Ќызѓа ќырыќ ‰йден тыйым


Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген



бет2/2
Дата30.03.2023
өлшемі49 Kb.
#77433
түріСабақ
1   2
Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:
Әдемі қыз баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы – жаманның жөнін біліп тұратын
Көрікті қыз істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын
Шырайлы қыз көз жанары өткір, бет - әлпеті бал – бұл жанған, тәні шымыр.
Сұлу қыз сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп – күймейтін, келбетті.
Ару қыз бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы
Ажарлы қыз дене бітімі жинақы, тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты
Әсем қыз жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік
Қыздар, «Қазақта қызға қырық үйден тыйым» деген сөз бар.
Түске дейін ұйықтауға тыйым.
Бұраңдап қылымсуға тыйым
Тамақты обырлана асауға тыйым
Ұрлық – қарлыққа тыйым
Салт – дәстүрден аттауға тыйым.
Ұрыс – керіске тыйым.
Қыздар осы тыйым сөздерді әр уақытта естен шығармаңдар.
Қазақ халқы бойжеткен қыздың киім киісіне де ерекше көңіл бөлген. Мысалы: «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» деп қыз балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрік, қос етек көйлек кигізген. Халқымыз қыз баланың көркіне оның ақыл – ойы мен мінез – құлқы сай болуын қалаған. «Қызым үйде, қылығы түзде», «Қыз ақылы шешеден» т.б. мақал – мәтелдер соған арналған.
Қыз сұлу көрінеді қылығымен
Жарыса төгілген қос бұрымымен
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы –
Қыз сұлу көрінеді білімімен
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасымен
Қыз сұлу көрінеді толған айдай
Он бес пен он сегізде жасыменен
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен
Майысып бұратылып, майда басып,
Жаныңа наз қылықпен келгенімен
Дарытқан бар асылды өз елінен
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен
Құлпырып қазағымның арулары
Өткендей сұлулықтың елегінен
-Ал қазір отбасында қыз бала тәрбиесі қандай?
-Ия, кейбір отбасында бұл тәрбие өз мәнін жоғалтқан. Қазіргі қыздардың бойынан қазақ ұлтына жат қылықтар көптеп кездеседі. Мысалға айтатын болсақ: темекі тарту, жеңіл жүрістері, көпшілік ортада өзін - өзі ұстау этикасын білмеу. Міне осындай жан түршігерлік қылықтардың біздің қазақтың қыздарының бойынан табылуы өте өкінішті – ақ.
Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының, дос – жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата – ананың қызынан қапы қалма» деген екен.
Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт – дәстүрлер.
Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет