде мына бес күндік дүние үшін 
құраған қилы-қилы жоспарларымды ма?
Раббым! Сенің алдыңда бір-бірлеп тұрып есепке тар-
тылар Махшар күні менің жағдайым не болмақ? Ол күні 
жан біткеннің жүрегі дүрсілдеп, ақ тер, көк терге түсіп, 

212
ИМАНИ ГҮЛ
ана  баладан,  бала  әкеден  қашып,  күйеуі  әйелінен  безіп, 
әркім тек өзінің қара басының қамын жеп, қиналған сол 
күні менің жағдайым нешік?
Сенің:  «Ей,  құлым!  Менің  саған  берген  болаттай 
жастық  шағыңды,  темірдей  денсаулығыңды,  көл-көсір 
уақытыңды, мал-мүлкіңді қайда, кімнің жолында, не үшін 
жұмсадың», – деген сұрағыңа не деп жауап беремін?
Ешкімге  пайдасы  жоқ  бос  сөздер  мен  мағынасыз 
ойын-сауыққа, күнәға толы жастық шағымды қалайша, 
қалай ғана «Алла Тағалам! Сенің жолыңда, адамзаттың 
игілігі үшін», – дей алам?! Түкке тұрмайтын бос нәрселер 
үшін  өзгелермен  бәсекелесіп,  ысырап  етуден  асып-
артылмаған  мал-мүлкімді  қалайша,  қалай  ғана  «Раб-
бым! Тек сенің жолыңда, кедей-кепшік, жетім-жесірдің 
қамы үшін?», - деп Сені де, өзгені де алдай алам? Атақ-
абырой,  мансап  үшін  атқарған  қызметімді  қалай  ғана 
«Алла  Тағалам,  тек  сенің  ризалығың  мен  халқымның 
жақсылығы үшін», - дей алам?!
Қызығын  көретініме  көзім  нақты  жетпесе  де  пәни 
дүниенің  қамы  үшін  жанымды  алып-салып  күндіз-түні 
тер төктім. Сөйте тұра сөзсіз келіп жететін өлім үшін, ау-
зын ашып күтіп тұрған қараңғы қабір үшін, сұрағы ауыр 
есеп  күні  үшін,  жалпы  мәңгілік  ғұмыр  үшін  Өзің  тегін 
берген ағыл-тегіл жиырма төрт сағаттың ең болмаса бір-
екі сағатын да қимадым-ау. Ақыретте құлдың ең бірінші 
сұралатын нәрсесі «намазы» демекші, осы уақытқа дейін 
ананы  сылтауратып,  мынаны  сылтауратып,  дүниені 
көлденең  тартып,  қаза  еткен  сансыз  намаздарымның 
есебін қалай беріп, сұрағынан қалай құтыламын?
Жаратушы  Раббым!  Мен  қанша  күнәһар  болсам  да 
сенің шексіз кешірім-мейіріміңнен үміткермін. Есеп күні: 
«Құлым! Сені де кештім» деген рақымға толы ілтипатыңа 
ынтызармын. Өйткені Сен – рақымдылардың рақымдысы 

213
ИМАНИ ГҮЛ
– бүкіл әлемдердің Раббысысың. Өйткені Сен Құрандағы: 
«Ей, (көп күнә істеп) өздеріне жаманшылық жасауда 
шектен  шыққан  құлдарым!  Алланың  рақымынан 
үміттеріңді  үзбеңдер!  Алла  барлық  күнәларды 
кешіреді. Өйткені Ол – өте кешірімді және рақымды», 
деп үміт шашқан қасиетті сөздің Иесісің.
Уа, 
Алланың 
мен 
секілді 
ертеңінен  
бейғам құлдары!
Өлімнен  кім  қашып  құтылған?  Пәнилікке  бас  име-
ген,  сірә,  біреу  бар  ма?  Қайда  кешегі  сән-салтанатымен 
саят құрып, зәулім-зәулім сарайларда ғұмыр кешкен аты 
әйгілі заңғар тұлғалар? Қайда кешегі біздің көз алдымыз-
да  жүрген  ақ  сақалды  қариялар  мен  бетін  әжім  басқан 
ақ  жаулықты  әжелер?  Олардан  қане,  кім  қалды?  Кім? 
Кешегі  олардың  орнын  бүгінгі  біздер  басатынымызды 
ұмытпайық!
Жастығыңның  тұла  бойыңды  жасындай  шарпып, 
сарқылмастай  көрінген  күш-қуатын  «мәңгілік»  деп  ал-
данба!  Жалғанның  жарын  жағалап  жүріп,  күндердің  бір 
күнінде аңдаусыз ажалдың құрығына іліккен сәтте ғана қу 
түлкідей  құбылған  сұм  дүниеге  алданғаныңды  аңғарып: 
«Қап,  әттеген-ай,  жарығы  сөнбестей  көрінген  жалған 
дүние жалт бұрылып мені де қапыда қалдырды-ау» деп 
аһылап -үһілеп өкінгеннен не шара?!
Алла  Тағалам!  Мен  Саған,  Сенің  асыл  дініңе  бет 
бұрдым. Алла Тағалам! Қалған ғұмырымда Құран нұрынан 
таймай,  Сенің  жолыңда,  иман  нұрында,  тақуалықтың 
ізінде жүруді нәсіп ет! Амин, Әмин!!!

ІІ КІТАП
КҮДІКПЕН КҮРЕС
 

215
Күллі жаратылысты Алла Тағала 
жаратқан, ал Алла Тағаланың өзін кім  
жаратты?
Адам  баласы  кез-келген  нәрсені  ойлаған  уақытта 
әдетте  осы  дүниеде  жүретін  заңдарға  және  көрген 
нәрселеріне  салыстыру  арқылы  пайымдайды.  Мысалы, 
жәннатта  бір  ағаш  бар  екен  делінсе,  дереу  осы  дүниеде 
көріп  жүрген  кәдуілгі  топыраққа,  күнге,  ауа  мен  суға 
мұқтаж  ағаш  елестейді.  Бұрын-соңды  мүлде  көрмеген, 
бізге  беймәлім  бір  нәрсе  түсіндірілген  уақытта:  «Неге 
ұқсайды  екен?»  деп  сұрақ  қойып  жатамыз.  Демек,  біз 
көрмеген  өзімізге  таңсық  нәрсені  тек  салыстыру  жолы 
арқылы ғана пайымдай аламыз. Ал Алла Тағаланы  салыс-
тыру  жолымен  түсіну  мүмкін  бе?  Әрине  жоқ.  Өйткені, 
Оның  мына  дүниеде  теңдесі  әрі  ұқсасы  жоқ.  Құранда 
былай  делінеді:  «Оның  (Алла  Тағаланың)  еш  теңдесі 
жоқ»
106
, «Оған еш нәрсе ұқсамайды»
107
.  
Ендеше,  «Алланы  кім  жаратты?»  деген  сауал  әу-
бастан қате. Себебі бұл Алланы мына дүниедегі заңдарға 
тәуелді  жаратылыспен  салыстыра  ойлаудың  нәтижесі. 
Ал  Ұлы  Жаратушы  өзі  жаратқан  ешбір  жаратылысқа 
ұқсамайды.  Тіпті  қарапайым  жай  суретшінің  өзі, 
өзінің  салған  суретіне  ұқсамайды  ғой.  Өйткені,  сурет 
–    әр  түрлі  бояудың  қоспасы  ғана.  Онда  суретшідегідей 
басыбүтін  қасиеттер  жоқ.  Қысқасы,  шебер  мен  оның 
қолынан  шыққан  туынды  екі  бөлек  нәрсе.  Ендеше, 
күллі  кемшілік  сипаттардан  пәк  Ұлы  Жаратушы  да  өзі 
106
 Ықылас сүресі/4.
107
 Шура сүресі/11.

216
ИМАНИ ГҮЛ
салған мына жаратылыс суретіне, жаратқан туындысына 
мүлдем  ұқсамайды.  Сондықтан  жаратылысқа  арналған 
заңдарға да тәуелді емес. Мысалы, дүниеге келу үшін не 
нәрсенің болсын белгілі бір себепке тәуелді екендігі анық. 
Барлығымыз  туылғанбыз,  бізді  туғандарды  да  біреулер 
дүниеге  әкелген.  Яғни,  барлық  нәрсенің  бастауы  бар. 
Біздің қателігіміз сол,  дүниедегі осы туу, туылу және бар 
болу үшін белгілі бір себепке мұқтаждық заңын Ұлы Жа-
ратушымыз Алла Тағалаға да таңғымыз келеді. Ал Алла 
болса, барлық туу, туылу былай тұрсын, тіршілік заңдары 
жоқ  кезде  де  бар  еді.  Тіпті,  Алла  Тағала  осы  аталмыш 
заңдарды да өзі жаратқан жоқ па!?  Ендеше, өзі жаратқан 
бұл заңдарға Ұлы Жаратушының тәуелді болмасы анық. 
Сондықтан «Ықылас» сүресінде: «Ол еш нәрсеге мұқтаж 
емес, тумады да туылмады», - делінеді. Бейне бір «Ей,  
құлдарым, туу, туылу, сыртқы бір түрткіге зәрулік сен-
дерге тән, мені ол заңдарға тәуелді етіп ойламаңдар» деп 
тұрғандай. Алла Тағаланы ешкім жаратпаған. Алла Тағала 
 «әзәли», яғни, Оның барлығының бастауы да, соңы да 
жоқ – Мәңгі. 
Алла  жаратылмағандығы  үшін  Алла  емес  пе?  Мы-
салы,  әскерлер  бұйрықты  қолбасшыдан  алады.  Ал 
қолбасшы  бұйрықты  патшадан  алады  делік.  Ал  енді 
«патша бұйрықты кімнен алады?» деп сауал қоя алмай-
мыз. Өйткені,  патша да бұйрықты біреуден алса, онда ол 
шынайы патша бола алмайды. Тағы бір мысал, мешіттегі 
жамағаттың бәрі намазда бір имамға ұйиды. Ал сол имам 
да басқа бір адамға ұйыса, ол имам емес, жамағаттың бірі 
болып қалады. Сол сияқты Алланы да басқа бір Алла жа-
ратса, онда жаратылған бірінші Алла, Алла бола алмай-
ды.  Өйткені,  біз  «Алла»  деп  о  баста  еш  жаратылмаған, 
ешкімге  мұқтаж  емес,  жаратылғандарда  жоқ  мәңгілік 
сияқты сипаттардың шынайы иесін ғана айтамыз.

217
ИМАНИ ГҮЛ
Екіншіден,  Алланы  да  басқа  бір  Алла  жаратты  де-
сек,  сол  жаратқан  Алланы  да  басқа  бір  Алла  жаратуы 
тиіс. Оны да басқа бір Алла... Міне,  осылайша алғашқы 
қойған  сұрағымыз  тізбектескен  күйі  шексіздікке  дейін 
жауапсыз жалғаса береді. Қашан еш жаратылмаған, бас-
тауы  жоқ  мәңгі  бір  Алланы  қабылдаймыз,  сол  уақытта 
жауабы  табылмаған  сұрағымызға  нүкте  қойылып,  жан 
жүрегіміз жай табады. Мысалы, нөл санының оң жағына 
миллиондаған  нөлдерді  қатар  қойсақ  та,  олардың  ешбір 
мәнді  иеленбесі    белгілі.  Ал  егер  кез-келген  бір  санды 
қойсақ, сол нөлдер бірден мағынаға ие болады. Дәл осы 
мысалдағы  сияқты  барлық  жаратылыс  атаулының  түп 
негізін  –  бастауы  жоқ,  мәңгілік  жалғыз  Аллаға  тіреген 
кезде ғана, шынжырдың өріміндей бір-біріне қосақталған  
сауалымыз баян табады. 
Иә,  адамның  не  нәрсесі  болсын  шектеулі.  Көзінің 
көре  алатын  аясы,  құлағының  есту  қабілеті  –  бәрі, 
бәрі  шектеулі  болғаны  секілді  оның  ақыл-ойы  да 
шектеулі.  Ал  осындай  шектеулі  ақылмен  шексіз  Алла-
ны қалай ғана толық түсінбекпіз? Ол – жаратушы, біз – 
жаратылғанбыз.  Жаратылған  нәрсе  Жаратушысын  «неге 
толық  түсінбеймін?»  деп  шағым  айта  ала  ма?  Біздегі 
ақыл да, жан да кейіннен жаратылған. Солай бола тұра біз 
тіпті қарапайым жаратылған «жанның» өзін толық түсіне 
бермейміз.  Енді  жаратылған  нәрсені  жете  түсіне  алмай 
жатып еш теңдесі жоқ Ұлы Жаратушымызды қалай толық 
түсінбекпіз?!  Пенденің  шектеулі  ой-санасы  Оны  қалай 
қамтымақ?  Белгілі  ойшыл  Анри  Бергсон  былай  дейді: 
«Ақылдың ең соңғы тоқтамы – өзінің әлсіздігін мойын-
дауы». Рас, ақыл өзінің жетер жерін, шамасын білуі тиіс. 
Сахаба  Әбу  Бәкір  Сыддық:  «(Алла  Тағалам!)  Сені 
толық  түсіне  алмауымды  мойындауым  –  сені    толық 
түсінуім» десе, Абай атамыз: 

218
ИМАНИ ГҮЛ
Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі
Өзіне құмар қылған оның әмірі.
Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды,
Оймен білген нәрсенің бәрі – дәһрі
108
 -деп түйсе, тағы 
бір өлең жолдарында:
«Ақылға сыймас Ол Алла,
Тағрифқа
109
  тілім  қысқа-ақ»
110
  деп,  осы  ақиқатқа 
үлкен ой салады. Ал философ Декарт былай дейді: «Адам 
– тұтастай шектеулі жаратылыс. Ал осындай шектеулі 
адам  шексіздікті мүлдем түсіне алмайды». 
Алланың  мәңгілік  сипатын  қабылдағысы  келмеген 
өркөкірек материалистер сол сипатты жансыз материяға 
телімек болады. Алайда, мәңгілік сипатын шынайы Иесі 
Аллаға беру бір басқа да, оны қателесіп күнде өзгеріске 
ұшырап, пәнилікке бас иіп жатқан жансыз материяға беру 
бір басқа.
108
  Абай,    Қалың  елім,  қазағым,  153-бет.  Атамұра  баспасы,  
Алматы 2002 ж.
  Халиқ – Жаратушы, Махлұқ – жаратылыс, Дәһрі – арабша «уақыт, 
заман» дегенді білдіреді. Алланы мойындамай, ақыретті жоққа 
шығаратын  дінсіздерге  де  «Дәһри»  делінеді.  Бұл  жерде  хакім 
Абай «Дәһрі» сөзін «уақытша, пәни, кейіннен жаратылған» де-
ген мағынада қолдануы ықтимал. Яғни, адам санасының «біліп, 
түсіндім» деген нәрселері кейіннен жаратылған пәни дүниелерге 
жатады.  Ал  Алла  кейіннен  жаратылмағандықтан,  Оны  толық 
түсіну мүмкін емес дегенді меңзеп тұр.  «Халиққа махлұқ ақылы 
жете алмайды» дегені де сондықтан.
109
 Тағриф – түсіндіру.
110
  А.а.е, 189-бет.

219
Алла Тағаланы неге көзбен  көре  
алмаймыз?
Әсілінде,  бәріміз  Ұлы  Жаратушыны  көрудеміз. 
Бірақ  көру  қабілеті  шектеулі  жалаң  көзімізбен  емес, 
ақыл  көзімізбен  көрудеміз.  Рас.  Мысалы,  түрлі  жеміс-
жидектердің  дәмін  көзбен  көру  мүмкін  емес,  бірақ 
тілімізде  орналасқан  дәм  тату  түйіршіктері  арқылы 
сеземіз,  оларды  бір-бірінен  ажыратамыз.  Дыбыстарды, 
әр түрлі иістерді де көзімізбен көре алмаймыз. Оларды 
құлағымыздың есту, мұрнымыздың сезу қабілеті арқылы 
сезіп, білеміз. Міне, дәл осылай біздер жан-жағымызды 
қоршап жатқан өздігінен пайда бола алмайтын мына сан-
сыз таңғажайып жаратылысқа қарап, Ұлы Жаратқанның 
бар екенін, бір екенін, құдіретін түсінеміз, Ендеше, Оны 
ақыл көзімізбен көреміз. 
«Өз  басым  Алланы  көрген  емеспін,  олай  болса  Ол 
жоқ» деу, көру қабілеті белгілі заңдардан аса алмайтын, 
көру  аясы  шектеулі  көзіміздің  әлсіздігімен  қоса  Ұлы 
Жаратушының  ұлылығы  мен  шексіздігін  түсінбеуден 
туады. Түймедей екі көзімен күллі болмыс әлемінен ада 
шексіз  Алла  Тағаланы  неге  көре  алмаймын  деу  күлкілі 
нәрсе. 
Көздің әлсіздігі соншалық – тікелей көру мүшесі бола 
тұра  ол  өз-өзін  көре  алмайды.  Ал  енді  осындай  өз-өзін 
көруге қабілетсіз көзбен «Алла Тағаланы көре алмадым, 
олай болса, Ол жоқ», - деу қисынға келе ме?.
Негізінде  айналамызда  көзге  көрінбейтін,  бірақ  бар 
екендігіне  еш  күмән  жоқ  қаншама  нәрсе  бар.  Мысалы, 
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет