Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 2.46 Mb.
Pdf просмотр
бет12/15
Дата15.03.2017
өлшемі2.46 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2014 №2 (23)

75

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №2 (23)

Сапалық сын есімдер белгілі бір заттарға,

қимыл-әрекетке 

байланысты

жұмсалатындықтан,      өздерінің  анықтайтын

сөзімен  тығыз  қарым-қатынаста  болады.

Мысалы:  Сәуле  жіпті  ап-арық,    шидей

саусақтарымен    қыса    ұстап  тағы    ойнады.

Тәпелтек  қара  пұшық  бала    Мақан    жүзіне

жаутаңдай    қарайды  (З.Ш.).    –  Е,  сен    сұлу

келіншегі  бар балықшы   жігітті білмеуші ме

едің? (Ә.Н.)

Сапалық сын есімдерді алсақ, алдыңғысы

адамның  сыртқы  пішінін  зат  есімдермен

мағыналық  жағынан  тығыз  байланыста

қарастырады.

Сонымен,  сапалық    сын  есімдердің

семантикалық қырларын жан-жақты зерттеуде

жоғарыдағы  топтарды  жинақтап  мағыналық

жағынан  екі  топқа  бөліп  қарастыруымызға

болады.

1.

Адамның  түр-түстік  белгілеріне



байланысты қолданылатын сын есімдер.

2.

Адамның  сыртқы  пішінін  сипаттайтын



сын есімдер семантикасы.

Сапалық  сын  есімдер  заттың    тікелей

сындық  белгісін  білдіре  отырып,  өзі

анықтайтын сөздің  бір мағынасыменен тікелей

байланыста болады (байланысын  үзбейді).

Соның  негізінде  осы  мақаламызда  сын

есімдердің негізгі семантикалық топтарының

бірі –  зат атауларынан өрбіген семантикалық

тобын құрайтын,    тіліміздің сөздік  қорында

өзіндік  орны  бар, адамның  сыртқы пішініне

байланысты сапалық сын есім семантикасына

жеке тоқталмақпыз.

    Адамның  сыртқы  тұлғасын,    пішінін

сипаттайтын  сапалық сын есімдер.

Адамның  сыртқы  пішінін сипаттайтын

сын  есімдер   тілімізде  көп  қолданылады. Бұл

топты  құрайтын  сын  есімдер  адамның  бет-

пішінін,  дене  тұрқын,  сыртқы  сымбатын

сипаттайды.  Оған  сұлу,  ұзын,  сұңғақ,  әдемі

тәріздес  сапалық  сын  есімдер  жатады.

Бұлардың  әрқайсысы  адамның  сыртқы  дене

тұрпатына  қатысты  сындық  белгілерін

білдіреді.  Мәселен, сұңғақ, ұзын, орта, аласа,



тапал  сапалық  сындары  адамның  сыртқы

тұлғасының  өлшемін  анықтауда    екінші  бір

сөзбен  тіркесіпте, сондай-ақ  дербес түрде де

қолданыла  береді.     Мысалы:   Үйге  Мәкіштің

өзі  құрбылас,  ақ  қызыл  жүзді  ,  сұңғақ  бойлы

келіншек кірді. Қыз  сұңғақ бойлы, талдырмаш

қанаттанып  жетпеген  қаздың  балапанындай

сары шашты (Х.Е. ). Хасен- ұзын  бойлы шүңірек

сұр  көзді,    қыр  мұрынды,  ат  жақты,  қапсағай,

ашаң сіңір денелі, көселеу сұр жігіт(С.С)



Сұңғақ,  ұзын  сын  есімдерінің  негізгі

мағынасы көлемдік мағына. Сұңғақ - адамға тән

дене  тұрқы.  Ол  бірдей  көлемде  болмайды,

сондықтан сыртқы тұлғаның нақты өлшемін  дәл

беруде,  сондай-ақ    оны  бір-бірінен  ажыратуда

сұңғақ, ұзын  сапалық сындары жоғарыдағыдай

(бойлы)  қатыстық  сындармен  тіркесіп,

анықтайтын        мүшесімен  қарым-қатынасқа

түседі.


Тапал сапалық сын есімі туралы да осыны

айтуға болады. Бірақ оның сұңғақ сын есімінен

ерекшелігі мағынасымен қолданылуында.Тапал

сын есімінің негізгі  мағынасы   аласа, мықыр,

жатаған.Мысалы:  Комиссионка    магазинінің

алдында  шикіл  сары,  шашын келте  қырқып

бұйралаған  бір      тапал    әйел    болды.(К.Т.)

Тапалдау  келген   кең иықты  адам екен (С. С.).

Тапалдау,  дөңгелек  бет   қыз  кілемді   аяғандай

ептеп      жеңіл    жүріп  столдың    қасына  келді

(З.Ш.).

Берілген    мысалдардағы      тапал,    тапалдау



сөздері   өзі  анықтайтын сөздерімен  мағыналық

қарым-қатынасқа  түсіп,  адам  денесінің  түрлі

сипатын,  көлемдік  мағынасын  білдіреді.

Сын есімдердің   мағыналық  топтарының

арасындағы    өзара  байланыс    тілдегі    кейбір

сапалық    сын    есімдердің    синонимдес

қатарынан да көрінеді.

Адамның  бет-пішін,  дене  мүшесін, оның

ішінде    қол,    саусақ  ,бет.  аяқ    мүшелерінің

сыртқы  сипатын    білдіруде    дөңгелек,сопақ,



ақсақ, т.б.сын  есімдері  де  қолданылады.

Ақсақ,  шойнақ  сын    есімдерінің  негізгі

мағынасы   аяғы   кемдіктен сылтып  басатын

кемтар, мүгедек  деген  мағына. Мысалы: Ақсақ,



мүгедек      Әліпқали    солтаңдай    басып,    түйе

соңына  зорға  еретін (С.Ж.).

Ақтотының беріліп  отырған  күйеуі  ақсақ  екен

(М.Ж.). Шойнақ деуші  еді оны,   енді екі  аяғы

теңеліп      кетуге  жақын  (Ғ.М.)Қасындағы

жолдастары  -ақсақ,  соқыр.



76

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №2 (23)

Резюме

    В  статье  дается  анализ  семантики  качественного      прилагательного  описывающего

внешний  вид  человека.

This article deals with the semantics of the qualitative adjectives describing the appearence of

man.

Resume

Соқыр      сөзі    тура  мағынасында  “көзі

көрмейді” деген мағынаны білдіреді  және  ол

мағына  түбір  арқылы тікелей берілген.



Мүкіс  –  құлағының,  тілінің    ақау,

кемшілігі    бар  деген  негізгі    мағынасында

қолданылады. Мысалы: Құлағы көптен  мүкіс

тартқан    әжесінің  ең    бір    жақсы  көретін

немересі Абай-ды. (М.Ә.)

Қыртыс-қыртыс,  қатпар  –қатпар  сын

есімі    мыж-мыжы    шыққан,    қыртыстанған

мағынасында  қолданылады.    Мысалы:

Молданұр    қысылған  пішінімен    қап-қара,



қыртыс-қыртыс    қос  алақанын    молдекеңке

ұсынды(М.Г.).



Дөңгелек  сын есімі  шар сияқты,  шеңбер

тәрізді,  жұмырланып  дөңгелек келген,  сопақ

емес  мағынасында жұмсалады. Мысалы:Жұқа

ерні    бозара  жиырылып,      дөңгелек    көздері

қысыла    түсіп,      тас    боратқан      сойқанға

Баршагүл     қасқал  тартты(Ғ.С.). Дөңгелек  бет

( жүз,  кескін.). Дөңгелек  бет,  қалың ерін. Көп

түседі  Әбен еске(Ә.О.)  Дөңгелек  бет,  қызыл

шырайлы  әйел  баяндаманың  сөзін  ынтамен

тыңдап,  жазып  отыр(Б.М.) Абайдың  толықша

біткен  дөңгелек жүзінде  әлі  бірде-бір  ажым

жоқ. (М.Әуезов.  Абай.).

Жоғарыда  берілген  мысалдардағы  ақсақ,

шолақ,    сын  есімдері    адамның  аяғының

кемдіктен  сылтып  басатын,  мүгедек белгісін

білдірсе,    дөңгелек  сын  есімі    адамның    бет-

пішінінің   сыртқы сипатының тең  еместігін

көрсетеді.

Тіліміздің  сөздік  қорында  өзіндік  орны

бар,   адамның  сыртқы пішінін  сипаттайтын

сын есімдердің  көркем әдеби  шығармаларда

кездесетін    түрлерінен    мысалдар  келтіре

отырып  оларды  мағыналарына қарай бірнеше

жікке бөліп  қарастыру мүмкіндігі  мол екенін

байқадық. Сапалық сындар жалпы  сын есім

деп аталатын   сөз  табының негізгі  ұйтқысы

ретінде   қызмет атқаратындықтан,  жалпы сын

есімге    тән  категориялық  ерекшеліктер  мен

сипаттардың бәрі  де сапалық  сын есімдердің

бойында    болады.Осы  ерекшелігіне  қарай,

бүкіл сын есім  категориясының  өзегі  болып

табылады.

  Әдебиет

1.Оразов  М. Қазақ тілінің семантикасы. – А.,

1991. 191-192 б.

2.Ержанов  М.  Лексико-семантические

варианты    прилагательных,  обозначающих

цветовые признаки  человека и частей его  тела

в  казахском  языке.Ясауи  университетінің

хабаршысы, №1, 2002. 9-12.б.б.; Ержанов М.

Сағымбай.А.,  Қазіргі    қазақ  тіліндегі

эмоциональды    етістіктердің    лексика-

семантикалық  топтары. – Қызылорда,1999. т.б.

3.Шрамм.А.Н.Очерки  по    семантике

качественных  прилагательных.  Изд-  во.    –

Ленинград. 1979.18-19.

4.Шрамм  А.Н.Принципы      семантической

классификации качественных  прилагательных

в  русском  языке. Вопросы  семантики, 1974

№1,с.14.

5.Сыздықова  Г.  Қазіргі    қазақ  тіліндегі

қатыстық сын  есімдердің   семантикалық  және

стильдік    сипаты.  Филология    ғылымының

кандидаты    ғылыми  дәрежесін    алу    үшін

дайындалған диссертация.А., 2000.-120 б.

6.Шәкенов  Ж.Қазіргі  қазақ    тіліндегі    сын

есімдер.– Семей, 1953.37- б.



77

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №2 (23)

ӘОЖ 811.512.122



Г.ЖЫЛҚЫБАЙ,  филология  ғылымдарының

кандидаты, доцент

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

университеті

Г.БЕЙБІТОВА, магистрант

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

университеті

   Ы.МАМАНОВТЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ  ЕСІМШЕ МӘСЕЛЕСІ



Мақалада авторлар етістіктің грамматикалық категорияларын саралай отырып, оның

ерекше бір түріне жататын функционалдық, тілдік бірлік саналатын есімшенің табиғатына

талдау жасайды.

Тірек сөздер: етістік, есімше, грамматика, Ы.Маманов.

Ы.Мамановтың 

қазақ 

тіліндегі



етістіктерге байланысты зерттеулерінде   көңіл

бөлген  тақырыптарының  бірі  есімше

категориясына  байланысты  болды.  Жалпы,

етістіктің  грамматикалық  категорияларының

ішінде  ең  көлемді  және  сыры  көп,  әр  алуан

күрделі  түрі  осы  есімше  формалары  [1.81].

Себебі, есімшенің өн бойында тек етістікке тән

қасиет  ғана  жатпайды,  әрі  есім  сөздерге

тәнділіктің бар екендігінен болса керек. Яғни,

есімшенің сөйлемдегі негізгі қызметі қимылды

білдірмей,  жанама  қимылды  білдіріп

(атрибутивтік)  анықтауыш  қызметінде

қолданылуы  оның  заттың  белгісін  білдіретін

сөз  табына,  қызметі  жағынан  сын  есімге

ұқсастығын  туғызған.  Осы  ерекшелік

есімшенің  сын  есім  сияқты  заттанып

(субстантивтеніп) қолданылуына негіз болған

және есімшенің заттанып қоданылуы – тілдегі

жиі  кездесетін  құбылыстың  бірі.  Осымен

байланысты есімше заттанғанда септік, көптік,

тәуелдік  жалғауларын  қабылдай  береді.

Мысалы: Алғанды ұнатасың, бергенде де солай



қара. Ұялмаған бұйырмағанды алады. т.б. Осы

мысалдардағы  алғанды,  бермегеніңді,

бұйырмағанды  деген  есімшелер  табыс

септігінде жалғауында, бергенге – барыс септік

жалғауында, ұялмаған – атау септігінде

қолданылады. 

Бұл 

мысалдардағы



көргендеріңді,  білмегеніңді  есімшелері

тәуелдік жалғауымен келген [2.29].

Етістіктің  ерекше  бір  түріне  жататын

функционалдық  тілдік  бірлік  саналатын

есімшенің табиғатында осындай қасиеттің бар

екендігін Қ.Жұбанов сол заманда-ақ аңғарған.

Ең  алғаш  есімше  терминін  қазақ  тіл

біліміне енгізген тілші ғалым А.Байтұрсынұлы

еді. Осы күнге дейінгі грамматикаға қатысты

барлық  еңбектерде  есімше  және  көсемше

терминдері  сол  қалпында  қалып,  тұлғалары

жөнінде  де  сөз  болудан  қалған  емес.  Өзіне

дейінгі  қазақ  грамматикасын  жаңаша

қарастыруға  тырысып,  көптеген  терминдерді

басқаша атап, өзіндік үлес қосқан Қ.Жұбанов

та «есімше», «көсемше» терминдерін сол күйі

қабылдауды жөн санады.

Содан  бері  жарияланған  барлық

грамматикаларда 

есімше 


етістіктің

функционалды  жұрнағы  ретінде  танылып

келеді.  Мәселен,  2002  жылы  шыққан  «Қазақ

тілінің грамматикасында» есімшеге «етістіктің

функциялық  жұрнақтарының  бірі»  деген

анықтама берілген. «Есімше мағынасы жағынан

етістіктерше  болымды  және  болымсыз,  салт-

сабақты  болып  бөлініп,  жақтық,  шақтық

мағынаны аңғартады. Бірақ түрленгенде


78

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №2 (23)

есімдерше  көптеледі,  септеледі,  тәуелденеді.

Осы  ерекшелігіне  байланысты  сөйлемде

атрибуттық  және  предикаттық  мағынаға  ие

болады»  [3.291].      Ал  лингвистикалық

сөздіктерде есімшеге берілген анықтамаларға

көңіл аударатын болсақ: «Есімше (Perticipium)

– зат пен субъектінің қимылымен байланысты

белгісін білдіретін және анықтауыш (атрибут)

ретінде  қолданылатын  етістіктің  бейфинитті

тұлғасы» делінеді.

Қазақ  тілінде  есімше  категориясын

арнайы  зерттеген  Т.Ерғалиев  қазіргі  қазақ

тілінде 


түпкілікті 

немесе 


толық

адъективизацияланған есімше формалары деп

мына қосымшаларды көрсетеді: -аған, -еген –

қашаған,  тебеген;  -ғалақ,  -гелек  –  ұшқалақ,

жаңғалақ; -шақ, -шек – ұрыншақ, сүріншек;

-ғыш, -гіш – сезгіш, сенгіш; -мыш, -міш, -мыс,



-міс – жасамыс, алдамыш; -геш – күлегеш [4.

11].


Бірақ,  қазіргі  грамматикалардың

барлығында  дерлік  есімшеге  байланысты

біржақты пікір де жоқ. Бірінде, есімшені өткен

шақ есімше, келер шақ есімше, ауыспалы шақ

есімше деп үшке бөлсе, енді біреулерінде, өткен

шақ  есімше,  дағдылы  өткен  шақ  есімше,

болжалды есімше, ниет есімше болып төртке

бөледі. Ал Ы.Маманов өз еңбегінде есімшенің

өткен шақ есімше, дағдылы есімше, болжалды

есімше,  ниет  есімше  түріне  осы  шақ  есімше

деген  тұйық  етістікке  -шы,  -ші  жұрнағын

жалғау арқылы келетін түрін қосады. Мысалы:



келуші адам, тойдан  қайтушы әйелдер, қора

сыпырушы қарт, бала қараушы кемпір, т.б.

Қазіргі  қазақ  тілі  оқулықтарында

есімшенің - қан, -кен, -ған, -ген; -атын, -етін,

-йтын, -йтін; -р, -ар, -ер, -с; -мақ, -мек, -бақ,

  -бек,  -пақ,  -пек  формалары  көрсетіліп  жүр  [

5.76; 6.299; 7.107 ].

Ы.Мамановтың  сипаттауында,  есімше

формалары  етістікке  және  сын  есімге  тән

қасиеттерді  өз  бойында  сақтайтын,  етістік

негіздеріне  арнайы  форма  тудырушы

аффикстер  жалғану  арқылы  жасалатын

етістікке тән грамматикалық категория. Ғалым

есімшелерді мағынасына және тұлғасына қарай

бес топқа бөледі: Өткен шақ есімше, дағдылы

есімше,  болжалды  есімше,  ниет  есімше,  осы

шақ есімше. Өткен шақ есімшенің сөйлемдегі

қызметіне,  көптік,  септік,  тәуелдік,  жіктік

жалғаулары жалғанып, түрленуіне тоқталады. –



ған  жұрнағы  жалғану  арқылы  лексикаланып,

жаңа  сөз  (ондаған,  жүздеген,  мыңдаған)

жасалған деген пікір айтады.

-атын,-етін  қосымшасы  өткен  шақ

есімше  тұлғасының  көрсеткіші  ретінде

танылған.  Бірақ  А.Ысқақов  аталған

қосымшаның  қай  мезгілді  білдіруі  контекске

байланысты деп көрсетеді. Мұны сөйленімдегі

осы  тұлғамен  байланысты  болып  келетін

сөздердің  семантикасына  қатыстылығымен

түсіндіреді:  «Бұл  форма,  әдетте,  бұрынғы  я

ертерек  кезде  болған  амал-әрекетті  қазіргідей

етіп, қалтқысыз сенерліктей етіп көрсету үшін

көбірек  қолданылады  да,  осы  шақ  пен  келер

шақты  болатын  әрекетті  білдіру  үшін  сирек

жұмсалады»  [5,302].  Ғалым  бұл  тұлғаның

ауыспалы  сипатын  қосымшаның  күрделі

құрамымен  түсіндіреді.  Сөйтіп,  -атын,-етін

қосымшасының негізінен өткен шақ, сондай-ақ

синтагмада келер шақ пен осы шақ мағынасында

да  қолданылатындығын  айтады.  -атын,-етін

жұрнағын  А.Ысқақов  өткен  шақтың  ішінде

айғақты өткен шақтың көрсеткіші деп береді.

Ол  айғақты  өткен  шақты  іс-әрекеттің  басы-

қасында  сөйлеушінің  көзімен  көргендей,

тыңдаушы  әбден  қанық  боларлықтай  етіп

жеткізетін  форма  деп  анықтайды.  Ғалымның

аталған  тұлғаға  қатысты  пікірлерінен

түйгеніміз,  біріншіден,  -атын,  -етін

тұлғасының 

бірнеше 

мағыналарда

жұмсалатындығы:

1)  іс-әрекеттің  сөйлеу  сәтінен  бұрын

болғандығын білдіретін өткен шақ;

2) іс-әрекетті сөйлеушінің айғақты түрде

жеткізетіндігі;

3)  осы  шақта  тұрып  қимылдың  өту

сипатын,  яғни  дағдылы  әдетті  білдіре

алатындығы.

Ы.Маманов  -атын,  -етін  жұрнағын

дағдылы  өткен  шақ  көрсеткіші  деп  таниды.

Өткен шақтың бұл түрін қимыл иесінің ертеде

дағдысына  айналған  іс-әрекетін,  қимылын

білдіретіндігін айтады. Бұл тұлғаның контекске

қатысты  келер  шақ  мағынасын  да  бере

алатындығын  автор  сөйлеушінің  субъективті


79

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №2 (23)

көзқарасымен  байланыстырады  [1,111].

Аталған форманың сөйлеу сәтіне дейін болып

өткен  дағдылы  әрекетті  білдіретіндігін

Ж.Түймебаев та атап көрсетеді [ 6, 68].

Қазақ тіліндегі шақ категориясын арнайы

қарастырған ғалым Т.Қордабаев –атын, -етін

аффиксінің  келер  шақты  білдіруін  өте  сирек

кездесетінін  және  бұл  мағынада  қолдану

қосымшаның  жеке  өз  басына  ғана  тән  емес,

мезгіл  мәнді  сөздерге  немесе  контекске

байланысты болатындығын айтады. Ал –атын,

-етін  тұлғасының  негізгі  мағынасы  ретінде

оның  іс-әрекет,  жай-күйдің  бірнеше  рет

болғандығын  білдіретін  мағынаны  атайды:

«Мұның өткен шақтық есімшеден өзгешелігі:

бұл ертеде болған іс-әрекеттің бір рет болмай,

бірнеше рет болғандығын немесе оның заттың

бойындағы  бір  кездегі  әдетіне,  дағдысына,

қасиетіне айналғандығын білдіреді. Бірақ бұл

өзгешелігі  іс-әрекеттің  ертеде  болғандығын

қайта айқындай түспесе, осалдатпайды» [7, 65].

Сонымен, -атын, -етін тұлғасының негізгі

мағынасын 

А.Ысқақов, 

Ы.Маманов,

Т.Қордабаев, 

Ж.Түймебаевтың

пікірлеріндегідей,  «Өткен  шақтағы  дағдыға

айналған іс-әрекетті беру» деп  санауға болады.



-ған,  -ген  қосымшасының  негізгі

мағынасы сөйлеу сәтіне дейін болып кеткен іс-

әрекетті білдіру болып табылады. Ы.Маманов

–ған,-ген  тұлғасын  бұрынғы  өткен  шақ

жасайтындығын  айта  келе,  оның  мағыналық

ерекшелігі  туралы  былай  дейді:  «Бұрынғы

өткен шақ формасын сөйлеуші сөйлеу кезінен

бұрын болған істі жай хабарлау түрінде емес,

тыңдаушыға  сол  өткендегі  істің,  қимылдың

болу, болмау нәтижесін баса түсіндіріп, соған

көңіл аудару керек болған жағдайда қолданады»

[1,106].  Сөйтіп,  ғалым  -ған,-ген  тұлғасының

негізгі мағынасын оның істің нәтижесін білдіру,

білдірмеуімен байланысты деп санайды.

Қазақ тілі оқулықтарында -дық, -дік,-дай,

-дей,  -ша,  -ше  жұрнақтары  сөз  тудырушы

аффикстер  қатарында  қаралады.  Ы.Маманов

бұл  тұлғаларды  әрі  сөз  тудырушы,  әрі  форма

тудырушы жұрнақ ретінде қарастырады. Оны

өткен  шақ  есімше  тұлғасындағы  барлық

етістіктерге түгел жалғануымен, сонымен қатар



–ша, -ше, -дай,-дей жұрнақтарының өткен шақ

есімшенің көпше және тәуелді формаларына да

жалғануымен  және  жалғанған  сөзінің

лексикалық  мағынасын  өзгертпей,  тек  қана

грамматикалық  мағына  үстеп,  семантикалық

өзгеріс 


ендіретіндігімен 

түсіндіреді



(тойғандарыңша, 

ойлағанындай,

кездескендіктен т.б.).

Дағдылы есімшенің де (-атын, -етін,



-йтын, -йтін) заттық немесе қимылдық ұғым

білдіретіндігін  контекстен  ажыратуға

болатындығын  айта  келе,  -дай,  -дей  жұрнағы

дағдылы  есімше  формасындағы  барлық

етістіктерге  түгел  жалғанып,  субъектив  реңді

мағына,  яғни  сөйлеушінің  сыпайылық  ізетін

немесе салыстыру, мөлшерлеу мағынасын (қол

шаятындай су, нанның бір жейтіндейі) білдіреді

дейді.

Болжалды  есімшенің  де  (-р,-ар,-ер)



алдындағы есімшелердей түрленуін айта келе,

болымды және болымсыз түрінде қайталанып

айтылуынан  қос  сөз  тұлғасы  жасалады  деп

көрсетеді  (болар-болмас,  жетер-жетпес,  тиер-

тимес  т.б.).  Айтарлық  сөз,  қуанарлық  іс,

білместік,  көрместік,  өлердей,  жылардай,

көрместей, келместей т.б. сөздердің болжалды

есімшенің болымды және болымсыз түріне

-лық,  -лік,  -тық,  -тік,,  -дай,  -дей,  -тай,  -тей

жұрнақтары  жалғанып,  туынды  түбір  сөз

жасалатындығын  дұрыс  болжай  білген  деп

есептейміз.

Ы.Маманов -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ,

-пек немесе -мақшы, -мекші, -бақшы, -бекші,

-пақшы, -пекші жұрнақтары жалғануы арқылы

жасалған етістіктерді ниет есімше деп қарайды.

Ниет  есімшенің  басқа  етістік  формаларынан

ерекшелігін оның болымсыз түрінің есім сөздер

сияқты  емес  сөзімен  тіркесуі  арқылы

жасалуымен түсіндіреді (келмекші емес, айтпақ

емеспін).

Тұйық  етістікке  -шы,  -ші  жұрнағы

жалғану  арқылы  жасалған  сөздерді  осы  шақ

есімше деп қарайды. Аталған есімшенің түркі

тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде, осы шақ

мәнінен  ажырап,  бірте-бірте  кәсіптік  мәнді

білдіретін  зат  есімге  айналатынын  ескерсек,

ғалым  қазақ  тілі  фактілеріне  сүйене  отырып,

осы  шақ  есімше  тұлғасын  бүтіндей  зат  есім

категориясының  құрамында  қарамайды.


80

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №2 (23)

 

Есімшелер жіктемесі 



Ы.Маманов жіктемесі 

Ы.Маманов жіктемесі 

1  Өткен шақ есімше  

 –ған, -ген,-қан, -кен 

Бұрынғы өткен шақ есімше 



–ған, -ген,-қан, -кен 

2  Дағдылы есімше   



–атын, -етін, -йтын, -йтін 

Дағдылы өткен шақ есімше   



–атын, -етін, -йтын, -йтін 

3  Болжалды есімше 



-р, -ар, -ер 

Болжалды келер шақ есімше 



-р, -ар, -ер 

4  Осы шақ есімше 



-ушы, -уші 

Осы шақ есімше 



-ушы, -уші 

 

Өйткені,  біріншіден,  олар  етістіктің



болымсыздық  жұрнағын  қабылдайды.

Екіншіден, осы шақ есімше етіс, күшейтпелі

етістік  және  күрделі  етістік  негіздерінен

жасалып,  солардың  мағыналық  қасиеттерін

толығымен  бойында  сақтайды.  Мысалы:

Жұмысты тастап кетіп қалушылар да болды.

Мұны  үгіттеп  арыз  жаздырушылар  да,

жазысушылар да кейін тайқып шыға берді [1.

11].

Жоғарыдағы  еңбектерді  сараптай



келгенде,  барлық  авторлардың  да  есімше

жұрнақтарын 

бөлуде 

азды-көпті



айырмашылықтары болғанымен, есімшелерді

үш жақта қарастырғандықтары байқалды. Тағы

бір назар аударарлық мәселе – соңғы шыққан

«Қазақ  грамматикасындағы»  есімшелер

жіктелуінің  Ы.Маманов  жіктемесімен  сәйкес

келуі.


Сонымен,  есімшеге  байланысты  пікір

білдірген  зерттеушілер  пікірлері  мен

Ы.Маманов пікірін салыстыра келе, былайша

тұжырымдауға болады:

        -  Ғалым есімшенің  салыстыру, мөлшер

мағынасындағы  семантикалық  реңктерін

танып, функционалды-семантикалық өрістер

арқылы берілуінің кейбір түрлерін көрсеткен.

Мысалы: Дастарханда нанның бір жейтіндейі

ғана қалды. Шелектің түбінде қол шаятындай

су  қалды.  Осы  сөйлемдерде  клтірілген

тіркестер  «Субъективті  реңді  салыстыру,

мөлшерлеу»  мағынасын  семантикалық  өріс

арқылы беріп тұрса, Сендер тойғандарыңша

жеп алыңдар; Оқиға біздің ойлағанымыздай

болмады;  Жолда  әртүрлі  кедергілер



кездескендіктен,  барлаушылар  белгіленген

межеге  уақытында  жете  алмады  деген

сөйлемдерде есімше жұрнағынан кейін келген

-дық, -дік,-дай, -дей, -ша, -ше аффикстерінің

грамматикалық  уақытша  салыстыру,  себеп

мағыналарын беретінін айтқан.

Осы  шақ  тұлғасын  бүтіндей  зат  есім

категориясына ауысқан деп есептемеген.

 -   Есімше формалары арқылы қос сөздер

жасалатындығын дәлелдеген.

-    –дық,  -дік,-дай,  -дей,  -ша,  -ше

аффикстерінің  қос  қызметтілігін  танып,

дәлелдеген.

  -      Ы.Мамановтың  етістіктің  есімше

формасын  шақтық,  мағыналық  жағынан

ажыратуы  қазіргі  қазақ  грамматикасындағы

пікірлермен сәйкес келеді.



Каталог: files -> journ shakarim
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар
journ shakarim -> Бас редактор әмірбеков Шәріпбек
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 ШӘКӘрім
journ shakarim -> Бас редактор әмірбеков Шәріпбек


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет